Ұлттық тіл – ауызекі және жазбаша түрдегі ұлттық қарым – қатынас құралы



бет1/4
Дата08.02.2022
өлшемі171 Kb.
#119856
  1   2   3   4
Байланысты:
10 8
17-01-17 информатика Меруерт аш саб 6 сынып, 07.10.2021, 07.10.2021, 14. Сөз ағымындағы кідіріс түрлері, 1602171318

Ұлттық тіл – ауызекі және жазбаша түрдегі ұлттық қарым – қатынас құралы.Қазақ тілінің пайда болуы, дамып жетілуі қазақ халқының ұлт болуымен тікелей байланысты.
Адам өз ортасымен күнделікті түрлі қарым – қатынаста болады.Сол арқылы тіршілік жасайды,білім,тәжірибе жинайды, жетіледі,өседі.Ал қарым – қатынас, негізінен, ауызекі тілдесу арқылы жүзеге асады.Ауызекі сөз ерекше сипатта құрылады.Ол стиль ауызекі сөйлеу стилі деп аталады.Ауызекі сөйлеу стилі – қазақ тілі стильдерінің бір тармағы.
1.Ауызекі сөйлеу стилі бірнеше түрге бөлінеді:
1) дидарластық сөз(әңгімелесу, сұхбаттасу);
2) полемикалық (дауласу) сөз;
3) көпшілікке арналған сөз (баяндама, лекция).
Дидарластық сөз стилі екі немесе брнеше,сондай-ақ одан да көп адамдардың бас қосқан сұхбатында қолданылады.Сондықтан мұндай сөзге қатысатын кісілер әңгіме қызықты, әсерлі болу үшін алдын ала дайындалып келеді.Дидарластық әңгіме диалог түрінде де жүреді.
Даулы сөз пікір таластырушы немесе мүделлері қарсы кісілердің арасында болады.
Даулы сөзде қарсы жақтың сөзіне полемикалық қатысты білдіретін тұлғалар пайдаланылады, риторикалық сұраулы сөйлемдер жұмсалады,өз пікірін дәлелді ететін аргументтер келтіріледі.Қарсы жақтың мысын басатын мысқыл сөздер де қолданылады.Даулы мәселені шешуге әркімнің дайындалып барғаны жөн.
Көркем әдебиет – сөзбен салынған сурет; оқиғаға кейіпкерлердің іс-әрекеті,сөзі,мінезі, келбеті қатысып баяндалады;оқиға болған күннің реті,жер жағдайы аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет