Макет заголовка с рисунками


Жүгері майы, экстракт және жемдер өндірісі. Майды алу



бет10/13
Дата07.02.2022
өлшемі4,53 Mb.
#87463
түріПрезентация
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
презентация

Жүгері майы, экстракт және жемдер өндірісі. Майды алу. Жүгері дәнінде майдың 5-6% (құрғақ заттар массасына) болады. Оның барлығы ұрықта жиналады. Ұрықтың шығуы сусыз жүгерігн 6-7% құрайды. Шикі ұрықты 2,0-2,5% дейін кептіреді. ЗМ маркалы вальцты құрылғыда майдалайды, одан жұмсағын алып, шнекті пресстерде бірінші пресстеуге жібереді. Бөлінген май рафинацияға түседі, пресстеуден қалған күнжараны майдалайды, жаровняларда қыздырып, екінші пресстеумен қосымша тағы да май алады. Майдың шығуы сусыз жүгері массасына 2,8-3,3% құрайды. Экстракт алу. Жүгері дәнін суға салғанда, құрғақ заттары 8-9% экстракт алады. Оны құрғақ заттар құрамы 35-40% дейін булап, жемдерді өндіруге қолданады. Жүгері экстрактын тағы антибиотиктер дайындауда да қолданады және нан жабудағы ашытқыларды алуда. Бұл мақсаттар үшін оны алдымен құрғақ заттар құрамы 50% дейін булайды.

  • Жүгері майы, экстракт және жемдер өндірісі. Майды алу. Жүгері дәнінде майдың 5-6% (құрғақ заттар массасына) болады. Оның барлығы ұрықта жиналады. Ұрықтың шығуы сусыз жүгерігн 6-7% құрайды. Шикі ұрықты 2,0-2,5% дейін кептіреді. ЗМ маркалы вальцты құрылғыда майдалайды, одан жұмсағын алып, шнекті пресстерде бірінші пресстеуге жібереді. Бөлінген май рафинацияға түседі, пресстеуден қалған күнжараны майдалайды, жаровняларда қыздырып, екінші пресстеумен қосымша тағы да май алады. Майдың шығуы сусыз жүгері массасына 2,8-3,3% құрайды. Экстракт алу. Жүгері дәнін суға салғанда, құрғақ заттары 8-9% экстракт алады. Оны құрғақ заттар құрамы 35-40% дейін булап, жемдерді өндіруге қолданады. Жүгері экстрактын тағы антибиотиктер дайындауда да қолданады және нан жабудағы ашытқыларды алуда. Бұл мақсаттар үшін оны алдымен құрғақ заттар құрамы 50% дейін булайды.
  • Глютенді концентрлеу. Крахмал-ақуызды суспензиядан крахмалды алғанда тарелкалы сепараторларды сұйық қалдық ретінде, құрғақ заттар құрамы 1% болатын ақуызды суспензияны алады, оның ішінде 65-70% - ақуызды. Алынған суспензияны арнайы құрылғыда (РЗ-ПКФ – 150 маркалы флотационды камералар) қоюландыратын глютенге және ақшыл глютенд суға бөледі. Глютеннің соңғы қоюлануын (құрғақ заттар 12% дейін) ПРП маркалы орталықтан тепкіш сепараторларда жүргізеді. Кейін глютенді вакуум-сүзгілерде немесе сүзгі пресстерде механикалық сусыздандырады. Вакуум-сүзгілерден кейін глютен ылғалдылығы 68-72% болады., сүзгі-пресстерде сусыздандырғанда ылғалдылығы 64-68% глютен алынады. Глютенді суды түрлі технологиялық мақсаттарда қолданады.
  • Жемдерді алу. Жемдерді өндіруге күнжараны қолданады – ұрықтан майды алғаннан кейінгі қалдық және ірі немесе майда мезганы, сечканы (майдаланған дән) глютенді және экстрактты қолданады. Мезганы немесе глютенді алдымен құрғақ заттар құрамы 35-42% дейін, сұйық жүгері экстрактын құрғақ заттар концентрациясын 30-35 % жеткенге дейін қоюландырады. Жемдер өндіруде сірне және глюкозаны өндірістен алынатын сүзгілік тұнбаларды да қолданады. Жемдердің компоненттерін белгілі бір қатынаста араластырады, ылғалдылығы 12% дейін кептіреді, електен өткізеді, ферро қоспалардан бөліп, қоймаға жібереді. Құрғақ жүгері жемі ТШ талаптарын сай болу керек және құрамында (%-бен): ақуыз – 18-19, крахмал 18-25, май – 7-9, күлділігі – 1-4.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет