Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім



бет7/9
Дата24.07.2017
өлшемі1,84 Mb.
#21958
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Іскерліктер:

- мектепке дейінгі ұйымдарда жұмысты жоспарлау және есепке алу;.

- мектепке дейінгі ұйымдардағы дене тәрбиесі жөнінен ұйымдастырылатын жұмыстарды ұйымдастыру;

- жас ерекшеліктеріне қарай сауықтыру шараларының түрлерін, қимыл -қозғалыс ойындарын өткізу;

- мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесі жөнінен жұмыс түрлері жөніндегі біліміне, сауықтыру шараларының түрлерін жоспарлау және өткізу, жұмысты ұйымдастыра білу;

- балалардың денсаулығын сақтау және нығайту, ағзаларын шынықтыру, қимыл-қозғалыс, мәдени – гигиеналық дағдылары мен икемділіктерін қалыптастыру;

- қимыл-қозғалыстарының белсенділіктерін арттыру;

- дене тәрбиесі құралдарымен байланысты жұмыс түрлерін дұрыс пайдалану;

- өз бетімен жас ерекшеліктеріне қарай жаттығулар түрлерін орындай білу, іскерлігіне, балаларға қойылатын талаптарды күрделендіру.


БҚ 8

КҚ 3.1.1


КҚ 3.1.2

КҚ 3.1.3


КҚ 3.1.4

КҚ 3.1.7


КҚ 3.1.9

КҚ 3.1.10

КҚ 3.2.1

КҚ 3.2.3


КҚ 3.2.4

АП 08

Технология және оқыту әдістемесі

Қағаз бен картонды өңдеу техникасы. Маталарды өңдеу техникасы. Табиғи материалдарды өңдеу техникасы. Жапсырмалау технологиясы. Көлемді ойыншықтар құрастыру технологиясы. Жұмсақ ойыншықтар жасау технологиясы. Мерекелерге арналған костюмдер тігу технологиясы. Түрлі театрларға арналған қуыршақтар жасау технологиясы. Балаларды материалдарды өңдеу тәсілдеріне үйрету әдістері.



Білімдер:

- ойыншықтар, кәдесыйлар, қолөнер бұйым дарын, жапсыруды, қуыршақтарды және мерекелік костюмдерді даярлауға қолданыла тын материалдар және олардың түрлерін;

- қағаз, мата, табиғи материалдарды өңдеуге қолданылатын құрал – жабдықтар мен қондырғыларды;

- материалдардың неден жасалғанын, түрлерін, қасиеттерін және оларды қарапайым құралдармен өңдеу жолдарын;

- балаларды түрлі материалдарды өңдеуге үйрету әдістемесін;

- әртүрлі құралдармен жұмыс жүргізудің қауіпсіздік техникасын;

- көркем қол еңбегіне басшылық жасаудың әдістемесі мен ерекшеліктерін;

- түрлі жас ерекшелік топтарындағы балалар топтарында сабақ ұйымдастыру ерекшеліктерін;

Іскерліктер:

- оқытудың техникалық құралдарын қолдану;

- бейнелеу өнерін, құрастыру іс-әрекеті мен көркем қол еңбегін меңгеру;

- мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуды жеке тұлғаға бағдарлылық тәсілдемесі бойынша жүзеге асыру;

- қағаз бен картоннан қол еңбегі бұйымдарын жасаудың технологиялық үрдісін жүзеге асыруды және жетілдіру;

- түрлі материалдармен жұмыс бойынша сабақтардың үлгі жоспар - конспектісін құрастыру;

- балалардың қол еңбегі мен бейнелеу өнері бойынша жұмыстарын көріп, талдау жасау;

- мектепке дейінгі жастағы балалардың қол еңбегі іс - әрекетін ұйымдастыруға.


БҚ 2

КҚ 3.1.4


КҚ 3.1.5

КҚ 3.1.6


КҚ 3.1.7

КҚ 3.1.9


КҚ 3.1.10

КҚ 3.2.4


АП 09

Бейнелеу өнері негіздері

оқыту әдістемесімен

Бейнелеу өнері және оның түрлері. Бейнелеу өнеріне үйретудің педагогикалық негіздері және әдістемелері. Мектепке дейінгі ұйымдардағы бейнелеу іс -әрекеттері. Сурет салу. Жапсырмалау. Илеу. Құрастыру. Бейнелеу өнері бойынша оқу - тәрбие жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру. Бейнелеу іс-әрекеті мен құрастыруға оқыту әдістемесі. Қазақ халқының сәндік – қолданбалы өнері.



Білімдер:

- бейнелеу өнерінің негізгі ұғымдары мен түрлері туралы;

- акварель жұмыстарының техникасын;

- қазақ халқының сәндік – қолданбалы өнерін;

- бейнелеу өнеріне үйретудің педагогика -лық негіздері және әдістемелерін;

Іскерліктер:

- балаларға айналадағы өмір тақырыптарына суреттер салғызудың техникасы мен әдістерін үйрету;

- мектепке дейінгі ұйымдардағы бейнелеу іс –әрекеттерін жас ерекшелік топтарында талапқа сай орындау;

- бейнелеу өнері бойынша оқу - тәрбие жұмыстарын жоспарлау мен ұйымдастыру.


БҚ 2

КҚ 3.1.4


КҚ 3.1.5

КҚ 3.1.6


КҚ 3.1.7

КҚ 3.1.9


КҚ 3.1.11

КҚ 3.2.4


АП 10

Музыка және оқыту әдістемесі

Дыбыстың музыкалық негізі. Музыкалық дыбыстар. Нота сауаты. Метр. Ырғақ. Екпін. Өлшем. Акцент. Интервалдар және олардың түрлері. Лад, мелодия және олардың түрлері. Аккордтар, түрлері, орын алмасуы. Мектепке дейінгі ұйымдардағы музыкалық тәрбие әдістемесінің мақсаттары мен міндеттері.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы музыкалық іс-әрекет түрлері. Музыка жетекшісінің міндеттері мен ролі.


Білімдер:

- музыкалық дыбыстар, нота сауаты және музыкалық өлшемдер мен ұғымдар туралы;

- мектепке дейінгі ұйымдардағы музыкалық тәрбие әдістемесінің мақсаттары мен міндеттерін;

-мектепке дейінгі ұйымдардағы музыкалық іс-әрекет түрлерін;

- музыка жетекшісінің міндеттері мен ролі туралы;

Іскерліктер:

-балаларға арналған әндер мен әуендерін нотамен сауатты орындау;

-балаларға ән үйретудің әдістерін, музыкамен жеке аспапта сүйемелдеу;

- мектепке дейінгі ұжымдардағы музыкалық іс – шараларды ұйымдастыру.




БҚ 2

КҚ 3.1.4


КҚ 3.1.5

КҚ 3.1.6


КҚ 3.1.7

КҚ 3.1.9


КҚ 3.1.11

КҚ 3.2.4


АП 11

Ырғақ хореография элементтерімен

Хореографиялық жаттығулар және тренаж элементтері.Музыка сауатының негіздері. Музыканың ырғағы мен мөлшері. Музыкалық ойындар. Қол мен аяқтың негізгі позициялары, адымның түрлері. Классикалық және халық билерінің элементтері.



Білімдер:

- ырғақ және хореография негіздерін;

- музыка сауатының негіздерін;

- музыкалық ойындар мен хореографиялық жаттығулырдың мазмұнын;

- билердің элементтерін;

Іскерліктер:

- ырғақты ойындар мен хореографиялық жаттығуларды мәнерлі орындау;

- жүру, жүгіру, секіру барысында тренаждық элементерін, аяқ және

қол позицияларын дұрыс қою;

- би элементтерін дұрыс орындау.


КҚ 2

КҚ 3.1.4


КҚ 3.1.5

КҚ 3.1.6


КҚ 3.1.7

КҚ 3.1.9


КҚ 3.1.11

КҚ 3.2.4


АП 12

Балалардың өмірін қорғау және сақтау

Баланың негізгі құқықтары. Бала құқығын қамтамасыз ету. Қомқорлық, қорғаншылық және патронат. Мүгедек бала. Бала және қоғам. Мемлекеттік органдар және бала құқын қорғау. Бала құқығын қорғаушы функциясын жүзеге асырушы ұжымдар.



Білімдер:

- халықаралық және қазақстандық ана мен баланы, балалардың құқығын қорғайтын заңнамаларды;

- баланың негізгі құқықтары мен міндеттерін;

- балалар құқын қорғайтын мемлекеттік органдарды;



Іскерліктер:

- ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларды анықтауды, тиісті орынға орналастыру;

- ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың мүліктік құқын қорғау;

- ата-аналарының қамқорлығынсыз және асыраушы отбасынсыз қалған жетім балаларды тәрбиелейтін ұжымдарда балалар құқығының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;

- халықаралық және қазақстандық ана мен баланы, балалардың құқығын қорғайтын заңнамаларды қолдану;



- баланың дұрыс өсіп –дамуына қажетті жағымды орта қалыптастыру;

- әлеуметтік ортаның жағымсыз әсерлерінен баланы қорғау;

- баланың заңмен қорғалатын мүдделері мен құқын қорғау.


БҚ 3; 6

КҚ 3.1.2


КҚ 3.1.10

КҚ 3.1.13

КҚ 3.2.3

КҚ 3.2.4


КҚ 3.2.7

КҚ 3.2.8



АП 13

Білім алушылардың таңдау пәндері

АП 13.1

Өзін –өзі тану бойынша тәрбиеші:

Мектепке дейінгі мекемелерде өзін- өзі тану бойынша сабақтардың әдістемелік ұстанымдары. Өзін - өзі тану бойынша тәрбиеші қызметінің мазмұны. Мектепке дейінгі мекемелерде өзін - өзі тану бойынша сабақтардың мазмұнын жобалау ұстанымдары. Мектепке дейінгі мекемелерде тұлғалық даму оқу жетістіктерінің мониторингі және түзету әдістемесі. Мектепке дейінгі мекемелерде өзін - өзі тану бойынша сабақтардың әдістемелік ұстанымдары мен тәсілдері. Өзін- өзі тану педагогінің рефлексивтік мәдениеті.



Білімдер:

- мектепке дейінгі мекемелерде өзін - өзі тану бойынша сабақтардың мазмұнын, жобалау ұстанымдарын, әдістемесін;

- өзін- өзі тану педагогінің рефлексивтік мәдениетін;

Іскерліктер:

- мектепке дейінгі мекемелерде тұлғалық дамытудың, оқу жетістіктерінің мониторингін және түзету жұмыстарын ұйымдастыру;



- балалармен өзін- өзі тану сабақтарында, ата - аналармен жұмыс барысында өзін - өзі тану әдістемесін қолдану.


БҚ 2

КҚ 3.1.2


КҚ 3.1.3

КҚ 3.1.4

КҚ 3.1.5

КҚ 3.1.10

КҚ 3.2.3

КҚ 3.2.4


КҚ 3.2.7

КҚ 3.2.8



АП 13.2

Балалар бақшасының бейнелеу өнері жетекшісі Бейнелеу өнерінің теориясы. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі. Мектепке дейінгі ерте және кіші жаста балалардың бейнелеу шығармашылығын дамыту бойынша педагогикалық ұсыныстар. Мектепке дейінгі кіші жаста балалардың икемділік шығармашылығын дамыту ерекшеліктері.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың сурет салу шығармашылығын дамыту ерекшеліктері. Мектепке дейінгі жастағы балалар дың дербес көркем - бейнелеу іс-әрекеттері. Түс балалардың шығарма шылығын дамыту құралы ретінде. Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың жапсырмалауды құрастыру- да шығармашылықтарын дамыту ерекшеліктері. Балалар еңбегін талдау мен бағалаудың тәрбиелік маңызы. Балаларды мектепке дайындаудағы бейнелеу өнерінің маңызы. Бейнелеу шығармашылық тарын дамыту үрдісінде эстетикалық тәрбиенің ерекшеліктері.




Білімдер:

- бағдарламада көрсетілген бейнелеу өнері шығармаларының мазмұнын;

- балалар жұмыстарының көркемдеуші құралдарын;

- бейнелеу өнері іс-әрекетінде қолданылатын материалдар мен құралдардың атауын;

- көркем әдебиеттегі образдарды пайдалану тәсілдерін;

- жас ерекшелік резервтерін дамытуды;

- бейнелеу өнері іс-әрекетіне үйретудің ұстанымдарын;

- бейнелеу өнері іс-әрекетіне үйретудің әдістемесі мен тәсілдерін;

- көркем жапсырмалауға, пішіндеуге, сурет салуға үйретудің мақсаттары мен міндеттерін;

- бейнелеу өнері іс-әрекетіне үйрету сабақтарының құрылымын;



- мектепке дейінгі жастағы балалардың жас ерекшеліктері туралы;

- балаларды эстетикалық тәрбиелеудегі бейнелеу өнерінің маңызы туралы;

Іскерліктер:

- қажетті көрнекі құралдарды әзірлеу;

- балалар жұмыстарының көрмесін және оларға талдауды ұйымдастыру;

- заттар мен құбылыстардың қасиеттері мен сапаларын сенсорлық қабылдату;

- тілдің көркемдеуші құралдарын қолдану;

-мектепке дейінгі және ерте жастағы балалардың

- перспектива, пропорция, композиция заңдылықтарын қолдану;

- есте сақтау және әдеби шығармалар бойынша пейзаждық жұмыстарды орындау;

- балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес сабақтарды ұйымдастырып, өткізу;

- балалардың әдістемелік-түзету жұмыстарын ұйымдастыру;

- баланы қоршаған ортадағы заттардың әдеміліктерін көруге, талдау жасауға, олардың түсін, көлемінің формасын, құрылымдарына және кеңістікке қатынасын дұрыс қабылдауға үйрету;

- балалардың көркемдік талғамдарын және шығармашылық қабілеттерін дамыту.



БҚ 2

КҚ 3.1.2


КҚ 3.1.4

КҚ 3.1.5

КҚ 3.1.6

КҚ 3.1.9


КҚ 3.1.10 КҚ 3.1.11

КҚ 3.2.4


КҚ 3.2.10

АП 13.3

Балалар бақшасының дене тәрбиесі жетекшісі

Дене тәрбиесінің теориясы. Дене тәрбиесін оқыту әдістемесі. Мектепке дейінгі жастағы балалаларға дене тәрбиесіне тәрбиелеу пәнінің мазмұны мен технологиясы. Жеті жасқа дейінгі балалардың маторикаларын дамыту міндеттері. Балалардың қозғалыс дағдыларын қалыптастыру шарттары. Жетекші қозғалыс сапаларын дамыту (жылдамдық, шыдамдылық, ептілік, икемділік, күш). Негізгі қозғалыстардың маңызы (жүру, жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру). Түрлі жас ерекшелік топтарында жекелеген қозғалыстарға үйретудің әдіс – тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктері. Балаларды жалпы дамыту жаттығуларына үйретудің сипаттамасы және әдістері. Мектепке дейінгі жастағы балалардың негізі қозғалыс нысаны ретіндегі қозғалыс ойындарының сипаттамасы. МДБҰ дене тәрбиесі бойынша жұмыстардың нысандары.



Білімдер:

- мектепке дейінгі жастағы балалаларға дене тәрбиесіне тәрбиелеу пәнінің мазмұнын және технологиясын;

- жеті жасқа дейінгі балалардың маторикаларын дамыту міндеттері;

- балалардың қозғалыс дағдыларын қалыптастыру шарттарын;

- негізгі қозғалыс түрлерін дамытудың маңызын (жүру, жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру);

- түрлі жас ерекшелік топтарында жекелеген қозғалыстарға үйретудің әдіс – тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктері;

- балаларды жалпы дамыту жаттығуларына үйретудің сипаттамасын және әдістерін;

- қозғалыс ойындарының сипаттамасын;

- МДБҰ дене тәрбиесі бойынша жұмыстардың нысандарын.

Іскерліктер:

- балаларды физикалық жаттығулар жасауға үйрету, дене тәрбиесі сабақтарын өткізу;

- күн режиміндегі дене тәрбиесі сауықтыру іс –шараларын өткізу;

- дене тәрбиесі сәттерін, үзілістерін, күндізгі ұйқыдан кейінгі гимнастикалар өткізу;

-белсенді демалыс нысандарын ұйымдастыру (мерекелер, ойын сауықтар, денсаулық күндері, каникулдағы спартакиадалар және т.б.);

- МДБҰ дене тәрбиесін жүргізуді медициналық-педагогикалық бақылау;

- балаларды салауатты өмір сүруге ынталандыру және насихаттау;

- балалардың физикалық, рухани, адамгершілік жағынан дамуына ықпал ету;

- балалар мен жасөспірімдердің қозғалыс белсенділіктерін көтеру және жас ерекшеліктеріне қарай шынықтыру.


БҚ 8

КҚ 3.1.1


КҚ 3.1.2

КҚ 3.1.3


КҚ 3.1.10 КҚ 3.1.11

КҚ 3.1.13

КҚ 3.2.1

КҚ 3.2.4


КҚ 3.2.10

АП 13.4

Бастапқы шетел тілін үйрету мұғалімі

Кіріспе. Бастапқы шетел тілін үйрету мазмұны. Сабақ - шетел тілін оқытудың негізгі түрі. Мектепке дейінгі мекемелерде шетел тілін оқытудың негізгі әдіс-тәсілдері. Шетел тіліне тән ерекше дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету. Сөздік жұмыстарын жүргізудің әдістемесі. Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеленушілерге шетел тілінен берілетін алғашқы грамматикалық дағдылар. Шетел тілінде ауызекі сөйлеудің қарапайым түрлерін меңгерту. Жанұя. Ойыншықтар. Жануарлар. Дене мүшелері. Үй. Мейрамдар.Байланыстырушы етістіктер. Сөз орамдары. Модаль етістіктері. Іс-қимылын білідіретін сөздер. Шетел тіліне оқыту әдістемесінің негізгі қағидалары. Шетел тіліне оқытудың мақсаты, оқыту құралдары. Сабақ жоспары, талдау жұмысы.



Білімдер:

- тақырып бойынша сөздер мен сөзтіркестері;

- шетел тілін оқытудың қағидалары мен оқыту құралдары;

- сабақтың құрылымын жоспарлау, талдау жұмысын.



Іскерліктер:

- байланыстыру етістіктерді, сөз орамдарын сөз барысында қолдану;

- лексикалық материалды іс-қимыл- барысында пайдалану;

- сабақты ұйымдастыру барысында оқыту құралдарын қолдану;

- сабақты жоспарлау және ұйымдастыру;

- шетел тілінде айтылған өтініштерді, бұйрықтарды түсіну;

- ойын барысында сұрақтарға жауап беру және сөйлемдер құрастыру;

- тақырып бойынша сабақ жоспарын құрастыру.



БҚ 7

КҚ 3.1.4


КҚ 3.1.5

КҚ.1.9


КҚ 3.1.10

АП 13.5

Бастапқы қазақ тілін үйрету мұғалімі

Кіріспе. Бастапқы қазақ тілін үйрету мазмұны. Сабақ - қазақ тілін оқытудың негізгі түрі. Мектепке дейінгі мекемелерде қазақ тілін оқытудың негізгі әдіс-тәсілдері. Қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету. Сөздік жұмыстарын жүргізудің әдістемесі. Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеленушілерге қазақ тілінен берілетін алғашқы грамматикалық дағдылар. Қазақ тілінде ауызекі сөйлеудің қарапайым түрлерін меңгерту. Қазақ тілінде оқымайтын мектепке дейінгі мекемелердің балаларының білім, білік, дағдыларын есепке алу, бағалау және жоспарлау



Білімдер:

- мектепке дейінгі мекемелерде қазақ тілінің негізгі мазмұнының материалдарын, қазақ тілін оқытудың әдіс –тәсілдерін;

- қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету жолдарын;

- қазақ тілін оқытудың бастапқы грамматикалық дағдыларын,

- шығармашылық қабылдауды дамытушы әдістер мен талаптарды;

- көркем әдебиетпен таныстыру әдістерін;

- сөз туғызатын морфологиялық және морфологиялық емес тәсілдерді;

Іскерліктер:

- оқу – әдістемелік материалдарды басшылыққа ала отырып, қазақ тілі сабақтарын ұйымдастыру;

- балалардың шығармашылық қабылдауларын, қабілеттерін дамыту;

- диалогпен сөйлеуді дамыту;

- заттарға сипаттама беру, сюжетті - рольдік ойындар құрастыру;

- тақырыптық сөздіктермен жұмыс жүргізу, сөзтіркестерін, сөйлемдер және әңгімелер;



- қарапайым қазақ сөздерін меңгерту;

- балалардың қазақ тілі бойынша білімдерін есепке алу, бағалау жұмыстарын жүргізу.



БҚ 7

КҚ 3.1.4


КҚ 3.1.5

КҚ 3.1.9


КҚ 3.1.10

АП 13.6

Іс жүзіндегі психолог

Жас ерекшелік психологиясы және зерттеу әдістері, обьектілері. Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тұлғалық ерекшеліктері. Мектеп жасына дейінгі балаларды диагностикалаудың әдістемелері. Мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізетін психологтардың жұмыстары, ерекшеліктері. Мектеп жасына дейінгі балалармен психолог жұмыстарының шетелдік тәжірибелері. Психологиялық жаттығулар және олардың түрлері. Психологиялық сауықтыру бөлмелері.



Білімдер:

- мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшелік психологиясының негіздерін, әдістерін;

- балалар психологиясындағы ауытқушылықтарды, оларды түзетудің жолдары мен тәсілдерін;

- іс жүзіндегі психологтың функцияларын;

- психологиялық жұмыстардың

жаңа технологияларын, шетелдік тәжірибелерді;



Іскерліктер:

- мектеп жасына дейінгі балаларды диагностикалау;

- мектеп жасына дейінгі балалармен психологиялық жұмыс түрлерін жүргізу;

- психологиялық сауықтыру бөлмелерін жабдықтау.




БҚ 5

КҚ 3.1.1


КҚ 3.1.2

КҚ 3.1.3


КҚ 3.1.4

КҚ 3.1.8

КҚ 3.1.10


010102 3 Тәрбиеші - ана (патронат тәрбиешісі) біліктілігі бойынша:

АП 14

Әлеуметтік психология

Әлеуметтік психология пәні мақсаты, міндеті.

Жеке тұлғаның феноменологиясы, құрылымы және динамикасы. Әлеуметтік психологияның негізгі әдістері. Отбасы феноменологиясы. Әлеуметтік психология ғылым ретінде дамуының кезеңдері. Агрессия. Қақтығысу.


Білімдер:

- жеке тұлғаның дамуының феноменологиясын;

- әлеуметтік психологияның тарихы мен салаларын;

- конфликтологияның негізгі ұғымдарын.



Іскерліктер:

- жеке тұлғаны әлеуметтендіруде негізгі әлеуеттік мүмкіндіктерін есепке алу және тұлғаның психологиясына жағымды әер ету;

- әлеуметтік пихология әдістерін қолдану;

- қақтығысудың жағымды және жағымсыз функцияларын ашу;

- әр түрлі категориядағы адамдармен жағымды қарым-қатынас жасау;


БҚ 1

БҚ 2


БҚ 3

КҚ 3.2.1


КҚ 3.2.6

КҚ 3.2.10



АП 15

Әлеуметтік педагогика

Әлеуметтік педагогиканың теориялық және әдіснамалық негіздері. Әлеуметтік педагог мамандығы. Әлеуметтік педагогика ғылым ретінде. Әлеуметтендіру - әлеуметтік педагогиканың негізгі проблемасы. Отбасы әлеуметтендірудің жетекші институты. Мектепке дейінгі мекеме және мектеп – ашық әлеуметтік жүйе. Әлеуметтік педагогтің ерекше категориялы балалармен жұмысы. Балаларды әлеуметтік қорғау. Шетелдегі әлеуметтік педагогика мен әлеуметтік жұмыс.



Білімдер:

- әлеуметтік педагогиканың теориясын;



- әлеуметтік педагог іс-әрекетінің негізгі бағыттары мен мазмұнын;

- әлеуметтік педагогиканың ғылым және практикалық іс-әрекет ретінде;

- шетелдегі - әлеуметтік педагогикамен әлеуметтік қызметкердің теориялық негіздерін;

- әлеуметтік педагогтің қызметі мен әлеуметтік ролін, міндеттерін, этикалық кодексін;



Іскерліктер:

- әлеуметтік педагог жұмысын ұйымдастырып, жоспарлау;

- әлеуметтік педагогикалық әдістерді тиімді қолдану;

- бала құқықтары туралы ҚР заңдарының және БҰҰ Бала құқығы конвенциясының негізінде балаларды қорғау;

- шетелдегі әлеуметтік педагог пен әлеуметтік қызметкерлердің жұмыс әдіснамаларын тәжірибеде қолдану.


БҚ 1

БҚ 2


БҚ 3

КҚ 3.2.1


КҚ 3.2.3

КҚ 3.2.4


КҚ 3.2.5

КҚ 3.2.11



ӨО және

КП 00

Өндірістік оқыту және кәсіптік практика

ӨО. 01

Өндірістік оқыту

ӨО. 01.1

Медициналық -санитарлық практика Азаматтық қорғаныстағы медициналық қызметті ұйымдастыру негіздері

Және оның міндеттері. Бақытсыздық жағдайға ұшырағанда, жарақат алған кезде және төтенше жағдайда зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетудің нормативтерін орындау. Уландырғыш заттармен зақымдану және улану жағдайындағы алғашқы медициналық көмек. Жұқпалы аурулар және олармен күресу шаралары. Жарақаттанған науқас адамдарды күту және медициналық мекемелердегі емдеу шараларын жүргізу..



Каталог: images -> ebiblateka
ebiblateka -> Үлгілік оқу жоспары
ebiblateka -> Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім
ebiblateka -> Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім
ebiblateka -> Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім
ebiblateka -> Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім Білім коды мен бейіні
ebiblateka -> Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім Білім коды және бейіні
ebiblateka -> Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім Білім коды және бейіні
ebiblateka -> Үлгілік оқу жоспары
ebiblateka -> Үлгілік оқу жоспары
ebiblateka -> Үлгілік оқу жоспары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет