Мағжан Жұмабаев шығармалары Кіріспе



бет4/8
Дата03.06.2023
өлшемі295 Kb.
#178196
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
kur -magzhan-zhumabaev-shygarmalary-36

Абылай хан – бейнесі.
Мағжан Жұмабаевтың "Батыр Баян" дастаны аз ғана қазақтың сонау бір тұста азулы көршілестерімен баянды да пәтуалы қарым – қатынас құра алмай,қысы – жазы ат үстінде селкілдеуге мәжбүр болған сұрапыл тірлігін суреттеуге бағытталған және осы алып сахараның білікті де, білекті азаматтарға кенде болмағанын баяндайды. Аталған шығарманың орталық қаһармандары –жерінің бүтіндігін, ұлттық салт сана, күнделікті өмірден туындайтын саяси - әлеуметтік , экономикалық мәселелерді өз лайығына сай зерделеп, олардың бөтен біреудің қанжығасында кетпеуін қатал қадағалаған айдынды азаматтар. Солардың бірегейі – Абылай ханның үлкенді – кішілі қимыл - әрекеттерінің қайсысы да осы ізгі мақсатқа тоғысып жатады.
"Абылай хан билік құрып тұрған дәуір – қазақ халқының дәуірлеп тұрағн кезі еді ",- деп жазады Шоқан Уәлиханов. [4 426 бет]. Поэмадағы Абылай бейнесі таза тарихи тұлға. Абылай хан қазақ жұртын берісі жоңғар, әрісі орыс, қытай басқыншыларынан аман алып қалған көрнекті мемлекет қайраткері, ірі саясашы, іскер дипломат, қолбасшы батыр. Абылайдың ерлігі, мәмлегер даналығы жайында ел аузында жүздеген жыр – дастандар мен аңыздар сақталған. Абылайдың ерлер көзіне түсіп, жұрт аузына іліккен шақта алғаш тізгін тартқан, ел басқарған жері – Көкшетау.
Ақын: Бурабай – Арқа аралы, жер еркесі,
Ертеде қоныс болған Абылайға,- [1, 29 бет] деп Абылай қоныс етіп, қалмаққа қарсы жорыққа шығарда қол ж... Көкшетаудың табиғатын асқан сүйіспеншілікпен жырлайды.
Ертеде жел өтпейтін қызыл ағаш,
Дариға бұл күндерде жап- жалаңаш!
Ордасын сол ағаштағы Абылайдың
Меккедей тәуеп қылған тамам Алаш,- [1 30 бет] деп, Мағжан Абылайға орда болған қызыл ағашты әулиенің қабірінен артық, тіптен, алаштың Меккесі деп аспандата суреттейді. Халқымыз әулиелері мен дін иелерін ерекше қасиеттеп, олардың айтқанын екі етпеген. Ойлап қарасақ, ақын Абылайды әулиелердің әулиесі, алаштың пайғамбары ретінде танығаны аңғарылады. Ақын осы ойынан таймаған күйі: Сол күнде ел қорғаған Абылайдың
Қылсаң да аз қанша тәуеп моласына,- [1 30 бет] деп, жаугершілік заманында қазақ халқын түбімен құрып кету апатынан аман алып қалған Абылайдың ғажайып түстей кереметтілігін ерекше бағалып, қадірлеуді келер ұрпаққа табыстайды.
Поэмада Абылайдың киелі адам екені көрінетін тұс, Хан мен Баян батырдың сөзге келіп қалуы:
Бетіне Абылайдай ардагердің,
Келуді алты алашқа ар қыламын.
"Бетіне келген жанды соғар кие?" –
Деп жырау, жауырыншылар жар қылатын.
Баянның сөзін естіп қариялар
Ішінен ерін аяп: "А, шырағым!" –
Десті де күрсінісіп кесіп қойды:
Қоймад, -деп осы жолы, Баян бағың! [1 40 бет]
Хан да екі сөз жоқ. Оны тіпті "дініміз де" құптамайды. өйткені ел билей киелі адамның үлесіне тиген деген халық арсында сенім бар. Қазақтар киеге үлкен мән берген. Ендеше, Абылай хан киелі аруақ қонған адам. Абылайдың аруақшылығы хақында да әртүрлі аңыздар бар. Халық сенімінде "Аққу киелі құс, оны өлтіруге болмайды, өлтіреген адамды киесі ұрады". Ақын Абылайдың қасиетті адам екенін айту үшін "Құдай боп құс төресі топ төрінде" деген теңеуді қолданған.
Шоқанның Абылай туралы жазған еңбегіне сүйенсек, хан іс жүзінде патшаны мойындамаған. Білгір хан "Заманың түлкі болса, тазы боп шал" деген халық даналыған берік ұстанған. Себебі, біріншіден кемеңгер хан қазақ жұрты тек біреуіне қарап кетсе, елден де, жерден де айырыларын білеген. Екіншіден Ресей патшалығы даладағы билікті өз қолына алуға тырысқан. Ал қытайлар ханы билік үшін қауіп туғызбаған.
Сірә, тарихты жақсы білген Мағжанның:
Алыстан орыс, қытай ауыр салмақ.
Жақыннан тыншытпайды қалың қалмақ.
Артында - өр, алдында –көр, жан- жағы жау,
Дағдарған алаш енді қайда бармақ?
Сол кезде елге қоған болған Абылай,
Көп жаудың бірін шауып, бірін арбап, -[1 30 бет] деген жолдары жоғарыдағы Шоқанның жазғандарымен мағыналасып жатуы – дастандағы Абылай бейнесін шығаруға асқан жауапкершілікпен қарағанын көрсетеді.
Қалмақтар алдап кеткеннен кейін:
Тұнжырай қалса – дағы хан Абылай:
"Қайму!" – деп, сөздің болды бітуанасы,- [1 45 бет] деп жауынгерлеріне қалмақтың соңынан қуайық, шабайық демейді, өйткені қалмақтар бұл уақытта Қытай шекарасына өтіп кетті, ал қытайлар өте көп. Онда барса, қазақтың бірі қалмай мерт болатынын кемеңгер Абылай біледі. Сондықтан, "қайту керек" деген үкім шығарады. Бұл оның көркемдігі деп білеміз, яғни ол – мемлекетті сақтаушы.
Күңіреніп ойланғанда алаш жайын
Жанымды орай берсе ұлы уайым,
Кеудеме күннің нұры болғандай боп,
Жырлаймын алты Алаштың Абылайын. [1 42 бет]
Автордың Абылайды жоғары бағалауы, пір тұтуы – елге тұтқа, жат жұртқа айбар боларлық басшыны аңсаған ізгі қасиетінен туған құбылыс. Жаралы жанына Абылайдың қайрат- күші жігер беріп, кеудеміне нұр құйғандай қасіретті ақын рухымен бірігіп кеткендей.
"Ұлт ұйытқысы хан Абылай – шығармада тәуелсіздік айбары. Ол – кемеңгерлігін халқы мойындаған айбынды елге арқалы тұтқа, ұлы тұлға, деген пікір айтқан Өмірхан Әбдіманұлы өз еңбегінде. [13 62бет].
Біздіңше Мағжанның алдына қойған мақсаты - тарихтағы Абылай ханның қайды, қай уақытта өмір сүргенін, қандай болғанын айту. Мағжан суреттеуіндегі Абылай жауына қатал, еліне әділ, тұғырда отырған қыран құс тәрізді.
Абылай – жан – жақты ойлана білетін, соғыс өнеріне жетік, халқына беделді, көрнекті мемлекеттік қайраткер.
Шоқан Уәлихановтың айтуына қарағанда, "Абылай хан болып сайланғаннан кейін Ресей патшасының әкімшілігіне барғысы келмеген, себебі мені хан сайлаған өз халқым", -деген. [4 428 бет]
Талайдың жыры мен сырына астар болған, тағдыр тәлкегінен тайсалмай, өзінің батырлық – хандық сом тұлғасын соққан Абылайдың шын тарихи бейнесін тану үлкен еңбекті қажет еткен.
Ал Мағжан танымындағы Абылай – халық патриоты, айлакер, ақылды және үлкен саясаткер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет