Мағжан Жұмабаев шығармалары Кіріспе


Мағжан поэмасының көркемдік жүйесі



бет7/8
Дата03.06.2023
өлшемі295 Kb.
#178196
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
kur -magzhan-zhumabaev-shygarmalary-36

Мағжан поэмасының көркемдік жүйесі

Біз енді Мағжан Жұмабаевтың "Батыр Баян" поэмасын көркемдік жүйе тұрғысынан қарастырамыз.


Талдауға кіріспес бұрын Сәбит Мұқановтың мына пікірін еске алайық: "Ақынның жағына келгенде Мағжан, әрине қазақтың күшті ақынына саналады. Қазақтың тілін байыту ретінде, әдебиетін жаңа түрлер енгізу ретінде, Мағжанның еңбектері көп. Абайдан кейін тіл өнегесіне Мағжаннан асқан ақын қазақта жоқ.
... Мағжан өлеңдерінен құр ғана үйлескен сөздерді көрмеймін, ақынның ішіндегісін әйгілейтін айнасын көремін"[16,283 бет],- деп Мағжан Жұмабаевтың көзі тірісінде-ақ осындай әділ баға берген еді.
Сонымен, көркемдік жүйені құрайтын көркемдік бейнелеу құралдары сюжет құрайтын элементтердің қатарына жатпайды. Дегенмен олар сюжеттік көркемдеуге, жырланатын түрлі оқиғаларды айшықтауға, табиғат пен тұрмыс-тіршіліктің көрінісін бейнелеуге тікелей қатысады.Әсіресе олардың образдар жүйесін жасаудағы қызметі айырықша.
Мағжан Абайдан кейінгі қазақ әдеби тілін дамытушы, көріктендіруші суреткер. Сөзбен образға жету үшін нәзік сыр мен сыршыл үнмен талғампаз ұмтылысымен образды ойға бейнелі көрік беру тіл тәсілі – эпитетті талғап, таңдап қолдану айырықша көрінеді. Мағжан эпитеті поэтик тілге түсірер сәулелі шамы іспеттес қабылдады. Оқырманның жан-дүниесіне, сезіміне әсер ететін ойлы, бейнелі шынайы сурет эпитет сөздер арқылы түсті.
Мағжан поэзиясында адамның ой, сезім, таным әрекеттеріне қозғау салуда эпитетті жаңаша мазмұнға, әдемі стильге ыңғайластырады.
Ашудан бұғып қалған қорқақ ақын.
Күбірлей бастады енді "мұның не?"- деп [1,39 бет] осындағы "қорқақ ақыл" эпитеті нені ұғындырады. Ол адам танымының әр алуан қызметінің құпиясын ашуға көмектеседі "қорқақ ақыл" адамның ақыл шексіз, бірақ оның адам санасында сәулеленуі сирек, кейде ол ұлтының ұмтылыс жағдайында қалып қалды, кейде ол кідіртіктеп аяғын шалыс басады, кейде ол көрінбей өз қызметінде көзге ілінбей қалады. Осындай суреттердегі суретті ақын "қорқақ" сөзімен тамаша айқындап тұр.
Қылды-ау бізге қалмақ қарғыс
Дей берді:
Ер Баян сұп-сұр болып деді бірақ:
"Жарайды.... Бар, ақсақал. Ойланарсыз"[1,36 бет]
Мұндағы "қарғыс"эпитетін ақын қалмақ қызының мінез құлқын айқындау үшін қолданып отыр.
Сұм сұлу анадайдан "ағатайлап",
Баянда жан қалмаған жандырмаған.
Сонда да сыр шығармай – батыр Баян
Жастық қып жанын естен тандырмаған [1,40бет]
"Сұм сұлу" деп ақын бекер қолданып отырған жоқ. Эпитеттің үстіне эпитет қосып, қалмақ қызының мінезін нақтылай түсу үшін қолданып отыр. Мағжаннның эпитетті қолданудағы табысы да осында.
Дариға, жұбанамын, жел ойменен,
Тартапады сұм садақты бұл ойменен,- осындағы "сұм садақ" эпитетін ақын бірнеше мәрте қолданған. Жоғарыдағы сұм сөзі қалмақ қызының мінезін айқындау үшін қолданылса мұндағы "сұм" сөзі садақтың сан түрлі қасиетінің бірін ашу үшін пайдаланылған.
Сорлы ағаң ашып-жығып өз інісін,
Иіскейді енді зарлап аппақ төсін [1,40 бет] "Сорлы ағаң" тіркесін ақын Баянның ішкі-сыртқы сезімін құбылысын танытуға қолданған.
Бөкеңнің жас жолбарыс жеткіншегі
Аузынан жалын шашқан жас жанаттай
Және
Болмасын жас сұлудың білгеннен соң
Ер Баян қарындас қып ерік берген
Келесі өлең жолдарында :
Нояннан о да көзін алмас болды,
Күйдіріп жас жүрегін жалын кернеп [1,34 бет]
Сонымен қатар "Жас баладай", "жас қанына","жас Ноянға" деген тіркестердегі "жас" сөзі ақын ұғымында жас, атты, қызулы, жалынды мағынасында алынған.
Мағжан поемасының көркемдеу тәсілінің бірі-теңеу.
Қазақ ауыз әдебиетіндегі, жалпы халық тіліндегі бейнелеу тілінің үлгілерін ақын молынан пайдаланған.
Мағжан көңіл-күйдің, сезімнің, ойдың суреткері. Ол өзінің осы көңіл-күйі, сезімі, талғамын тапқан сәттерде сыртқы дүниеде бар суреттерге ұқсатып барып та образ жасаған. Мәселен, "Ер Баян арыстандай жаны жара", "Кілегей қара бұлттай енді Баян". Бұлар поэтикалық образдар -дай жұрнағы арқылы жасалып отыр. Осының екеуінің де
Оң-солды алды аспанға тілтемегенде,
Бұлақтай қалмақ қанын бұрқыратқан [1,48бет] деп ақын Баян образын айқындау мақсатында теңеуді қолданған.
Одан әрі Мағжан:
Жыландай жарқ еткізіп алды аспанды
Түсірді топ еткізіп қалмақ басын [1,48 бет],- деген жолдарды келтіреді. Сөйтіп Баянның өліспей беріспейтін ерен тұлғасын іс-әрекеті арқылы көрсетеді. Ашуы жауған қардай, шөккен нардай
Қарт қыран Қанжығалы қарт Бөгенбай [1,30 бет],- осы жыр жолдарындағы "жауған қардай" теңеуі дерексіз ұғым ашуды заттандырып, әрлендіре түскен. "Шөккен нардай" – тұрпаты ірі жануарға балау, сол арқылы күн көрінісі мал бағуға байланысты қазақ ұғымына жақын ұлттық өрнекті кәдеге асыру – бәрі батырдың ерен бітімін, соған сәйкес кесек ашуын әспеттеуге жұмсалған.
Сонымен қатар:
Майданда от шашқандай оқ шашатын
Сырттаны бәсекесін Ер Сырымбет [1,30 бет],- деп Сырымбет образын беруге теңеуді ұтымды пайдаланған.
Ал қыздың сыртқы бейнесін сомдауда ақын
"Сол сұлу сұлу екен атқан таңдай,
Бір саған бар сұлулық жиылғандай
Кәусардай татқан адам қалар қанбай",- деген теңеулер арқылы қыз бейнесін тартымды етіп көрсетеді.
Суреткер қандай нәрсені суреттесе де адамның сезіміне, жан дүниесіне әсер етуді көздейді. Әдеби тілдің әсемдігі үшін әсірелеу де қажет. Сондай тәсілдің бірі айшықтау. "Айшықтауды әсірелеу деп сөздің әсерін күшейткен сөйлемді айтамыз. Әсірелеу көңіл-күйінен шығып, көңілге күй түсіреді",деп түсіндіреді тілші ғалым А. Байтұрсынов [1,38 бет].
Біз Мағжан Жұмабаевтың "Батыр Баян" поэмасын оқи бастасымен айшықтаудың бір түрі арнауға кезігеміз.
Жүрегім мен зарлымын жаралыға,
Сұм өмір абақты ғой саналыға.
Қызыл тіл қолым емес, кісендеулі,
Сондықтан жаным күйіп-жанады да.
Қу өмір қызығы жоқ қажытқан соң
Толғанып қарауым сол баяғыға
Түйіннің тоқсан түрлі шешуі бар
Әдемі ертегідей баяғыда
Әдемі өткенді ойлап айнымасам,
Сұм өмір күшті уын аяды ма? [1,29 бет].Бұл оқырманның эмоциялық сезіміне әсер етіп, ақынның өзіне, өзгеге, жалпы жұртқа арнайы тіл қатуы, қалың қауым мен сөйлесуі, олармен үн қатысуы.
Қ.Жұмалиев өзінің зерттеу еңбегінде арнаудың үш түріне тоқталған: "жарлай арнау,зарлай арнау, сұрай арнау" [18,132 бет]. Мағжан поэмасында аталған арнаудың үш түрі де кездеседі. Поэма жырлай арнау түрі – түрімен басталады да:
Ертегі уатпай ма баланы да,
Сөз сыйқыр ғой жабай ма жараны да? [12,3 бет],- деп сұрай арнау түріне көшеді. Арнауда қойылған сұраққа автор жауап күтпесе де, ол ешқандай жауапсыз түсінікті, яғни мағжан тілінде ол өзіне--өзі есеп беру сияқты ұғыммен бағдарлас. Одан әрі зарлай арнау түріне көшеді:
Көшеде күні кеше қойдай өрген
Түлі аң, бөрі, бұғы, маралы да.
Айырылып, асау ерке аңдарынан
Көшенің тас жүрегі жаралы да! [1,29 бет] және
Ертеде жел өтпейтін қызыл ағаш
Дариға, бұл күндерде жап-жалаңаш! [1,30 бет],- деп ақын өз елінің, жерінің табиғатына жаны ашиды, мүшкіл халін жыл жолдарына түсіреді.
Арнаудың шешендік үлгісі Мағжан тілінің үлкен табысы. Бұл ақынның өз өмірінен бүкіл мақсат-ниетін, ой-арманын, қуаныш-қасіретін танытатын тілдік ерекшелігі.
Ақын арнауында өмірге, дүниеге өкпе-наз артады. Өмірдің ауры қасіретті шағын кіналайды. Алдағы мақсат-мұратын болжау, армандау мақсатын айтқысы келеді.
Адам өз ойын, көңіл-күйін, эмоциясын тіл арқылы жеткізеді, басқа адамдардың сезіміне тіл арқылы әсер етеді. Мұндай сөз әсерін күшейту үшін, әр түрлі тәсілдер қолданылады, сондай тәсілдердің бірі қайталамалар.
Қайталаулар ауыз әдебиетінен келе жатқан құбылыс. Дәстүрлі дидактикалық сарындағы шешендік өлеңдерге тән бірден бір ерекшелік қайталаулар болатын. Мағжан поэмасында қайталамалар көркемдеу құралдарының тілдік тәсілі ретінде поэма тілінің шұрайлылығына және көркемдігіне, сонымен қатар кейіпкерлер характерлерін ашуға өз үлесін қосады.
Ауыз әдебиетінен сондай-ақ, орыс-болыс әдебиетінің тамаша үлгілерін сусындаған Мағжан қайтамалары жаңаша түрмен шырайлы мазмұнға ие болған. Мағжанның әсем ырғақты, әсерлі ұйқасқа құралған көркем сөз кестелеріне толы қайталамалары оқушысын селт еткізбей қоймайды.
Қайталамлардың түрі ақын поэмасында көптеп кездеседі. Мәселен,
Жастықта жалындатып сүйген қандай!
Баладай өксіп-жылап күйген қандай
Көрмесем жан жарымды өлгендей болып,
Қайғырып күлден кебін киген қандай! [1,33 бет], - деп Мағжан махаббатты, жастықты жырлауда "қандай!" сөзін бірнеше мәрте қайталаған. Бұл сөзді ойдың көркемдігін, әсерлігін арттыру үшін, эмоцияға яғни адам сезіміне әсер ету үшін пайдалануға болады.
Алыстан екі қара көрді Баян,
Кілегей қара бұлттай төнді Баян.
Ой жоқ боп, жүрек шоқ боп, құр екпін боп,
Сұңқардай сорғалаған келді Баян [1,37бет] суреткер әр тармақтың соғында "Баян" есімін бекер қайталап отырған жоқ. Осы қайталау арқылы оқырман назарын Баян бейнесіне айырықша аударғысы келгендіктен және бас кейіпкердің характерін ашу мақсатында "Баян" есіміне жүк артып отыр.
Жорыққа құр қалмаққа жүрдім неге?
Тобына көк бөрідей кірдім неге?
Тәтті бал, балауса тал жас сұлуды
Көр болғыр екі көзім көрді неге? [1,39бет]. Мұнда ақын Баянның екі жасты өлтіргеннен кейінгі сезім күйін жан арпалысын суреттеген. Поэма кейіпкері "неге?" деген сұраққа жан ұшырар жауап іздейді.
Ақын дастан бойында бірнеше жерде "Баянның батырлығы алашқа аян" сөз тіркесін қайталайды. Бірінші рет ерлік белгісіндей бұл тіркес айбарлы хан Абылайдың сөзімен беріледі. Жорыққа неге шықпай жатырмыз деген Қанайға:
Көп жаудың албастысы, ел еркесі
Баянның батырлығы алашқа аян [1,31бет],- деп Баянның кешігуін басты себеп етіп сөйлейді. Бұл жолдары арқылы Баянның туған жұртына қадірлі, ата жауына аяусыз қатал жау екенін аңғарамыз.
Екінші рет ініс Ноянды өлтірер кезде:
Дегенше тартып қалды батыр Баян,
Баянның батырлығы алашқа аян [1,38бет], - деп атылған жебенің нысанаға жазбай тиетін ажал-ақ екенін көрсетеді.
Үшінші рет "Ерлігі алашқа аян батыр Баян" деп, Абылайға қарсы шығып, екі рет сөз қайтарысқанда қолданады. Мұнда ақын Баянның саясаттан да хабары бар екенін көрсетеді.
Төртінші рет:
"Қалың қол ортасында батыр Баян,
Баянның батырлығы алашқа аян [1,48бет],- деп,жүз жігітпен келіп жауды шапқан кезінде қайталайды. Байқап қарасақ ақын мәтелге айналғандай бұл сөз тіркесін тек қажетті уақытында ғана пайдаланып отырған.
Поэма соңында Мағжан:
Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,
Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас.
Ел үшін жаннан кешіп, жауды қуған,
Ерлерді ұмытса да ел, шөл ұмытпас [1,50бет] деп өзінің айтқан пікірін растау мақұлдау мақсатында және ойды қорытындылау, жырымдау мақсатында ақын қайталануларды белігілі ретпен өзіне ғана тән стилистикалық өрнекке құраған.
Суреткер өзінің поэтикалық тілін құбылту үшін негізгі мақсатымен эстетикалық мұратына қызмет ететін тіл тәсілдерін жиі пайдаланады. Әдеби тілдегі құбылтудың түрі – ауыстыру яғни метофра, сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолданады.
"Кез-келген көркем шығармада метофраның екі түрі кездеседі, бірі қос нүкте бүкіл халыққа түсінікті, тұрақты ауыс мағынада дәстүрлі қолданылып келе жатқан метофралар, екіншісі, әлі халықтық сипат алмаған индивидуалдық жеке автордың тілдік қызметіне жаратқан жанынан шығарып қолданылатын метофралар" [19,125бет],- деп Дина Әлкебаева Мағжан шығармасында да екі түрлі метофра бар екенін айтады.
Мағжан Жұмабаевтың дәстүрлі метофраларына көз жіберсек, ол бұрынғы халықтық сипат алған дәстүрде жалғастығын тапқан
Дәстүрлі метофралардың барлық түрі "Батыр Баян" поэмасында өз ойының көркемдік естетикалық қызметінде жұмсалып, әр түрлі мағыналық ерекшелігімен айқындалады.
Жануарларға байланысты арыстан, бөрі, жолбарыс, көкжал, тұлпар, бөлтірік адам бойындағы күш-қуатты еркіндікті аңсаудан ауыс мағынада суреттесе, ібіліс оқ жылан жау-дұшпан мағынасында жұмсалады.
Мағжан қазақ батырларының бейнесін сомдауда:
Ашуы жауған қардай, шөккен нардай,
Қарт қыран Қанжығалы қарт Қабанбай,
Бөкеннің жас жолбарыс жеткіншегі
Аузынан жалын шашқан жас Жанатай,
Найзасын нажағайдай ойнататын
Жас барыс бәсеңтейін сары малай [1,30бет] және ақын Баянның інісі Ноянды таныстыруда
Баянның інісі бар он бес жаста –
Бөрінің бөлтірігі бала Ноян [1,33 бет] ,- десе, Баян бейнесін сомдауда, характерін ашуда:
Бұл жолы кешігуі жай емес қой,
Тұлпарым кез болды ғой орға тегі [1,32 бет],- деген жыр жолдарын Абылай аузына салады.
Елімнен кетіп енді қайдан табам?
Жейтұғын өз күшігін болдым бөрі [1,39 бет],- деген сөзді ақын Баянның өз аузына салады.
Қасқиып қан майданда тұрып қалды,
Қайран ер, қайсар Баян жолбарысым! [1,48 бет]. Мұнда ақын арыстанның, жолбарыстың, барыстың жүректілігін, қайраттылығын, көкжалдың, бөрінің мықтылығын, тұлпардың асаулығын, жүйріктігін поэма кейіпкерлеріне яғни батырларға балай отырып, еркіндікті, азаттықтың аңсаған халықтың ерлігін танытып тұр.
Индивидуалдық метофраға келер болсақ, ақын ауыстыруды тұтынуда өзіндік ізденіс, шебер айшықтарын танытқан.
Жүрегім мен зарлымын жаралыға
Сұм өмір абақты ғой санлыға [1,29 бет],- деп өмірді абақтыға баласа:
Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған
Еркімен өзі-ақ атқа барады да [1,29 бет],- деп ақынды балға балайды.Бұрын қолданыста байқалмаған "Өмір-абақты, "Ақын-бала метофраларын мынадаймағынаға неігзделгенін аңғарамыз. Суреткер ақынды "бала" сияқты пәк, күнәсіз бөбекке балап, өмірді "абақтыға" балауы ақынның өмірдегі ауыр тіршілігінен хабар береді, яғни Мағжан өмірді "абақты" деп астарлай отырып, азатшылдықты аңсайды.
Сарыарқа сары-дария қиыры жоқ,
Көз болсын қандай қыран талады да [1,24 бет],- деген жолдардағы "Сарыарқа" сөзінен басқаның бәрі ұқсастыққа сүйенгендіктен де ауыстырудың ұлғайған түріне жатады. Алмастыру яғни метономия – ақынның айтайын деген ойының әрі нақты, әрі ықшамдалған сөз құбылтудың түрі. Мағжан метонимияны сөздің бейнелілігін, көркемдігін, сезімге әсерлігін арттыру мақсатында қолданған. Мағжан поэмасында олар сирек қолданылады. Дегенмен, Мағжан алмастыруды қолдануда да өз шеберлігін танытқан.
"Осындай өңшең көкжал жиылыста,
Күңіреніп жолбарыстай: жау қайда?",- деп [1,30 бет] өрнегіндегі "көкжал"сөзін Қуандық Мәшһүр Жүсіп алмастыруға жатқызады. "Себебі бұл балама ауыстырудағыдай (метофрадағыдай) ұқсастыққа емес, жалғастық, іліктестікке негізделген. Атап айтқанда, "көкжал сөзінен кейін орын алуға лайық "батырлар", не "адамдар" сөзі түсіп қалып, олардың мағынасын жалғастық тәртібінен бастапқы сөз жеке арқалағандықтан да, алмастыру жүзеге асқан" [20, 51 бет],- деп дәлелдейді және
"Балқаш қой, бұл айдыны сылдыр қаққан,
Балқаштың бетін мәңгі меруерт жапқан" [1, 44 бет] суреттемелеріндегі "меруерт" сөзін алмастыруға жатқызады. Себебі, "меруерт" сөзінен кейін орналасуға тиіс немесе тағы басқа сөздер түсіп қалғандығын айтады. Алмастырудың бір түрі – бүтіннің орнына бөлшекті немесе жалпының орнына жалқыны қолдану. Метонимия сияқты синекдохада да белгілі бір заттардың, жеке құбылыстардың өзара сыртқы байланыстарын негізге алынады. Метофра, метонимия тәрізді синекдоха да – көркем әдебиеттегі бейнелеу, көріктеу тәсілдерінің бірі. Синекдоханы қолдану әр суреткердің сөз қолдану шеберлігіне де байланысты.
Синекдоха Мағжан поэмасында көп байқалмаса да, ақта-текте қолданыс табады.
Жүрегім мен зарлымын жаралыға,
Сұм өмір абақты ғой саналыға [1, 29 бет] . Осы өрнектегі "Жүрегім" сөзі синекдоха. Себебі, ақын бүтіннің орнына бөлшекті көрсетіп отыр, толықтай адамның өзін атамай, бір бөлшегі болып табылатын "жүректі" ала отырып, адам сезіміне, көңіл күйіне әсер етеді.
Алыстан екі қара көрді Баян
Кілегей қара бұлттай төнді Баян [1, 37 бет]. Мұндағы "екі қара" сөзі синедоханың үлгісі екені белгілі. Ақынның "екі қара" деп отырғаны әрине екі адам яғни Ноян мен қалмақ қызы. Мұнда да ақын бүтіннің орнына бөлшекті қолданып отыр.
Тағы ашты жұмған көзін, тағы көрді
Алдында жас ұлан мен толқын шашты [1, 49 бет]. Осы жыр жолдарындағы "толқын шаш" сөзі қалмақ қызын білдіріп тұр. Ақын қалмақ қызы деп алмай, қыздың шашын беру арқылы жыр жолдарын көріктендіріп тұр.
Кейптеу – құбылтудың бір түрі, бейнелі өрнектеу тәсілінің әдемі түрі. "Батыр Баян" дастанында құбылта, құлпырта қолданған тәсілінің бірі – кейіптеу.
Мағжан табиғат құбылыстарына жан бітіру арқылы әдемі сурет жасайды, яғни Абай қолданған көркемдеу тәсілі – кейіптеуді Мағжан одан әрі жандандырып, құлпыртып, оның қызметін күшейтіп, танытты.
Керілді ерке Көкше күміс Айға:
"Сәулеңді, сәулем, көбірек,- деп төкші төк!"
Бетінде Бурабайдың ерке толқын
Бір тынбай, күліп жарды сүйді шөп-шөп
Мұнда "тау" керіліп, айға еркелеп, адам сияқты сөйлейді, ал "Бурабай" адам секілді күліп, жарды шөп-шөп сүйеді, сөйтіп оқушының эмоциялық сезіміне үлкен әсер береді.
Сыйқырлы гүлге оранған жібек майда,
Сылдырап сылқ-сылқ күлген терең сайда [1, 35 бет] осы үлгідегі "сылқ-сылқ күлген" тіркесі кейіптеуге жатады.
Құшақтап ақселеуді жылады жел
Өзінің қасірет жырын қоңырлатып [1, 38 бет] ары қарай:
Жынды жел сақ-сақ күліп сүйді беттен [1, 42 бет]. Мұнда "жел" адам іспеттес мұңайып жылайды", ағашты құшады, сонымен қатар адам секілді сақ-сақ күледі, яғни адамның іс-әрекеті, қимылы басқа заттың құбылыстың іс-әректіне телініп, кейіптеу түрінде сұлу сурет нақышты ой жасайды.
Мағжанның "Батыр Баян" поэмасында кездесетін тағы бір көріктеуші құрал – дамыту
З. Қабдолов "Сөз өнері" оқулығында: "Фигураның бір түрі – дамыту, градакс (латынша gradatio –бірден-бірге күшейе беру) – алдыңғы сөзден сроңғы сөзді, алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асыра асқақтата түсіру" [21, 233 бет].
Алыстан екі қара көрді Баян,
Кілегей қара бұлттай төнді Баян.
Ой жоқ боп, жүрек шоқ боп, құр екпін боп,
Сұңқардай сорғалаған келді Баян,
Қыз түгіл қаны бірге өз бауырын
Танымай қалғандайда болы Баян.
Байланған белде сала садағына
Қалшылдап қалды салып қолды Баян [1, 37 бет].
Ақые шабыты осы тұстарда ширыға түседі. Осы жыр жолдарында ақын дамытумен қоса, теңеу, метафораларды пайдаланады. Екі жастың қашып кеткенін естіген Баян "ақ жыландай" атып шығып, жолда "арыстандай дүбір салады", "дауылдай талмай есіп", Асан қайғы "қанды өзек" деп аталған жолды өзекке түс ауа жетіп қалады.
Екі жас аттарынан ұшып түсті,
Түскенде бірін бірі құшып түсті.
Жүректен атып, ыршып шыққан қанмен
Жалғыз-ақ "аһ" десті де, "жаным!" десті [1, 38 бет]. Бұл жерде ақын тіптен ықшам. Қаншама жыр жолдарын қажет ететін картинаны оншақты сөзге сығымдайды.
"Ауыз толатын айбынды асқақ сөз Мағжаннан шығады. Кейде Мағжан....Бір сөзінен бір сөзін асырып, түйдек-түйдегімен тастап кеткенде, сен де:
"Па, сабазын-ай!" дегім келеді,- дейді Жүсіпбек Аймауытов "Мағжанның ақындығы туралы" атты мақаласында [1, 370 бет].
Жүз қыран мың сан қолға араласты
Орғыған асқар таудай судай тасты.
Шыдамай жүз екпінге шулай беріп,
Қалмақты ә дегенде қара басты
Біраздан есін жиып бүріккен ел,
Қару ап, қара құрттай құжынасын.
Аз болса, бір қазаққа жүз қалмақ көп,
Ат қойып қиқу салып, қамаласты,
Тер саулап, тебішіден, қылыштан қан, Шоқ, түрін будақ-будақ аспанға асты [1, 47 бет]. Ақын бұл тұсты дамыта суреттеп, гипербола арқылы ұлғайтқан.
Бұл сонау ауыз әдебиетінен келе жатқан өмір құбылысын суреттеуде жиі қолданылатын поэтик тәсілдерінің бір түрі, дамыту-әсіресе батырлар жырында аттардың жарысып, батырлардың жекпе-жек шайқасқан жерлерін суреттеуде жиі қолданылған.
Не дерсің салпаң құлақ есектерге
Өгіздей өмір сүрген сүймей-жанбай [1, 34 бет]. Біз осы жолдардағы "салпаң құлақ есектерге" тіркесін аллегорияға жатқызамыз. Себебі, Мағжанның "салпаң құлақ есектер" деп отырғаны адамдар.
Зәки Ахметов "өлең сөзді теориясы" атты еңбегінде аллегорияны былай түсіндіреді: "Аллегорияда көпшлік жағдайд айтылып отырған нәрсені нақтылы, толығынан ауыспалы, туынды мағынаға бағыныңқы боғандықтан, мүлде әлсіреп, кейде тіпті анық сезілмейтін де кезі болады. Айталық, мысал өлеңдер де қандай да бір аңды не құсты адам кейпінде алып суреттегенде, оның өзінің нақтылы, қасиет-сипаттары толық сақталмайды, керісінше оларға өздерінде жоқ қасиеттер дамытылып, адамша сөйлеп, адамша ойлап деген секілді, адам ғана істейтін әрекеттерді істеп жүреді" [22, 24 бет].
Мағжан өзінің поэтикалық тілінде әдеби тілдің сөз байлығын өзінің шығармашылық лабораториясында жырлап, өңдеп пайдаланды, бейнелі ойды ұтымды, нанымды тарихи шындық тұрғысынан таныту үшін сөз байлығын, тіл тәсілдерін талғап қолданудағы қабілеттілігінің арқасында суреткер тілдік даралығын көрсетті.
Бақыт Сарбалаев "Мағжанның лирикасы" атты мақаласында: "Мағжан қайбір тақырыпты да жалпы адамзаттық тұрғыдан жырлайды оның үстіне нені өлең етсе де, шеберліктің шеңіне жете игереді. Өзінше шеруі - өзгеше көруге ұласып, ұдайы жаңалық танытады" [23, 10 бет],- деген еді.
Мағжан поэмасы көркем шығарма бола тұра, өзінің шұрайлы және образды тілімен, лирикалық байлығымен, тілдік тәсілдерді пайдаланудың көп түрлілігімен ерекшеленеді.
Сонымен қатар М. Жұмабаев поэма табиғатына психологизмді шебер үйлестіре береді, ол кейіпкер бейнесін психологиялық жай-күйін, қимыл-қозғалысын суреттеуде көрінеді.
"Кең ақыл, отты қайрат, сырттаным"- деп
Ер едім еркелеткен Алаш тамам
Сындырдым аз ғана Уақ елім белін,
Елімнен кетіп енді қайдан табам?
Жейтұғын өз күйігін болдым бөрі,
Ісімді мынау ағат немен жабам?
Қара бет болдым алаш баласына
Ер дер ме енді мені Абылай данам?! [1, 39 бет].
Ақын осы жолдарында Баян жан дүниесінің жұмбақ сырын, жаратылысын, адами табиғатын монолог арқылы ашады. Баянның монолог түріндегі "эллегиялық – жоқтауынан" адам қасында болатын әр түрлі ішкі сезімді, күйініш-сүйінішті көреміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет