Мағжанның табиғат лирикасы



бет5/26
Дата06.02.2022
өлшемі1,24 Mb.
#35193
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

Белден батып күртікке


Енді ізде қызыл су.
Қара көз таста кестеңді,
Үйде отырып қуарма!

Тысқа шығып-кіргенде


Екі беті – екі алма.
Дертің болса жүректе,
Төкпе жасың, аһ ұрма.
Жеткізер анық тілекке,
Шық та жазға сыбырла.
Күн батқан соң қатқақ боп
Қуанғанда ессіз қар,
«Жаз келеді, жаз,жаз!» – деп,
Жымыңдайды жұлдыздар.

Бұл өлеңге адам сезімін, қыс бойы дертті боп үйде отырған қара көз бейнесін қосады. Дертің болса, оған дауа жаз келді дейді.


«Сең» өлеңінде табиғатқа тағы да ғашықтық, тастап кету, соған ызалану секілді сезімдерді береді

Сары аяз – сүйген жар


Қайрылмай кеткен соң,

Қайратсыз қалың қар


Жылаумен біткен соң,
Жел сипап, күн күліп,
Мазақ қып сүйген соң,
Боларын бір сұмдық
Ішінен түйген соң.
Қалың мұз кәрленіп,
Қара көк түс алды.
Еруге арланып,
Кетпекке ойланды.
Бұзыла – жарыла
Антұрған аптықты.
Өзеннің жарына
Асығып соқтықты.
Өткен соң жаз алты ай,
Ашуын жимақшы,
Өзенді еркетай
Ойыннан тыймақшы.
Барады шамасы

Суыққа қашпақшы.


Мұз теңіз – анасы
Құшағын ашпақшы.
Қалың мұз қара көк,

Ойлама құр бекер


Суыққа жетем деп,
Ыстық күн ерітер.

Мұнда сары аяз сүйген жар қарамай кеткен соң қалың қар жылаумен жоқ болды, ал қалың мұз жел мен күн мазақ қылған соң, кәрленіп, қара көк түске енеді, бір сұмдықтың боларын ішінен түйіп, кетуге ойланады, анасы – мұз теңізге жетпекші. Мұндағы бейнелер: сары аяз, қалың қар, жел, күн, қалың мұз, мұз теңіз, ерке өзен. Ақын оған суыққа жете алмайсың, ыстық күн ерітеді деп, өзі де өлеңге сегізінші бейне боп қосылады.


Көп уақыт жатқан мұздың қара көк түске айналатыны белгілі. Ақын осыны мұздың кәрленуімен байланыстырып, адамдардың да ашуланғанда түтігіп, көгеріп кететінін есімізге түсіреді. Суреткер табиғи көріністен адам кейпін дәл байқаған, әрі өлеңдегі мұздың рөліне де бұл сипаттау .тура келіп тұр.
Жоғарыдағы «Жазғы жолда», «Қысқы жолда» өлеңдерінде лирикалық кейіпкер біреу ғана болатын. Ал «Жазғытұрым» ,«Сең» өлеңдерінде кейіпкерлер бірнешеу болып, табиғаттағы тұрақты болып тұратын құбылыстар мен адамдар арасында болып жататын әртүрлі әрекеттер, сезімдер, қарым-қатынастар ұқсастығына қарай бір-бірімен қабысып жатады. Мысалы, «Сең» өлеңіндегі табиғат құбылысы адамдарда болатын махаббаттағы тұрақсыздықты, алданып қалуды көрсетеді. Мағжанның табиғатындағы кейіптеу көбінесе адамдар сезіміне, махаббатқа арналады. Бұл Мағжанның табиғат лирикасының екінші бір ерекшелігі. «Толқын» өлеңінде толқындар жар кейпінде бейнеленеді:

Толқынға толқын еркелеп


Меруерт көбікке оранып
Жыландай жүзге бұралып
Жарға жетер ентелеп.
Күміс кәусар суымен
Суының алтын буымен
Жарының бетін жуады.
Мөлдіретіп көз жасын
Жасымен жуып жартасын
Сүйіп сылқ-сылқ күледі.
Сылдыр-сылдыр, сылдырлап
Бірінің сырын бірі ұрлап
Толқынды толқын қуады.
Жарына бал береді.
Береді де өледі.
Өледі толқын – тынады.

Мұндағы жартас – толқындардың жары. Ақын кәдімгі күнде болып жататын табиғаттың заңды құбылысының өзінен адам тіршілігін, адамға тән әр түрлі қарым-қатынасты көре білген. Ақын қиялының соншалықты байлығына, нағыз суреткерлігіне тәнті боламыз.Орыс ақыны Бальмонттың «Белый пожар» атты өлеңі де толқынды сипаттайды:


Я стою на прибрежье, в пожаре прибоя,


И волна, проблистав белизной в вышине,
Точно конь, распаленный от бега и боя,
В напряженье предсмертном домчалась ко мне.

И за нею другие, как белые кони,


Разметав свои гривы, несутся, бегут,
Замирают от ужаса дикой погони,
И себя торопливостью жадною жгут.

Опрокинулись, вспыхнули, вправо и влево,


И, пред смертью вздохнув и блеснувши полней,
На песке умирают в дрожании гнева
Языки обессиленных белых огней. (1901)

Бальмонт толқынды шауып келе жатқан ақ аттарға, ақ жалынға ұқсатады.Ол да толқынның соңында жоқ болуын «өледі» деген сөзбен береді. Бальмонттың лирикалық кейіпкері үшін жай ат емес, соғыстан келе жатқан ақ ат, ақ жалын маңызды. Толқынның түсі ақ болатындықтан, оның аты мен жалынының да түстері ақ. Бальмонт басқа өлеңдерінде отты ең әдемі құбылыс деп санайды. Толқын мен жалынның қимылдары бір-біріне ұқсас болғандықтан да ақ жалын деген метафораны қолданған.


«Батқан күн, атқан таңның жыры» өлеңі азамат лирикасына жатса да, мұндағы табиғат көрінісі де жоғарыдағы ойымызды нақтылай түседі:

Алтын күн батып барады


Алтын күн ақырын өледі.
Сұр бұлттар – сорлы жар,
Қан жылап күнді көмеді.
Күн өлді. Көк күңіренді.
Жер жамылды қарасын…
Жер жарынан айрылып,
Жамылды қара басына…

Бұл өлеңнен де жар бейнесіндегі бұлт пен жерді көреміз. Жай ғана кейіптей салмайды. Күнде қайталанатын күннің батуын, қараңғылық түсуін, күн батып бара жатқандағы бұлттардың қызыл шапаққа бөленуін тұтас, бір-бірімен байланысты әрекет етіп бейнелеген. Былай қарағанда, күннің батуы мен содан кейінгі болатын өзгерістер жарынан айрылып, қара жамылған адам әрекетінен аумайды.


Қорыта айтқанда Мағжанның табиғат лирикасы ақынның стилін айғақтай түседі. Табиғат лирикасына ақынның өз бояуын қосқаны, ешкімге ұқсамайтын суреткерлік бай қиялы аңғарылады. Табиғат жұмбағы мол тылсым дүние болса, Мағжанның табиғат лирикасы да сол табиғаттың өзі секілді. Бұл салада қазақ әдебиетіне Мағжанның жаңалық қосқаны даусыз.



Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет