Макролидтер Бұл топтың антибиотиктері өзінің молекулалық негізінде әр түрлі қанттармен байланыстқан макроциклді лактонды сақинадан тұрады. Макролидтердің өкілдері эритромицин, олеандомицин, рокситромицин, кларитромицин



бет3/13
Дата26.04.2024
өлшемі37,66 Kb.
#201434
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
38-40 фарм
Фтизиатрия 5 курс рус, №2 АБ 1, 3 билет, вся методичка в печть готовая, Retsepty po farmakoglogii, rezolucia-conf-kz, арука шыгару, -921033374, «Жедел медициналы ж рдем»иси и в, внутиривенной инфузушений ий , транспортировка пострадавших, Раны и кровотечения, 5. Выполнение транспортной иммобилизации при переломе костей ниж, skoraya-medicinskaya-pomoshh-pri-anafilakticheskom-shoke-u-detej-, okazanie-neotlozhnoj-pomoshhi-pri-ostanovke-serdca-, тест
Стрептомицин Actinomyces globisporus streptomycinі өндірілетін антибиотик. Меди-
цина практикасында колданылатын негізгі препарат стрептомицин сульфаты
(химиялык кұрылымын қара). Стрептомициннің белсенділігі әсер бірлікпен (ӘБ)
хәне салмақтық бірлікпен белгіленеді. Негіздік стрептомициннің 1 ӘБ 1 мкг-ға
сәйкес келеді.

Стрептомициннің микробтарға қарсы әсер ету спектрі кең. Оның туберкулез


микобактериясына, туляремия және оба қоздырғыштарына тежегіш әсер етуі өте
маңызды. Сонымен қатар ол патогенді кокктарға, протейдің кейбір штаммдарына,
көк ірің таяқшаларына, бруцеллаға тағы басқа грам-оң және грам-теріс бакте-
рияларға жойғыш әсер көрсетеді. Стрептомицинге анаэробтар, спирохеталар, рик-
кетсиялар, вирустар, патогенді саңырауқұлақтар, қарапайымдар сезімтал емес.
Бұл антибиотикке бейімделу салыстырмалы түрде тез дамиды. Біркатар жағдай-
ларда стрептомицинге тәуелді штаммдардың түзілуі байқалды, олардың өсуі және
көбеюі үшін стрептомицин қажет.
Препарат асқазан-ішек жолдарынан нашар сіңеді. Бұлшықетке енгізгенде 1-2 сағ
кейін қан сарысуында стрептомициннің жоғарғы концентрациясы жиналады. Ол
негізінен экстрацеллюлярлы таралады. Құрсақ куысы мен плевра куысына, жүктілік
кезінде ұрық тініне өтеді. Әдетте гематоэнцефалдық тосқауылдан өтпейді; ме-
нингит кезінде стрептомицин үшін гематоэнцефалдық тосқауылдың өткізгіштігі
жоғарылайды. Қан сарысуында стрептомицин мөлшерінің 50%-ға азаюы 2-4 сағ
кейін байқалады. Стрептомициннің көп бөлігі өзгермеген түрде бүйрек арқылы
(сүзілу жолымен) шығады. Аз бөлігі өт аркылы ішекке түседі.
Стрептомицин сульфаты негізінен туберкулезді' емдеу үшін қолданылады. Бұдан
басқа оны туляремияны, обаны, бруцеллезді, зәр шығару жолдарының, тыныс алу
мүшелерінің инфекцияларын, сондай-ақ басқа ауруларды емдеу үшін қолданады.
Препаратты бұлшықетке (тәулігіне 1-2 рет), сондай-ақ дене қуысына жиі енгізеді.
Стрептомицин сульфаты ішек микрофлораларына әсер ету максатында ішке
тағайындалады. Менингит кезінде ми кабығының астына инъекция жасау үшін, тек
стрептомицин хлоркальцийлік кешені (стрептомицин гидрохлориді және кальций
хлоридінің қос тұзы) қолданылады. Соңғысы стрептомициннің басқа препаратта-
рына карағанда аз тітіркендіреді. Бірақ стрептомицин хлор кальцийлік кешенінің
уыттығы өте жоғары, сондықтан оны тек өте қажет болғанда қолданады.
Стрептомициннің жағымсыз әсерлеріне аллергиялық және аллергиялық емес қа-
сиеттері жатады. Ең кауіптісі оның ототоксикалық әсері болып табылады, ол вести-
булярлы мүшенің және бас сүйек жүйкесі VIII жұбының есту тарамының сезімтал
тар
жасушаларының закымдануына байланысты. Бұл кезде вестибулярлық бұзылыстар
және естудің төмендеуі дамиды. Біркатар авторлардың пікірінше кальций панто-
тенатын тағайындағанда аталған жанама әсерлердің даму мүмкіндіктері азаяды.
Стрептомициннің нефротоксикалық әсері бар. Стрептомицин жүйке-бұлшыкет
синапсына тежегіш әсер көрсетеді, бұл тыныс тежелуінің себебі болуы мүмкін. Со-
ан
нымен катар оның тітіркендіргіш әсері бар, осыған байланысты инъекция жасалған
жерде ауыру сезім пайда болады.
Стрептомицин препараттарын тағайындағанда аллергиялық реакциялар да (қыз-
ба, терінің закымдалуы, эозинофилия, сирек жағдайда анафилаксиялык шок және
1.б.) байкалады. Стрептомицинмен емделу барысында суперинфекция дамуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет