М. Дулатовтың «Оян, қазақ!» өлеңі мен А. Байтұрсыновтың


Ш.Құдайбердіұлының Еңлік-Кебек поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына кереғар мінездерін талдап жазыңыз



бет4/5
Дата11.03.2020
өлшемі77,43 Kb.
#59895
1   2   3   4   5
Байланысты:
эссе 50
эссе 50

Ш.Құдайбердіұлының Еңлік-Кебек поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына кереғар мінездерін талдап жазыңыз.

Қазақ әдебиетіндегі көпетеген поэмаларда кейіпкерлерден болашағымызға улгі етерлік қасиеттері мен өзіміздің бойымыздан алшақ етуге тырысатын қасиеттер болады.Қазақ әдебиетінің шығармашылығында кейіпкердің бейнесін керемет суреттейді.Соның бірі Шәкәрім Құдайбердиевтің Еңлік-Кебек поэмасындағы екі ғашықтың бейнесі.Батыр Кебек пен тік мінезді сұлу Еңліктің бейнелерін оқып отырып көзге елестете аламыз.Кебектің батырлық ер мінезіді,парасатты әрі ақылды ер екені,ел-жұрты үшін жасқанбайтын азамат екенін білеміз.Еңліктің сұлулығымен қатар бойындағы батылдықпен күресшілдік қасиетерін байқаймыз.Бірақ Еңліктің бойынан қазақ қызына тән емес қасиеттері байқалады.Еңліктің қай мінезі қазақ қызына сай емес екендігін талдап көрейік.Біріншіден,Еңліктің бойындағы еркекшоралық.Ер балаша киіну қазақ қызына мүлдем жараспайды.Қазақ қыздары ұзын көйлекпен орамал киюдің арқасында өздерінің гүлдей нәзік сұлу жандар екенін көрсете білген.Еңліктің ер балаша әрекет жасауы да қазақ қызына жат қылықтың бірі.Екіншіден,қазақ қызы ешқашан ата-анасына қарсы шықпаған,ата-анасының ақ батасын алмай кетпеген.Еңлік өзінің атастырылған адамы бар екенін біле тұра ол Кебекке өз сезімін айтадаы.Еңліктің Кебекпен қашып кеткенін есту қыздың ата-анасына оңай болмады.Қазақ қызы ешқашан ата-анасының рұқсатынсыз қашып кетпейді.Ата-анасы қабылдаған шешіміне Еңліктің қарсы шығуыда қазақ қызына кереғар мінездерінің бірі.Қыз бала өзінің орнын білген,үлкендердің шешіміне қарсы шықпаған. "Мен жүрген бір сорлымынбағым жанбай" деп Кебекке өзінің басқаға атастырылып сорлының кейіпін кешіп жүргенін айтады.Еңліктің бойында қыз балаға тән ұяңдық байқалмайды.Қазақ қызы әрдайым гүлдей нәзік ,тәрбиелі жан болуы қажет.Қазақ халқы қыз баланы ерекше құрмет тұтады.Парасаттылығы мен инабаттылығы бойында,көркіне ақылы сай қазақ қыздары әрдайым ұлтымыздың ұлылығының дәлелі бола алады.

Шәкәрім Құдайбердиевтің «Жастарға» өлеңінде Абайды үлгі етудің себебін талдап жазыңыз.

Болашақ әркімді де толғандыратыны рас.Сол болашақтың тірегі кім?Әрине,жас қанатты жастар.Жас ұрпақ болашақтың тірегі,елінің сенімі отаның өркендетуші,күллі жұрттың ертеңі.Жаңа буындарға сенім артып өлең жазып,қалам сілтемеген ақындар кемде кем шығар.

Соның бірі Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жастарға» өлеңі.

Бұл Абай саудагер ғой ақыл сатқан,

Әртүрлі асылы көп өтпей жатқан.

Тегілі білсең – аласың,бас береді,

Тұтасынан ешкім жоө мұны тапқан,-деп Ш.Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңінде Абайды жастарға үлгі еткісі келіп,Абай арқылы түзеткісі келді.Шәкәрімнің Шәкәрім болып қалыптасуына әсер еткен бірден бір тұлға,ағасы – Абай.Себебі,жастайынан жетімқалған Шәкәрім Абайдың қолында өсіп,болашақ ақынның балалық бесігі,ұшқан ұясы – Абай мектебі.Абайдың ықпалымен өлеі жазды,Абайды түсінуге тырысты.Кішкентай кезінен бастап.Абайдан үлгі алған Шәкәрім,Абайға қатты еліктеген екен.20-30 жастар щамасында жазған өлеңдерінде көпшілігі Абайға тікелей еліктеп шығарады.Сол сияқты,Абайды үлгі ету мақсатында «Жастарға» өлеңін шығарды.Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңінде жастарды жақсы жаққа түзетіп тәрбиелейді.Осындан неге Шәкәрім «Жастарға» өлеңінде жастарды Абай арқылы түхзеткісі келеді?Менің ойымша,Абайды үлгі етіп көрсеткен себебі,ол – өз ортасында білімді,әрі ойшыл ақын,әрі парасатты,әділ жан деп Абайды ғана таниды.Абай арқылы – жастарды адалдықты сүюге,арамдық,ұрлықтан қалуға,үлкеннің ақылын тыңдауға шақырады.Осы «Жастарға» өлеңі арқылы жастарды жаман мінезден аулық болуға адами сезімді қастерлеуге,сүйіспеншілік пен ішкі рухани тазалықты сүюге үйретеді,Абайдың өзінің өсиеттерінің бірінде: «жақсылық пен жамандықты,әділдік пен пен қиянат туралы білгіңіз келсе,Абайды оқыңыз»-деген екен,осы өсиетпен толық түрде қосыламын.Себебі бойына қарап бой түзейтін,ісіне қарап ой түзейтін тұлғалардың бірі.

Қорыта келсек,бұл өлеңнің негізгі ойы жақсылықпен жамандықты,зұлымдықтаан адалдықты айыра білуге, бойына тек қана жақсы қасиеттерді жинақтауға,топтастыруға үйретедіҚазірдің өзінде Қазақстан жастары үшің қазірдің өзінде де көптеген жағдайлар қарастырылған.Соның бірі «Болашақ» бағдарламасы.Жастарға үлкен үміт сыйлайтын,жас қанатты қанаттандыратын жоба.



Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі астарлы ойды сыни көзқараспен талдап жазыңыз

Адамзат қоғамының осы уақытқа дейін ұлы құндылығының бірегейі-адамгершілік. Сол адамгершілік атауының тамырына нәр берген құтты құнар қайырымдылық пен мейірімділік. Егер адамның бойында мұндай ізгілік болмаса, біреуге біреу ақ сезіммен, таза пейілмен жан шуағын төкпесе, тіршіліктегі жамандық атаулының тоңы жібімейді. Осындай ойға қонарлық, үлгілі, өнегелі, сөздерді асыл мағынада Мәшһүр Жүсіп Көпеев атамыз қалдырып кеткен екен.Атақты ақын, ғұлама оқымысты Мәшһүр Жүсіптің көп қырлы талант екені елге мәлім. Қаршадайынан оқыған, оқып қана қоймай, көңіліне мол дүние тоқыған білімдар адам болғаны анық.Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама»өлеңінің астарлы ойы, менің ойымша, адамгершілік пен мейірімділікке арнап жазылған. Бұлбұл мен Қаршығаның өзара үдеуіне ақын атамыз"Адамның да ішінде адалы бар»,-деген сөзге келістіргендей.Кіп-кішкентай гүлге ғашық болған парсының «Сандуғашы»,қаршығаның жанында бірдей болса да , айырмашылығы неде?-деп сұрайды.Қырағы құс қаршығаның жауабын оқи отырып, өзімше түсінгенім: Адамға,ұят, иман, сабыр-қазық

,Қанағат, рақым, шапағат өмірге озық

Ақыл, ой-ар, намыстың күзетшісі

Бұған сенсең кетпейсің жолдан азып. Адам ешқашан жаман болмайды. Адамның мінез-құлқы, іс-әрекеті жаман бола алады.Адамдардың ішінде мінезі қатып қалғаны да болмайды. Істеген әрбәр ісі, сөйлеген әрбәр сөзі тікелей адамның өзіңе байланысты немесе өзінің жүріп-тұрып жүрген ортасына байланысты.Өз ортаңның елеулі де , сыйлы мүшесі болғың келсе, ең алдымен, адамгершілікке, мейірімділік пен қайырымдылыққа жақын болу керек.Осы қасиеттер арқылы өзіңді ғана емес, қоршаған ортаңды да өзгерту қиынға соқпайды деп ойлаймын, Осы өлеңді оқи отырып, бұлбұлдың жауабын талдау арқылы жазылған «Ғибратнаманың» қазақылық әсері мол екенің байқадым. «Тізе бүгіп тірі жүргенше, тік тұрып өлген артық» -деген сөзі есіме түсіп кетті. Бір жол өлеңнің мағынасы сондай зор...Ойымның соңында, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ретінде Абай атамыздың сөзін қолдансам деймін. «Адамның жақсысы-адамға сүйіспеншілікпен қарайды»,-демекші адамның жақсысы болайық! Ынтымағымыз бен бірлігіміздің, адамгершілік пен сүйіспеншілігіміздің күшімен одан әрі көтеріп, өзге елдің алдында үлгі болайық!

Жаяу Мұсаның қиянатқа қарсы күрестің айбынды ұранына айналған «Ақ сиса» өлеңі – Шорман тұқымына бағытталған тоқтау сөз. Пікіріңізді дәйектерге сүйеніп, дәлелдеп жазыңыз.

Ұлттық әдебиет сарқылмас қазына. Халқымыздың асыл қазынасының бірі – әнші-ақындардан қалған поэзия және әндер тұтастығы.Қазақ музыка өнерінде аттары алтын әріппен жазылған біртуар тұлғалар: Біржан Сал,Ақан сері,Жаяу Мұса,Үкілі Ыбырай,Әсет. Солардың бірі – Мұса Байжанұлы. Оның «Ақ сиса» өлеңі бүкіл қазаққа мәлім.Тіпті қазақ даласында «қиянатқа қарсы күрестің ұраны» деп те аталды. «Бұл өлеі Шорман тұқымына бағытталған тоқтау сөз бе?» - деген сұрақ туындайды. Мұса Байжанұлы Омбыда оқи жүріп,жазда ауыл аралайдыүОл өзінің ақын-тұқымын әңгімелеп,домбыра,сырнай,сскрипкасын кезек тартады.Ел назарын бірден Жаяу Мұсаға аудартады. Мұса көп ұзамай беделді «жақсы» атанады.Бұл сол ауылдың жуаны Шорман әулетіне ұнамайды.Жуандар ішінде пышақ айналмай қояды.Мұса Байжанұлы Шорман әулетімен болған шиеленістен соң «Ақ сиса» өлеңін шығарды.

«Он екі жыл айдадың тобыл жаққа,

Еш болмас,бастан бағын таяр щақта», -деп Мұса Байжанұлы айдауда он екі жыл болғандығын көркем дәлелдейді. Оның ерекшелігі – өлеңді бар қазаққа түсінікті қара сөзбен, тура мағынада жазады.

«Параны мұнан былай тоқтат,Мұса,

Нашардың жол терісіне өзің сыймай»,- деген өлең жолдарында басты ой жазылған. Біріншіден,мұнда сол уақыттағы әлеуметтік теңсіздік айқын бейнеленген.Мұстафадай бай феодалдар кедейлерге әлімжеттік жасайтыны жазылған.Екіншіден.өлең жолдары бұйрықты райда жызалғын. Сондықтан,қазақ халқының әлімжеттік пен қиянатқа қарсы бағытталған ұраны.Тоқсан сөздің тобықтай түйіні.Жаяу Мұса өз заманының шындығын нақты жаза білген ақынсазгер.Оның «Ақ сиса» өлеңі Шорман әулетіне бағытталған тоқтау сөз.Қазақ музыка өнерінде аттарға алтын әріппен өшпейтін таңба қалдырған ақыл-сөздердің бірі болған.Тіпті қазақ даласында «қиянатқа қарсы кұрес ұраны» деп те атап кеткен.Осындай әнші ағамызға не жетсін,содан үлгі алып ардақ тұтуымыз керек



Балуан Шолақтың «Ғалия» өлеңіндегі ғашықтық сезімін қалай жеткізген?

Қазақтың әншілік өнерінде, әншілігмен қоса балуандылығымен атағы елге жайылған Балуан Шолақтың орны ерекше.Балуан қазіргі Жамбыл облысындағы таудың етегін мекен еткен Ұлы жүз ішіндегі Дулаттан тарайтын Сәмбет руынан шыққан.Қайсыбір әнші-композиторлар тәрізді де Балуанның өмірінде махаббат тақырыбы үлкен орын алып, небір әсем әндер тудырып, сезімталдығы шығармашылығына шабыт берген. Шолақтың өмірінде үлкен орын алған адамдардың бірі-Ғалия.Ақмолада Тілеу атты дәулетті адам болған екен. Ол заманда жұрттың көзіне түсетін сегіз бөлмелі көк төбелі үй жалғыз Тілеуде бар еді. Ол Сұлтанай Қамза деген ноғай байының сенімді адамы болатын. Руы Арғын, оның ішінде Аралбай, туып-өскен жері Жаңа-арқа. Тілеудің үлкен әйелінен Ғалия, Мәрия деген екі қыз туды. Ғалия – сұрлау, ат жақты, ұзын бойлы бетінде аздаған шешек дағы бар, өткір, сөзге шешен, оң қолынан өнері төгілген шебер болған. Қазақ әдеті бойынша Ғалияны жастай Біржан дегенге атастырып, бой жеткен соң Ғалия ұзатылып барды. Бірақ көңілі сүймеген соң Біржанмен ұзақ тұрмай, бір-екі жылдан кейін Ғалия Қараөткелге қайта келеді.Ақмолада Ғалия қымыз сататын әйелдің қасында жүреді. Күндердің күнінде қымыз саудасы үстінде Ғалия Балуан Шолақпен кездеседі. Екеу бір-бірін бірден ұнатып, есебін тауып жолығып, өмірді бірге өткізуге уәде байласады. Бұлардың қосылуына кедергі – Тілеубайдың Біржаннан алып қойған қалың-малы еді. Қалай дегенмен де мал төлеген адам күшті, Балуан Шолақ батыр болғанмен жарлы, малсыз Ғалияны алып кете алмайды. Сондықтан ол Көкшетауға барып, қырық жетісін алып келуге кетіп қалады. Көкшетау Балуан Шолақты жамандықпен қарсы алады. Балуанға жоғалған сексен өгіздің жаласы жабылып, өзі жоқ болған соң, оған тағы Семейде ұрланған бір топ жылқыны да тіркеп қояды. Сонымен Шолақты түрмеге жабады. Шолақ кешігеді. Ғалия не қыларын білмей сасады. Ол әрі бері толқып, ойланып, әкесінің меңзеуі бойынша Есенжолдың Қанапиясы дегенге күйеуге шығады. Бірақ Балуан Шолақты өсектеген жұрт Ғалияны шатастырады. Қанапияның да әйелі бар болып шығады. Сөйтіп, Ғалия тоқалдыққа келген болады. 1922 жылы Ғалия туберкулез ауруынан 35 жасында қайтыс болады.Балуан Шолақ пен Ғалияның арасындағы оқиға осылай аяқталады. Оқиғаның бітісі қалай болғанда да, екеуінің сезімінің гимні іспеттес «Ғалия» әні қалады. Әннің алғашқы орындаушыларының бірі Қайрат Байбосынов еді. Бұл күнде әншілер әннің екі нұсқасын орындайды.



Сал-серілердің (әнші-ақындар) көтерген мәселесін, қозғаған тақырыбын талдап жазыңыз

Қазақ поэзиясының ерекше дамыған кезі ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы. Бұл кезеңдегі қазақ поэзиясының басында сал-сері-лер (әнші-ақындар) шығармашылығы кең етік алды. Сал-серілер шығарма-шылығы сан түрлі өнер салаларын тығыз байланыстырған ерекше сипаты бар мұра болып табылады. Сал-серілер әдебиет тарихында да, музыка өнері тарихында да есімдері алтын әріппен жазылып, халықтың ерекше ықыласы-на, сүйіспеншілігіне бөленген талант иелері. Сал-серілердің өзіндік ерекшеліктері мынада: олар өлең жазады, өз өлеңдеріне ән шығарады, сол әндерді өздері орындап, халық арасына таратады. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр-дың арасында Біржан сал Қожағұлұлы, Ақан сері Қорамсаұлы, Мұхит Мералыұлы тәрізді бірқатар сал-серілер атағы кең жайылған болатын. Одан беріректе әйгілі Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы, Иманжүсіп Құтпанұлы, Балуан шолақ Баймырзаұлы, Әсет Найманбайұлы, Жаяу Мұса Байжанұлы сынды өнерпаздар өздеріне дейінгі сал-серілер дәстүрін жалғастыра түскен болатын. Олардың өз дәуірінің мазмұны мен сипаты сәйкес өзіндік ерекшеліктері, бұрынғы сал-серілерге ұқсайтын да, ұқсамайтын да сипаттары мол еді. Олар-дың шығармалары ерекше әсерлі болған, сол себепті де халық арасында кең тараған.

Әрбір сал-серілердің көтерген мәслесі, қозғаған тақырыбы, көркем ойлау қабілеті өзгеге ұқсамайтын өрнектерімен ерекшеленеді. Олардың барынша ортақ бір мәселесі – өз шығармалары арқылы заман шындығын, қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті, әділетсіздікті шыншылдықпен жырлау болды. Олар өздерінің айналасындағы жағдайды жіті көре білді, ойларын батыл айтып отырды.Өз дәуіріндегі әлеуметтік теңсіздік пен адамдар араындағы әділетсіз қарым-қатынасты, бай адамдардың әлсіздерге жасаған жамандығын жырлауға келгенде, Жаяу Мұса Байжанұлы ерекше жарқырап көрінді. Ол өз басынан өткен жайттарды негізге ала отырып, ағайынның алауыздығы, көре алмаушылық, өтірік пен өсек, бірлік пен татулықтың жоқтығы сияқты құбылыстарды батыл сынады. Сол үшін қуғынға да түсті, таяққа да жығылды. Бұл тақырып Ақан сері мен Біржан салдың шығармашылық мұра-сында молынан қамтылған болатын. Олар да таяқ жеп, қысы көрген. Ақан сері осындай қысымның кесірінен Құлагерінен айырылып, қарта йған шағын мұң-шермен өткізді.Сонымен бірге адам баласының өмірі, тіршілігі, көңіл-күйлері, жастық шақ пен махаббат сезімі жайындағы мәселелер де сал-серілердің назарынан сырт қалмады. Халқына әрі ақын, әрі әнші, әрі сазгер ретінде танылған, ұрпақтарына аса мол қолдырған сал-серілердің шығармашылығы әдебиетіміз бен мәдениетіміздің дамуына өлшеусіз үлес қосқан аса құдіретті құбылыстардың бірі болды. Сонымен қатар, олардың өзекті тақырыбы – туған елі, оған деген сүйіспешілігі, елдің бірлігі, бүтіндігі, тұтастығы. Ел басында күн туғанда қолдарына қару алып, жорыққа бірге аттанды, ру-тайпаларға басшылық етті, сұрапыл қанды майдан көріністерін жырғ қосты. Шығармаларында ерлікті мадақтады, қаза болған батырларды жоқтап, ел қайғысымен бөлісті.

Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңінің өзектілігі туралы ойларыңызды талдап жазыңыз

Шортанбай Қанайұлы «Зарлаған заманның» өкілі. Өз заманының халқының жағдайын ойлап, өзекті мәселелерді қозғайды. Осы өзекті мәселе «Зар заман» ақынының жырында қалай көрініс тапқан екен және қозғалған өзекті мәселелер қазіргі кезде қандай деңгейге жетті?Ақынның қозғаған бірінші мәселесі – жеңілтек қыздардың мәселесі. Менің ойымша, бұл мәселе бүкіл әлемді ойландырады. Соның ішінде, қазақ қыздарына мүлдем жат нәрсе. Сөздеріме дәлел ретінде мына бір өлең жолдарын мысалға келтірейін:

Қызың киді биқасап, тергеп кимей байқастап,

Кешкі тұрым болғанда, құлан менен бұландай

Үйде тұрмас ойқастап.

Бұл қыздардың басты жауы батысқа еліктеушілік. «Әр ұлттың салты басқа, иттері қара қасқа» демекші, Еуропаға еліктеудің қажеті шамалы. Еліктеудің өзі жаман және жақсы болады ғой. Шет елдің жаман жақтарына еліктегенше, жақсы жақтарын неге қайталамаймыз, айта берсек, таусылмайды. Мысалы, Жапония – дамыған технология елі, Еуропа – туризм елі, Түркия – сапалы киім отаны, тіпті Өзбекстанның өзі тәуелсіздігін алмай тұрып 13 млн еді, қазір 30 млн-ға жетті. Екіншіден, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда, ашық аспанның астында тәуелсіз еліміздің 1731 жылдан бастап Ресейдің қол астына кіруі. Ұлан-байтақ жерімізге солтүстік кәпірлердің, қиыр шығыстан корейлердің келуі халқымыздың таза қанын бұзды. Жеті атаға дейін қыз алыспаған ата-бабамыз ұлтымыздың генін жоғалтпай, ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде, ырым, тәрбиелік мәнін жоғары етіп қалдырды. Генетикалық жағынан қарасақ бұл дұрыс.Реформа мен қанаудан көз ашпаған халқымыз не көрмеді? Қазақ жері Ресей үшін «Еуропа мен Орта Азияға апаратын алтын қақпа» болса, Еуропа елдеріне «таза шикізат базасына» айналды. Ақын:

Кетейін десе, алды тар, тұрайын десе, кәпір бар,

Қайсы бірін айтайын, қазақтың ұлы қамалды

Қамалмай енді неғып тұр,. Тау басынан қазақ жаңылды,-

деп күйіне жырлайды.

Үшінші қозғалатын мәселе жемқорлық пен халықты қанау мәселесі.

Жарлының жаны берік екен,

Мал үшін он екі ай қой бағып,

Жалғыз тоқты алады.

Жарлының тынышын

Құрттай санап мал алды,

Ел қамқоры сандалды,-деп байлардың кедейлерге деген арақатынасы туралы ашық айтады. Солардың барлығы да бірінің ауызына бірі түкіріп қойғандай, билік тарапынан ширек ғасыр бойы қазақ ұлтына деген тасбауырлық пен қатігездік туралы отбасында, оңашада ашына айыптап сөйлегенде керемет те,ал баспасөзде, қоғамдық жиындарда, елдің алдына шығып сөйлеуге жұмылған ауыздарын ашпайтындары таң қалдырады. Сонда әділет қайда? Әлде президент елде болып жатқан жағдайды естіп-көрмей ме? Тәуелсіздік алғаннан бері әуелі «дамыған 50 елдің» қатарынан, сосын «дамыған 30 елдің» біріне айналдық. «EXPO 2017», «Рухани жаңғыру», әрине, істеліп жатқан еңбекті айтпасақ болмас, бірақ бұл аз. Неге бізге Жапония, АҚШ, Ұлыбриятания секілді елдердің қатарына қосылмасқа? Осыған кедергілер көп. Қазақстанның шикізатты өндіріп, өңдегеннің орнына, шет елдерге өндіріп беріп, өзіміз он есе қымбат бағамен сатып аламыз. Қарыздарымыздың 15 млрд-қа жеткені, екінің бірінің басында кредиті бар екендігі өтірік пе? Жұмыссыз сенделген қазақ жастары көп. Осыдан кейін қалай шет елге жұмыс іздеп бармайды?

Қорытындылай келе, санасыз қаракөз қыздарымыз есін жиса, еңбекқор қазақ жігіттері одан әрі талаптанса, Қазақстанның болашағы зор деп үміттенемін. Ақынның мақсаты да, арманы да осы шығар.



Абай өлеңдеріндегі тәрбиелік арналарды дәлелдеп жазыңыз

Абай Құнанбаев – қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихында оқшау тұрған ұлы тұлға. Оның поэзиясына, көркемдік әлеміне үңілген сайын адам жаны тебіреніп, бар ынта мен ықыласы ауа түседі. Ақынның қай өлеңін алсақ та, астарлы ой мен идеясынан адамгершілікке тән асыл қасиеттерді бойына дарыта алмаған ел-жұртын сынаған немесе адами рухты сіңіріп өсу керек деген ойды оқып білеміз. Бұл ақынның көпшіліктің іс-қылығына көңіл толмаған шарасыз күйін байқатады. Адал еңбек, маңдай термен емес, байларды аңду, оның малына сұғанақтықпен көзін қадаған көпшілікті сынға алады. Қазақы тіршіліктегі қайшылықты өмір көшін, сол кездегі әлеуметтік жағдайды сынап-мінейді. Іс-әрекетте ішкі рухани дүние – «иман жүзің сай болу керек» дегенді айтады.

Осыған орай, «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде:

..Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ –

Бес дұшпаның, білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой –

Бес асыл іс, көнсеңіз,.. –деп, жастарды жамандықтан жиреніп, жақсылықты үйреніп, үлгі тұтып өсуге шақырады.Ұлы ақын бала тәрбиесіне, жалпы бала болмысына, жастардың ой жүйесіне, олар арқылы екінші, үшінші буын өкілдеріне деген көзқарасын, қарттар мен қариялардың танымдық ерекшелігіне қатты көңіл бөлген. Сондықтан да болар, өлеңдерінің көп бөлігі ақыл-өнеге, үгіт-насихат түрінде беріледі. Мәселен:Адамның бір қызығы – бала деген,

Баланы оқытуды жек көрмедім, -

деген.


«Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» деген өлеңінде:

Жамандар қыла алмай жүр адал еңбек,

Ұрлық, қулық қылдым деп қағар көлбек.

Арамдықтан жамандық көрмей өалмас

Мың күн сынбас, бір күні сынар шөлмек, -

деп, жалқаулық жайлаған елдің адал еңбек етудің орнына ұрлық-қарлыққа әуестенудің түбі баянсыз екенін ескертіп, амандықтан жирендіруге тырысады. Сондықтан «Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей» атты өлеңінде еңбексіз бос жүрген кедейді былай деп еңбек етуге шақырады:

Жалға жүр, жат жерге кет, мал тауып кел,

Малың болса сыйламай тұра алмас ел.

Қаруыңның барында қайрат қылмай,

Қаңғып өткен өмірдің бәрі де – жел, -дей отырып, қарапайым халық үшін жамандықтан арылудың, адал еңбек ету арқылы табыс табудың жолын нұсқайды.Жастық шақта әртүрлі өнер үйренуге талпынудың керектігі, бұл орайда күншіл болмай, тату болуды, ынтымақ-бірлікті сақтай біліп, уақытты бос өткізбеудің жолы «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңінде былайша түсіндіріледі:

Керек іс бозбалаға – талаптылық,

Әр түрлі өнер, мінез, жақсы қылық.

Кейбір жігіт жүреді мақтан күйлеп,

Сыртқа пысық келеді, сөзге сынық.

Қорытындылай келе, Абай шығармалары ұлттық сөз өнеріміздің көркемдік үлгісі ретінде орнықты.

Жамбылдың «Өтеген батыр» поэмасындағы Өтеген батыр халық қамын ойлайтын батыр екенін дәлелдеп жазыңыз

Кеңес дәуіріндегі халық поэзиясының даму жолдары Жамбыл Жабаев есімімен тығыз байланысты. Өйткені ақын – суырыпсалмалық өнерді біздің заманымызға жеткізушілердің бірі ғана емес, өзінің қайталанбас дарынымен сол дәуірдің өміршеңдігін жазба поэзиясы дамыған дәуірде де таныта білген жүйрік ақын. Жамбылдың эпикалық жырау ретінде халыққа танытқан шығармаларының бірі – «Өтеген батыр». Дастанның басты кейіпкері Өтеген қандай батыр?

Жырдағы Өтеген – халық ішінен шыққан қаһарман. Ол үнемі халықпен, өзінің жауынгер серіктермен ақылдасып отырады. Бұл тұста ақын:

Жинап алып нөкерін,

Жарқылдады ол қырандай.

Батыр барлық халықпен ақылдасты ұрандай, деп жырлайды. Өтеген батыр өз халқының қамын ойлап жер кезеді. Ел-жұртына жйлы қоныс іздейді. Шығысқа да, батысқа да барады. Қасындағы жауынгерлермен талай азап, қиыншылық көреді. Сонда да шыдас береді. Серіктерін төзімділікке шақырады. Халық мүддесі үшін мақсат-мұратқа жететініне сендіреді. Сөйтіп олардыжеңіске үндейді.

Қара қазан, сар бала

Қамы үшін қамдана,

Қонысқа жер іздейді.

Мен табамын, табамын,

Бұлақ аққан жерлерді.

Көгі көктем, гүл жарып,

Құрақ атқан жерлерді.

Төрт түлікке ыңғайлы,

Толқын көлі, тоғайлы,

Көгінен набат, жерден нұр

Құлап жатқан жерлерді.

Жұт болғызбай, құт қонғызған,

Қой үстінде бозторғай

Жұмыртқалап, бақ қонған,

Сүйікті қазақ халқына

Ұнап жатқан жерлерді...

Сонымен бірге дастан ел аузында аңы түрінде айтылып жүрген мифтік элементтерге де бай. Өтеген батыр қазақ даласының батыс жағын аралай жүріп Ақтөбе өңіріне жеткенде, алдынан айдаһар, абжылан, жезтырнақтар шығады. Ондай тағы дүлей күштермен арпалысып, оның бәрін де жеңіп, өзінің жігіттерін аман сақтап қалады. Мұның бәрі Өтегеннің батырлығын, ақыл-айласының басым екенін бейнелеу үшін алынған суреттеме тәсілдер.

Қорытындылай келе, Жамбыл Алланың өзіне дарытқан өнеріне, өлеңіне, жырына сенеді, уытты сөзіне арқа сүйеді, сол арқылы айбат шегеді, айбар көрсетеді. Ол өзінің орынды жырларында: «Сөзім – жалын, домбырам – найза» деп термелейді



Қадыр Мырза Әлидің «Домбыра» өлеңіндегі домбыра мен қазақ егіз ұғым екенін дәлелдеп жазыңыз

Сонау алпысыншы жылдары туған әдебиетке жаңа бір қуатты толқын басталып, өнер мұхитының көкжиегі кеңейіп сала берген еді. Сол дарын иелерінің бірі – Қадыр Мырза Әли. Оның өлеңдерінің поэтикалық қуатын күшейтіп тұратын ерекшелігі – ондағы ұлттық сипатты танытатын ұлттық мазмұн мен пішіннің бірлігінде, ұлттық дәстүр мен образды ойлаудың жаңашылдығында. Қазақ поэзиясының көркемдік дәстүрінен мол сусындаған ақын өлеңдерінде тың ой, жаңа ізденіс, рухани кеңдік, көркем суреттер мен шынайы образдар көптеп кездеседі. Ақын поэзиясындағы дала, домбыра, бесік, тау, тұлпар, киіз үй сияқты ұғымдар символдық мәнге айналған ұлттық көркем дәстүріміз.

Қадыр ақынның «Домбыра» өлеңінің алғашқы шумағы қанатты сөзге айналып кеткені де белгілі.

Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра.

Нағыз қазақ – қазақ емес,

Нағыз қазақ – Домбыра!

Домбыра аспабының қаншалықты қадірлі екенін Қадыр Мырза Әлі екі-ақ ауыз сөзбен осылайша түйіндейді. Расында да қазақ поэзиясындағы домбыра бейнесі – ежелгі жыр-дастандардан бүгінгі жас толқынға дейін жырланып келе жатқан мәңгілік тақырып. Қашаған жыраудың «Қолымдағы ағашым – Алып жүрген домбыра. «Домбыра – күнә» деген сөз – Тек бір айтқан дабыра. Пайғамбарым туғанда, Бесік болған бұл ағаш. Ыбырайым Кәғбә салғанда, Мешіт болған бұл ағаш. Ықырам үйдің алдында, Есік болған бұл ағаш» деп төгілте жырлағаны – домбыра. Ілияс Жансүгіровтің «Күй», «Күйші» поэмалары – қазақтың асыл өнері күй мен ұлттық мұрасы домбыраға жырдан қаланған ескерткіш. Одан берідегі Жұмекен: «Үйден алыс шыққанда мен екі аманат қалдырам. Бірі – ұлым, өзіңсің, екіншісі – домбырам», – деп, ұлы мен ұлтының мұрасының қаншалықты ардақты, қаншалықты құнды екенін өлеңі арқылы көрсетеді. Бұл қаламгерлерден өзге де қазақ өлеңінің тарихында домбыраны жырға қосқан ақын көп. Әрқайсысы әртүрлі стильде жырласа да, ортақ тақырып, ортақ мұңның бір ұқсас тұсы бар, ол – ұлтының ұлы аспабына деген иісі қазақтың құрметі, сезімі мен ойы.

Домбыра шертілгенде қазақтың кең–байтақ сахарасы, сұлу табиғаты, самал желі мен үрлеген бораны, көлдегі аққуы көз алдымызға келеді. Бұл – қазақ күйінің ерекшелігі. Орыс зерттеушісі Г.Н. Потаниннің «маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді» деген сөзі соның бір дәлелі. Қос дауыс сарынынан бүкіл қазақ жұртының қуанышы мен қайғысы, арман–мүддесі, философиялық сарын, азаматтық үн, жалпы айтқанда, тарихы күй болып төгіледі. Қадір Мырзалиев өлеңінің: Бір ішегінде биіктік бар, бір ішегінде тереңдік. Ол мылқауды сөйлетеді, жылатады кереңді ─ деген жолдары осыны аныктайды




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет