Мағжан Жұмабаев шығармалары Кіріспе



бет1/8
Дата03.06.2023
өлшемі295 Kb.
#178196
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
kur -magzhan-zhumabaev-shygarmalary-36




Мағжан Жұмабаев шығармалары


Кіріспе

Бүгінгі өз алдына тәуелсіздік алған егенменді елміздің мәдениеті мен әдебиеті ұлттық сипатын айқындай түсуде. Бұл мақсаттың алғашқы қадам алаштың ардақты ұлдарын ақтаудан басталғаны баршамызға мәлім. Алаш азаматтары яғни қазақ зиялылары қазақ ұлтын жеке автономиялық мемлекет етіп құруды мақсат етті.Олардың осы өмірлік мұраттары шығармашылық идеяларын айналды. Бұл ұлт – азаттық идеяның әдебиетте алғаш көрініс беру еді. Бірақ ұлт – азаттық идея ұстанған ағым өкілдірі саяи айыппен қоғамнан аластатылды да, оларды тану, зерттеу соңғы жылдары қолға алынды. Басқа сөзбен айтсақ алаш азаматтары аңсаған екріндікті, егемендікті ұрпақтары біз көріп отырмыз.


Бүгінгі таңда жарты ғасырдан астам өз оқырманын күткен Мағжан Жұмабайұлының шығармашылығы қазақ халқының асыл мұрасына айналды. Осы уақыт ішінде Мағжан Жұмабайұлы шығармашылығы жан-жақты зерттелді.Ақынның қаламынан туған классиқалық шығармалар ұлт әдебиетін белгілі бір көркемдік дәрежеге көтерді. Ал ақын көркем туындыларындағы естетикалық таным өз бастауын ұлт тарихынан, халық ауыз әдебиетінен халықтық мәдениеттен алып жатады. Ақынның осы негізде қалыптасқан азаматтық ұстанымын тануда патриоттық рухта жазылған поэмаларының рөлі зор. Поэмаларының ішіндегі ең көлемдісі және алдымен ауызға ілігері - "Батыр Баян". Өйткені поэма идеясы ұлт тағдыры идеясынан туындаған.
Алғаш "Шолпан" журналының 1923 жылы №4–8 сандарында жарияланған "Батыр Баян" поэмасы тарихи деректерге қарағанда Мұқтар Әуезовтың үйінде бір таңда жазылған. Осы помасына негіз болған деректерді ақын Шоқан Уәлиханов еңбегінен алғаны баршамызға мәлім. Поэманың кейіпкері болып отырған Абылай хан да, Батыр Баян да өмірде болған адамдар. Және Баянның Абылай ханның сүйікті батыры болғаны да рас. Сондықтан Мағжан қазақ халқының тәуелсіздігі, бірлігі, бостандығы үшін күрескен – Абылай хан батыр Баян есімдерінің ел назарынан тыс қалып, ұмытыла бастауы бір кездегі, батыр халықтың рухының жойылуына апарып соғарын түсінгендіктен, "Батыр Баян" поэмасын жазған.
"Батыр Баян" поэмасында қазақтың хандық дәуірі, оның ішінде Абылай тұсындағы жаугершілік заман психологиясы көрініс тапқан.
Ақын шығарма мазмұнына реалистік оқөиғаларды мәселен, Абылай дәуірі, XVIII ғасырдағы қазақ батырлары, соның ішінде Баянның ерен ерлігі, қайсарлығы мен батыр мінезі, қалмақ пен жауласқан майдан даласы, Абылай мен Баян арасындағы сөз бәсеке, Сары батырұлы Қыстаубайдың қалмақ қызына ғашықтық оқиғасы, Жанатай өлімін таңдап ала отырып, тарихи шындыққа романтикалық қуат берген. Яғни негізгі мазмұнын тарихи оқиғалар құрып тұрған поэмаға ақын романтикалық махаббат, асқақ өлім ырғағын үстемелеу арқылы бүкіл өмірін қазақ жұртының тәуелсіздігі жолындағы күреске арнаған батыр Баян Қасаболатұлының образын сомдауға, характерін ашуға пайдаланды. Яғни ер Баянды Мағжаннан асып, ашын тарихқа қалдырып, танытып, бейнесін әдеби көркемдеген ешкім болмады.
Мағжан Жұмабаевтың "Батыр Баян" поэмасы екі тараудан тұрады. Бірінші тараудың бас шенінде ақын басқа поэмалар сияқты өз күй-сезімін толғап бастайды. Ақын өткен күн тақырыбына неліктен оралып отырғанын, қалам ұстаған кездегі жағдайын түсіндіруге бейім. Ары қарай Мағжан XVIII ғасыр Абылай заманын, қанша уақытқа созылған қазақ-қалмақ арасындағы айқасты суреттейді. Және поэманың драмалық тартысын күшейту үшін Баян-Ноян-қалмақ қызының арасындағы шиеленісті, ақыры Ноян мен қалмақ қызының өлімін жырлайды. Ал екінші тарауда ақын басшы кейіпкер Баянның жүз жігітпен қалмақ қолына шабуын, асқақ өлімін суреттейді.
Дерек көздерін және тақырыптың бұған зерттеулер деңгейіне келер болсақ, Шоқан Уәлихановтың бес томдық шығармалар жинағының бірінші томын айтамыз. (Алматы I том, 1961). Ал, "Батыр Баян" туралы алғашқы пікір Ж. Аймауытовтың " Мағжанның ақындығы туралы ( Ташкенттегі қазақ студенттеріне етілген баяндама "Лениншіл жас" журналы №5, 1923 жыл) мақаласында жарық көрді. Сонымен қатар Сәбит Мұқановтың "XX ғасырдағ,ы қазақ әдебиеті" еңбегінде біршама қаралады.
Мағжан Жұмабаев туралы көлемді еңбек Ш. Елеукеновтың "Мағжан" монографиясы (Алматы, Санат, 1995) жарық көрді. Зерттеуші Мағжан поэмасындағы психологизмді кеңінен қарастырады. Ал Сәкен Жүнісов "Мағжанның поэмалары" (қазақ әдебиеті 1990ж, 13 көкек) мақаласында ақын поэмаларының тақырыбына тоқталады. Б. Қанарбаеваның "Жыры мен жұртын оятқан" монографиясында (Алматы. Ана тілі 1998) Мағжан Жұмабаев шығармаларының монографиялық байланысы тарихи дере көздері қаралған. З.Т. Жұмағалиев "Шындық және көркем әдебиет" еңбегінде (Қарағанды 1993) ақын поэмаларын жап-жақсы қарастырады.Өмірхан Әбдиманұлы " XX ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиет" (Алматы Қазақ университеті, 2002) оқулығында және мақалаларында "Батыр Баяндағы" сонымен қатар, басқа поэмаларындағы азатшылдық рухтың көрінісін зерттейді. Бақытжан Майтанов "Мағжан Жұмабаевтың поэтикасы" (Алматы Қазақ Университеті 2001) оқу құралында поэма көркемдігін сөз етеді. Балтоғаева Жайлы Елеңқызы "Мағжан поэмаларының жанрлық көркемдік ерекшеліктер" (Алматы 2003) атты диссертациясында жанрлық ерекшеліктерге тоқталады. Ал Мүсілім Мұсағитов "Батыр Баян дағы таным және шындық" (Жұлдыз, 1994ж, 8) зерттеу мақаласында "Батыр Баян" поэмасынның сюжетінде Шоқан Уәлихановтың мақасымен салыстыра қарайды. Ерік Асқаров болса, "Батыр Баян туралы бірер дерек" зерттеуінде Ноян мен Қалмақ қызы туралы дерек келтіреді. Бұдан басқа мерзімді басылым беттерінде әр жылда мақалалар жарияланып отырады.
Бітіру жұмысымның құрылымына тоқталсам, жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қортындадан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда М.Жұмабаевтың "Батыр Баян" поемасының сюжет желісін Ш.Уалихановтың "XVIII ғасыр батырлары туралы аңыздар" мақаласымен салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажыратамыз. Яғни Мағжан Жұмабаев Ш.Уалихановтан дерек ала отырып, оны қаншалықты ұтымды пайдаланды, тарихи шындықтан алшақтап кеткен жоқ па, болмаса бұл деректерді қандай көркемдікке жеткізді деген сұрақтар төңірегінде зерттеу жұмысын жүргіздік.
Екінші тарау бойынша образдар жүйесі яғни Абылай хан, батыр Баян және Ноян мен Қалмақ қызының бейнесін жан-жақты талдауға тырыстық.Ақын осы образды сомдау арқылы не айтпақшы болды, болашақ ұрпаққа не ой тастап отыр осы сұрақтарға жауап іздеп, ой өрбіттік. Сонымен қатар, М.Жұмабаев "Батыр Баян" поемасын жазуда қандай көркемдеуіш құралдарды пайдаланды, қалай пайдаланды және қандай дәрежеге көтерді деген мәселелер төңірегінде зерттеу жүргіздік.
Мағжан мен тұстас дүл-дүл жазушы Ж.Аймауытов Ташкенттегі студенттер алдында оқыған "Мағжанның ақындығы туралы" баяндамасында: "Мағжанның ақындығын сынауға біліміміз, күшіміз кәміл жетеді деп айта алмаймыз: толық сынау үшін, оның алды-ыртын орап, өрісін арылтып шығарлық сегіз қырлы, негізді білім керек" деген еді [1, 365бет]. Осы сөзді ойға ала отырып, шамамыздың жеткенінше зерттеу жұмысын жүргіздік.""""""




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет