Мал өcipy. Алматы:Қайнар, 1995



бет3/24
Дата18.02.2017
өлшемі5,89 Mb.
#9897
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

15

Ең жақсы төсеніш — күздік дақылдардың сабаны. Олар ылғалды өзіне тартьш, көң сапасын жоғарылатады. Бір сиырдан жылына 10 тоннадай көң түседі, оның жақсы органикалық тыңайтқыш ретінде маңызы зор.

Көңнің тыңайтқыштық қасиеттері жоғары болу үшін ондағы азотты сақтап қалу қажет. Ол үшін көң жинайтын жерді таптап, жиналған нәжісті нығыздап жинайды. Оның арасына ауаны аз енгізу үшін үстін сиыр зәрімен ылғалдандырып тұрады. Қатты нығыздалынбаған көңде жылу көтеріліп, органикалық заттары ыдырай бастайды.

Жас кезінде сиырды бұзауымен қора алдындағы жеңіл қалқа — лапас астында ұстауға болады.

Сиыр қорасының төбесін су өтпейтщдей етіп шатырлап, жабады. Күнделікті жұмыс үшін қорада қажетті айыр, күрек, сыпырғыш, шелек, қырғыш, көң таситын қорап сияқты құрал-саймандар ғана тұрады. Бір бұрышына биіктеу жерге қойылған қорапқа салынып каустикалық сода, креолин, формалин сияқты дезинфекциялық заттар, басқа жәшіктерде — қажетті минералды және дәрілік қоспалар сақталынады.

ІРІ ҚАРА АЗЫҚТАНДЫРУ

Қолдағы сиырдың сүттілігі алдымен оның дұрыс азықтандыры-луына байланысты. Әрбір литр сүт түзу үшін желін тамырлары арқылы 500 литрден астам қан өтеді екен. Ал тәулігіне оншақты литр сүт шығатын сиырларды алсақ, олардың желін тамырлары арқылы 5—6 мың литрдөн астам қан өтетінін өсептеу қиын өмес. Осы қан құрамында сүтті түзуге қажетті бүкіл қоректік заттар мен қосындылар жеткізілуге тиіс қой. Ал олар қайдан алынбақ? Қан құрамына малдың ас қорыту жолдарындағы қорытылған азықтық қоректік заттары сіңіріледі. Сондықтан қан мен қажетті қосындылар сүт түзу үшін, малды жан-жаңты толықтырылған азықтық, рациондармен жеткілікті дәрежеде азықтандыруқажет.

Сиырды дұрыс азықтандыру үшін олардың негізгі ас қорыту ерөкшеліктерін білген жөн. Басқа да күйіс қайыратьш мал сияқты сиыр жеген азық та алдымен төрт камерадан тұратын асқазанының алдыңғы камералары — үлкен қарын, жалбыршақ және тақия қарындарда алдынала өңдеуден өтеді. Бұл алдыңіғы қарындарда көптеген микроорганизмдер тіршілік етеді. Осы қарындар олардың өсіп-өнуіне әбден қолайлы. Алдыңғы қарындарда ұлтабардағыдай өте қышқыл реакциялы қарын сөлі немесе тұз қышқылы болмайды, ал күйіс қайыру кезінде сиырдың сілекей бездері шығаратын сілекейі көп мөлшерде үлкен қарынга құйылъш, ондағы ортаға микроорганизмдер тіршілігіне қолайлы сілтілік реакция береді. Содан барып алдыңғы қарындарда әбден күйселіп, шайналып, ұсақталмаған азық бөлшөктері біршама уақыт кідіретіндіктен олардың қоректік заттарын пайдаланьш, көптеген

16

микроорганизмдер өсіп-өнеді. Олар бір клеткалы жануар тектес (микрофауна) және қарапайым өсімдік тектес (микрофлора) ор-ганизмдерден тұрады. Өздерінің тіршілік процестеріне үлкен қа-рынға түскен азықтық заттарды пайдаланып, өз денесінің қо-сындыларына енгізед,і. Мысалы, азықтық азоттың заттарды игеріп, өз денесі белогының амин қышқылдарын түзеді. Олар белоктық азот пен белок емес заттардың (амидтердің), сонымен қатар тіпті анорганикалық азотты (карбамид сияқты химиялық қосындыларды) да игере алатындығын ескерсек, осы микробиологиялық түзу арқылы сиырларға құнсыз азоттық, қосындылардан ауыспайтьш амин қышқылдарына байытылған құнды белоктар жеткізіледі. Міне, осыдан эволюция барысында макроорганизм (сиыр) мен микроорганизмдер (үлкен қарын микрофлорасы мен микро-фаунасы) бір-біріне қажетті жағдай туғызып, өзара тіршілік етеді.

Алмастыруға келмейтін аминқышқылдарымен қатар алдыңғы орындардағы микроорганизмдер маңызды витаминдерді (В12 цианкобаламин, К витамині) де түзетінін ескерсек, олардың азықты биологиялық өңдеуден өткізуінің малға қаншалықты маңызды екенін ағару қиын емес.

Сондықтан ірі қараның азық рационын олардың алдыңғы қата-рындарында өтетін микробиологиялық процестерді ескере отырып жасау қажет. Азық рационы арқылы алдыңғы қарындардағы микробиологиялық түзуді неғұрлым ұлғайта алсақ, малды жоғары сапалы белоктың заттармен, қажетті витаминдермен солғұрлым қамтамасыз ете аламыз. Оның алғашқы шарты — сиыр рационы-ның бірыңғай сақтап, тез бұзбай, ал қолданылатын жаңа азықтарды біртіндеп, азаздап енгізеді. Сондай-ақ қысқы азықтандырудан жазғы жайылымға ауыстырғанда да осы қағиданы ұмытпай, қысқы азықтарды жайылым отымен біртіндеп қана ауыстыру қажет. Сонда ғана сиырды іш өту індетінен сақтандырьш, қысқы рациондарға бейімделіп қалған микроорганизмдер ассоциациясын сақтап қалуға болады.

Сиыр азықтандыруды дұрыс ұ.йымдастыру үшін оның жасына, тірілей салмағына, физиологиялық жағдайына, өніміне қарап оларға қажетті қоректік заттар мөлшерін (азықтық нормасын) анықтауға болады. Қазіргі кезде сиырларга 80-нен астам қоректік және биологиялық активті заттардың қажет екендігі белгілі больш отыр. Әрине азыңтандыру барысында олардың бәрінің деңгейін бақылау мүмкін емес. Сондыңтан сиыр организмінің қоректік заттарға деген мұқтаждығын көрсететін нормалық көрсеткіштер ретінде ең маңызды алты көрсеткіш алынады.

Олардың ішіндөгі негізгісі — организмнің жалпы энергиялың мүқтаждырын көрсететін Советтік азық өлшемі. Қазіргі уақытта бұл өлшем ретінде құнарлылығы өгіз денесіне 150 грамм май байлайтын 1 кг сұлы алынған. Советтік азықөлшемімен қатар құндылығы алмасу энергиясының 2500 килокалориясына тең энергиясының



17

2500 килокалориясына тең энергиялың азық өлшемі де қолданылады.

Белоктық қажеттіліктің көрсеткіші ретінде қорытылатъш про-теин,, минералдық көрсеткіштер ретінде — ас тұзы, калций жәнө фосфор, витаминдік көрсеткіш ретінде — каротин алынған. Міне, осы алты көрсеткіш малдың азық нормасын белгілейді. Әсіресе организм қажеттігін энергиядан кейін белоктық заттармен қамта-масыз етудің маңызы өте зор. Өйткені олар организмдегі пласти-калық, құрылымдық түзу процестерін қамтамасыз етеді.

Әр түрлі физиологиялық жағдайларына байланысты сиыр ор-ганизміне қажетті азық өлшемі мен қорытылатын протеин көлемін жаттап алған жөн. Буаз сиырлар 3000 литрдей сүт өндіретін болса 300 килограмнан 500 кидограмга дейінгі салмагына 5—8 советтік азық өлшемі, 600—900 грамм қорытылатын протеин қажет.

Сауын сиырлардың әр 100 килограмм тірілей салмағына ша-мамен 1 азық өлшемі, ал өндірілетін сүттің әрбір килограмына 0,5 азық өлшемі жұмсалады, Рациондағы әр азық өлшөмінде 110— 120 грамм қорытылатын протеин, 7—10 грамм ас тұзы, 9—10 грамм кальций, 5—6 грамм фосфор, 40—60 миллиграмм каротин

болуға тиіс.

Тұмса сиырлар мен арық сиырлар үшін осы көрсеткіштерді 1—2 азық өлшеміне ұлғайтады. Сонда қоректік заттар мөлшөрі де

өседі.


Тана-торпақтың нормасын қосылатын салмағына қарай белгі-лөйді. Бір жасқа дейін әрбір кг қосқан қосымша салмағына 6—7 азық өлшемі, 660—840 грамм қорытылатын протеин керек болса, 1—2 жас аралығында 8—9 азық өлшемі мен 800—900 грамм қо-рытылатын протөин қажет. Бордақылаудағы сақа малдың әрбір килограмм қосқан қосымша салмағына 10—12 азық өлшемі, 700—960 грамм қорытылатын протеин керек.

Сауын сиырларына қажетті нормалар 3-таблицада келтірілген.

Азықтандыру нормасын анықтап алғаннан кейін соның негі-зінде, қоректілігі нормалық көрсеткіштерге дәл келетіндей етіп азық рационын жасайды. Азык, рационын малдың сүйсініп жейтін азықтарынан белгілі зоотехникалық ережелер бойынша жасаған дұрыс. Ол ережелерден бұрын сиыр азықтарына тоқтальш

өтейік.


Бұл азықтар шығу тегі жағынан өсімдік төктес және жануар тектес болып екіге бөлінеді. Жануар тектес азықтарға сүт және сүт өнімдері, ет және балың комбинаттарының қалдықтары жатады (ет, ет-сүйек, қан және балықұны). Олар рационда қосымша азықтар ретінде к,олданылады, ал рацион негізін өсімдік тектес азықтар құрады.

Өсімдік тектес азықтар құрамы және құнарлылығы жағынан көк, шырынды, ірі азықтар мен жемнен тұрады. Көк азықтарға өсіп тұрған немесе орыльш 'берілетін табиғи және қолдан егілген жайылым оты, шырынды азықтарға сүрлем, тамыр-түйнек жеміс-

18 .

3. Сиырларды азықтандыру нормасы

тілер бақшалық дақылдар ,ірі азықтарға пішен, пішендеме,сабан топан, жемге қүрама жем, астық және бұршақ тұқымдастар дәні, кебек, күнжара, шроттар жатады.



Көк азықтар — ірі қараның жазғы уақыттағы негізгі азығы. Жақсы жайылымда сауын сиырлар тәулігіне 70 килограмға дейін көк балауса жей алады. Жас көк балаусаның ылғалдылығы жоғары болғандықтан жалпы құндылығы 0,18—0,29 азық өлшемі аралығында болады. Орташа химиялық құрамын алғанда түрлі жайылым отында 60—80% су, ал құрғақ затында 20—25% протеин, 10—18% клөтчатка, 4—5% май, 35—50% азотсыз экстравтік заттар, 9—11% минералды (күлді) заттар болады. Құрамында мал организмінің тіршілігіне қажетті барлық дерлік қоректік және биологиялық белсенді заттар, ең алдымен витаминдер, өте жақсы сіңірілетін болғандықтан көк азықтардың қоректілігі мен құндылығы өте жоғары бағаланады. Жалпы қоректілігі жағынан көк азықтардың құрғақ заты құнарлы жемдермен тең түссе, биологиялық және витаминдік бағалылығы жағынан олардан анағұрлым басым.

Жазғы уақытта сиырларды күн ұзағына (тәулігіне 14—16



19

сағат), әсіресе ертеңгі және кешкі салқынды пайдаданып өріске шығарған жөн. Жайылымда сиыр жақсы серуендейді. Оның үстіне күн сәулесін қабылдап, ширайды, денесіне белок, май, минералды заттар және витаминдер қоры жиналады. Олардың өнімділігі артып, өнімінің сапасы жақсарады. Мысалы, сүт құрамында каротин көбейгендіктен одан шайқалған май сары түсті, мол витаминді келеді. Сиырлардың күйті жақсы келіп, ұрықтанғыш қабілеті артады.

Көктемгі уақытта көк шыға сиырларды бірден жайылым отына шығаруға болмайды. Қысқы ірі азықтарды бірден шырынды көк балаусамен алмастырса, алдыңғы карындардағы микробиологиялық, процестер күрт өзгеріп, көптеген ішкі газдар пайда болады. Сөйтш сиырдың іші кеуіп (тимпания) кетеді. Тіпті іші де өтеді. Оның алдын алу үшін малды жаңа шыққан көк балаусаға біртіндеп, өріске шығар алдында ірі азықтар беріп алып жайған жөн. .

Өріс те, суат та онша алыс болмауы тиіс. Жайылымды алдын- -ала тастардан, былтырығы өсімдік қалдықтарынан бөгде заттардан тазартып, сиырларды әрқайсысына бірнеше күннен жаятын өріс-терге бөлген жөн. Сонда бір жағынан жайылым отын сақтап, ал екінші жағынан оларды қажетті мөлшерде көк азықпен қамтамасыз етіп тұруға болады. Бір килограмның орташа қоректілігі 0,22 азық өлшемі, 25 грамм Қорытылатын протеині, 3,0 грамм кальцийі 0,7 грамм фосфоры, 40—60 миллиграмм каротині бар шалғында тірілей салмағы 450—500 килограмдық сауын сиырлар тәулігіне 8 литр сүт өндіргенде 40—45 кг, 10—12 литр өндіргенде —55—65 кг, 18—20 литр өндіргенде —65—75 кг көк азық жеуге тиіс. Сүттілігі өте жоғары болса немесе жайылым оты мардымсыз болып, соған орай сиыр күні бойы көк азықты мұндай мөлшерде жұлып жей алмаса, оларды орылған балаусамен қосымша азықтандырады.

Көк азықтардың қоректілігі жайылым отының құрамындагы шөп түрлеріне байланысты. Бұршақ тұқымдастардың (бөде, жоңышқа түрлері) құрамында протеин көп болғанымен, олар ыстық тұқымдастарына қарағанда қантқа кедей. Ал ірі қараның алдыңғы қарындарындағы микробиологиялық процостерге ең қолайлысы қант-протеин ара қатынасының 1:1 екенін ескерсек, онда сиыр-ларды ең жақсысы бұршақ және астық тұқымдастар қатар өсетін жайылым отымен азықтандырған тиімді.

Жазғы уақытта сауын сиырларды тәулігіне 3—4 рет суарып, қажетті мөлшерде жалайтын ас тұзымен қамтамасыз еткен дұрыс.



Шырынды азықтар. Ірі қара, әсіресе сауын сиырлары рацион-дарында олардың сүтін көтөретін тамыр-түйнек жемістілер (қант және қызылша, сәбіз, картоп) және бақша дақылдары (асқабақ, қарбыз, қауын) кеңінен қолданылады. Олар өте жеңіл қорытылып, малды қантпен, ал сәбіз, асқабақ А витаминінің алғашқы түрі каротинмен қамтамасыз етеді. Оларды сиыр сүйсініп жейді.

20.


Құрамындағы қант сиыр рационындағы қант-протеин ара қаты-насын жақсартып, қоректік заттардың қорытылуын жоғарылатады.

Сауын сиырларға қызылшаны тәулігіне 30 кг, ал картопты 15 килограмға дейін беруге болады. Яғни олардың жылдық қоры сиыр басына — қызылшаныкі 10—15 ц, ал картоптікі 5—10 ц. Тек қант қызылшасын қолданғанда ескеретін жайт — оның тәуліктік мөлшерін сиырдың сүттілігіне орай бірнеше рет бөліп беру керек. Өйткені сиыр организмінде лактаза ферменті азығынан қанттың көптеген мөлшері ыдырап үлгермей, ашьш, көптеген іш газы пайда болады.

Қызылшаны арнаулы қорада (температурасы — 1-2°С) немесе әдөйі қазылған орда сақтайды. Тамыр-түйнек жемістілер құрамында су көп болғандықтан (70—90%) олар жоғары температурада нашар сақталып, ал —2-3°С суықта үсікке шалдығады. Әсіресе ұрылып-соғылған, қабығы түскен тамыр-түйнек жемістілер тез бұзыла бастайды. Сондықтан сақтауға тек дұрыс қазылып алынған, қабығы бүтін, жаншылмаған тамыр-түйнектілерді құмнан, батпақтан тазартып, сыртын кептіріп барып салады.

Малға берер алдында оларды тазартьш, турап, ал жас малға ыстың суға, буға бөрттіріп береді.

Көк азықтардың қоректік қасиеттерін қыста сақтап қалудың тиімді жолы — сүрлем салу. Сүрлем — микробиологиялық процес-тер (сүт қышқылды ашыту) арқылы анаэробтық (оттегінсіз) жағдайда консервіленген азық. Шаруашылықта оңай және көп қаржысыз дайындауға болатындықтан сүрлем қолдағы ірі қараың қысқы уақытта негізгі азығы бола алады.

Сүрлемге бақшалық дақылдардың көк жапырағын, капустаны, бұршақ және астық тұқымдастар қосындысын, шалғын көгін, жас құрақты, көк жүгері мен күнбағысты салуға болады. Құрамында қанты аз шырынсыз азықтарды тез сүрлеу үшін, оларды басқа шырынды, қантқа бай азықтармен (тамыр-түйнек жемістілермен) қоса салып құрама сүрлем дайындауға болады.

Сүрлем салу үшін жерді қазып, қабырғалары мен едені тапталған немесе тіпті бетондалған ор (траншея) дайындайды. Оған жүгерінің дәні сүттеніп қатая бастағанда, ал басқа азықтарды шырындалып, бойына қоректік заттарды жинаған кезеңінде (бірақ қатая бастағаннан бұрын) орып, турап, ныгыздап салады да тиянақты таптайды. Шырын сөлі ағып кетпес үшін 100 килогра-мьша 15—20 кг сабан және топан араластырып салса да болады. Дайындалған орды 1—3 тәулік аралырында тығыздап толтырып, үстін полиэтилен пленкамен жан-жағын қымтай жауып, топырақпен 25—30 см қалыңдықта көмеді. Полиэтилен пленка болмаған жағдайда сүрлемге салынған азық үстін ылғалдандырылған сабанмен (30—35 см) жауып, оның үстін балшықпен (см) сылап барып, топырақпен (20—25 ом) көмеді.

Жақсылап нығыздальш (әсіресе қабырға тұсында) жабылған массада әлі өлмеген өсімдік клеткалары қалған оттегін пайдала-

21

нады да, оттегінсіз (анаэробтық) жағдай туады. Осы анаэробтық микроорганизмдер қантты жеткілікті жағдайда, әсіресе, сүт қыш-қылды бактериялардың дамуына қолайлы жағдай туғызады. Осы-дан барып сүрленетін массада сүт қышқылы жинала бастайды да, оның қышқылдылығы ұлғаяды. Содан сүрлемге жаңа салынган жас көк балаусаның қышқылдық көрсеткіші рН = 7 болсасүрлеу процесі аяқталар мерзімде (1 —1,5 айдан соң) бұл көрсеткіш рН = 4,0 маңайында болуға тиіс. Осы қышқылдықтағы ортада мик-робиологиялық процөстер тоқталып, сүрлем ұзақ уақыт бойы бұзылмай, сапалы сақталады.



Дайын сүрлем азықтың алғашқы салынғандағы түсін (көк не-месе сарғыш көк, жасыл) сақтап, иісі жағымды (жемістің, жаңа піскен нанның хош йісі) болуга тиіс. Түсі қоңыр тартқан, тіпті қарайған, жағымсыз иісті сүрлеммен мол азықтандыруға болмай-

ды.


Жақсы сүрлемді сауын сиырлар рационына тәулігіне 30 кило-грамм және одан да көп мөлшерде енгізуге болады. Сонда оның сиыр басына қажетті жылдык, мөлшері 40 центнерден . аспайды. Дайындалған сүрлемнің мөлшерін анықтау үшін оны салған ор дың аумағын әрбір шаршы метріндегі сүрлем салмағына көбейтіп табуға болады. Әр түрлі азықтардан салынған құрама сүрлемнің, 1 шаршы метрінде 550—600 кг, табиғи шалғынан салғанда — 500 кг, тамыр-түйнек жемістілер жапырағы, азықтық капуста, жүгеріден салынғанда—550 кг болады.Ал қазылған ор дөңгелек болса оның көлемін диаметрі (ені — Е) мен тереңдігін (биіктігі — Б) өлшеп алып, ортасы шығыңқы, дөңөс болатындығын ескере отырып келесі формула бойынша есептеуге болады:

2.3,14.Б

Төртбүрышты етіліп қазылған орлар (траншеялар; үшін олардың астыңғы (Е1) және үстіңгі (Е2) көлденеңі мен астыңгы (Ұ1) және үстіңгі (Ұ2) ұзыңдықтарын, тереңдігін (биіктігін — Б) өлшеп алып

Ор (трашпея) биіктігін табу үшін, оған жер бетінен дөңестеу етіп жиналған сүрлем биіктігінің (жапқан қабатты санамағанда) екіден бір бөлігін қосьш табады.



Ірі азықтар. Жеке шаруашылықтарда ірі азықтардан әсіресе. пішен көп қолданылады. Оны түрлі көк шөптерді орып (шауьш) кептіру жолымен дайындайды. Сондықтан пішен қоректілігі құ-рамына кіретін шөп түріне, оның дайындалған кездегі өсіп-өну кезеңіне, кептіріліп дайындалу, сондай-ак, сақталу жағдайларына тікелей байланысты келеді.

Ең құнарлы пішен гүлдене бастаған балаусадан дайындалады. Сондықтан астық тұқымдас дақылдарды шашақтана бастаған



22

ал бұршақ тұқымдас дақылдарды бүршіктеніп, гүлдене бас-

аған кезеңдерінде шабады. Шабылған шөпті неғұрлым тез кеп-

•тірсе, соғұрлым оның құрамында қоректік заттар,каротин толы-ғырақ сақталады. Сондықтан көкті таңсәріден шашқан жөн. Күн • қатты қызғанша, олар дегдіп, кеуіп қалады. Қатты кеуіп кеткөн пішен жапырақтары уатылып түсіп қалады да, қоректілігі төмен сабақтар оның жалпы құнарлылығын төмендетеді.

Қатты кептіріп, қуратъш алмас үшін шабылған балаусаны дег-дігеннен кейін бөкестерге жинап, содан шөмелелеп кептірген дұрыс. Шөмелелерді ылғалдылығы 14-17% болған шамада маялайды. Түрлі формада жиналған маялар аумағын келесі өлшемдер ақылы есептеп шығаруға болады. Алдымен маялардың ұзындығын (Ұ), көлденеңін (Қ), асыра тастаған белдемесін (Б) өлшеп алады. Ұзындығын маяның екі жағынан жерден 1 метр биіктікте, көлденеңін екі шетінен, жерден 0,5 м биіктікте, ал асыра тастамасын жер бетінен, маяның екі-үш тұсынан өлшейді де формасына байланысты мынандай формулалар бойынша есептейді.

1) аласа, биіктігі көлденеңінен кем, төбесі дөңес маялар

үшін - (0,52ХБ-0,44ХК) ХКХҰ.

2) биік, биіктігі көлденеңінен асатын, төбесі дөңес маялар үшін — (0,52 X Б —0,46 X К) X К X ¥.

3) түрлі биіктіктегі, төбесі түзу (жалпақ) маялар үшін — (0,56 ХБ -0,55 ХК) ХК-Х¥.

Шыққан шығындыны маялардың әрбір шаршы метріндегі пішен салмағына көбейтеді. Ол салмақты маялаған пішеннің уақыт өткөн сайын нығыздала түсетінін ескере отырьш анықтаған жөн. Шамалап алғанда, шалғынды шабындықтан дайындалған пішен

МАЛ ӨНІМДЕРІНЕН ДАЙЫНДАЛАТЫН ТАҒАМДАР

МАЛ СОЮ

Ет қажет болып, мал союға тура келгенде қазақ шаруалары кез келген малды ұстап соя салмайды. Аса қажет болмаса малды соймайды да. Сол сияқты ас-той өткізетін, соғым соятын семья ең алдымен сойылатын малды алдын ала іріктеп алады. Өсімтал,' сүтті, жүнді малдардың, жорға-жүйрік аяқты асыл тұқымды малдардың пышаққа ілінбеуін қарастырады. Әдеттө қой қырқу, төлдерге ен салу, еркектерін тарттыру, жылқыға таңба басу, отарга шығару кезінде мал иесі әр малдың өнімді, өнімсіздігін, індет-дерттен-" аман-жамандығын байқайды, кінәраты білінген, өнімі көм, бедёу қалғыш, қартайған, қыстан шыға алмайды-ау деген, тағы сол сияқты малдар сойылады. Олар бос бағылып, кейде жемдөп тө семіртіледі. Кейдө өнімді емесе асыл тұқымды малдарды союга тура келген жағдайда ондай малдарды көрші, туыстарына қалдырып, орнына солардың кінәраты, кемшілігі бар малдарын айырбастап алып соятын болған.

Қой сойғанда оны жығып, төрт аяғын мықтап байлап, бауыздайды, терісін сыпырып, бас-сирағын алғаннан кейін тос өтін бөлек сылып алады Жас төстікті тұздап, үйтіп пісіру, бөліп жеу, үлкендергө ауыз тигізу салты

.23


маясының бір айдан соң әр 1 шаршы метрі — аласа және орташа биіктегі маяларда 50 кг, ал биік маяларда 57 кг, астық және бұршақ тұқымдас дақылдардан дайындалған пішен маяларында 67 және 75 кг тартады.

Жауын-шашын астында қалмай, дер кезінде тез жиналған пішеннің қоректілігі жоғары (әр килограмында 0,4—0,5 азық өлшемі) келеді. Оның құрамында малға қажетті барлық қоректік заттар, ал көк пішен сиырдың қысқы рационына нормалап беру жолымен олардың ас қорыту барысын, әсіресе алдыңғы қарындар-дағы микробиологиялық процестерді жақсартуға, күйіс қайыруға қолайлы жағдай туғызуға мүмкіндік туады. Сапалы да құнарлы пішен жақсы жапырақталған бұршақ тұқымдас дақылдардан дайындалады. Олардың құрамында организмнің түзу процестеріне өте қажет протеиндік заттар көп және алмастыруға келмейтін амин қышқылдарына бай, биологиялық сапалылығы жағынан жоғары келеді.

Пішен сапасын ұзақ уақыт сақтау үшін қалқа астына, қора ішіне жинаған жөн. Даладағы маяларды су өтпейтіндей етіп қалқалап жауып қоюға болады.

Сауын сиырларға тәулігіне 10 килограмға дейін сапалы пішен бергеннің артықтығы жоқ. Әр сиырға жылына пішен беру нормасы —15 ц.

Басқа азықтардан ірі қара азықтандыруда кеңінен қолданылатыны — сабан. Сиырды жаздық дақылдар сабанымен азықтандыруға болады. Соның ішінде сұлы, арпа, тары, бидай, бұршақ сабаны сиырға берілетін ірі азықтардың жартысын алса да .еш нәрсе .етпейді. Құрамында резинка көп, ал протеин аз, витамин|дер жоқ болғандықтан сабанды малға берместен бұрын әзірлеп' алған жөн. Оны турап, басқа азықтармен, мысалы, шырынды азықтармен. сүрлеммен араластырьш беруге болады. Мүмкіндік

бар Содан кейін сүбеден бастап қойдың төсі сөгіп алынады, іші жарылған соң өңеші суырылып, өкпе-бауыры бөлек, ішек-қарыны бір бөлек шығары лады. Мал союшының көмекшілері, әйелдер ішек-қарынды бөлек алып, тазалап арши береді. Ішек-қарын аршу өнер. Ол кез келген адамның қолынан) келмейді, арши білмейтіцдер ішек-қарыннын, шарбысын айырғанда оны үзіп немесе жарып алып, малдың жынын теріге, етке ағызып бүлдіреді Сондықтан да егде, Тәжірибелі әйелдер жастарды, келіндерді ішек-қарын аршуға әдейі үйретеді. Ішек-қарын аршушылар қойдың (немесе басқа малдың) ұлтабарын, тақияқарынын, жалбыршағын, үлкен қарынын ас еппен жүйелеп, жынын төгеді, содан кейін айналдырып, жылы сумен

бірнеше қайтара жуады, қарынның түктерін пышақпөн қырады. Түгінен ары лған қарын бөгде иісінен тазарып ағарады да ет қалпына түседі. ¥лтабар| айналдырғанда оны майға өте тығыздамайды, өйткені тұздың сіңбөуі, сор паның өтпеуі мүмкін. Ішек аршу тіпті қиын. Мысалы, малдың тоқ ішегі (жылқыда қарта) өте майлы болады. Оның, майы қатпай тұғанда тездө тіп жүйелеп, жынын ағызып, мұқият жуып айналдыру керек. Тоқ ішек-өтө бағалы тағам. Қартасы қонаққа бөріледі. Ал, ащы ішекке келетін болсақ ол тым ұзын, кейбір сақа қойларда 30—40 метр болады. Сыртындағы шарбы майы жұқа, аз келеді, сондықтан тоғышарлау, еріншек әйелдер.оны тазартып әуре болмай, далаға шығарып тастай салады. Бұл, әрине, дұрыс емес.

24

болған жағдайда сабанды жұмсарту үшін булап, кебек, ұнмен араластырып берсе оның қоректілігі артады. Әсіресе сабанның қоректілігін ұлғайтуда химиялық әдістер ерекше орын алады. Әрине, жеке шаруашылықта ол әдістерді қолдану үшін арнайы білім, қажетті қаушсіздікті сақтау қажет. Дегенмен сабанды әктеу (известкование) сияқты қарапайым да өте тиімді әдісті қолдануға әбден болады.



Сабанды әктеу үшін 30 л қайнатылған суға 300 г әкті, 50— 100 г ас тұзын ерітін, әк суының (известковое молоко) 1 проценттік ерітіндісін дайындайды. Оны арнайы ыдысқа қойып сабанды 5—10 минут батырьш алып, ағаш астауларға нығыздап салып, сорғытады. Сөйтіп бір тәуліктен соң сиырға бере беруге болады. 10кг сабанға 25—30 л әк ерітіндісі жұмсалады.

Әр сиырға тәулігіне 5—7 кг сабан берілсе, жылына 5 центнердей сабан даярлау қажет.

Ірі азықтар қатарына қуаңшылық жылдары кеңінен дайында-латын бұтақты азықтарды да жатқызуға болады. Жақсы жапы-рақталған жас бұтақтар клетчаткасы сабандағыдай болғанымен, витаминдік қоры анағұрлым жоғары. Оларды кезінде жинап, буып кептіріп, қора ішіне іліп қояды да қыста турап, сиырға береді. Ал қарағай, шырша секілді ағаштардың бұтақтарын қыста-ақ дайындап, қарға көміп сақтауға болады. Оларды турап немесе тіпті ұнтақтап мал азығына қосса, қыста жетіспейтін каротинмен қамтамасыз етеді. Ондай ағаштардың бұтақтарын қайнаған суға бөктіріл қойып, малға ерітіндісін ішкізуге болады. Сонда малды А және С витаминдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік туады.

Ірі азықтарға жатқызғанмен химиялық құрамы мен қоректілік қасиеттері жағынан ірі жэне шырынды азықтар аралығында тұрған — пішендеме. Пішендеме дайындау технологиясы да сүр-

смөс. Медициналық тұрғыдан қарағанда малдың етінен гөрі ішек-қарнында әр түрлі витамин көп болады. Соның ішінде шарбы араластырып шумақтаған ащы ішекті жегеніңде байқалатын сүйкімді қышқыл дәмі соны аңғартса керек.

Осылай әзірленген ішек-қарын бауыр қосып қуырғанда таптырмайтын ас. Ал, асып пісірілген ішөк-қарын, жөргемдер ет алдында бөлек табақ ретіпде дастарқанға қойылады.

Ішек-қарын алынғаннан кейін кеңірдегі суырылып, өкпе-бауыры, жүрегі тұтас шығарылады. Жүрек тілкемделіп, ішіндегі қара қаны ағызылады, екі құлағы алып тасталады, қан-сөлі жуылады. Содан соң екі бүйрегі алынуы, екі жамбастың түйіскен жері, яғни шаты ажыратылып, тік ішек пен қуықтың алынуы керек. Еркек мал болса, қуықты қамшысымен бірге тік ішөктен ажыратып алып тастау қажет.

Малдың іші тазартылған соң артқы аяғы бір кісіге ұстатылып қойылады да, сүбеден бастап бұғанаға дейін қабырғалар сөгіледі. Осы тәртіппен скінші жағы бұзылады, мойнынан бастап омыртқалары мүшеленеді. Әдетте Қойдың құйрығы бөлек алынады, екі жамбасқа да белгілі мөлшерде құйрық қалдырылады.

Қой-ешкінің, басы жағымен тұтас күйінде үйітіліп, күйесі ыстык, сумен жуылады, басынан жағы ажыратылады. Бас көбінесе қонаққа тартылады.

25

лемдікіндей. Тек орға салар алдында оны 45—55 проценттік ыл ғалдылыққа дейін дегдітіп алады да, орды бір күн ішінде толты- рып, нығыздап таптап, жауып тастайды. Салынған шөптің фи- зиологиялық құрғақтығы мен көмір қышқыл газы жиналатын герметикалық, анаэробтық жағайда, микробиологиялық процестер тоқтатылып, құрамында қантын сақтаған хош иісті, қышқылсыз қоректі азық дайындалады. Әсіресе бұршақ тұқымдастардан салынған пішендеменің протеинтік те, витаминдік те қоректілігі өте жоғары. Егер шөпті пішен үшін кептіргенде оның қоректік заттарының 25—40% жойылатын болса, пішендеме салғанда тек —10-15% жоғалтылады. Пішеннің әрбір килограмында 0,45—0,501 азық өлшемі, 25—30% клетчаткасы, 30—40 г қанты, 30—50 мг каротині, сүрлемде —0,16—0,22 азық өлшемі, 7—9% клетчаткасы, 10—13 г қанты, 20—40 мг каротині болса, жақсы пішендеме де 0,35—0,40 азық өлшемі, 13—15% клетчаткасы, 20—35 г қанты, 40—60 мг каротині болады. Бұл салыстырудан пішендеменіңі ірі азықтардан нашар қорытылатын клетчаткасы аз, ал сонымен| қатар сүрлемге қарағанда жеңіл қорытылатын қанттары мен каротині көп сақталатын шырынды азық екенін көреміз. Оның сиыр сүттілігіне әсері мол. Тәулігіне әрбір сиырға сүрлемнің жартысындай, яғни, 15—20 кг береді. Жылына 20 центнердей дайындайды.



Жем. Бұған түрлі дақылдар дәні — арпа, сұлы, жүгері, бидай, қара бидай, тары, бұршақ, солардың жармалары, қалдықтары, кебек, күнжара мен шроттар жатады. Олардың қоректік заттары өте көп. Сондықтан оларды (қымбат тұрғандықтан) сиырдың сүттілігіне қарай береді; Сонда әрбір 1 кг сауылған сүтке 100—300 грамнан аспауы керек. Суалған сиырларға 1—2 килограмдай берсе де жетеді. Малға берер алдында жарьш, ұнтақтап, мыжып берсе қорытылғыштығы жақсарады. Әр сиырға жылына

ды. Көп жөрлерде миына ұсақтап құйрық қосып, мипалау деп аталатын күшті тағам жасалып, дастарқан басындарыларға ауыз тигізіледі.

Сиыр да қой-ешкі сияқты сойылады. Бірақ ол ірі қара бодғандықтан әуелі екі қол бөлек алынып, сүбелер, қара қабырғалар мен бұғаналар бөлек-бөлек сөгіледі, басы бұзылады, тілі жақтан бөлек алынады.

Түйені бауыздарда жығады да, терісін аларда шөгеріп қойып, арқасынан бастап іреп сояды, мойыны ұзын болгандықтан екі жерден (сағақтан және өндіршектен.) бауыздайды. Мойын терісі бітеу алынып, кей жерлерде торсық істеледі немесө қамыт тігетін, кереге көктейтін таспа ретінде пайдаланылады. Түйенің алдымен өркеші, қомы, одан кейін екі қолы алынады да, қалган жағы. сиырша бұаылады. Жылқы мен семіз түйенің қазысы қалың, болады, бірақ ол айналдырылмай, тілінген күйінде тұздалады. Түйеиің жіліктері қазанға симайды, іші майға толы болады, ірі түйелердің бір | жілігінен орта шелектей май шығады. Қазақтардың, түйеге ашуланғанда | “Ақ шелек болғыр” дейтіні осыдан шыққан. Майы шашылып кетпесін дөп ақ шелектерді үлкен қазанға тұтас салып пісіруге тырысады Қазы-сын, өркеші ме н қомын қоса алғанда семіз түйелердөн 4—5 пұт, кейде одан -да көп май түседі,

Жылқының терісі қойша іреп сойылады, сирақтарын жалаңаштап тарамыс алады, екі қолы, төсі алынған соң қара қабырғалары сөгіледі. Қазы

26 .


5 центнердей жем дайындайды. Бұршақ тұқымдастар' дәнінде протейн өте көп болғандықтан (мысалы 1 кг соя дәнінде 1,29 азық өлшемі, 220 г қорытылатьш ІІротеин) оларды астық тұқымдастар дәнімен араластырып берген жөн.

Жем мөлшерін сиыр сүттілігіне сәйкес береді дедік. Мәселен 10—15 кг сүт шығатын сиырлардың әр 1 кг сүтіне 100—150 г немесе әр сиырға 1,0—2,2 кг. 15—20 кг сүт шығатын сиырларға 200—250 г немесе 3,0—4,5 кг, 20—25 кг сүт шығатын сиырларға 250—300 г немесе 5,0—7,0 кг. Әр 1 кг сүтке шаққанда 350—400 грамнан астам жем берілсе, ол малдың зат алмасуына, денсаулығына зиян келтірумен қатар, басқа азықтарды жеуін де нашарлатады.

Сиыр рационы қолдағы азықтарға қарай жасалады. Сауьш сиырларды тәулігіне 3 рет азықтандырған жөн. Ертеңгісін және түсте жем мен шырынды азықтарды, ал ірі- азықтарды — күні бойы беріп қойған дұрыс. Алдымен ұсақталған дәнді азықтарды құрғақ немесе быламық, түрінде, содан соң шырынды азықтарды, артынан ірі азық береді. Тамыр-түйнек жемістілерді берер алдында тазартьш, жуады. Ас тұзы мен минералды қоспаларды жалай- , тындай етіп бөлек ыдыск;а салып, немесе жеммен мұқият аралас-тырып берсе де болады, Ас тұзының нормасын есептегенде әр сиырдың 100 кг тірілей салмағына 5 г және әр 1 кг шығатын сүтіне

4 г мөлшеріне шағады.

Сиырларды жазғы уақытта өріске шығарып, қажетті минералды қосындылармен және сүттілігіне сәйкес жеммен қамтамасыз етсе болғаны. Оларға тәулігіне берілетін көк азықтар көлемін әлгінде айтып кеткенбіз.

Сиыр өнімділігін жақсы сақтау үшін оларды қысқы кезеңде де дұрыс азықтандыра білу қажет. Енді сол мәселеге толығырақ тоқталайық.

дейтініміз жылқының, екі жак, қабырғасы, оның етінің; сүбе) қалыңдығы, семіздігі елімен өлшенеді. Бір елі, екі елі, одан да семіз болса табан қазы деген атаулар бар.

Қай малды.болса да, соның ішіндө жылқы союға шеберлік керөк. Сондықтан да қазақтар соғым сойған кездөрде сондай адамдарды арнайы шақырады. Мысалы, қазының қабырғаларын бөлшектегенде, омыртқаларды бұзғанда біріне тиісті майды, етті екіншісіне ауыстырмай, дәлдөп ұқсату керек. Беломыртқаға жеткен соң жаяны санның сыртынан бөлек сойып алу қажет. Мал етін бұзғанда қазақ ғұрпында балта, шот қолданылмайды, сүектер өзінің жүйесінен пышақпен ғана ажыратылады, сондықтан сорпада ұсақ қиыршық сүйек кездеспейді. Сою үстінде бөлектеніп қалған ұсақ еттер әсіп жасауға, шұжық айналдыруға пайдаланылады.

Қай малда да сойғанда алып тасталатын, тағамдық қасиеті жоқ, тіпті адамға зиянды бөздері мен тамырлары болады. Мал союшы, ет бұзушы адмдар бұл жұмыстарын орындау кезінде етті “арам бездерінен” арылтуға тиіс. Қой, ешкі сойғанда төстің қалақ шеміршегін еркек малдың қамшысын, жіліктердің бұлшық еттөрінде, мойын етте болатын бездерді, қуықты, жатырды, өтті, жүректің қүлақтарын алып тастауы керек. Ішек-қарында кездсетін ұйқы, жылауық, жыныс бездері, кейбір малдардың өкпе-бауырла-

27

Қолдағы сиырдың тірілей салмағына, жасына, сүттілігіне қарай азықтандыру нормасын анықтап алғаннан кейін, сол азықтандыру көрсеткіштерін толық, және жан-жақты қамтамасыз ететін рацион жасау керек. Ол қолдағы азыққа тікелей байланысты нәрсе. Ал рационның көлемі мен құнарлылығы оған кірөтін азықтардағы құрғақ зат мөлшеріне қатысты. Сондықтан рациондағы азықтар көлемін құрғақ зат арқылы қадағалайды. Егер рацион шырынды азықтарсыз жасалса сиырдың әр 100 кг салмағына шаққандағы құргақ зат көлемі 3—3,5 килограмнан аспауы керек. Шырынды азықтар кеңінен қолданылса бұл көрсеткішті 4—4-5 килограмға жоғарылатуға болады.



Рациондағы құрғақ зат көлемін өсептеу үшін әр 1 кг көк азықта 0,15—0,2 кг, сүрлемде —0,2—0,3 кг, піендемеде —0,5 кг, картопта —0,2 кг, азықтық қызылшада — 0,1 кг, қант қызылшасын — да 0,22—0,24 кг, күнжарада —0,9 кг, ірі азықта жэне дәнді азықтарда —0,85 кг құрғақ зат барын ескереді.

Сүт аз шығатын сиырларға (тәулігіне 5—6 кг сүт ондіретін) қысқы рациондарды жақсы ірі азықтардан, ал сүттілігі жоғарылаған сайын (тәулігіне 7—10 кг) оларға шырынды және дәнді азықтарды қоса жасайды. Орташа қоңдылықтағы сиырға 15—20 кг сүрлем, 6—12 кг ірі азық береді. 100 кг тірілей салмаққа шаққандағы шырынды азықтардың жалпы көлемі 10—12 килограмнан, пішеннің 1—3 килограмнан аспауы керек. Сиыр сүттілігін арттыратын қызылша мөлшерін тәулігіне сауылған сүтке қарай береді. Мәсёлен, азықтық қызылшаны әр 1 кг сүтке 1—1,5 (бірақ тәулігіне 40 килограмнан асырмай) қант кызылшасын —0,5—0,8 кг (бірақ 14 килограмнан асырмай) есебімен беруге болады. Бірақ, бірден емес, бірнеше бөліп берген дұрыс. Өйткені бірден алдыңғы қарындарға түскен қызылшаның көп мөлшері микробиологиялық процестерді тіпті өршітіп жібереді.

рында, қолқасында кездесетін бершімек, өлі қан түйірлері мұқият тазартылуы керек.

Еттің, қазақша әр түрлі мүшелері, әр түрлі атаулары бар, оның барлығын айтып жатпай кейбір негізгілерін атауға болады: бас (ірі қарада екі шеке); жақ (қой-ешкіде тілмен тұтас жүреді, ірі малдардың жағы екіге айырылып, тілі бөлек мүше саналады);



жақ ет, ұрт ет (ірі қараларда бөлек алынады, көбінесе қуырдаққа пай

даланылады);



мойън (6 буын. Бұл қонаққа, сыйлы адамдарға арналған табаққа сальшбайды);

мойын ет (ірі қарада бөлек сылып алынатын кесек ет, көбінесе қуыр-

дақ қуырылады);



бұғана (екі жақта 3 талдан 6 тал. Мүше орнына саналады); қара қабырға (6 тал. Мүшелермен бірге әр уақытта табаққа салына бе-

реді);


субе (етегімен алынган 6 тал қабырға. Таңдаулы мүшелердін, бірі);

қазы (семіз жылқыдан 20-ға дейін қазы айналдырылады, кейбіреуі қабырғасыз, басқа малдың ішегіне айналдырылады);

төс (қыз-келіншек, күйеулер үшін таңдаулы мүше);

Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет