Липидтер “Химия” пәні


СН3  СН2  СН2  СН2 СН2  СООН



бет5/11
Дата20.11.2023
өлшемі4 Mb.
#192377
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ЛИПИДТЕР

6 5 4 3 2 1

СН3  СН2  СН2  СН2 СН2  СООН

    

Молекуласында бір, екі, үш және одан да көп қос байланыстары бар қанықпаған май қышқылдарындағы қос байныстың орны  белгісімен көрсетіледі де, оның шекесіне нөмірлі индекс қойылады. Мысалы, 9 деген белгі мынаны білдіреді. Карбоксильдік топтан есептегенде 9 көміртегі атомынан кейін қос байланыс орналасады, яғни қос байланыс молекуладағы 9- және 10 көміртегі атомдарының арасында орналасады. Қышқыл молекуласындағы қос байланыстарды әрқашанда бір метилен тобы (-СН2) бөліп тұрады.

Мұнда да қос байланысты қосылыстар үшін цис-изомерия және транс-изомерия тән, олар  белгісінің алдына қойылады. Мысалы, цис-9 немесе транс-9. Табиғи майларда әрқашанда цис-конфигурациялы қанықпаған қышқылдар кездеседі. Молекула құрамында екі немесе одан да көп қос байланысы бар қанықпаған май қышқылдары полиқанықпаған қышқылдар деп аталады.

Бейтарап майлар

Бейтарап майлар – үш атомды спирттің, глицериннің және май

қышқылынан құрылған күрделi эфирлер, май қышқылының глицерин эфирi немесе ацилглицерид деп аталады (ацил - карбон қышқылының қалдығы).

Глицерин молекуласының бiр, екi немесе үш гидроксилі этерификациялануы

мүмкiн.

СН2-О-СО-R1 СН2-О-СО-R1 СН2-О-СО-R1

| | |

СН-О-СООН СН-О-СО-R2 СН-О-СО-R2

| | |

СН2-О-СООН СН2-О-СООН СН2-О-СО-R3

Моноглицерид Диглицерид Триглицерид

R – май қышқылдарының қалдықтары

Қаныққан май қышқылдары:

  • Май қышқылы (С4) СН3-(СН2)2-СООН
  • капрон қышқылы (С6) СН3-(СН2)4-СООН
  • каприл қышқылы (С8) СН3-(СН2)6-СООН
  • каприн қышқылы (С10) СН3-(СН2)8-СООН
  • лаурин қышқылы (С12) СН3-(СН2)10-СООН
  • миристин қышқылы (С14) СН3-(СН2)12-СООН
  • пальмитин қышқылы (С16) СН3-(СН2)14-СООН
  • стеарин қышқылы (С18) СН3-(СН2)16-СООН
  • арахин қышқылы (С20) СН3-(СН2)18-СООН
  • беген қышқылы (С22) СН3-(СН2)20-СООН
  • лигноцерин қышқылы (С24) СН3-(СН2)22-СООН


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет