«Макроэкономика» пәнінен ДӘріс жинағы шымкент


Тақырып 13. Төлем балансы



бет44/68
Дата11.12.2021
өлшемі1,81 Mb.
#79106
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   68
Байланысты:
Конспект лекций по макро каз 2020
1 лекция — студент ЭМР
Тақырып 13. Төлем балансы.

1.Төлем балансы: мәні және теориялары

2.Төлем балансының құрылымы.

3.Төлем балансы шоттарының өзара байланысы.


Төлем балансы, төлем теңгерімі – елдің халықаралық алыс-берісінің валюталық түсімдері мен төлемдерінің арақатынасы нысанындағы теңгерімдік шоты. Төлем балансы екі бөлімнен тұрады, олар: ағымдағы алыс-беріс сауда теңгерімі – тауарлардың экспорты мен импортының арақатынасы; “көзге көрінбейтін” алыс-беріс теңгерімі С көрсетілетін қызметтер мен бейкоммерц. төлемдерді қамтиды); капиталдар мен несиелер қозғалысының теңгерімі (мемлекеттік және жеке меншіктегі капиталдардың әкетілімі мен әкелінімін – халықаралық несие алу мен беруді көрсетеді). Төлем балансында халықаралық ақшалай алыс-беріс көрсеткіштері жетекші орын алады, бұл көрсеткіштер “көзге көрінбейтін” алыс-берістер бойынша, әсіресе, сыртқы сауда бойынша төлемдер мен түсімдерден асып түседі. Халықаралық валюта қорына (ХВҚ) мүше елдер, соның ішінде Қазақстан өкіметі Төлем балансын жасау барысында жалпы тұжырымдалған ұсыныстарды негізге алады, бірақ әр ел өздерінің сыртқы шаруашылық байланыстарын есептеудің ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, қосымша нышандар енгізеді. Жарияланатын Төлем балансында іс жүзінде төленген немесе дереу өтелуге тиіс төлемдер мен түсімдер ғана емес, сонымен бірге халықар. талаптар мен міндеттемелер де, яғни есептесу теңгерімінің нышандары да қамтылады. Төлем балансы белгілі бір күнге немесе белгілі бір кезеңге жасалады.

Төлем балансы (balance of payments) – резиденттер мен бейрезиденттер арасындағы белгілі бір уақыт кезеңіндегі экономикалық операциялар жиынтық түрде көрсетілетін статистикалық есеп.   Төлем балансында нақты ресурстардың ағындары (тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспорты және импорты) және тиісті нақты ресурстарды сатып алу төлемі немесе оларға тәуелді емес қаржы ағындары болып табылатын қаржы ресурстарының ағындары көрсетіледі.



Стандартты төлем балансы үш бөлімнен тұрады:

  1. Ағымдағы операциялар шоты, резиденттер мен бейрезиденттер арасындағы тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, бастапқы кірістердің және қайталама кірістердің ағындарын көрсетеді. Ағымдағы операциялар шотының сальдосы экономиканың ішкі жинақ мен инвестициясының теңгерімін көрсетеді;

  2. Капиталмен операциялар шоты, өндірілмеген қаржылық емес активтермен және капиталдық трансферттермен сыртқы экономикалық операцияларды қамтиды;

  3. Қаржылық шот, резиденттер мен бейрезиденттер арасындағы қаржы активтерімен және міндеттемелерімен операцияларды және нақты ресурстардың экспорты мен импортын қаржыландыру көздерін көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет