Ұлы Жібек жолы Еуразия құрлығындағы мемлекеттер мен өркениеттердің мәдени сұхбаттастығы мен экономикалық байланыстарының алғышарты


Орхон жазба ескерткішінің ішіндегі бізге жеткен үлкен қазынаның бірі – «Тоныкөк жыры»



бет43/49
Дата07.02.2022
өлшемі465,5 Kb.
#90267
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   49
Байланысты:
дәрістер курсы

Орхон жазба ескерткішінің ішіндегі бізге жеткен үлкен қазынаның бірі – «Тоныкөк жыры». Тоныкөк жырының авторы – Білге Тоныкөктің өзі деген жорамал бар. «Тоныкөк – Білге қағанның қайын атасы және әйгілі әскери маман. Ол жас кезінде 13 жыл Жүнгоның (Қытайдың) астанасында тұрып тәрбие алғаан. Ол осы ескерткішті 716 жылы өз қолымен жазған. Тоныкөк қайтыс болған соң бұл ескерткіш оның моласының басына қойылды...» .
Тоныкөктың Қытай елінде өскендігі жырдың алғашқы жолдарында – ақ көзге ұрып тұр: «Білге Тоныкөк – мен өзім табғаш елінде тәрбиелендім, өстім», «Тарихшы Ма- Шаңшудың айтуынша, осы Тоныкөк Алтайдағы Қара Ертісті мекен еткен қарлақ елінің Сабек тайпасынан шыққан адам» Тоныкөк Елтеріс, Қапаған, Білге қағандардың ақылшысы, Күлтегін батырдың батагөйі болған,көп жасаған дана қарт. «Тоныкөк Білге 716 жылы Күлтегінге қолбасшылықты аманатқа тапсырғанда 70 жаста болатын. Ал 727 жылы қытай императоры елші жіберіп, жылына 100 мыңдай тай жібек беруді ұсынған келісімінің тұсында ғұлама Білге билікке қатысқан. Демек, дала абызы 646 жылы туып, тоқсан жас жасаған. Сонда, «жеті жүз жігітті ерткен ұлығ шад» Құтлықтың сарбаздарына қосылып, «ақыл иесі, сөз иесі» өзі болып , Елтерісті қаған сайлаған кезде отыз алты жаста екен»
Жырдың басты қаһарманы Тоныкөк – хандардың ақылшысы, дана адам ғана емес, бүкіл түркі елінің тағдырын ойлайтын абыз қарт, жасында қолына қару алып жауға шапқан батыр да, қалың түркі еліне жол көрсеткен жолбасшы, қол бастаған қолбасшы.
Тоныкөк ескерткіші Күлтегін жырымен бір мезгілде жазылғаннан кейін болу керек, жазылу стилі, композициялық құрылымы, баяндау тәсілі, сөз қолдану ерекшеліктері, түрік тіліне тән екпінді пафосы жағынан ұқсас. Көлемі – 313 өлең жолынан тұрады. Құлыптаста 62 руналық жазу жолына сыйып тұр. Ғылымдардың пікірінше жырдың жалпы оқиға желісін он төрт топтамаға бөлуге болады. Әр топтама: оқиғаның басталуы, оқиға желісінің өрістеуі және қорытындыдан тұрады.
«Бірінші топтамада түркі халқының табғаштарға бағынышты болып қалу тарихы, екіншіден – аман қалған түріктердің бас қосып, бірігуі ; үшіншіде – сол біріккен халықты басқаратын қаған сайлаудың қиын болғандығы, төртіншіде – Елтерісті қаған етіп жариялағаны, ел ішіндегі тыныштыққа сырттан қатер төне бастағаны; бесіншіде – оғыздардан тыңшы келіп, олар елін шапақ болып жатқаны; алтыншыда – түркі халқының жауларымен күрестің қиындығы және осы қиындықты жеңудегі Тоныкөктің рөлі; жетіншіде – оғыздармен болған соғыс туралы; сегізінші топтамадан бастап, он үшіншісіне дейін түркілердің түрлі тайпалармен жүргізген қиян – кескі соғыстары жыр етіп баяндалады.
«Тоныкөк» жырының ең соңғы – он төртінші топтамасы бүкіл жырдың қортындысы сияқты. Мұнда түркілердің өз елі, жері үшін жүргізген соғыстарын атап – атап айтады да, соның бәрінде түркілердің жеңіске жеткенін, сол жеңістердің өзінен - өзі келмегені, оған Тоныкөк өзінің ақыл – кеңесімен, ерлік істерімен қыруар үлес қосқаны сөз зергерлеріне ғана тән зор шеберлікпен суретиеледі».
Тоныкөк жазбасының өзіндік ерекшелігі ретінде мына жайтты айтпай кету мүмкін емес. Оқиғалар тізбесі,жойқын шабуылдар мен түркі мемлекеттігін сақтап қалу жолындағы жанталас ұрыстар басты кейіпкер Тоныкөктің атынан баяндалғанмен, мұнда – түркі халқы бастан кешірген қанкешті күндер мен жанкешті жылдар көрініс табады. «Түрк Білге қаған еліне [арнап] жаздырдым. Мен Білге Тоныккөк», - деген жолдар да Білге Тоныкөк өз атын тарихта қалдыруды емес, түркі халқының тарихын келешек ұрпаққа жазып қалдыруды мансұқ тұтқан. Елтеріс қаған таққа отырғаннан кейінгі әлсіздеу түркі мемлекетінің ахуалы мына жолдарда сайрап тұр: «Ақылшы серігі, атақты серігі мен болдым. (Елтеріс қағанның – Б.Ж.) Шұғай Құз бен Қарақұмды жерлеп (қоныстап) отырар едік. Халықтың тамағы тоқ еді. [Бірақ] жауымыз төңірегімізде айналып ұшқан жыртқыш құс сияқты еді[де],біз жемтіксияқты едік. Осылайша [қысыл – таяң жағдайда] отырып, тіршілік жасадық».
Әскері аз, бытыраңқы түркі елі тізе қосып жауға бірігіп аттануы керек болды. Әйтпесе, төрт бұрышты жайлаған басқа халықтар түркі халқын мүлдем жойып жіберу қаупін туғызды.Яғни сол көне дәуірлердегі ең басты мақсат – түркі мемлекеттігін қалай да сақтап қалу еді. Тоныкөк жазбасының да – негізгі көтерген қоғамдық - әлеуметтік мәселесі де, түпқазық, алтын арқау жемісі де осы.
Күлтегін жырындағы «Білге қағанның таққа отыру баяны. Білге қаған мен Күлтегін батырдың Көк Түрік мемлекетін күшейту жолында жүргізген жорықтары баянындағы», «Түрік халқы үшін түнде ұйықтамадым, күндіз отырмадым», - деген жолдар Тоныкөк жазбасында да кездеседі: «Сонда түн ұйықтамадым , күндіз отырмадым .» Елін, жерін сүюдің ең айқын көрінісі осы болар. Ал «түнде ұйықтамадым, күндіз отырмадым» деген үндеу сөзде қуатты публицистикалық үн бар. Ол сонау терең ғасырлар қойнауынан ұрпаққа жеткен жігерлі, намысты, жалынды сөз.Сол сөздің күшімен, айбынымен түркі тектес халықтар бүгінгі территориялық тұтастығын, мемлекеттігін сақтап келе жатқандығы – түрік рухынан өшпес бейнесі бола алады.
Тағы бір жерде сол кездегі бабалардың елін, жерін қорғау үшін талай – талай белден асып, әскері аз болса да, жаудан ақыл – айласын асырып, қапыда қалдырып, күшпен емес ақыл – парасатпен жеңіске жеткендіктері баяндалады:
«Ол сөзін естіп қол (әскер) жүргіздім.Алтынжысты жолсыз (жермен) астым. Ертіс суын өткелсіз жерден өттік. Түн қаттық. Болчыға таң ата жеттік». Тіл келтірді (әкелді). Сөзі мынау: «Жарыс жазығында он түмен әскер жиылды» , - дер . Ол сөзін естып бекер: «Көтерілейік, қайталы. Ару ұят жақсы (босқа қырылғаннан таза ұят көп артық)» - деді. Мен былай дедім: «мен Білге Тоныкөк, Алтынжысты аса келдік, Ертіс суын кеше келдік. Келген [кісі] алып! » - дедім. Түймеді (түсінбеді, өкіліме түспеді).
«Тәңрі, Умай, Ұйық жер – су жар берді емес пе, неге қашамыз? көп [екен] деп неге қорқамыз, аз дейік. Неге басынады? (неге басылып қаламыз ?) тиелік!» - дедім . Тидік (тиіп бердік). Бытыраттық (быт - шыт қылып қуып жібердік). Осы үзіндіде де түрк жауынгерлерінің көп қиындықты бастан кешіп, өз рухтарын «Ару ұят жақсы», «көп деп қорықпа, аз деп басынба» деген сияқты қанатты сөздермен көтеріп, қалың жауды қақырата жеңгендігін қазір де көріп отырғандай елестейді. Бұл – көне жазбаның сенімді де сергек тілге суарылып, шын өмірде болған оқиғалардан бастау алғандығының дәлелі.
Қазақ публицистикасының туу арналары – осы жалынды леппен тасқа қашалып жазылған «Күлтегін», «Тоныкөк» ескерткіштерінде жатыр деуге толық құқымыз бар.
Жалпы көлемі-13 руналық жазу жолына сыйып тұрған ескерткіште көне түркі мемлекетінің саясаты, экономикасы, мемлекет басқару құрылымы, басқа халықтармен қарым – қатынасы, геосаяси бағдарлары қамтылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   49




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет