Ұлы Жібек жолы Еуразия құрлығындағы мемлекеттер мен өркениеттердің мәдени сұхбаттастығы мен экономикалық байланыстарының алғышарты


Махмуд Қашқари “Түркі тілдерінің лұғатын” (“Диуану луғат ит-турк”) жазуды былай деп негіздейді



бет2/49
Дата07.02.2022
өлшемі465,5 Kb.
#90267
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
дәрістер курсы

Махмуд Қашқари “Түркі тілдерінің лұғатын” (“Диуану луғат ит-турк”) жазуды былай деп негіздейді: “Мен Тәңірдің гүлденген мемлекетті түркілердің топырағында жаратқанын, өмір біліктерімен сол топырақты ғажайып өрнектегенін көрдім. Тәңір оларды түркілер деп атап, асқан сән-салтанатқа ие қылды. Дәуіріміздің хақандарын солардан таңдап, замана құбылысының еркін тізгінін қолдарына ұстатты. Сан мыңдаған адамды басқартып, адалдық істерін қолдады. Олармен бір сапта күрескендерді бек құрметтеді. 
Түркілер өздерінің қатарына қосылғандарды барлық игі тілектеріне ортақтастырып, залымдардың зорлық-зомбылықтарынан сақтады. Олардың қаhарынан сақтану үшін түркілердің салты мен жолын ұстау сол заманның ақыл иелеріне дәстүр болып қалыптасты.
Түркі халықтарының бірлігі мен адамгершілік қасиеттерін көрсетуде, ел басқару мен мемлекет жүйесін қалыптастыруда және түркі тілінің мол мүмкіндіктерін ашуда орта ғасырлардағы ұлы философиялық шығарма - Ж.Баласағұнның “Құтты білігінің” маңызы зор. 
Түркі халықтарының тарихында X-XVІІI ғасырлар, ғылым мен мәдениеттің шарықтап, адамзат өркениетінің дамуында зор үлес қосқан кезеңі болды. 
Адамзаттың бай қазынасы “Оғыз наме”, “Гесер”, “Манас”, “Алпамыс” және осы сияқты ондаған мың, жүздеген мың жолдан тұратын әлемдегі ең көлемді эпикалық дастандарды тудырып, оны түгелдей жатқа айту тек түркі шайырларының ғана қолынан келеді. Жиырма екі мың жолдан тұратын “Манас” дастанын бізге жеткізген сондай ұлы шайырдың бірі - қытайда тұрып жатқан жырау Жүсіп Мамай. Кезінде Янушкевич “даланың Цицерондары мен Демосфендері” деп атаған Ұлы даланың Көроғұлы, Марабай сияқты т.б. ұлы ақын-жыраулар түркі халықтарының, қала берді адамзаттың асыл қазынасы. Олар көшпенділер өркениетінің мұрасы – ондаған батырлық эпостармен қатар “Қырық қыз”, “Қозы Көрпеш-Баян Сұлу”, “Қыз Жібек”, “Айман-Шолпан” сияқты т.б. махаббат дастандарын жеткізді. 
Соңғы жылдары Қазақстан жеріндегі археологиялық қазбаларда “Алтын адам” көптеп табылуда. Оған Есік қорғанынан табылған әлемге әйгілі “Алтын адамнан” басқа, 1999 жылы Алтайдағы Берел қорымынан табылған киімдері мен сауыт-сайманы түгелдей алтындалған б.д.д. VI-IV ғасырларда өмір сүрген батырдың, Жайықтың оң жағынан табылған Алтын Орда дәуіріндегі сауыты түгелдей алтындалған жауынгердің және Жайықтың сол бетіндегі орта ғасырдағы қаладан табылған алтындалған бекзаданың табылуы біздің бабаларымыз өздерінің құнын біліп, мәңгілікке “Алтын адам” болып кеткенін көреміз. Қазақ жерінен болашақта алтын адамдар әлі көптеп табылады. Себебі, Алтайдан алғаш алтынды тауып, басқаларға таныстырған және одан жасаған бұйымдарын өнердің шыңына шығарып, інжу - маржанына айналдырған басқа емес, тұрандықтар болатын. 
Түркі халықтарының біртұтас ұлт ретінде қалыптасып дамуы Алтын Орда мен Ақсақ Темір империясының ыдырауынан кейін аяқталып, олардың әрқайсысы жеке мемлекеттер құрып өз беттерімен дами бастады. 
Әлемнің қай түкпірінде жүрсе де Ер түркінің ұл-қыздары атамекені - Тұран немесе Түркістанды ұмытпай, Ана тілдерін ардақтап жүрген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет