Логиканың заңдары


Тепе-тендік заңнан шығатын талапнама



бет2/4
Дата17.04.2023
өлшемі1,09 Mb.
#174698
түріПрезентация
1   2   3   4
Байланысты:
Дәріс-презентация 2 Логиканың негізгі заңдары (1)
лекция 8 рыноч структура

Тепе-тендік заңнан шығатын талапнама


«Әртүрлі ойларды теңестіруге болмайды, ал, тепе-тең ойларды тепе-тең емес деп санауға болмайды»
Бұл талапнаманы бұзудың себебі: бір ойды тілде алуан түрде жеткізумен байланысты болады. Мысалы, екі пайымдау:
1) «Н. ұрлық жасады»
2) «Н. өзге мүлікті жасырынды түрде жымқырып алды» — бір ойды жеткізіп тұр.
Бұл пайымдаулардың предикаттары — тең мағыналы ұғымдар: ұрлық дегеніміз өзге мүлікті жасырынды түрде жымқырып алу. Сондықтан бұл пайымдаулар тепе-тең

Ал, көпмағыналы сөздерді пайдалану әртүрлі ойларды қателесіп теңестіруге апаруы мүмкін. Мысалы, қылмыстық құқықта «штраф» деген сөзбен Қылмыстық кодексте көзделген жаза мөлшерін белгілейді, ал, азаматтық құқықта — әкімшілік әсер етудің мөлшерін белгілейді. Сондықтан «штраф» деген сөзді бір мағынада пайдалану дұрыс болмайды.

Қайшыласпау заңы


Бұл заңның айтылуы: «екі сыйыспайтын пайымдау бірдей ақиқат бола алмайды, екеуінің біреуі қажетті түрде жалған» Ойлаудың қайшылықсыздық қасиетіне кейде қайшылық заңы деп Аристотель атаған немесе қайшылыққа тыйым салу заңы, олай болса қайшыласпау заңы сәйкес келеді. Бұл заң әртүрлі ойлар арасындағы байланыстарды көрсететін пікірлердің бір-біріне қайшы келмеуін талап етеді.
Қайшылық (қайшыласпау) заңының формуласы:
˥ (А ˥А) (А және А еместің бірдей ақиқат болуы дұрыс емес)
˥ ( p ˥ р ) (р және p еместің бірдей ақиқат болуы дұрыс емес)
Қайшыласпау заңы тергеу, адвокат, сот ісінде де жиі кездеседі. Мысалы, айыпталушының, куәнің, жәбірленушінің берген жауаптарындағы қайшылықтарды дер кезінде ашуы — заң қызметкерлеріне болған уақиғаны дұрыс бағалап, нақты шешім (үкім) шығаруларына мүмкіндік береді.
Қайшылық формуласы үшін құрылған ақиқаттық кестесі:

Үшіншіні жоққа шығару заңы


Бұл заңның айтылуы: «Бір уақытга, бір қатынаста алынған бір зат туралы бір-біріне қайшы келетін екі пікірдің міндетті түрде біреуі ақиқат, ал екіншісі жалған болады, үшінші пікірдің болуы мүмкін емес».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет