Өзіңді қызықтыратын тақырыпты таңдасаң, эссе жазу оңайырақ болады. Егер ондай тақырып таңдай алмасаң, онда тереңірек таңдаған тақырыпқа зерттеу жүргізіңіз.
Тақырыптан ауытқымау өте маңызды... Тақырыптаң ауытқу бағаның төмендеуіне себепші болады.
Негізгі және қосалқы бөлімдерге бөл.
Дәлелдер мен жеке пікірлерді логикалық реттілікте қойып, ойларыңызды дамытыңыз.
Жоспарла!!!
Жоспарлау эссені қалай бастау керек екендігіне және эссенің реттілігін анықтауға көмектеседі.
Эссе хронологиялық реттілікте орналасуы қажет, себебі хронологиялық реттілік оқырманға жеңілдік жасайды.
Дәлелдерді жинап, әр бөлімнің астына жазып отыр.
Идеялар тізімі эссе жазуды жеңілдетеді.
Эссені жазуды бастамастан бұрын, реттілікті сақтай отырып жоспарла, себебі кейбір бөлімдер ұмытылып кетуі мүмкін.
ЭССЕ жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс талаптар: • Жеке көзқарастың көрінісі;
• Фактілі дәлелдер (аргументтер);
• Теоретикалық негіздеме;
• Терминдерді қолдану;
• Цитаталарды келтіру;
• Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;
• Логикалық заңдылықтың сақталынуы;
• Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;
• Сауаттылық (пунктуация., орфография.);
• Юмор, сарказм;
• Қолданылатын ғылыми еңбектерге сілтеме жасау.
Эссе жазу барысында жиі кездесетін қателіктер: 1. проблема ашылмайды;
2. автордың жеке позициясы көрінбейді;
3. теоретикалық негіздемесі жоқ;
4. терминдерді орынсыз, сауатсыз қолдану;
5. тым қарапайым өмірдің мысалдары көп;
6. ауызекі сөздер, диалект, сленг, жаргон сөздер;
7. келтірілген мысалдар автор позициясына қайшы;
8. қорытындылау, түйін шығару деген жоқ;
9. логиканың болмауы.
Эссе жұмысын бағалауда ескеру қажет: - эссе жүйесіне қатысты жоспар құруы;
- тақырыптың толық ашылуы; эссе мазмұнының логикалық тұтастығы және ішкі бөліктерінің өзара байланыстылығы, жұмыстың өз бетінше орындалуы;
- талдау-сараптау категорияларын сауатты пайдалана алуы;
- нақты да түсінікті, мазмұнын айқын етіп жаза алуы; алға тартқан деректерін сауатты дәйектей алуы, бейнелі баяндау шеберлігі, ұлттық танымдық құндылықтарға басым мән беруі, стиль біртектілігін сақтауы;
- эссе көлемінің берілген нұсқаға сайлығы;
- қазақ әдеби тілінің лексикалық, грамматикалық, стильдік нормаларын сақтауы, жазу сауаттылығы;