Логиканың заңдары


Мысалы, Іле өзені Балқашқа құяды



бет3/4
Дата17.04.2023
өлшемі1,09 Mb.
#174698
түріПрезентация
1   2   3   4
Байланысты:
Дәріс-презентация 2 Логиканың негізгі заңдары (1)
лекция 8 рыноч структура
Мысалы, Іле өзені Балқашқа құяды.
Іле өзені Балқашқа құймайды.
Бұл екі пікірдің екеуі бірдей ақиқат, не жалған деуге болмайды. Олардың біреуі ақиқат болса (Іле өзені Балқашқа құяды), екіншісі міндетті түрде жалған болады, үшінші пікір болуы мүмкін емес, себебі қарама-қайшы айтылған екі пікір әңгіме болып отырған Іле өзенінің Балқаш көліне қатынасын толығымен қамтып отыр.
Үшіншісі жоқ заңы былай таңбаланады: А не В , не В-емес
Үшіншісі жоқ заңын мынадай формулада беру қабылданған:
Ал бұл пайымдаудың ақиқат кестесі мынадай болады:

Жеткілікті негіздеу заңы


Бұл заңның айтылу түрі: «Кез келген ақиқат ой жеткілікті негізделген болуы тиіс»
Заңның жазылу түрі.
А ақиқат, себебі В оның жеткілікті негізі, дәлелі.
1) ойланып тұрған заттың, құбылыстың өзін тікелей көрсету. Мысалы, «бүгін күн бұлтты» - деп бұлттанып тұрған ауа райын көрсету.
Бірақ, нақты өмірде өз пікіріңнің ақиқаттыгын дәлелдеу үшін затты немесе құбылысты тікелей көрсету жеткіліксіз болып қалады.
2) пайымдауда ойланып тұрған уақиғаны, құбылысты жанама түрде дәлелдеу.
Мысал:
Мемлекеттің қазынасына қол сүғылғандығы туралы фактінің ақиқаттығын көрсету үшін, ол қазынаға қол сүққан деп табылған күдікті адамның бұл фактіні мойнына алуымен шектелу негізсіз болар еді. Оның ақиқаттығына көз жеткізу үшін тергеуші құжаттарды тексеруі, куәгерлерден жауап алуы, ол жауаптардың (показания) дұрыс, терістігін т.б. сол сияқты жұмыстар жасауы қажет. Басқаша айтқанда, уақиғаның ақиқаттығын дәлелдеу үшін көз алдында «ашық жатқан фактілерге ғана сүйеніп қоймай, оны қосымша (жанама) жолдармен де негіздеу керек». Сонда ғана болған уақиға туралы айтылған ойдың ақиқаггығына ешкім де күмән келтірмейтін болады.

Логиканың заңдарын бұзумен байланысты қателер


Логиканың заңдарын бұзумен байланысты қателер логикалық қателер деп аталады. Олар паралогизм мен софизмге бөлінеді
Паралогизм (грек: paralogismos —логиканың қасында) — бұл логикалық қате әдейі жасалмайды. Ол ойлаудың жеткіліксіз мәдениетінен, ойды анық емес тұжырымдаудан, пайымдаудың дәлелсіздігінен, бірізділіксіздігінен пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет