Маңғыстау облысының білім басқармасы Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинеті «эем және автоматтандырылған жүйелер»


Тапсырма: y=sin(x) +1 функциясын табуляциялауға арналған бағдарлама құру. Тапсырманың орындалу әдістемесі



бет32/32
Дата07.02.2022
өлшемі2,48 Mb.
#83943
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Байланысты:
Методичка ЭВМ и АС
Методичка ЭВМ и АС, Информатика 155 ис
Тапсырма: y=sin(x) +1 функциясын табуляциялауға арналған бағдарлама құру.
Тапсырманың орындалу әдістемесі:.
1. Delphi 7 бағдарламасын іске қосыңыз: Пуск = Borland Delphi = Delphi 7.
2. Delphi 7 бағдарламасының Терезесін мұқият қараңыз.
3. Жаңа жоба құру: File = New = Application. Оны «Мои документы» бумасында құрылған жоба бумасында сақтаңыз.
4. Бастапқы формасында қосымшаның келесі терезесін құрыңыз:



Сурет 11.1.


5. Бастапқы форманың келесі қасиеттерін тағайындаңыз:








Қасиет

Мәні




Қасиет

Мәні

1

Caption

Функцияларды табуляциялау

5

BorderStyle

bsSizeable

2

Height

462

6

Font Size

12

3

Width

527

7

Icon

(TIcon)

4

Color

clSilver (сұр)










6. Суретте көрсетілген барлық компоненттерді Standart компоненттер палитрасынан формаға орналастырыңыз.


7. Бұл компоненттерге келесі қасиеттерді тағайындаңыз:



Қасиет

Компонент

Label1

Label2

Label3

Label4

AutoSize

True

True

True

True

WordWrap

False

False

False

False

Caption

y=sin(x) +1

Сол жақ шекара

Оң жақ шекара

Қадам




Қасиет

Компонент

Edit1

Edit2

Edit3

Height

27

27

27

Width

169

169

169

Text

Алаң ішін тазалау

Алаң ішін тазалау

Алаң ішін тазалау

Қасиет

Компонент

Memo1

GroupBox1

CheckBox1

CheckBox2

CheckBox3

Height

313

105

17

17

17

Width

297

169

97

97

97

Color

clYellow

clSilver

clSilver

clSilver

clSilver

Checked







True

False

True

ScrollBars

ssBoth













Caption




Шығару

Экранға

Файлға

Массивке

Lines

Мәтіндік редакторды тазалау













8. Формаға басты және жанама мәзірді (MainMenu және PopupMenu типті объектілер) қоямыз. Форма қойылған MainMenu компонентін екі рет шерту арқылы немесе Items қасиетін шерту арқылы Form1 .MainMenu1 терезесін ашамыз. Бұл терезеде суретте көрсетілгендей бас мәзірдің командаларын енгізіңіз. Команда атауы Object Inspector терезесіндегі Caption қасиетіне енгізіледі.





Сурет 11.2.


Дәл осылай суретте келтірілгендей Form1 .PopupMenu1. терезінде жанама мәзірдің командарын енгізіңіз. Команда атауы Object Inspector терезесіндегі Caption қасиетіне енгізіледі.





Сурет 11.3


9. Бас мәзірдің «Шығару алаңын тазалау» командасын Memol объектісінің Clear әдісі арқылы бағдарламалаңыз:

procedure TForm1 .N3Click(Sender: Tobject);


(мұндағы N3 -«Шығару алаңын тазалау» командасының атауы}
begin
{ Memo1 объектісінің тазалайтын әдісін шақырамыз}
Memo1.Clear
end;
10. Бас мәзірдің «Шығу» командасын Close стандартты процедурасы арқылы бағдарламалаңыз:
procedure TForm1 .N6Click(Sender: Tobject);
{ мұндағы N6 -«Шығу» командасының атауы}
begin
Close {Бағдарлама терезесін жабу}
end;
11. Жанама мәзірдің «Шығару алаңын тазалау» командасын бағдарламалаңыз. Ол үшін жанама мәзірдің Form1.PopupMenu1 терезесіндегі «Шығару алаңын тазалау» командасын екі рет шертіңіз. Тазалау процедурасының мәтіні басты мәзір командасындай: Memol.Clear.
12. PopupMenu1 жанама мәзірін Form1 формасымен «байланыстырыңыз». Ол үшін форманың PopupMenu қасиетіне PopupMenu1 деп таңдаңыз.
13. «Табуляциялау» командасын бағдарламалаңыз.
Memo объектісінің Lines қасиеті кешенді, яғни оның өз қасиеттері мен әдістері бар объект болып табылады. Бұл бағдарламаның нәтижесі – бірнеше жолдан тұратын кесте. Memol алаңына кестенің жаңа жолын қосу үшін Add (қосу) әдісі арқылы Lines (жол) қасиетінің мәнін өзгеру керек: Memol.Lines.Add ('символдар жолы'). «Табуляциялау» командасын екі рет шерту арқылы ашылатын процедура денесіне келесі кодты теріңіз:

procedure TForm1.N2Click(Sender: TObject);


Var
X,Y,H,A,B:Real;
Cod:Integer;
Str1,Str2:String;
begin
Memo1.Lines.Add(' X F(X)');
Val(Edit1.Text,A,Cod);
Val(Edit2.Text,B,Cod);
Val(Edit3.Text,H,Cod);
X:=A;
While X<=B+H/2 do
begin
y:=sin(X)+1;
Str(x:8:3,Str1);
Str(x:8:3,Str2);
If CheckBox1.Checked then
Memo1.Lines.Add(Str1+Str2);
X:=X+H;
end;
end;
14. Дәл осылай жанама мәзірдің «Есептеу» командасын бағдарламалаңыз.
15.Бас мәзірден Run => Run командасын немесе құрал саймандар тақтасынан Run батырмасын шертіп немесе F9 функцияналдық пернесін басу арқылы бағдарламаны орындауға жіберіңіз.
16. Құрылған бағдарламаны өз бумасында сақтаңыз. Ол үшін бас мәзірден File => Save All (Барлығын сақтау) таңдаңыз немесе құрал саймандар тақтасынан Save All батырмасын шертіңіз.
17. Жобаның ехе-файлын құрыңыз: басты мәзірден Project => Build All (Барлығын конструкциялау) .


Өз бетімен орындауға арналған тапсырмалар:
1. y=cosx-tgx функциясын табуляциялауға арналған бағдарлама құру.
2. функциясын табуляциялауға арналған бағдарлама құру.
3. функциясын табуляциялауға арналған бағдарлама құру.
4. функциясын табуляциялауға арналған бағдарлама құру.


Бақылау сұрақтары:
1. Қай объект мәтіннің көп жолды редакторын құру үшін қолданылады?
2. Фокус жоғалған кезінде мәтін фрагментін белгілеуді сақтау қай қасиет арқылы тағайындалады?
3. Енгізілген символдардың максимальды мүмкін болатын саны қай қасиетке енгізіледі?
4. Редакторлеу алаңына бастапқы мәтінді енгізу қай қасиет арқылы енгізіледі?
5. Қай объект тәуелсіз екі немесе үш позициялық жалауша құру үшін қолданылады?
6. GroupBox объектісі не үшін қолданылады?
7. Бағдарламаның бас мәзірін құру үшін қай объектіні қолданамыз?
8. Қай объект көмегімен кейбір компоненттердің жанама мәзірін құрады?
Тәжірибелік сабақ №12. Телефон анықтамалығы туралы есеп.


Мақсаты: телефон анықтамалығын құру.


Қажетті құралдар: MS Windows операциялық жүйесі бар дербес компьютер, әдістемелік нұсқаулық, Borland Delphi 7.0 бағдарламасы.


