Құлыбек Дария тфп 2-007 топ



Дата08.02.2022
өлшемі15,53 Kb.
#123786
Байланысты:
Құлыбек Дария 2-007 тфп
Мурат Файзулла ВТиПО 13 СРО 1-2 недель, 1-5, Құлыбек Дария 2-007 тфп, Құлыбек Дария 2-007 тфп, 6-дәріс

Құлыбек Дария тфп 2-007 топ.
Тақырыбы: Көмірсулар, липидтер және белоктардың қорытылуы мен сіңірілуі. Көмірсулар, липидтер және белоктардың қорытылуы өнімдерінің тасымалдануы
Есеп 1
Тәтті тағамдарды, кәмпитті қабылдағанда бала құсып, іші өтеді. Тәтті шәйді де іше алмайды, бірақ сүт ішкен кезде кері әсерлер байқалмайды. Молекулалық ақау туралы болжам жасаңыз. Болжамды қалай тексеруге болады?
Бұл Дисахаридтің қорытылуының бұзылуы . Нақты айтар болсақ тұқым қуалаушылық сахароза-изомальтазды комплексі жетіспегендіктен туындайды. Көбінесе кішкентай балалардың тамақтануында қант немесе крахмал қосқанда пайда болады. Ауру бала тәтті заттан бас тартып , мүлдем жегісі келмейді. Ал басқа тағамдарда глюкоза,фруктоза, лактозаны қабылдай береді. Біздің жағдайда сүт ішкенде балада құсу байқалмайды, себебі сүт лактозаға жатады.


Есеп 2
Науқаста он екі елі ішекті зондтау кезінде өт қышқылдары секрециясы төмендегені анықталған. Майлардың қорытылуына әсері бола ма? Бұл науқаста стеаторея (қорытылмаған майлардың нәжіспен бірге шығуы) байқалған.Стеатореяның себеп салдарын сипаттаңыз.
Майлардың қортылмай қалуы өт жолдарының бітеліп қалуына алып келеді.
Өт бөлінуінің азаюы тамақтық майлардың эмульсиялануының нашарлануына, соған орай панкреатиттік липазаның майларды гидролиздеу қабілетінің төмендеуіне алып келеді. Ұйқы безі сөлінің бөлінуін нашарлатады, соған байланысты майлардың гидролиздену жылдамдығы төмендейді. Осы екі жағдай нәжісте майдың мөлшерін арттырып, стеаторияның болуына алып келеді.


Есеп 3
Асқазаны ауыратын науқасқа пепсин тағайындалған. Бұл биологиялық белсенді заттардың қай класына жатқызылады, химиялық байланыстардың қайсысына әсер етеді, асқазан сөлі қышқылдығының пепсин белсенділігіне әсері бар ма?
Пепсин - асқазан сөліндегі негізгі фермент. Пепсин пептидтерді гидролиздейді. Пепсин биологиялық белсенді заттардың фермент класына жатады. Ферменттер ішінде асқорыту ферменттері пептидазаларға жатқызылады. Пепсин белоктардың асқазанда ыдырауын катализдейді. Пепсин асқазан сөлінің белсенділігінің 95% қамтамасыз етіп отырады . Пепсин қышқылдық ортада белсенділік танытылады


Тақырып: Гликолиз. Глюконеогенез. Кори айналымы. Глюкозаның пентозофосфаттық жолмен ыдырауы. Гликоген алмасуы.
Есеп 1 
Дистанцияда екі жүгіруші: спринтер 100 метрге жүгіруді аяқтағанда, стайер 10-шы километрді аяқтады. Осы жүгірушілердің бұлшықеттері жұмысының энергетикалық қамтамасыз етілу айырмашылықтарын көрсетіңіз.
100 м қашықтықта жүгірудің энергиямен қамтамасыз етілуі анаэробты процестерге байланысты. 100 метрге жүгіруде бұлшықеттер энергияның 5% -ын ғана аэробты түрде алады. Бұл спринтерде бірінші гликолиз пайда болады, яғни анаэробты гликолиз. Соңғы өнімі лактат болады. Нәтижесінде 1 глюкоза молекуласынан глицеральдегид фосфатының 2 молекуласы алынады, және олардың әрбірі 2 АТФ-тен береді. Соңында 1 глюкоза молекуласынан 4 АТФ шығады, бірақ біз осы процесте 2 АТФ молекуласын жұмсаймыз.


Есеп 2 
Тәулік бойы ашыққаннан кейін бауырдағы гликоген қоры таусылады. Егер ағзаны энергиямен қамтамасыз ету үшін майлардың үлкен коры болса, онда ашығу кезіндегі глюконеогенездің биохимиялық мәні неде?
Бауырда гликоген қоры аз болып келеді. Ол 6-10 сағат уақытында ашыққанда азаяды және 1 тәулік 24 сағат кезінде толығымен жұмсалады. Бұл жағдайда бауырда глюкозаның синтезі глюконеогенез басталады. Глюконеогенез ұзақ ашығу кезінде қандағы глюкозаның деңгейін тұрақты ұстап тұрады. Глюконеогенез процесі негізінен бауырда және ішектің кілегейлі қабатында жүреді. Ашығу кезінде мидың үлесіне глюкозаның негізгі мөлшері кіреді. Өйткені, мидағы жасушалар май қышқылдары тотығуының энергиясын жұмсай алмайды. Глюкозаны эритроциттер, көздің торлы қабық жасушалары және бүйрек үсті безінің милы қабаты қажет етіп отырады. Лактат, глицерол,амин қышқылдары глюконеогенез процесінің бірінші реттік субстраттары болып табылады. Ашығу кезінде глицерол май ұлпасындағы майлардың гидролизінен бөлініп шығады. Ұзақ ашығу кезінде амин қышқылдары глюконеогенезге қатысады.
Есеп 3 
Бұлшықеттерде аэробты (су мен CO2 дейін) және анаэробты жағдайда гликоген ыдырағанда түзілетін АТФ мөлшерін анықтаңыз
Глюкозада моль ыдырағанда АТФ тің молекуласы түзіледі.Глюкоза толық ыдырағанда 2880 кДж/моль энергия түзіледі. Ал, АТФ гидролизі кезінде керісінше 50 кДж/моль энергия босап шығады. Глюкозаның 1 молі CO2 мен H2О –ға дейін тотыққанда 38 моль АТФ шығымы түзіледі.
-2 +10
Глюкоза -> 2 Пируват +6
2(Пируват-> АцетилКоА) +24
2(АцетилКоА-> CO2+H2O) +38
Глюкоза тотыққандағы АТФ жалпы шығымы
10+6+24= 40 40-2= 38

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет