Көбейту ережесі.
Кез келген санаулы элементтері бар А және В жиындары үшін барлық , қос элементтер саны осы жиындар элементтері сандарының көбейтіндісіне тең.
Есеп.
Асханада І-ші тамақтың екі түрін , ІІ тамақтың үш түрін және екі түрлі десерт ұсынады. Асхана қанша түрлі түскі тамақ ұсынуға болады?
Бұл тәсіл графиктік жолмен кескінделген. Бұл схеманы талдау ағашы деп атайды.
. . .
.
Сонымен асханашы 12 түрлі түскі тамақ ұсынады.
Алмастырулар.
Х жиыны n элементтен құралған жиын болсын. Онда Х жиынының элементтерінен құралған, ұзындығы k-ға тең және элементтері қайталанбайтын әрбір шеруді n – нен k бойынша алынған қайталанбайтын орналастыру деп аталады. Оны арқылы белгілейді.
немесе
145. 4 оқушыны 7 орындыққа неше түрлі тәсілмен отырғызып шығуға болады?
Талдау: Мұнда Х жиыны 7 элементтен тұрады. Онда бізге қажетті сан барлық 7-ден 4 бойынша қайталанбайтын орналастырулар санына тең. Өйткені бірнеше оқушы бір орындыққа отырмайды деп есептейміз.
Сонда .
Есеп. Бес адамды кезекке неше түрлі тәсілмен тұрғызуға болады?
Талдау: Бізге қажетті сан 5 элементтен алынған барлық алмастырулар санына тең. .
Есеп. Үш таңбалы саннан қанша әртүрлі цифрдан құрастырылған үш таңбалы сан алуға болады?
.
Терулер.
n элементі бар Х жиынының әрбір k элементі ішкі жиынын n – нен k бойынша алынған қайталанбайтын терулер деп атайды.
арқылы белгілейді. .
Есеп. Шахмат турниріне 12 ойыншы қатысты және әрбір шахматшы өзгелермен бір-бір ойыннан ойнайды. Турнирде барлығы неше партия ойналды?
Талдау: Әрбір партияны өткізуге екі ойыншы қатысады. Онда барлық өткізілген партиялар саны 12-ден 2 бойынша алынған терулер санына тең.
.
Суға батқан кемеден 6 қап алтын монеталар табылған. Бірінші қапта 60, екіншіде 30, үшіншіде 20, төртіншіде 15 алтын монеталар болды. Барлық қапты санағанда монеталар санында заңдылықтың бар екені байқалды. 5-ші, 6-шы қаптарда қанша алтын монета бар?
Көгілдір түс алу үшін ақ түсті бояу (6 бөлік) мен көк түсті бояуды (2 бөлік) араластыру қажет. Егер қолымызда 3 грамм ақ және 3 грамм көк түсті бояу болса, онда неше грамм көгілдір түсті бояу алуға болады
Сыныпта 27 бала бар. Олардың 12-сі вокалға,15-і биге қатысады, ал 6-уы ешқандай үйірмеге қатыспайды. Неше оқушы екі үйірмеге де қатысады.
Сыныпта 28 бала бар. Олардың 14-сі вокалға,10-і биге қатысады, ал 3-і екі үйірмеге қатысады. Бұл сыныпта екі үйірмеге де қатыспайтын бала саны қанша.
Сыныпта 33 бала бар. Олардың 18-сі жеңіл атлетика үйірмесіне,10-ы суда жүзу үйірмесіне және 5-уі екі үйірмеге бірдей қатысады. Осы сыныптың неше оқушысы бұл үйірмелердің бірде-біреуіне қатыспайды.
Суретші Сәрсенбаев бір айда 42 сурет салды. Олардың 17-де орман, 29-да өзен, 13-де орман да,өзен де салынған. Қалған суреттерде түсініксіз бейнелер бар. Қанша түсініксіз сурет бар?
27 монетаның біреуі жалған және ол басқалардан ауырлау. Табақшы таразымен гірсіз үш рет өлшеу арқылы жалған монетаны қалай табуға болады?
Қораптың ішінде 12 сары түсті және 12 көк түсті қаламдар бар. Қораптың ішіне қарамай, бір-бірінен өзгеше түсті екі қалам шығару үшін ең кемінде қанша қалам шығару керектігін табыңыз.
Қызыл, жасыл, көк, сары түсті шарлардың барлық саны 123. Қызылдан басқа шарлар саны 94, жасылдан басқа шарлар саны 81, көктен басқа шарлар 89. Сары шарлар саны-М, көк шар саны-К болса:
Қоржында 8 көк, 11 қызыл және 4 қара түсті доптар бар. Қоржынға қарамастан ең кемінде неше доп алынса, олардың арасында бірдей түсті екі доп міндетті түрде табылады?
Қалтаға 15 ақ, 27 қызыл және 33 көк бірдей шарлар салынған. Қалтадан кез келген 3 шар бірдей түсті болатындай етіп , қалтадан кем дегенде қанша шар алынуы тиіс.
Екі ойын сүйегі лақтырылды. Сүйектердің жоғарғы жағында шыққан сандардың қосындысы 9 болу ықтималдығын табыңыз.
Қорапта 5 қызыл, 6 ақ және 1 көк шарлар бар. Қораптан қарамай бірдей екі шар шығуы үшін ең кемінде неше шар алу керек екенін табыңыз.
Жәшікте 12 шар жатыр. Олардың 6-ықызыл, 3-іақ, 2-іжасылжәне 1-ісары. Жәшіктен қарамай, кем дегенде екі бірдей түсті шар шығатындай ең аз алынатын шардың санын анықтаңыз.
Асқардың сары және жасыл жейделері; көк және қара шалбарлары; сұр, қоңыр және ақ туфлилері бар. Асқар барлық жейделерін, шалбарларын және туфлилерін ауыстырып кигенде неше түрлі болып киіне алады?
9 қаламды 9 доллар бірнеше центке, ал 10 қаламды 11 доллар бірнеше центке сатып алған болса, бір қаламның бағасы қанша болатынын табыңыз. (1$= 100 центке)
Асықтар екі дорбаға салынған. Бірінші дорбадағы асықтар екінші дорбадағы асықтардың жартысынан 5 асық артық. Екінші дорбадағы асықтар бірінші дорбадағыдан 10 асық артық. Екінші дорбада қанша асық бар екенін анықтаңыз.
Қорапшада 3 қызыл және 4 көк қалам бар. Қарамай екі қалам алғанда екеуінің де бір түсті болу ықтималдығын табыңыз
Достарыңызбен бөлісу: |