Теориялық мәлімет . Барлық уақытта адамзаттың алдында ақпаратты сақтау және оған дер кезінде кіру сияқты тапсырмалар тұрды. Ақпараттық жүйелердің дамуымен бірге мәліметтер қоры (МҚ), яғни белгілі бір құрылымы бар әр түрлі ақпараттарды сақтаушы, дамып жатты. Мәліметтер қорының өзі көбіне мәліметтер қорының сервері деп аталатын сәйкес программалық жабдықтың көмегімен сақталады және өңделеді.
Мәліметтерге кіру (доступ к данным) технологиясы деп қосымша мен мәліметтер қорының арасында өзара байланысты қамтамасыз ететін интерфейстер жүйесін айтады. Көптеген мәліметтер қорын басқару жүйелерінде, мәліметтермен қандай да бір әрекеттерді орындауға мүмкіндік беретін функциялар болып табылатын қолданбалы программалаудың интерфейстерінен (application programming interface - API) тұратын кітапханалар болады.
Microsoft ActiveX Data Objects (ADO) технологиясы мәліметтер қорының қосымшаларынан мәліметтердің түрлі көздеріне кірудің әмбебап механизмі болып табылады. ADO технологиясының негізін OLE DB спецификациясында сипатталған COM объектілерінің жалпы модельдерінің интерфейстер жиынын қолдану құрайды. ADO технологиясын қолданғанда ДҚ-ның қосымшасы мәліметтерді электрондық кестелерден, жергілікті және серверлік мәліметтер қорының кестелерінен, XML-файлдарынан және т.б. қолдана алады.
Delphi бағдарламалау жүйесінде, ADO технологиясы бойынша қосымшалар құру үшін қолданылатын компоненттер, компоненттер палитрасының ADO бетшесінде орналасқан. Осы компоненттердің қызметтерін сипаттап өтсек:

  • ADOConnection – ADO-байланыстырушы, мәліметтердің ADO-көзімен байланыс орнату үшін қолданылады және транзакцияны қамтамасыз етеді;

  • ADOCommand – ADO-командалар, нәтижені беретін мәліметтер жинағын қайтарусыз мәліметтерді ADO- көзіне кірудің SQL-командаларын орындау үшін қолданылады;

  • ADODataSet – ADO мәліметтерінің жинағы, мәліметтердің ADO-көзінің бір немесе бірнеше кестелеріне кіруді қамтамасыз етеді және DataSource компоненті арқылы ADOTable компонентімен байланысып, осы мәліметтерді басқа компоненттерге басқаруға мүмкіндік береді. ADOTable, ADOQuery, ADOStoredProc компоненттерінде қолданыла алады.

  • ADOTable – ADO кестесі, мәліметтердің ADO-көзінің бір кестесіне кіруді қамтамасыз етеді және DataSource компоненті арқылы ADOTable компонентімен байланысып, осы мәліметтерді басқа компоненттерге басқаруға мүмкіндік береді;

  • ADOQuery – ADO сұранысы, мәліметтердің ADO-көзінен ақпарат алу үшін SQL-командаларын орындауға мүмкіндік береді және DataSource компоненті арқылы ADOTable компонентімен байланысып, осы мәліметтерді басқа компоненттерге басқаруға мүмкіндік береді;

  • ADOStoredProc – сақтағыш ADO процедурасы, қосымшаларға ADO интерфейсін қолдану арқылы сақталынған процедураларға кіруге рұқсат алуға мүмкіндік береді;

  • RDSConnection – RDS –байланыс, Recordset объектісін бір процесстен (компьютерден) екіншісіне тасымалдауды басқару үшін қызмет етеді. Бұл компонент серверлік қосымшаларды құру үшін қолданылады.

ADO технологиясы (ADOCommand, ADODataSet, ADOTable, ADOQuery и ADOStoredProc) бойынша мәліметтерге кіру компоненттерін қолданған кезде мәліметтер сақтаушысымен байланыс орнатуды екі жолмен іске асыруға болады: ConnectionString қасиеті арқылы немесе ADOConnection компоненті арқылы.


Тапсырма: «Телефон анықтамалығы» атты бағдарлама құру.
Тапсырманың орындалу әдістемесі:
1. Мәліметтер қорын құру үшін MS Acces 2007 бағдарламасын іске қосыңыз: Пуск = Все программы = Microsoft Office = Microsoft Office Access 2007.
2. 12.1 - сурет келтірілгендей Конструктор режимінде Телефон кестесін құрыңыз.



а) Конструктор режимі б)Мәліметтерді енгізу режимі

Сурет 12.1


3. Delphi 7 бағдарламасын іске қосыңыз: Пуск = Borland Delphi = Delphi 7.


4. Delphi 7 бағдарламасының Терезесін мұқият қараңыз.
5. Жаңа жоба құру: File = New = Application. Оны «Мои документы» бумасында құрылған жоба бумасында сақтаңыз.
6. Бастапқы формасында қосымшаның келесі терезесін құрыңыз:



Сурет 12.2.


5. Бастапқы форманың келесі қасиеттерін тағайындаңыз:








Қасиет

Мәні




Қасиет

Мәні

1

Caption

Телефон анықтамасы

4

BorderStyle

bsSizeable

2

Height

480

5

Font Size

12

3

Width

766










6. Келесі компоненттерді форма бетіне түсіріңіз.



  • ADOTable1 компоненті ADO бетшесінен;

  • DataSource1 компоненті DataAccess бетшесінен;

  • DBGrid1 және DBNavigator1 компоненттері Data Controls бетшесінен.

Қажет компоненттерді форма бетіне орналастырғаннан кейін ADOTable1 компоненті арқылы қорымен байланыстырыңыз. Ол үшін: ADOTable1 компонентін белгілеп, қасиеттер терезесіндегі Connection String қасиетіндегі батырманы басаңыз. Бұл терезеден Build батырмасын шертіңіз. Сонда келесі сұхбат терезесі шығады Бұл терезеден Microsoft Jet 4.0 OLE DB Provider байланыстырушы провайдерді таңдап, Далее батырмасын шертіңіз. Содан кейін ашылған терезеден базаны көрсетіп, Байланысты тексеру (Проверить подключение) батырмасын шертіп, байланыстын дұрыстығына көз жеткізіңіз. Терезеден ОК батырмасын шерту арқылы шығыңыз.
ADOTable1 компоненті қормен байланыстырылды. ADOTable1 компонентін сол базадағы кестемен байланыстырыңыз. Ол үшін ADOTable1 компонентін белгілеп, қасиеттер терезесінен TableName қасиетіне кесте атын таңдаңыз. Одан кейін Active қасиетінен байланысты қосыңыз.
Осы кестені форма бетіндегі DBGrid1 компонентінен көру керек. Алдымен ADOTable1 компонентін DBGrid1 компонентімен байланыстыру қажет. Ол үшін DataSource1 компонентін белгілеп, қасиеттер терезесіндегі DataSet қасиетінде ADOTable1 –көрсетіңіз. Одан кейін DBGrid1 компонентін белгілеп, қасиеттер терезесіндегі DataSource қасиетінде DataSource1 – ді көрсетіңіз.
Осы кестені басқару үшін, яғни мәліметтер енгізу, кетіру, өңдеу секілді операциялар орындау үшін DBNavigator1 компонентін белгілеп, қасиеттер терезесіндегі DataSource қасиетінде DataSource1 – ді көрсетіңіз.
7. Кестеде іздеуді ұйымдастыру үшін формаға Edit, RadioButton, GroupBox, Button компоненттерді Standart компоненттер палитрасынан формаға орналастырыңыз.
8. Бұл компоненттерге келесі қасиеттерді тағайындаңыз:



Қасиет

Компонент

Edit1

Edit2

RadioButton1

RadioButton2

Height

21

21

17

17

Width

201

201

145

145

Text

Алаң ішін тазалау

Алаң ішін тазалау







Caption







Фамилия бойынша

Адрес бойынша




Қасиет

Компонент

GroupBox1

Button1

Height

105

33

Width

700

161

Caption

Мәліметтерді іздеуді ұйымдастыру

Іздеу

9. «Іздеу» батырмасын бағдарламалаңыз:


procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);
begin
if RadioButton1.Checked then
begin
If edit1.Text = '' then Application.MessageBox(PChar('Қажетті фамилияны енгізіңіз!'),
'Іздеу', MB_OK+MB_ICONWARNING) else
if not ADOTable1.Locate('Фамилия', Edit1.Text, [loCaseInsensitive, loPartialKey]) then Application.MessageBox(PChar('Табылмады!'),
'Іздеу', MB_OK+MB_ICONWARNING);
Edit1.Clear;
end;
end;
10.Бас мәзірден Run => Run командасын немесе құрал саймандар тақтасынан Run батырмасын шертіп немесе F9 функцияналдық пернесін басу арқылы бағдарламаны орындауға жіберіңіз.
11. Құрылған бағдарламаны өз бумасында сақтаңыз. Ол үшін бас мәзірден File => Save All (Барлығын сақтау) таңдаңыз немесе құрал саймандар тақтасынан Save All батырмасын шертіңіз.
12. Жобаның ехе-файлын құрыңыз: басты мәзірден Project => Build All (Барлығын конструкциялау)


Өз бетімен орындауға арналған тапсырмалар:
1. «Кітапхана каталогы» атты бағдарлама құру. Кесте құрылымы: кітап_коды, атауы, автор, баспа, жыл
2. «Музыкалық альбом» атты бағдарлама құру. Кесте құрылымы: шығарма_коды, автор, орындаушы, ұзақтылық, жанр.
3. Бағдарламалық жабдықтар каталогы атты бағдарлама құру. Кесте құрылымы: бағдарлама_коды, БЖ_типі, атауы, операциялық_жүйе.


Бақылау сұрақтары:
1. Мәліметтер қоры дегеніміз?
2. Мәліметтерге кіру технологиясы дегеніміз?
3. ADO технологиясы бойынша қосымшалар құру үшін қолданылатын компоненттерді атаңыз.
4. Қандай компонент мәліметтердің ADO-көзімен байланыс орнату үшін қолданылады?
5. Қандай компонент нәтижені беретін мәліметтер жинағын қайтарусыз мәліметтерді ADO- көзіне кірудің SQL-командаларын орындау үшін қолданылады?
6. Қандай компонент ADO мәліметтерінің жинағы, мәліметтердің ADO-көзінің бір немесе бірнеше кестелеріне кіруді қамтамасыз етеді және DataSource компоненті арқылы ADOTable компонентімен байланысып, осы мәліметтерді басқа компоненттерге басқаруға мүмкіндік береді?
7. Қандай компонент ADO кестесі, мәліметтердің ADO-көзінің бір кестесіне кіруді қамтамасыз етеді?
8. Қандай компонент ADO сұранысы, мәліметтердің ADO-көзінен ақпарат алу үшін SQL-командаларын орындауға мүмкіндік береді?
Тәжірибелік сабақ №13. Ерекше жағдайларды өңдеу.


Мақсаты: Delphi бағдарламалау ортасында ерекше жағдайларды өңдеу әдістерін меңгеру.
Қажетті құралдар: MS Windows операциялық жүйесі бар дербес компьютер, Borland Delphi 7.0 бағдарламасы, әдістемелік нұсқау.
Теориялық мәлімет. Ерекше жағдай - нәтижесінде қате генерацияланатын және бағдарламаның орындалуы үзілетін жағдай. Мысалы, нөлге бөлу – ерекше жағдайдың классикалык мысалы.
Ерекше жағдайды ұйымдастыру үшін try … except әдісін қолданамыз. Яғни жолдық типті сандыққа түрлендіру кезінде егер қате символдар енгізілгенде қате пайда болатын оқиға туындауы мүмкін. Егер StrToFloat санды жазуда қате тапса, олар көп жағдайда бағдарлама жұмысының авариялық аяқталуына алып келетін ерекше жағдайды тудырады.
Ерекше жағдайды өңдеу келесі конструкция түрінде құрылады:
Try 
<операторлардың қорғалған блогы> 
except 
<ерекше жағдайды өңдеу> 
end; 
Егер қорғалған блоктағы операторларды орындау кезінде ерекше оқиға пайда болса, онда басқару except пен end арасында орналасқан операторлар блогына беріледі. Бірақ өңдеу қатесіз өтсе, онда ерекше жағдай блогы атаусыз қалады және басқарма end –тен кейін тұрған операторға беріледі.


Тапсырма 1. Адамның тиімді салмағы бой ұзындығынан 100 –ді шегеру арқылы анықталсын. Егер адамның шынайы салмағы тиімді салмақтан төмен болса, онда ол арық, ал үлкен болса – толық болсын. Бой ұзындығы мен шынайы салмақты енгізгенде арық немесе толықтығын және қаншалықты толысу немесе арықтау керектігін анықтайтын бағдарлама құру.
Тапсырманың орындалу әдістемесі:
1. Delphi 7 бағдарламасын іске қосыңыз: Пуск = Borland Delphi = Delphi 7.
2. Delphi 7 бағдарламасының Терезесін мұқият қараңыз.
3. Жаңа жоба құру: File = New = Application. Оны «Мои документы» бумасында құрылған жоба бумасында сақтаңыз.
4. Бастапқы формасында қосымшаның келесі терезесін құрыңыз:



а) Бастапқы көрініс б) Толтырылған көрініс

Сурет 10.1.


5. Бастапқы форманың келесі қасиеттерін тағайындаңыз:






Қасиет

Мәні




Қасиет

Мәні

1

Caption

Тиімді салмақты анықтау

4

BorderStyle

bsSizeable

2

Height

288

5

Font Size

12

3

Width

284










6. Суретте көрсетілген барлық компоненттерді Standart компоненттер палитрасынан формаға орналастырыңыз.
7. Бұл компоненттерге келесі қасиеттерді тағайындаңыз:



Қасиет

Компонент

Label1

Label2

Label3

Label4

AutoSize

True

True

True

True

WordWrap

False

False

False

False

Caption

Салмақ

Бой




Салмақ пен бойды енгізу




Қасиет

Компонент

Edit1

Edit2

Button1

Button2

Height

27

27







Width

169

169







Text

Алаң ішін тазалау

Алаң ішін тазалау







Caption







Есептеу

Шығу

8. «Есептеу» батырмасын бағдарламалаңыз:


procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);


var factW, optW, Rost, Delta : real;
begin
factW := StrToFloat(Edit1.text);
Rost := StrToFloat(Edit2.Text);
OptW :=Rost - 100;
Delta := abs(factW - OptW);
if OptW = factW then
Label3.caption := 'Сіздің салмағыңыз дұрыс!'
else
if OptW > factW then
Label3.caption := 'Сізге'+FloatToStr(Delta)+' кг қосу керек.'
else
Label3.caption := 'Сізге'+FloatToStr(Delta)+' кг арықтау керек.'
end;

9. Edit1KeyPressed процедурасы үшін ерекше жағдайды өңдеуді қолдану


procedure TForm1.Edit1KeyPress(Sender: TObject; var Key: Char);


var factW : real;
begin
Try
FactW:=StrToFloat(Edit1.Text);
except
ShowMessage('Сан қате жазылған: ' + Edit1.Text);
Edit1.SetFocus;
Exit;

end;
end;



10.Бас мәзірден Run => Run командасын немесе құрал саймандар тақтасынан Run батырмасын шертіп немесе F9 функцияналдық пернесін басу арқылы бағдарламаны орындауға жіберіңіз.
11. Құрылған бағдарламаны өз бумасында сақтаңыз. Ол үшін бас мәзірден File => Save All (Барлығын сақтау) таңдаңыз немесе құрал саймандар тақтасынан Save All батырмасын шертіңіз.
12. Жобаның ехе-файлын құрыңыз: басты мәзірден Project => Build All (Барлығын конструкциялау)


Өз бетімен орындауға арналған тапсырмалар:
1. Бағдаршам жұмысын имитациялайтын бағдарлама құру. Ерекше жағдайды өңдеуді қолдану.
2.


Бақылау сұрақтары
1. Қандай жағдай ерекше жағдай деп аталады?
2. Ерекше жағдайларды өңдеудің қызметі?
3. DELPHI ортасында оқиға қалай құрылады? 
4. try … except әдісі қандай конструкция түрінде құрылады?
5. Объектілердің қасиетін қалай өзгертеді?
6. Графикасы бар батырманы қай компонент арқылы ұйымдастырады?
7. Delphi -ге қалай мәліметтерді енгізеді?  
8. Delphi -де хабарламаны қалай шығарады? 


ӘДЕБИЕТТЕР



  1. Фаронов В.В. Delphi 7. Учебный курс. М. 2001

  2. Полянский А. Среда программирования Delphi 7. Справочное пособие. М., 2001

  3. Культин Н. Delphi 7. Программирование на Object Pascal. БХБ – Петербург, 2001

  4. Камардинов О. Жантелі Х., Delphi 5 – 6. Оқу құралы. Шымкент, 2002

  5. В.Л. Бройдо, О.П. Ильина. «Архитектура ЭВМ и систем» Санкт-Петербург, 2009 г. 24-76 стр.

  6. Цилькер Б.Я., Орлов С. А. «Организация ЭВМ и систем» Питер, 2004г. 668стр.

  7. Практическое программирование решение типовых задач. Pascal 7.0. Москва – 2002

  8. Камардинов О. Информатика. Шымкент – 2000.

  9. Практическое руководство по программированию – Мик Б., Хиг П., Рамби Н. 1986. Программное обеспечение и его разработка – Мир Москва – 1985

  10. Соха Д. И др. Delphi 7. Минск, 1998

  11. Браун С. Delphi 7. (учебный курс). «Питер», 1999

  12. Корнелл Г. Программирование в среде Delphi 7. Минск, 1998



МАЗМҰНЫ



КІРІСПЕ......................................................................................................

3

Тәжірибелік сабақ №1. Есептеу машиналары мен кешендерінің жіктелуі және қолданылу саласы..............................................................

4

Тәжірибелік сабақ №2. Санау жүйесі. Қосарланған арифметика............

6

Тәжірибелік сабақ №3. Санау жүйесі. Бір жүйеден екіншіге есептеу сандарын ауыстырудың тура және жанама әдістерімен есептерді шешу.

10

Тәжірибелік сабақ №4. ЭЕМ – нің логикалық негіздері. Логикалық функциялар ................................................................................................

13

Тәжірибелік сабақ №5. ЭЕМ математикалық негіздері және бағдарламалау принциптері......................................................................

19

Тәжірибелік сабақ №6. Алгоритм. Алгоритм қасиеттері........................

22

Тәжірибелік сабақ №7. Delphi ортасы.....................................................

28

Тәжірибелік сабақ №8. Енгізу-шығару және редакциялау компоненттері, тізімдер мен кестелерді құру..........................................

35

Тәжірибелік сабақ №9. Сауалнама туралы есеп......................................

43

Тәжірибелік сабақ №10. Валюта айырбастау туралы есеп.......................

48

Тәжірибелік сабақ №11. Функцияларды табуляциялау есебі....................

52

Тәжірибелік сабақ №12. Телефон анықтамалығы туралы есеп................

58

Тәжірибелік сабақ №13. Ерекше жағдайларды өңдеу.................................

62

ӘДЕБИЕТТЕР.............................................................................................

66




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет