Ұлы Жібек жолы Еуразия құрлығындағы мемлекеттер мен өркениеттердің мәдени сұхбаттастығы мен экономикалық байланыстарының алғышарты


-Дәріс: Патшалық Ресейдің Қазақстанда отарлау саясатының тетіктері мен салдары



бет41/49
Дата07.02.2022
өлшемі465,5 Kb.
#90267
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   49
Байланысты:
дәрістер курсы

13-Дәріс: Патшалық Ресейдің Қазақстанда отарлау саясатының тетіктері мен салдары

1.ХҮІІІ ғасырдағы Қазақ хандығының геосаяси жағдайы.


2.Отарлау саясатының тетіктері, айла-шаралары.
3. Қазақстандағы саяси жүйенің өзгеруі: хандық биліктің жойылуы, округтік басқару жүйесінің енгізілуі.
4.Қазіргі тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы отаршылдық зардаптарын жою тетіктері мен азаттық рухты өркендету

17 - ғасырдың аяғы мен 18-ғасырдың басында Қазақ хандығы аса ауыр жағдайға тап болды. Қазақ қоғамының өндіргіш күштері өте өндірістік қатынастар бұрынғысынша патриархаттық феодалдық қалпына еді. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы көбіне табиғаттың стихиялы күштеріне байланысты болды. Феодалдық негізделген тәуелді мал өсіруші шаруалардың еңбек өнімділігі мардымсыз еңбек болып қала берді. Қазақ хандығына үстемдік еткен әскери - феодалдық шонжарлар арасында ішкі тартыс пен алауыздық туып ұлғая берді. Қазақ хандығы өз ішінен үш жүзге (ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз) жіктелетін еді. Бұл дәуірде әр жүзді билеген кіші хандар үш жүздің ұлы ханына сөз жүзінде бағынғанымен, іс жүзінде өз алдына жеке саясат жүргізе бастады. Әрбір жүздің қарауындағы ұлыстарды билеген сұлтандар да дербестікке бой ұрды. Сөйтіп, Қазақ хандығы саяси тұрғыдан бөлшектенген елге айнала бастады. Саяси берекесіздіктің экономикаға тигізген зардабы күшейіп, жүздердің арасындағы шаруашылық байланыстар бұрынғыдан да әлсіреді, жоңғар феодалдарының шапқыншылығы салдарынан сыртқы базарлармен де сауда-саттық байланыс үзіліп қалып отырды .
Бұл жағдайлар халықтың шаруашылығы мен тұрмысына қыруар қиыншылықтар туғызды. Елдің экономикалық өмірінде үлкен рөл атқарып келген оңтүстік Қазақстандағы қолөнер мен сауда орталығы болған қалалар құлдырап кетті. Жекелеген хандардың (Хақназардың, Тәуекелдің, Тәукенің және т.б. Қазақтың барлық жүздерін біріктіріп, біртұтас қазақ хандығын құрмақшы болған әрекеттері көшпелі қоғамның табиғаттың өзінен туындаған объективті себептердің салдарынан сәтсіздікке ұшырап отырды. Қазақ жүздерінің арасында орнықты саяси - экономикалық байланыстар қалыптаспады. Әсіресе орта жүз бен кіші жүз арасындағы байланыстары нашар болды.
Әрбір жүздің әдет правосы негізінде реттеліп отыратын өзінің көшім қоным жері болды. Мәселен, кіші жүз қазіргі батыс Қазақстанның жерін мекендеді. Оның жазғы жайлауы үстірт жазығында сондай ақ Ор, Жазық, Елек, Жем, Темір өзендерінің сағаларында Мұғалжар тауларында орналасса, қысқы қыстаулары Ырғыз өзені мен онң салалары өңірінде және Ырғыз бойының оңтүстігіне таман, Сырдарияның төмеңгі ағысында, Арал теңізінен батысқа қарай, Маңғыстау түбегінде, Атырау жазығында, Нарын құмында орналасты. Орта жүз орталық Қазақстанды мекендеді, ал оның жазғы жайлауы мен қысқы қыстауы Сарысу өзенінің бойын, Есілдің бастауын, Тобылдың салалары мен Торғай өзенінің бойын, Ұлытау таулары және оған шектес көлдер өңірін қамтиды. Ұлы жүз оңтүстік шығыс Қазақстанды мекендеді.
Қазақ хандықтарының 18-ғасырдың алғашқы үштен біріндегі ішкі саяси өміріне тән нәрсе ортақ шешімге келуді талап еткен мәселелерді шешу үшін үш жүздің үшеуінің мезгіл мезгіл өтіп отыратын біріккен жиналыстары еді. Сұлтан және Қалыби билердің айтуынша үш жүздің өкілдері жыл сайын маслихат құру үшін Сайрам маңындағы таулардағы Мәртөбе жотасына жиналып отырған. Мұнда “қай жерді қыстап, қай жерді жайлау керектігі, тыныштықты қалай сақтап, қалай соғысу керек екендігі” туралы мәселелер талқыланады . Кеңестерде көші қон, жерлерді бөлу, көшіп қонудың тәртібі, тайпа аралық және ру аралық дау шараларды шешу, соғыс және бітімге келу, сыртқы қатынастар мәселелерімен қоса аса маңызды эконмикалық және саяси мәселелер бойынша шешімдер қабылданып отырды. Ру басыларының ханға вассалдық көзқарасының тұрақтылығы Тәуке тұсында қазақ хандығы беріктігінің саяси негізі болған. Вассалдық қарым қатынастар жүйесіндегі негізгі нәрселер төмендегінше көшіп қонғанда өз иесінің нұсқауын қолданудың міндеттілігі, сыртқы саяси қарым қатынастардың хан арқылы жүргізілуі, сұлтанды ел басқарушы етіп ханның тағайындауы, не болмаса тануы, соғыс жәрдемінің көрсетілуі ең ақырында вассалдардың жоғарғы өкімет иесіне және оның атағына нұқсан келтірмеуін, қорғауға міндеттілігі Қазақ хандығы жағдайының қалыптан тыс ауырлауына ішкі алауыздықпен бірге сыртқы шапқыншылық себеп болды, бұл мезгілде қазақ-жоңғар қатынасы мейлінше шиеленісті. 18-ғасырда жоңғар феодалдары Қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасады. Оңтүстік Қазақстанды және Сырдария бойындағы базарлы қалаларды, сонымен қатар ең маңызды керуен жолдары өтетін территорияны да басып алуға тырысты. “1681-1685-жылдарда жоңғар феодалдары оңтүстік Қазақстанға бірнеше рет шабуыл жасады, Сайрам қаласын қиратып, егіншілікпен айналысқан аудандарды күйретті. 18 - ғасырдың бас кезінде жоңғар әскерлерінің бір тобы Сарысу өзеніне жетсе, екінші бір бөлігі орта жүздің шығыс солтүстік аудандарына басып кірді” .
Қазақ ханы Әз Тәуке береке бірлікті барынша күшейтіп, сыртқы жауға батыл күрес жұмсау үшін қажырлы қайрат жұмсады. Ол қырғыздармен, қарақалпақтармен, одақтаса отырып күрес жүргізді. Бұл күреске ақыл-қайрат, күш-көмегі тиетіндердің бәрін төңірегіне топтауға тырысты. Түркістан маңындағы Тауке ханның ордасын бұл кезде “әскери адамдардың айнала қоршай қонған еді. 1710-жылы жауға қарсы қалай төтеп беру мәселесін талқылау үшін Қарақұм маңында барлық қазақ жүздерінің өкілдері бас қосты. Халық жасақтары құрылды, бұлар жоңғар әскерлерін шығысқа қарай ығыстырды” .
Өйткені бұл кезде қазақтар бытыраңқы болды. Бұл жағдайды пайдаланған жоңғарлар феодалдары шабуылды қайта бастады, 1716 - жылы бұлардың әскерлерінің негізгі бөлігі Іле өзенінен Аягөзге қарай жорық бастады. Нақ осы кезде жоңғарлардың қосыны Абақанға қарай беттеп, Бие және Катун өзендерінің арасындағы жерді басып алды. 
Жоңғарлар 17-ғасырдың екінші жартысы мен 18-ғасырдың басында әскерін жарақтап әбден күшейтіп алды. Олар Сібірдегі орыс қалалары мен бекіністеріне айырбас сауда жасап, олардан қару жарақ сатып алып отырды.
“Жоңғар әскерлері жорық кездерінде жүз мың адамға дейін жетті, бұлардың әскерінде қолға түскен тұтқындардан болған құлдар пайдаланылды. Әскер ішінде қатаң тәртіп сақталынды, бұл тәртіпті бұзғандар қатты жазаланып отырды”. 
Жоңғар феодалдары өзінің әскеи күшіне сене отырып, Моғолстан хандығы мен қазақ хандығының жоңғарларға іргелес жатқан өңірлеріндегі ұлан байтақ жайылымдарды иеленіп алды. Бұрын ойрат-жоңғар тайпаларының біразы қазақ хандығына бағынған болса, енді жоңғарлар басып алған кезде қазақ тайпаларының біразы жоңғар хұнтайжыларына бағынып алым-салық төлеп, аманат беріп отыратын болды. Сөйтіп, жоңғарлардың өріс-қонысы Батыс Монғолиядан Іле өңіріне дейін созылды. Және қазіргі шығыс, шығыс оңтүстік Қазақстан территориясының бір бөлігін алып жаты.

2.
Ресей империясының қазақ жеріндегі отарлау саясаты.
Патша өкіметі Қазақстан жеріндегі отарлау шараларын біртіндеп жүзеге асырды. Оның 1742 жылгы 19 қазандағы жарлығы бойынша Жайық өзені жағасының қамалдар маңында қазақтардың көшіп-қонуына тыйым салынды, сонымен қатар олардың Каспий теңізінің жағалауында көшіп-қонып жүрген жерлері шектелді. XVIII ғасырдын 50-60 жылдары Ертіс, Тобыл, Есіл, Үй өзендері алқаптарындағы Орта жүздің қазақтары да өздерінің мекендеген жерлерінен ығыстырылды.
Қазақ даласында патша өкіметінің отарлау саясаты үш бағытта: біріншіден, гарнизондар мен күшейтілген бекіністі әскери шептер құрылыстың тездетіп салу және тұрақты казак-орыс (Орынбор, Жайық, Батыс-Сібір, кейін Жетісу) мекендерін құру жолымен, екіншіден, саяси әкімшілік реформалар жасау, сыртқы округтер мен приказдарды одан әрі құру, басқарудың дистанциялық жұмыс түрін енгізу жолымен, үшіншіден, қазақ даласын өзіне біржолата қосу, ал Орта Азия хандықтармен сауда-саттықты кеңейту жолымен жүргізілді. Алайда, отарлау барысында патша үкіметіне жергілікті барлық билікті ресейлік әкімшіліктің қолына шоғырландыру саясатын жүзеге асыру сұлтандардың, ру шонжарларының, билердің наразылығын тудырды. Өйткені оларды патша өкіметі орындары сот-әкімшілік қызметіне қатыстырмауға тырысты.
Патша өкіметі қазақ даласын түпкілікті билеу үшін әуелі әр түрлі реформалар жүргізіп, қазақтың елдік-этникалық ұйытқысын ірітіп, ұлыстарды бөлшектеп, оларды губернияларға, округтерге теліп, ұлтанды елді тұтастықтан айырды. Рас, олар мұның бәрін бірден жүзеге асыра қойған жоқ. Бұқпантайлап, торғай ұстаған мысықтай, жақыннан қармау үшін алыстан арбап, зымияндық саясат жүргізді. Патша өкіметі оны кезең-кезеңімен іске асырды.
Оның алғашқысы — 1731 жылдан 1822 жылға дейін созылған ел билеу жүйесіндегі протектораттық дәуір, яғни күшті мемлекеттің әлсіз мемлекетке формальды түрде болса да қамқорлық жасау саясатын жүргізу еді. Бұл кезде патша өкіметі ел билеудің бұрынғы хандық жүйесін сақтап, оның ішкі тірлігіне араласпай, тұзақты алыстан құрып, сырт иелігін жасады, яғни қазақ елін өзіне жағынып, бас шұлғып, бағынышты болған хандар арқылы басқарды. Сөйте тұра, қазақ жұртының арасына өз білімдар адамдарын қаптатып, ғылымды бет перде етіп алға ұстап, соның тасасында тұрып, елдің әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, мінез-құлқын жан-жақты зерттеп, қазақ халқының осал тұстарын пайдалануға тырысты. Оны меңгергеннен кейін хан тағына үміткер ханзадалар мен сұлтандар арасында ши жүгіртіп, оларды тақ таласына итермеледі. Солардың ішінде шенге құмар, атаққұмарлары ерекше бағаланып, бұлардан патша өкіметі ештемені де аяған жоқ. Патша отаршылары қазақ жұртшылығының арасына алауыздық ұрығын осылайша енгізе бастады.
Патша үкіметінің қазақ елінің басына тәуелділік ноқтасын біржола кигізуі 1822 жылдан 1867 жылға дейін созылды. Сөйтіп, патша үкіметінің отаршылдық саясатының екінші кезеңі басталды. Бұл кезде ол әскер күші арқылы елдің ішкі тірлігіне араласып, жергілікті қазақ шаруаларын қонысынан қуа бастады. Олардың орнына ішкі Ресейде жоқшылыққа ұшыратқан орыс босқындарын әкеп орналастырды.
Отарлаудың осы әскери-әкімшілік кезеңінде патша өкіметінің тірек пункттері ретінде әскери бекіністердің іргесі қалана бастады. Оларды тұрақтандыру үшін шекаралық белгілермен бөлді. Біртіндеп бекіністер Қазақстанның ішкі аймақтарына тамыр жайды. Бастапқы кезде бұл бекіністер Орал, Ертіс сияқты өзен-арналарына орналасты. Ал кейінірек патша өкіметінің отарлау саясатының күшеюі нәтижесінде әскери қамалдар салу Қазакстанның батыс, солтүстік-шығыс аймақтарын тегіс қамтыды. 1744 жылы Орынбор қаласы, 1752 жылы Петропавл қаласы салынды. Ресейдің Шығыс Қазақстан жеріндегі экспансиясы бұрынғысынан неғұрлым күшейе түсті. 1752 жылдан бастап Оңтүстік Алтайдың, Ертістің жоғарғы ағысындағы Үлбі, Бұқтырма және Нарым бойындағы жерлердің Ресейге қосылғаны туралы ресми түрде жарияланды. 1760 жылы Өскемен бекінісінен Телецк көліне дейін бекіністер салына бастады. Келесі 1761 жылы Өскеменнен Зайсан көліне дейін Бұқтырма шебінің бекіністері пайда болды. 1764 жылы Кузнецк-Колыван шебінің бір бөлігі Өскеменнен Тигерец форцостына дейін көшірілді. Сөйтіп, Қазақстандағы шекаралық шептің шығыс қанаты XVII ғасырдың 60-жылдары Ресей әскери қамалдарының бірнеше шебінен тұратын күшті бекіністі ауданға айналдырылды.
Салынып жатқан бекіністердің қорғанысын қамтамасыз ету үшін Ресейден Қазақстанға жаңадан көптеген әскери күштер әкелінді. Бұдан басқа патша өкіметінің өкімшілігі Солтүстік және Шығыс Қазақстанға орталық губерниялардан орыс шаруаларын қоныстандыруға белсене күш жұмсады. Бұл жерлердегі қазақтарды ығыстырып шығару жөнінде шаралар қолданылды. 1764 жылы қазақтардың Ертіске 10 шақырымнан және орыс бекіністеріне 30 шақырымнан жақын жерде көшіп жүруіне тиым салынды.
3.
Патша өкіметінің отарлау ежелден тұрып жатқан қазақтардың дәстүрлі қоныстарын тарылтты, Сібір әкімшілігі мен қазақ сұлтандары арасында шиеленіс тудырды. Шығыс аймақта патша өкіметі әскери әрекеттерінің күшеюі, Цин империясы әскерлерінің Қазақстан жеріне басып кіру қауіпі, 1771 жылы Орта жүздің ханы Әбілмамбет өлгеннен кейін хан болып сайланған Абылайдың Ресей бодандығын сақтай отырып, Қытай империясы өкімет билігін де қабылдауға мажбүр етті. Абылай ұстанған екі жақты бодандық саясат Қазақстанның өмірлік мүдделеріне сай келді. Екі ірі мемлекеттің Абылайды Орта жүз ханы деп мойындауы, оның позициясын едәуір нығайта түсті. Ол жоңғар басқыншылығына қарсы күресте үш жүздің жасақтарын біріктіріп, қазақ халқының азаттық Күресін ұйымдастырған айбынды әскери қолбасшы болды. Абылай аса ірі шайқастарда ерен ерлігін, батырлығын көрсете білді. Ол қазақтардың бір орталыққа бірігіп, сыртқы жаулармен күресте олардың еркіндігін сақтап қалуда үлкен еңбек сіңірді.
1781 жылы Абылай қайтыс болғаннан кейін Орта жүздің ханы болып оның баласы Уәли сайланды. Ол бір мезгілде Ресейге де, Қытайға да бодан болатыны жөнінде ант беріп, өз әкесінің саясатын жалғастыруға ұмтылғанын көрсетті. Дегенмен, оның тұсында хандық ішінде ыдыраушылық күшейді, сұлтандардың ықпалы өсіп, мұның өзі қазақ хандығының әлсіреуіне әсерін тигізді. Бұл Ресейдің Орта жүз жеріне неғұрлым белсенді түрде енуіне жағдай жасады. ХҮІІІ ғасырдың аяғы — XIX ғасырдың басында өзінің отарлау саясаты барысында патша өкіметі ең әуелі Қазақстан жеріндегі хандық билікті жоюға кірісті. Хан билігі орыс шенеунігі басқарған уақытша кеңестің қолына көшті. Осындай кеңес құру арқылы Кіші жүз бен Орта жүз хандықтарының саяси дербестігін түпкілікті жою мақсатын көздеді. Патша өкіметі бұл мақсатты іске асыруды Орта жүз хандығынан бастады. Мұнда 1815 жылы Орта жүз ішіндегі Уәлидің билігін әлсіретуге тырысып, екінші хан етіп Бөкейді тағайындады. Орта жүздің хандары Бөкей 1817 жылы, Уәлихан 1819 жылы қайтыс болған соң, патша өкіметі жаңа хан сайлатпай, Орта жүзді бірнеше әкімшілікке бөліп, оларды басқарып-бақылауға патша өкімдерін қойды.
1822 жылы орыстың белгілі мемлекет қайраткері М. М. Сперанскийдің басшылығымен «Сібір қырғыздары» туралы жарғы, 1824 жылы «Орынбор қырғыздары жөніндегі жарғы» — деген құжат негізінде патша үкіметі қазақ жерін басқару тәртібі жөніндегі заң шығарды. Осы заң бойынша Орта жүз бен Кіші жүз хандықтары жойылды. Кіші жүзде (соңғы хан Шерғазы Айшуақов) хандық биліктің орнына Ресейдегі сияқты әкімшілік-саяси басқару жүйесі қалыптасты. Ал Орта жүзде “аға сұлтан” деген басқарушы қызмет енгізілді. Орта жүз жекелеген әкімшіліктерге бөлініп, Омбы қаласының ішкі округтері деп саналды. Округтер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді. Болысқа бөлудің негізіне рулық емес, территориялық бөліну принципі алынды. Сондықтан жаңа заңды іске асыру барысында рушылдықтың іргесі сөгіліп, айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Қазақтардың белгілі бір әкімшілік шеңберден екінші әкімшіліктін жеріне ауысуы шектеліп, бұрынғы көшіп-қонудың рулық тәртібі бұзылды. Ауыл старшындары қазақтардан сайланды. Болыстыққа сұлтандар тарайындалып, бұл қызмет шын мәнісінде атадан балаға мирас болып қалдырылып отырды.
4. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін отаршылдық зардаптарын жою, ел болашағы үшін көптеген жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ: Тарихымызда ақтаңдақтар саналып келген сыры ашылмай тарих қойнауында қалып қалған төл тарихымыздың жаңа беттерін аштық. Жазықсыз жазаланып кеткен ел болашағы үшін аянбай еңбек еткет қайраткерлерімізді де тарих сахнасына шығарып, ақтап алдық. Тіл мәселесі, дін мәселесі де қолға алынған. Шекарамыз бекітілген. Өзіндік құндылықтарымыз да қалыптасқан. Соңғы 20 жылда Қазақстандағы демографиялық ахуал түбегейлі өзгерді.
1. 1992 жылы басталған халық санының төмендеу үрдісі 2002 жылы аяқталды. Тәуелсіздіктің алғашқы он жылында халық саны 1,6 миллион адамға төмендеді, бұл ең бірінші халықтың кейбір бөлігінің өздерінің тарихи отандарына оралуына, өтпелі кезеңде өлім-жітімнің көп болуы және туудың төмен деңгейіне байланысты болды. 2002 жылдан бастап халық саны өсімнің тұрақты үрдісіне ие болды, ең бірінші табиғи өсім есебінен, 2004 жылдан бастап көші-қон өсіміне байланысты қалыптасты. Қорыта келгенде, тәуелсіздік жылдарында еліміздің халық саны жалпы 427 мың адамға немесе 2,6%-ға артты.Тәуелсіздік жылдарында елімізде 6 миллионнан астам адам дүниеге келді және табиғи өсім 3 миллионға жуық болды. Кедейлік деңгейі 1996 жылдан бастап 9 есе төмендеді және 2012 жылғы 3 тоқсанда 4% құрады.
Еліміздің 15 жас және одан үлкен экономикалық белсенді халықтың саны 1,1 млн. адамға артып, 2016 жылғы қарашада бағалау бойынша 10 млн. астам адамды құрды.
5. Жұмыссыздық деңгейі 2 есе дерлік төмендеді және 2012 жылғы қарашада бағалау бойынша экономикалық белсенді халықтың санынан 5,3%-ды құрды.

. Тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру тұрғын үй құрылысы қарқынының тұрақты өсуін қамтамасыз етті. Тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар соңғы он жылда 10 есеге дерлік ұлғайды.Жалпы құрылыста орындалған құрылыс жұмыстары көлемінің оң серпіні байқалады, ол 2011 жылы 2 трлн. теңгені құрады. Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 2011 жылы 1991 жылғы деңгейге қарағанда 17,5% жоғары, ал 2016 жылдың соңғы 11 айында ол нақты көріністе тағы 35% артты.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   49




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет