Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім



бет5/9
Дата24.07.2017
өлшемі1,84 Mb.
#21958
1   2   3   4   5   6   7   8   9


Ескерту: ЖБП – жалпы білім беретін пәндер; ЖГП – жалпы гуманитарлық пәндер; ӘЭП – әлеуметтік-экономикалық пәндер; ЖКП – жалпы кәсіптік пәндер; АП – арнайы пәндер; БҰАП – білім беру ұйымдары анықтайтын пәндер; ӨО – өндірістік оқыту; КП – кәсіптік практика; АА – аралық аттестаттау; ҚА – қорытынды аттестаттау; КДДБ - кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілік беру; К консультациялар; Ф – факультативтік сабақтар.

*Семестр бойынша бөлу мамандықтың өзгешелігіне, аймақтық ерекшеліктеріне және тағы басқа байланысты өзгертіледі.

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы «____»___________

№_____бұйрығына 5 - қосымша




«0101000 – Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік білім беретін оқу бағдарламалары
Пәндердің циклдары және кәсіптік практика бойынша білім беру бағдарламаларының мазмұны (орта буын маманы)

Циклдардың индексі

Пәндердің, практикалардың атауы және негізгі бөлімдері


Қалыптастырылатын білім, біліктілік және дағдылар



Қалыптасты рылатын құзыреттілік

тердің коды





ЖБП.00

Жалпы білім беретін пәндер

ЖГП 00

Жалпы гуманитарлық пәндер

ЖГП. 01

Кәсіби орыс тілі:

Кәсіби орыс тілінің алатын орны. Мамандық бойынша терминология, кәсіби қарым-қатынас, қазақ тілінде іс жүргізу, мамандық бойынша бағытталған тақырыпқа диалог құру, әңгіме құрастыру. Фонетика.

Лексика. Морфология.

Етістік, Төл сөз және төлеу сөздер. Сөздікпен кәсіби бағыттағы лексикалық, грамматикалық минимумдарды аудару.




Білімдер:

-мемлекеттік және орыс тілдерін және кәсіптік бағыттағы мәтінді оқу және аудару (сөздікпен) үшін қажетті лексикалық және грамматикалық минимумдарды;

- іскерлік және ғылыми стильдердің ауызша және жазбаша нысандарының ерекшеліктерін;

- кәсіби қарым –қатынастағы вербальді емес коммуникацияның нормалары мен ережелерін;



Іскерліктер:

- іскерлік қағаздарды құрастыруды;

- іскерлік құжаттарды тиісті жерлерде қолдануды (іскерлік хаттар, келісімшарттар, есептік құжаттар);

- сөйлеу стильдерін ажырата білу және қарым – қатынас практикасында қолдана білу;

- жалпы ғылыми және жалпы техникалық лексиканы қолдана білу;

- қазіргі заманғы технологияны пайдалану арқылы іскерлік құжаттарды ресімдеу;

- қазақ және орыс тілдерінен алған білімдерін өзінің кәсіби іс – әрекетінде қолдану;

- жазбаша және ауызекі сөйлеудің түрлі функциональды стильдерін қолдану;

- анкеталар, жеке және іскерлік хаттарды толтыруды;

- іскерлік сөйлесудің стилін сақтауды;

- қызметтік хаттарда логикалық синтаксисті қолдану.


БҚ 7


ЖГП 02

Кәсіби шетел тілі:

Мамандық бойынша іскерлік тілдің негіздері. Кәсіби лексика. Фразеологиялық тіркестер және терминдер. Мәтіндердің кәсіби бағдарлы (сөздікпен) аудару техникасы. Кәсіби қарым-қатынас. Фонетика. Лексика. Морфология. Етістік. Төл сөз және төлеу сөз.



Білімдер:

- мамандық бойынша кәсіптік қарым-қатынасқа керекті лексика- граматикалық материалдарды



Іскерліктер:

- кәсіби бағыттағы кәсіптік қарым-қатынасқа және мәтінді оқу, аудару (сөздікпен) үшін қажетті грамматикалық минимумдарды қолдану.



БҚ 7


ЖГП 03

Дене тәрбиесі:

Дене тәрбиесі теориясы. Дене тәрбиесі қәзіргі қоғамдағы мәдениеттің бір бөлімі. Дене тәрбиесінің әлеуметтік – биологиялық негіздері. Денсаулық және салауатты өмір сүру салты. Қимыл-қозғалыс белсен-ділігі. Психо - физикалық және кәсіптік – қолданбалы дайындық Еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастырудағы дене тәрбиесі. Дене тәрбиесі құралдары.

Гимнастика. Жеңіл атлетика. Шаңғы спорты.

Жүзу. Саяхат. Спорттық ойындар. Қазақтың ұлттық спорттық және қимыл-қозғалыс ойындары. Президенттік тест.



Білімдер:

- дене жаттығуларының орындалу техникасын;

- дененің сапалық қасиеттерін тәрбиелеудің негізгі құралдарын;

- денешынықтырумен айналысудың қажеттілігін, денсаулықты шындаудағы маңызын;



Іскерліктер:

- салауатты өмір салтымен дене тәрбиесімен айналысуды;

- дене тәрбиесі жаттығуларына қойылатын талаптар мен техниканы;


БҚ 8


ЖГП 04

Өзін - өзі тану:

Адамгершілік – рухани білім беру негіздері және мазмұны.

Пәннің мазмұны мен әдістемелік құралдары. «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту әдістемесі. «Өзін-өзі тану» пәнінің мониторинг жүргізу әдістемесі. Педагогикадағы рефлексия және тәрбиеші – педагогтың қызметіндегі рефлексияның ролі.


Білімдер:

- негізгі гуманистік ұстанымдарды, адамзаттың құндылықтарын, оның өмірі мен қадір –қасиеті, құқықтары мен бостандықтары;

- өзінің қоғамдағы ролі мен орнын, шығармашылық тұрғыдан қайта түлеп отырудың қажеттігін;

- адамның физикалық, эмоциольды –рухани жай - күйінің нормаларын;

-өмірдің этикалық аспектілерін,өмірлік маңызды мәнді мәселелер туралы;

-адамгершілік және адамдар арасындағы қарым-қатынас нормалары туралы;

- өзін -өзі танудың ,өздігінен білім алудың қажеттігін.

Іскерліктер:

- жалпыадамзаттық, ұлттық құндылықтарға, тарих пен мәдениет мұраларына құрметпен қарауды;

- өзін -өзі тануды, өзін -өзі жетілдіруді жүзеге асыруды; салауатты өмір салтын саналы түрде ұстануды, өзінің физикалық, эмоциольды –рухани жай - күйін нормада ұстауды;


  • тәрбиеленушілердің өзін-өзі тану, өзін- өзі шығармашылықпен дамытуға қажеттілік сезімдерін дамыту;

- кез –келген ұжымда өзара түсіністікті, татулық пен келісімді бағалай білуге және оларды жүзеге асыруға ұмтылуды;

- адамгершілік қасиеттерге ие болу және адамдар арасындағы қарым-қатынас нормаларын сақтауды және жүзеге асыруды;

- тәрбиеленушілерді өмірдің шынайы, толық мәнін және шығармашылық қуанышын сезіне білуге баулуды.


БҚ 1

БҚ 2


ЖГП 05

Қазақстан тарихы:

Қазақстан Республика-сының Конституциясы.

Қазақстан ежелгі заманда.

Тас дәуіріндегі Қазақстан.

Қазақстан қола дәуірінде.

Қазақстан территориясын-дағы тайпалық одақтар мен ежелгі мемлекеттер.

Қазақстан орта ғасырда.

Ерте орта ғасырлық мемлекеттер.

Қазақстан территориясын-дағы Ұлы Жібек жолы.

Монғол шапқыншылығы дәуіріндегі Қазақстан.

XIV-XV ғғ. Орта ғасырлық мемлекеттер.

XV-XVIIғғ. Қазақ хандығы.

Қазақстан Ресей империясы құрамында.

Қазақстанның Ресейге қосылуы: кіруі, жаулап алуы, отарлауы.

XVIII ғ.-XIX ғ. ортасына дейінгі қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық дамуы.

Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңіндегі ұлт-азаттық қозғалыстар.

Қазақстандағы XIX ғ. II жартысындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастар.

XXғ. Қазақстан.

Қазақстан тоталитарлық жүйенің қалыптасу кезеңінде. Қазақстан азаматтық қарсыластық жолдарында. Қазақстан тоталитарлық жүйенің қалыптасу кезеңінде.

Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945жж).

Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан (1946-1970жж).

70-80жж. Қазақстан.

Тәуелсіз Қазақстан.

Қазақстан – егеменді, тәуелсіз мемлекет.

Нарықтық экономикалық қатынасқа көшу.

Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаты.

Қазақстанның әлеуметтік-демографиялық жағдайы.

«Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасы



Білімдер:

. Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы геосаяси және экономикалық маңызын;

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері мен маңызды оқиғаларды;

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымын және институттарын, олардың қызметтерін;

- тарихи оқиғалардың датасын,тарихи топографияны;

- тарихи терминдерді,

оқиғалардың хронологиялық шегін.

- тарихтын әр кезеңіндегі саяси-экономикалық , әлеуметтік және мәдени дамуын;

- сыртқы және ішкі саясаттың негізгі бағыттарын;

- ірі тарихи оқиғалардың себептері мен нәтижелерін;

- тарихи қайраткерлер қызметін және олардың маңызын;

- саяси картадағы өзгерістерді;

- ғаламдық проблемаларды және оларды шешу жолдарын;

- ғылыми техникалық прогресс жетістіктерін;

- геосаяси жағдайды және оның міндеттері мен маңызын.

Іскерліктер:

- тарихи оқиғаларды уақыттық және кеңістік тұрғыдан баяндай білуді;

- тарихи құбылыстар арасындағы себеп-салдарлы байланыстарды орната білуді;

- тарихи оқиғалардың себептері мен салдарына талдау жасауды;

- қоғамдық құбылыстар мен үрдістерді байланыстыра алуды;

- тарихи оқиғаларды суреттеп айтуды;

- тарихи құжаттармен, мұражай , мұрағаттар құжаттарымен жұмыс істеуді;

- тарихи оқиғаларға өз көзқарасын білдіру, пікірталасқа қатысуды;

- картадан мемлекеттік шекараларды, аймақты, қаланы көрсетуді.


БҚ 1

БҚ 2


ӘЭП.

00

Әлеуметтік экономикалық пәндер

ӘЭП. 01

Философия негіздері

Адамның қоғамдық табиғаты. Философиялық білімнің өзіне тән ерекшеліктері.Философия және оның қоғамдағы ролі. Философияның тарихи типтері. Әлем-шындықтар жиынтығы ретінде. Материя және сана. Диалектика және оның баламалары. Адам мен қоғамның рухани өмірі. Таным теориясы.

Қоғамдық сана және оның формаларының көптүрлілігі.

Философиядағы адам проблемалары. Адам болмысы – философия проблемасы ретінде.

Жеке тұлғалық. Бостандық және жауапкершілік. Адамзаттың болашағы. Философияның адамгершілік проблемалары.


Білімдер:

- философиялық білімнің маңызын, қоғамдағы орны мен ролін;

- ғылыми – философиялық дүниетаным туралы көзқарастар жүйесін, қалыптасуының алғышарттарын;

- негізгі философиялық терминдер мен ұғымдардың мәнін;

- философиялық мәселелердің болмысы мен қызметін;

- дүниетанымдық көзқарастарды, олардың мәні мен типологиясын;

- философияның тарихи типтерінің қалыптасу ерекшеліктерін, философиялық мектептерді, бағыттары мен өкілдерін;

- философияның теориялық-әдістемелік мәселелерінің мазмұны мен мәнін;

- адам – қоғам -табиғат» жүйесін, оның ғылыми, әлеуметтік – философиялық аспектілерін;

Іскерліктер:

- философиялық ойлар мен философтардың дүниетанымдық көзқарастарына талдау жасай білуді;

- адам өмірінің мағынасы мен нақты құндылықтарға баға беру мен талдап түсіндіруді;

- қоғам дамуының қайшылықтары мен даму заңдылықтары мен тенденцияларына талдау жасауды;

- табиғат, адам, қоғам қатынастарындағы тепе – теңдік қатынастарына талдау жасап, сипаттауды;

- материалистік және идеалистік бағыттардың арақатынасын ажырату мен сипаттауды;

- ғаламдық проблемаларды шешу мүмкіндіктеріне байланысты өзіндік көзқарас қалыптастыруды.


БҚ 2

ӘЭП 02

Саясаттану және әлеуметтану негіздері:

Саясаттану ғылым ретінде. Саяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері

Қазақстандағы саяси ойлардың дамуы. Саяси билік және қоғамның саяси жүйесі. Мемлекет. Саяси партиялар. Қазақстандағы қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялар. Адам және саясат. Адам саясаттың субъектісі. Идеология , оның саясаттағы ролі. Саяси мәдениет. Халықаралық қатынастар мен сыртқы саясат.

Қазіргі замандағы Қазақстанның саяси дамуы. Әлеуметтануға кіріспе. Әлеуметтану ғылым ретінде . Әлеуметтану зерттеулері

Жеке тұлға социологиясы

Мінез – құлық және өзара қарым – қатынас социологиясы



Білімдер:

- саяси ой – пікірлердің даму тарихын;

- саясаттану және әлеуметтану ғылымдарының қалыптасуын;

- билік және оның түрлерін;

- саяси жүйені, демократия мен оның негізгі белгілерін;

- мемлекет ұғымын, негізгі белгілерін, басқару құрылымын, түрлерін;

- қазақстанның идеологиялық –саяси бағыттарын және олардың мәнін;

- социология пәнін және оның міндеттерін;

- социологиялық зерттеулердің мақсаты мен мәнін;

- антидемократиялық жүйелердің негізгі белгілерін;



Іскерліктер:

- саяси ғылымның даму тарихына баға беру жолдарын;

- қазіргі сайлау жүйесінің ерекшеліктеріне баға беруді;

- саяси жүйе түрлерін салыстыра отырып талдау жасауды;

- құқықтық мінез-құлыққа әлеуметтік талдау жасауды.


БҚ5

ӘЭП 03

Экономика негіздері:

Экономика және оның қоғамдағы ролі.

Экономикалық теориялар. Экономика жүйелерінің жалпы негіздері. Меншік және бизнес нысандары.

Кәсіпкерлік және оның әлеуметтік - экономикалық маңызы мен ұйымдастыру.

Шаруашылық жүргізудегі нарықтық жүйе.

Сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері.

Өндіріс шығыны және пайда.Бәсеке және монополия.Макроэкономика және оның көрсеткіштері

Экономикалық өсу және экономиканың кезеңдік ауытқуы.Микроэкономикалық тепе – теңдік.Ақша және инфляция.

Жұмыссыздық және халықты әлеуметтік қорғау.

Мемлекеттің қаржы жүйесі және қазына саясаты.

Әлемдік шаруашылық.

Экономикалық дамудың халықаралық аспектілері.



Білімдер:

- экономикалық теорияның пәнін;

- экономика ғылымдарының даму тарихын;

- экономикалық жүйенің түрлерін, ерекшеліктерін;

- нарықтық экономика белгілерін, тәсілдерін және негізгі ұғымдарын;

- макроэкономика ұғымын;

- монополияны ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері мен түрлерін;

- инфляция және мемлекеттің инфляцияға қарсы саясатын;

- жұмыссыздық және жұмыс күші ұғымдарын;

- экономикалық саясаттың негізгі міндеттерін;



Іскерліктер:

- экономикалық жүйе түрлерін салыстыра отырып талдау жүргізуді;

- кәсіпкерлікті жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерін;

- әлемдік шаруашылық пен еліміздің шаруашылығын салыстыра білуді;

- әр түрлі диаграммалық мәліметтерді пайдалануды.


БҚ10

ӘЭП.04

Құқық негіздері

Құқықтық мемлекет

Конституциялық құқық

Әкімшілік құқық

Азаматтық құқық

Еңбек құқығы

Қылмыстық құқық

Неке және отбасы құқығы

Экологиялық құқық

Халықаралық құқық.

Қазақстан – қазіргі заманғы субьектісі


Білімдер:

- конституциялық мәртебе, заңдылық т.б. құқық терминдерін;

- азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын міндеттерін;

- конституциялық құқықтың қайнар көздерін;

- сайлау құқығын, ұстанымдарын, органдарын;

- конституциялық құқықтық нормаларды;

- мемлекеттік органдарды және оларың функцияларын;

- құқық салаларын, негізгі ұғымдарын, құқық қорғау органдарын,

- қоршаған орта мен адам құқығын қорғау жөніндегі халықаралық , отандық нормативтік құқық актілерін,терминдерді;

Іскерліктер:

- құқық субъектілерін, құқықтық қатынастар мен нормаларды салыстыра білуді;

- санкция беретін жағдайларды, жаза қолдану ретін талдап түсінуді;

- әрекетсіздік, көз жеткізу, мәжбүрлеу, ескерту ұғымдарына құқық тұрғысынан баға беруді;

- балалардың құқын қорғауды;


БҚ 3

ӘЭП.05

Мәдениеттану

Мәдениет теориясы.

Мәдениеттану пәні.

Мәдениет және өркениет.

Әлемдік мәдениеттер мен өркениеттер

Ежелгі дәуір мәдениеті.

Алғашқы өркениеттер.

Үнді – Будда мәдениеті.

Конфуцийлік – даостық мәдениет.

Антикалық мәдениет.

Христиандық мәдениет.

Орта ғасырлық мәдениет.

Жаңа заман мәдениеті.

ХХ- ғасыр мәдениеті.

Ресей мәдениеті.

Қазақ халқы мәдениетінің теориясы мен тарихы.

Қазақ мәдениетінің бастаулары.Түркі өркениеттерінің қалыптасуы.

Ислам діні.Қазақтың дәстүрлі мәдениеті. 18-19 ғ.ғ. Қазақ халқының мәдениеті. 20 ғ. Қазақстан мәдениеті. Қазақстан Республикасының мәдениеті.



Білімдер:

- тарихтың әр кезеңіндегі мәдениет ескерткіштерін, дамуы мен тенденцияларын;

- ұлы тұлғалардың мәдениетке қосқан үлесін;

- алғашқы өркениеттер тарихын;

- ортағасырлық қалалардың маңызын;

- дүниежүзілік діндердің дамуын;

- мәдени терминдердің мәнін;

- ҚР өмір сүретін халықтардың этномәдени ерекшеліктерін;

- этномәдени дәстүрлері мен өзара алмасуын;

Іскерліктер:

- ақпараттық, мерзімді баспасөз материалдарымен, мұражай-мұрағат құжаттарымен жұмыс жүргізуді;

- тарихи кезеңдерді мәдениеттің дамуымен байланыстыруды;

- әр кезеңдегі мәдени өзгерістерді салыстыруды;

- дерек көздері мен зерттеу материалдарының мәліметтерін кәсіптік қызметінде қолдануды.


БҚ 2

ЖКП.00

Жалпы кәсіптік пәндер

ЖКП 01

Қазіргі қазақ тілі

Фонетика туралы жалпы түсінік. Дауыс қатысына қарай бөлінуі, емлесі. Буын. Тасымал. Үндестік заңы.Лексика туралы жалпы түсінік. Сөз байлығы, мағынасы, түрлері. Сөзжасам, жасалу жолдары, түрлері, емлесі. Морфология: негізгі, көмекші сөздер, сөз таптары:зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, үстеу, шылау, одағай, еліктеу сөз. Синтаксис туралы түсінік. Сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлерін, сөз тіркесін. Сөйлем, түрлері. Сөйлем мүшелері. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Айқындауыш, үйірлі мүше, оқшау сөздер. Құрмалас сөйлем түрлері. Салалас, сабақтас, аралас, құрмалас сөйлем, түрлері. Төл сөз бен төлеу сөз мәдениеті. Әдеби тілдің қызметі, стильдік тармақтары.



Білімдер:

- фонетиканың тіл білімінің саласын;

- дауысты, дауыссыз дыбыстардың бөлінуін, емлесін;

- буын, тасымал, екпін ерекшелігін;

- лексиканың салаларын;

- сөздік жасалу жолдарын;

- сөз таптарын, олардың лексико-грамматикалық категорияларын ажырату жолдарын;

- сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлерін;

- сөйлем, түрлерін;

- сөйлем мүшелерін, бірыңғай мүшелерді, айқындауыш, оқшау сөздерді;

- құрмалас сөйлем түрлерін;

- стилистиканың қызметін, стильдік тармақтарын;



Іскерліктер:

- дауысты, дауыссыз дыбыстардың жіктелуін;

- сөз байлығының мағынасын ажыратуды;

- сөз таптарын лексика-грамматикалық категорияларының жасалу жолдарын;

- сөз таптарына сұрақ қойып ажыратуды;

- сөйлем түрлерін ажыратуды;

- құрмалас сөйлем түрлерін жасалу жолдарын;

-стилистиканың салаларын, тармақтарын, қызметін.



БҚ 7

КҚ 3.1.6



ЖКП 02

Этнопедагогика.

Этнопедагогика пәні, мақсаты,міндеттері.

Этнопедагогикалық ойлардың тууы және тарихы. Халық педагогикасы – этнопедагогиканың зерттеу объектісі. Халықтық педагогиканың факторлары мен түрлері.


Білімдер:

- этнопедагогикалық ойлардың даму тарихын, түркі халықтарының тәлімгерлік ой пікірлерінің маңызын, халық педагогикасының құралдары мен түрлерін;

Іскерліктер:

- халық педагогикасының тәлімгерлік педагогикалық құралдарын мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуге пайдалану жолдарын;

- ұлттық мәдениет дәстүрлерін отбасы тәрбиесінде негізге алуды;

- халық педагогикасының ұғымдарын ақыл, ой еңбек, дене, адамгершілік, эстетикалық тәрбие беруде қолдануды;

- балалар мен және олардың ата-аналарымен жағымды қарым-қатынас орнатудың әдіс-тәсілдерін;

-ұлттық мәдениет дәстүрлерін отбасы тәрбиесінде қолдану тәсілдерін



БҚ 1;2

КҚ 3.1.1


КҚ 3.2.1

ЖКП 03

Педагогикалық зерттеу әдістері

Педагогикалық зерттеу әдістері және олардың түрлері. Ұжым мен жеке тұлғаны зерттеу. Тәжірибелік –эксперименттік жұмыстардың мақсат міндеттері. Педагогика негіздері және аксиомалар. Ғылыми зерттеу жұмыстарының нысандары. Баланың мектепке дайындығын диагностикалау. Психологиялық-педагогикалық зерттеу жұмыстарының түрлері. Психологиялық зерттеу әдістері.Ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу әдістемесі. Білім алушылардың ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізу әдістемесі.



Білімдер:

-педагогикалық зерттеу әдістері және олардың түрлерін;

- ұжым мен жеке тұлғаны зерттеу тәсілдерін;

- тәжірибелік –эксперименттік жұмыстардың мақсат міндеттерін;

- ғылыми - зерттеу жұмыстарының нысандарын, түрлерін;

Іскерліктер:

- баланың мектепке дайындығына диагностика жүргізуді;

- мектепке дейінгі ұйымдардағы оқу – тәрбие жұмыстарының тәжірибесіне зерттеу жүргізуді;

- отбасындағы баланың психоэмоционалдық комфорт деңгейін анықтауды.


БҚ 4

КҚ 3.1.3


КҚ 3.1.10

КҚ 3.1.14



ЖКП 04

Анатомия, физиология және балалар гигиенасы

Адам ағзалары. Жүйке жүйесі. Тірек-қимыл жүйесі. Жүрек, қан айналым жүйесі. Тыныс алу жүйесі. Ас қорыту жүйесі. Зат және энергия алмасу. Ішкі секреция бездері. Тері. Бөліп шығару жүйесі. Мектепке дейінгі балалар гигиенасы.



Білімдер:

- бала ағзасының құрылысының ерекшелігі мен тіршілік әрекетінің негізгі үрдісін;

- балалардың өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары;

- жүйке жүйесінің құрылысын, қызметін, дамуын;

- мектеп жасына дейінгі балалардың қозу, тежелу процестерінің ерекшеліктерін;

- бала ағзасының тәуліктік қимыл белсенділігі нормативтерін;

- негізгі санитарлық-гигиеналық талаптарды;

Іскерліктер:

- балаларға антропометриялық өлшеулер жүргізіп, дене дамуын бағалауды;

- балалардың көру, есту мүшелерінің гигиеналақ талаптарын негіздеуді;

- алғашқы медициналық көмек көрсетуді;

- әртүрлі мектепке дейінгі жастағы балалардың тәуліктік тамақ рационын құруды, тамақтанудың гигиеналық талаптарын іске асыруды ұйымдастыруды;

- тірек – қимыл жүйесінің гигиеналық шараларын ұйымдастыруды;



БҚ 8

КҚ 3.1.1;

КҚ 3.1.2

КҚ 3.1.7


КҚ 3.1.10

Каталог: images -> ebiblateka
ebiblateka -> Үлгілік оқу жоспары
ebiblateka -> Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім
ebiblateka -> Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім
ebiblateka -> Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім
ebiblateka -> Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім Білім коды мен бейіні
ebiblateka -> Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім Білім коды және бейіні
ebiblateka -> Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім Білім коды және бейіні
ebiblateka -> Үлгілік оқу жоспары
ebiblateka -> Үлгілік оқу жоспары
ebiblateka -> Үлгілік оқу жоспары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет