Өндірістік оқыту пәніне арналған ашық сабақтың әдістемелік



Дата19.02.2017
өлшемі0,79 Mb.
#10491
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Министерство образования и науки Республики Казахстан


Ақмола облыстық бідім басқармасы

«Бурабай ауданы, Щучинск қаласы және сервис индустриясы колледжі» КММ

КГУ «Колледж индустрии туризма и сервиса, город Щучинск, Бурабайский район»

Управления образования Акмолинской области



Өндірістік оқыту пәніне

арналған ашық сабақтың әдістемелік

тақырыбы:

«Қазақтың ұлттық тағамдары: Қамырдан жасалған тағамдар»




Әзірлеген / Разработала:

арнайы пәндер оқытушы

преподаватель спецдисциплин

Жансеитова Клара Сериковна


___ сабактың оқу-әдістемелік жоспары

Сабак № Күні Тобы:

Такырыбы: «Қамырдан жасалған тағамдар»

Сабақтың Максаты:

Дидактикалық: Оқушыларға ұлттық тағамдарды дайындалуы және олардың кулинарлық өңделу технологиясын, тағамдарды әзірлеп және ұсыну әдістерін түсіндіре отырып, шығармашылық қабілеттерін тереңдету. Оқушыны белгілі бір істі орындау үшін өздігінен шара қолдануға баулу. Жұмысты толық орындауға ынталандыру.

Тәрбиелік: Өндіріс орындарына еңбек сүйгіш,тапқыр,білікті маман тәрбиелеу.Оқушылар бойына эстетикалық талғамдылықты ұялату. Шығармашылық қабілеттерін, өзін – өзі ұстауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Болашақ маманның шығармашылық біліктілігін, ойлау қабілетін, тағам дайындауда қызығушылығын арттырып,сонымен қатар көпшілік ортада өзін – өзі жақсы ұстау қасиетін ұштап, дамыту.

Пәнаралық байланыс:

1.Тағам дайындау технологиясы

2.Жабдықтау

3.Азық-түлік тауартану

4.Келушілерге қызмет көрсетуді ұйымдастыру

5. Санитария және гигиена негіздері

6. Калькуляция және есеп

Сабак турі: Ашық сабақ.
Құралдар: Пышақ,тақтайшалар,таба,эл.пеші және тағы да басқа құралдар.
Шикізат: ұн, алма, ашытқы, өсімдік майы, тұз, сары май, айран, қаймақ, су, қант және т.б.
Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)

а/ Оқушылардың сабаққа қатысуы мен бригадир рапорты

б/ Санитарлық жағдайды тексеру

в/ Күнделіктері мен санитарлық кітапшаларын тексеру.

г/ үй тапсырмасын пысықтау.

Kipicпe нұскама (30 - 40 минут)

Сабақтың мақсаты мен талабын ашу.

1.Жаңа сабақты хабарлау түсіндіру

2. Өткен тақырыпты қайталау.

3. Шикізатты өңдеу, керекті азық – түлікті дайындау.

4.Аспазшының жеке бас тазалығы.

5.Осы сабақтың алдыңғы сабақпен байланысы.

6.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІІ. Ағымдағы нұсқама (5 сағ)
А) Жұмыс орнын ұйымдастыру және қауіпсіздік техникасын қадағалау.

В) Оқушылардың жұмыс үстінде дұрыс, ережеге сай жұмыс жасауын және бір-біріне көмек көрсетуін қадағалау.

С) Жұмыс орнын жақсылап жуып тазалау;

1.Жұмыс орнын ұйымдастыру, керекті ыдыс – аяқтарды дайындау.

2. Құймақ -дайындау үшін керекті азық – түліктерді дайындау, өлшеу,жуу, аспаздық өңдеуден өткізу.

3. Шикізатты өңдеу дайындау, кесу;

4. Дайын өнімдерді қосып, араластыру;

5. Дәміне келтіру әрекеттері;

6. Ыдысқа салу, көркемдеу, ұсыну.

7. Алмадан жасалатын құймақтың қамырына арналған – шикізатты дайындау;

8. тұщшы құймақ қамырын дайындауға арналған шикізатты дайындау;

9. Дайын өнімдерді қосып, араластырып,толық массасы дайындық деңгейге жеткізу, және қуыру.

10. Ыдысқа салу, көркемдеу, дастархан әзірлеу:

11. Ұсыну.
ІV. Қорытынды нұсқама(10-15 мин)


  • Сабақ мақсатының орындалғанын хабарлау;

  • Тапсырманың технологиялық кестемен өз бетінше орындап шығуына анализ жасау;

  • Оқу – өндірісіндегі жұмыста өткізілген қателіктерді атап өту;

  • Күнделіктеріне және жұмыс жасау мәдениеттіліктеріне ескерту жасау;

  • Өте жақсы жұмысты көрсету;

  • Оқушылардың жұмысын бағалау сын айту;

  • Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау;

  • Үй тапсырмасын беру


Үйге тапсырма

«Қазақтың ұлттық тағамдары» таба нан.
Технологиялық карта

Тағамның аталуы: Алма құймағы



Азық – түлік аттары

Брутто массасы

Нетто массасы

1

Ұн

100

90

2

Сүт

100

100

3

Жұмыртқа

40

40

4

Қант

15

15

5

Алма

40

30

6

Тұз

3

3

7

Өсімдік майы

10

10

8

Ашытқы

7

7

9

Қатық

25

25

Шығымы:

-

150


Дайындау технологиясы:

1. Барлық шикізатты аспаздық өңдеуден өткізу;

2. шұңғыл ыдысқа сүтті, ашытқыны қосыпараластырып жылы жерге жауып көтерілгенше қою. Көтерілген қамырға жұмыртқаны шағу,тұзды,қантты,өсімдік майын қосып араластырып

2 – кезеңге көтерілуге 15-20минутке қою;

3. көтерілген қамырға ұсақтап кесілген алманы қосып араластырып 3 минутке жылы жерге қою;

4. Табаға өсімдік майын құйып оттқа қыздыру, құймақты қуыру;

5.Тарелкеге салып бөлек ыдысқа қаттықты салып дастарханға ұсыну;

Ас дәмді болсын!
Технологиялық карта

Тағамның аталуы: Тұшшы құймақ.



Азық – түлік аттары

Брутто массасы

Нетто массасы

1

Ұн

100

90

2

Сүт

100

100

3

Жұмыртқа

40

40

4

Қант

15

15

5

Алма

40

30

6

Тұз

3

3

7

Өсімдік майы

10

10

8

Ашытқы

7

7

9

Қатық

25

25

Шығымы:

-

150


Дайындау технологиясы:

1. Барлық шикізатты аспаздық өңдеуден өткізу;

2. шұңғыл ыдысқа ұнды салып үстінен сүтті(тұз қосылған) құйып араластырып, жұмыртқаның сарысын, тұзды, қантты, бөлек көжетілген ақуызды қосып араластыру;

3.Арнайытабаға өсімдік майын жағып қамырды құйып құймақты пісіру;



4. Тарелкеге салып бөлек ыдысқа сары майды салып дастарханға ұсыну;

Ас дәмді болсын!
Каталог: uploads -> doc -> 0b9e
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b9e -> Қазақ тілі пәнінен орта мерзімді жоспар 2-сынып, ІІІ тоқсан, 40 сағат
0b9e -> Қазақ тілін оқытуда инновациялық Әдістерді тиімді пайдалану қазақ тілі және қазақ әдебиет мұғалімі Аимханова Гаухар Нурлановна Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет