Мамандығы: 1201000 – Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану Біліктілігі



бет13/15
Дата08.09.2017
өлшемі3,39 Mb.
#30293
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Пәндер циклдері және кәсіптік практика бойынша білім беру бағдарламасының мазмұны (орта буын маманы)




Циклдің индексі

(пән)


Пәннің, практиканың атауы және негізгі бөлімдері

Қалыптасатын білім, шеберліктер мен дағдылар

Қалыптасатын құзыреттер коды

ЖБП 00

Жалпы білім беретін пәндер

ЖГП 00

Жалпы гуманитарлық пәндер

ЖГП.01

Кәсіби қазақ(орыс) тілі:

Қазақ (орыс) тілінің синтаксисі. Мамандық бойынша терминология. Кәсіби бағдарлы мәтіндерді аударудың (сөздікпен) техникасы.

Кәсіби қарым-қатынас.


Білімдер:- қазақ (орыс) тілінің синтаксисін;

- кәсіби қатынасты;



Іскерліктер: -мамандық бойынша терминологияны пайдалануды;

-кәсіби бағдарлы мәтіндердің (сөздікпен) техникалық аударуын пайдалануды.



БҚ1-7

ЖГП.02

Кәсіби шет тілі:

Мамандық бойынша терминология. Кәсіби бағдарлы мәтіндерді (сөздікпен) аударудың техникасы.

Кәсіби қарым-қатынас.


Білімдер:- кәсіби қатынасты;

- негізгі сөздер мен терминдерді.



Іскерліктер: -мамандық бойынша терминологияны пайдалануды;

- кәсіби бағдарлы мәтіндердің (сөздікпен) техникалық аударуын пайдалануды.



БҚ1-7

ЖГП.03

Қазақстан тарихы

Қазіргі әлемдегі Қазақстан Республикасының орны және рөлі. Қазақстан территориясындағы алғашқы қауымдық құрылыс.

Аркаим - әлемдік өркениеттің ошағы. Орта ғасырдағы Қазақстан. Қазақстан тарихындағы монғол кезеңі. XVI-XVIII ғасырлардағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси тарихы. Патша үкіметінің Қазақстандағы құлдық саясаты. Қазақстан XX ғасырдың басында, азаматтық қарама-қарсылық кезеңінде. Бірінші дүние жүзілік соғыс және Қазақстан. Ұлттық- азаттық қозғалыс. Ақпан төңкерісі және патша үкіметін құлату. Қазан төңкерісі, азаматтық соғыс және шетелдік интервенция. Кеңес үкіметінің орнатылуы және оның Қазақстандағы ерекшеліктері. Казармалық социализмнің құрылуы. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат. Индустрияландыру және күшпен коллективтендіру және оның қазақ халқы үшін зардаптары. Ауыл шаруашылығын Сталин-Голощекиндік қайта құру моделі. Қазақстандағы шаруалардың көтерілісі. Саяси қуғын-сүргін. Екінші дүние жүзілік соғыс басталуға дейінгі Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай. Ұлы Отан соғысы және фашизмді жеңудегі Қазақстанның үлесі. Соғыстан кейінгі кезең және халық шаруашылықты қалыпан келтіру. Тың көтеру. Республиканың дамуындағы интенсификация. Саяси қарама-қарсылықтар (1969, 1979, 1986 ж.ж.). Қайта құру кезеңі. Қазақстан – егеменді тәуелсіз мемлекет.





Білімдер:

- Қазақстан тарихын;

- қазақ халқының даму жолын;

- көшпенділер өркениетінің пайда болуын;

- Ұлы Жібек жолының дамуы мен оның тарихи маңызын;

- Қазақстанның Ресей құрамына енуін;

- XVI-XVIII ғасырлардағы жоңғар жапқыншылықтарына қарсы ұлт-азаттық күресін;

- XX ғасырдың 20-80 жылдардағы көтерілістері мен қозғалыстарын, қарсы тұруларын;

- XX ғасырдың 20-30 жылдардағы Қазақстанның мәдениетін;

- қазақтардың әлемдік құрылтайын;

- 1986 жылдағы Алматыда өткен желтоқсан оқиғаларын;

- тамыз бүліктері мен оның құлауын;

- ҚР-ның Мемлекеттік тәуелсіздігін;

Іскерліктер:

- қысқаша тарихи-археологиялық әнгіме құруды;

- көшпенділердің мал шаруашылығының пайда болу себептерін ашуды;

- алғашқы мемлекеттік бірлестігін сипаттай алуды;

- қоныс аудару саясатының басты мақсаттарын

анықтай алуды;

- көтерілістің жеңіп шығу себептеріне талдай жасай алу;

- ЖЭС-тың, ұжымдастыру-дың мәнісін ашуды;

- 20-30 жылдардағы этнодемографиялық жағдайларды. Репрессиялар мен жер аударуларды;

- картамен жұмыс жасай білуді;

- қазақ диаспорларының пайда болуының себептерін ашуды;

- Ұлы Отан соғысы мен соғыстан кейінгі кезеңдердегі Қазақстанның рөлінің қандай болғанын ашу.



БҚ1-7

ЖГП.04

Дене тәрбиесі:

Маманды дайындаудағы дене тәрбиесінің рөлі, оның салауатты өмір салтындағы маңызы. Дене тәрбиесінің әлеуметтік-биологиялық және психофизиологиялық негіздері. Өзін-өзі жетілдірудің денелік және спорттық негіздері. Кәсіби-қолданбалы дене дайындығы.



Білімдер:

-дене тәрбиесінің әлеуметтік -биологиялық және психикалық-физиологиялық негіздерін;



Іскерліктер:

-дене тәрбиесінің салауатты өмір салтын қалыптастыруды;

- өзін-өзі денелік және спорттық жетілдіруді.


БҚ1-7

ӘЭП 00

Әлеметтік-экономикалық пәндер

ӘЭП.01

Мәдениеттану:


Мәдениеттің мәні мен маңызы: мәдениеттанудағы негізгі мектептер, концепциялар мен бағыттар, дүниежүзідік және ұлттық мәдениетінің тарихы. Дүниежүзілік және ұлттық мұраны сақтау. Жергілікті өлкетану мен мәдени мұраны пайдалану.

Білімдер:- мәдениет мәселелерін ұғындырудағы негізгі концепциялар мен бағыттарды;

- әр түрлі мәдениеттердің қазіргі өркениетке қосқан жалпы үлесі мен ерекшеліктерін.



БҚ1-7

ӘЭП.02

Философия негіздері:


Философия пәні, әлемдік философиялық ойдың негізгі кезеңдері. Адам табиғаты және оның қалыптасу ойлары. Адам және Құдай. Адам және ғарыш. Адам, қоғам, өркениет, мәдениет. Жеке бостандық және жауапкершілік. Адам тану және қызметі. Ғылым және оның рөлі. Адамзат алдындағы көкейтесті мәселелері.

Білімдер:- адам өмірінің мәні, дүние жүзінің діни, ғылыми мен философиялық көріністері туралы түсінікті;

- ғылым мен ғылыми танудың рөлі, оның құрылымы, түрлері мен әдістері, әлеуметтік және этикалық проблемалары туралы түсінікті;



Іскерліктер: - рухани және бітімдік, әлеуметтік және биологиялық бастауында адам мінез-құлығын, оның санасының маңызын, саналы мен санасыз мінез-құлығын анықтауды;

- қоғамдағы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасының адамгершілік нормаларын реттеуді.



БҚ1-7

ӘЭП.03

Әлеуметтану және саясаттану негіздері:

Әлеуметтану ғылым ретінде. Қоғам-әлеуметтік мәдени жүйе ретінде. Әлеуметтік ортақтық. Әлеуметтік және этникалық ұлттық қатынастар. Әлеуметтік процесстер, әлеуметтік институтар мен ұйымдар. Жеке тұлға: оның әлеуметтік рөлдері мен әлеуметтік тәртібі. Саясаттану пәні. Саяси билік пен билік қарым- қатынастар. Саяси жүйе. Қазақстандағы әлеуметтік-саяси үдерістер.

Экономика негіздері: экономика және оның негізгі проблемалары.


Білімдер:- заңды түсінудегі әлеуметтік тұғыр туралы түсінікті;

-әлеуметтік әрекеттену, әлеуметтік жіктелу, әлеуметтік құрылым туралы түсінікті;

-реттегіш формаларды, түлғаны әлеуметтендіру процессінің ерекшеліктерін;

Іскерліктер: -әлеуметтік қозғалысты және әлеуметтік өзгеру мен даму факторларын дамытуды;

- биліктің маңыздылығын, саясаттың субъектілерін, саяси қатынастар мен үдерістерді (Қазақстанда және жалпы дүние жүзінде) аңыктауды;

-саяси жүйе мен саяси тәртіп туралы түсініктерді жасауды.


БҚ1-7

ӘЭП.04

Экономика негіздері:


Мақсаттары, негізгі ұғымдары, функциялары, мәні, қағидаттары.

Меншік түрлері мен нысандары, меншікті басқару. Жоспар түрлері, олардың негізгі кезеңдері, мазмұны, стратегиялық жоспарлау. Жоспарларды экономикалық негіздеу мен болжауларды әзірлеудің әдістері. Бизнес-жоспарлау. Экономикалық талдау. Халықтық тұтыну тауарлары мен қызметтері рыногінің жағдайын талдау. Нарықтық инфрақұрылым.



Білімдер:- экономикалық теорияның жалпы ережелерін;

- шет елдердегі және еліміздегі экономикалық жағдайларды;

- макро және микроэкономика негіздерін, салық, ақша-несие, әлеуметтік және инвестициялық саясат туралы;

Іскерліктер:

- өзінің кәсіби қызметінде бағдарлау үшін қажетті экономикалық ақпаратты табу мен қолдануды.



БҚ 1-7

КҚ 3.12.7



ӘЭП.05

Құқық негіздері:

Құқық ұғымы, жүйесі, кайнар көздері. Қазақстан Республикасының Конституциясы – құқық жүйесінің ядросы. Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы. Жеке тұлға, құқық, құқықты мемлекет. Заң жауапкершілігі және оның түрлері. Негізгі құқық салалары. Қазақстан Республикасының сот жүйесі, құқық қорғау органдары.



Білімдер:-азаматтар мен адамдардың бостандығы және құқығын, оларды іске асыру тетіктерін;

-кәсіби қызмет саласында құқықтық және адамгершілік-этикалық нормаларды;



Іскерліктер: - маманның кәсіби қызметін реттейтін нормативті-құқықтық құжатты қолдана білуді.

БҚ1-7

ЖКП 00

Жалпы кәсіптік пәндер

ЖКП 01

Мемлекеттік тілде іс кағаздарын жүргізу:

Кәсіби қарым-қатынас. Қазақ (орыс) тілінде іс жүргізу; құжаттар, олардың мәні мен құжаттау тәсілдері; құжаттар құрылымы; құжаттарды жинау және сақтау; іс жүргізу технологиясы мен ұйымдастырылуы; істерді қалыптастыру мен ұйымдастырудың тәртібі. Офистік және құжаттама жұмысының негіздері.



Білімдер:- құжаттарды рәсімдеуге қойылатын талаптарды;

- қызметтік хатты құру әдісін, құжаттардың орналасуы мен жіктелуін;



Іскерліктер: - мемлекеттік тілде іс қағаздарының үлгілерін рәсімдей білу және құру.

КҚ 3.12.1-3.12.7

ЖКП .02

Сызу:

Сызбаларға қойылатын талаптар, масшабтар, анықтамалар, белгілеулер, жазулар. Проекциялаудың негізгі әдістері. Сызбалық геометрияның негіздері, проекцияларды өзгерту тәсілдері. Сызбаларды, бөлшектерді, қосылыстарды, құрастырылған сызбаларды, берілістерді орындау ережелері. Мамандық бойынша сызбаларды, құрылыс сызудың элементтерін орындау. Машина құрылысы мен құрылыс сызбаларына стандарттар.



Білімдер:- геометриялық сызудың ережелерін;

- сызбаларды ресімдеу ережелерін;

- конструкторлық құжаттаманы ресімдеу мен әзірлеудің ережелерін;

Іскерліктер: - техникалық бөлшектердің контурын геометриялық сызуды салуды;

- сызбаны проекциялауды;

- техникалық сурет салуды;

- графикалық тапсырмаларды шешу; әдістерін пайдалануды;

- инженерлік графиканың құралдарын қолдануды.


БҚ1,4,5,6

КҚ 3.12.4



ЖКП .03

Техникалық механика негіздері:


Теориялық механика. Статиканың негізгі түсініктері мен аксиомалары.

Үйлесу күштердің жазық жүйесі. Еркімен орналасқан күштердің жазық жүйесі. Күштердің кеңістік жүйесі. Ауырлық орталығы.

Тепе-теңділіктің орнақтылығы.

Материалдардың қарсылық негіздері.

Созылу-сығалу. Кесін мен жаншылуға есептеулер. Жазық қималардың геометриялық сипаттамалары. Тік білеудің иілуі.

Қиғаш иілу және орталықтан тыс сығылу. Тік қималы білеулердің ығысуы және бұралуы. Орталық-сығылу сырықтардың беріктігі.

Динамикалық және қайта-ауыспалы жүктемелердің әрекеті туралы ұғым.


Білімдер:негізгі күш жүйелерін;

  • күштер жүйесінің тепе-теңдегі шартын;

  • нүкте мен оське қатысты күш моментін,

  • деформацияланған дененің қасиеті және деформацияның сипаттамасы туралы негізгі гипотезалар мен жорамалдарды;

  • беріктік, қаттылық пен тұрақтылық шартын;

Іскерліктер: - тірек реакцияларды аналитикалық анықтауды;

- күштердің түрлі жүйелер тепе-теңдігіне тапсырмаларды шешуді;

- жай мен күрделі кесінділердің ауырлық орталығының орналасуын анықтауды;

- болат илемдеуінің сортаментін пайдалануды;

- кесін әдісімен ішкі күштердің анықталуын;

- ішкі күштер факторлары мен кернеулерінің эпюрлерін салу.



БҚ 1,6

КҚ 3.12.4



ЖКП.04

Электроника негізіндегі электротехника:

Электр алаңы.

Тұрақты және айнымалы токтың электр тізбегі. Электрмагнетизм.

Өткізгіш бұйымдары және электрайырғыш материалдары.

Электрлік өлшемдер. Тұрақты және ауыспалы ток электрмашиналары. Трансформаторлар.

Электржетек негіздері.

Электрон аспаптар.

Электронды генераторлар мен өлшеуіш приборлар.

Автоматика мен есептеу техникасының электрон құрылғылары.

Микропроцессорлар мен микроЭЕМ.



Білімдер:- электротехника негіздерін;

- тұрақты және ауыспалы токтың электртізбегін, электрмагнетизмді;

- трансформаторлар түрлерін;

- электрожетек негіздерін;

- электроника негіздерін;

- электронды түзегіштер және стабилизаторларды;

- микропроцесстер мен микроЭЕМ жұмысы қағидаттарын;

Іскерліктер: -өткізгіш бұйымдары мен электрайырғыш материалдарын пайдалануды;

- электр өлшемдерді пайдалануды;

- тұрақты және ауыспалы тоқ электрмашиналарын пайдалануды;

- электр энергиясын беру мен бөлуді;

- электрон аспаптарды қолдануды;

-автоматика мен есептеу техникасының электрон құрылғыларын пайдалануды.



КҚ 3.11.2

КҚ 3.1.3



ЖКП.05

Металдар технологиясы:

Шойын мен болат өндірісі. Түсті металдар өндірісі. Металдарды сынақтан өткізу тәсілдері, құрылысы мен қасиеттері.

Қорыту теориясынан негізгі мәліметтер. Темірдің көміртегімен қорытулары. Көміртекті болаттар. Шойындар. Термикалық өңдеудің негіздері. . Химиялық-термикалық өңдеудің негіздері.Қоспалы болаттар. Қатты қорытулар. Түсті металлдар қорытулары.

Металдар коррозиясы және олармен күресу шаралары.

Пластикалық массалар. Резеңке және қосалқы материалдар. Құю өндірісі. Қысыммен өңдеу. Дәнекерлеу. Металлдардарды қалайылау.

Техникалық өлшеу, қондыру, рұқсат беру туралы негізгі түсініктер. Кесумен өңдеу. Металл кесетін станоктар және оларда орындалатын жұмыстар.

Металдарды өңдеудің электрлік әдістері.


Білімдер:-металлдар туралы негізгі мәліметтерді;

- болат пен шойынды алу тәсілдерін;

- термикалық және химиялық-термикалық өңдеудің түрлерін;

- түсті металлдарды алу тәсілдерін;

- түсті металлдардың негізгі қорытуларын;

- коррозия түрлері мен онымен күресу тәсілдерін;

- металлдарды қысыммен, дәнекерлеумен, қалайылаумен өңдеу тәсілдерін;

-металл кесуші станоктарда бөлшектердің формасын жасаудың негізгі тәсілдерін;



Іскерліктер: - физикалық қасиеттер бойынша негізгі металл мен қорытулардың түрлерін анықтауды;

- конструкциялық материалдардың маркалары бойынша олардың химиялық құрамын анықтауды.



БҚ 1

ЖКП.06

Өндіріс экономикасы:

Кәсіпорынның негізгі және айналым қорлары, әр түрлі меншік кәсіпорындар қызметінің ерекшеліктері. Автомобиль көлігін пайдалану кезінде өндіріс процессін ұйымдастыру. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру және нормалау. Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын жобалау, жұмыстың пайдалылығын, кірістер мен табыстарды жобалау. Өндірістік үдерістердің экономикалық тиімділігі.



Білімдер:-нарықтың экономикалық түсініктемелері туралы, кәсіпорынның өндірістік қорлары жайында, менеджмент және маркетинг негізі мен өндірістік жоспарлау туралы;

-өндірістік қорлардың экономикалық маңызын, сметалық құжаттарды жасау тәртібін, маркетинг және менеджмент негізін, жоспарлау мен есеп беру әдістерін;



Іскерліктер: -кәсіпорын қорының көрсеткіштерін санай алуды, сметалық есеп жасауды, өндірістік бағдарламаны есепке алуды;

-өндірістік шығынды есептеуді, жұмыс сметасын және материалдық қорларда экономикалық тиімділікте қажеттілікті және шаруашылық қызметтің талдауын жүргізуді.



КҚ 3.12.1

КҚ 3. 12.2

КҚ 3. 12.3


ЖКП.07

Стандарттау негіздері мен метрология:

Әдістері, стандартизацияның принциптері, қолданыстағы стандарттар, ҚКБС. Қондырылуы мен дәлдік шегінің типтік қосылыстардағы өлшемдер, олардың сызбада белгіленуі. Бедерінің қондырылуы, типтік қосылыстардағы ажарлануының орналасуы. Көптеген бөлшектердің өлшену әдіс-тәсілдері.



Білімдер:-әдістерді, стандартизцияның принціпін және өнімнің сапасын қамтамасыз ете.

-мемлекеттік стандарттау жүйесінің негізгі нұсқаулары.

-автокөліктің сапалық басқару жүйесін.

-техникалық өлшеудің әдіс-тәсілдері, өлшеу құралдарын дұрыс қолдану.

-заң талаптарын бұзудағы жауапкершілік және өнімнің сапасын, әдіс-тәсілдерін жасанды түрде сапалау.

Іскерліктер: -мемлекеттік стандарт жүйесінде нормалық-техникалық құжаттармен қолдануды.

-қондырылуы, дәлдік шегін және ажарлануы талдау, дайындалған бөлшектердің жұмыс сызбаларында дұрыс белгілеу.

-бақылаудың жетілдірілген құрал түрлерімен өлшеу.

-бөлшектің негізгі өлшемдерін есептеу.



БҚ 1

КҚ 3.11.4



ЖКП.08

Қоршаған орта мен еңбекті қорғау:

Еңбек заңнамасы туралы жалпы мәліметтер. Кәсіпорындарда еңбекті қорғау бойынша тұрақты бақылау жасау және жұмысты ұйымдастыру. Еңбек жағдайын талдау, кәсіби сырқат пен жарақаттану себептері, олардың алдын-алу жөніндегі іс-шаралар. Өндірістегі электр қауіпсіздігі, технологиялық үдерістердің қауіпсіздігі.

Өндірістік санитария.

Өрт қауіпсіздігінің негіздері, өрт сөндірудің техникалық құралдары. Өндірістегі өнеркәсіптік экология.



Білімдер:-кәсіптік қызмет саласында еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етудің ерекшеліктерін, кәсіпорындағы еңбекті қорғаудың құқықтық, нормативтік және ұйымдастыру негіздерін;

Іскерліктер: - кәсіптік қызмет саласында жарақаттануға қауіпті және зиянды факторлардың талдауын жүргізуді;

- ҚР ЕТЗ сәйкес құжаттарды ресімдеуді;

- экобиоқорғайтын және өртке қауіпсіздік техникасын пайдалануды.


БҚ 1-7

КҚ 3. 12.1

КҚ 3. 12.3

КҚ 3. 12.6



ЖКП.09

Қолданбалы информатика:

Операциялық жүйе типтері мен белгілеу. Жүйелердің мен негізгі түсініктері мен анықтаулары. Өндіріс жұмысында ЭЕМ пайдалану: мәтіндік және графикалық редакторлар, мамандандырылған бағдарламалар. Компьютерлік графика.




Білімдер:- ДК жұмысының қағидатын, басқарудың автоматтандарылған жүйелерінде ЭЕМ рөлі мен басқару теориясын,

- мәтіндік және графикалық редактордың жұмыс қағидаттарын;



Іскерліктер: -мәтіндік және графикалық редакторларды пайдалануды,

курстық және дипломдық жобаларды орындағанда, өндірісте жобалау жұмысын жүргізгенде бағдарламалық құралдарды пайдалануды.



БҚ 4

КҚ 312.8


ЖКП.10

Экономикалық информатика және ақпараттық технология:

Экономикалық информатика және оның мінездемелері . Ақпараттың қалыптасу кезеңі. Біліктілік жүйесі және экономикалық ақпараттық кодтау. Программалық қамтамасыз ету. Операторлық жүйенің сервистік функциясы. Архивті программаларды және мәліметтерді жүпгізу. Ақпараттарды вирустардан қорғау.




Білімдер:- ДК жұмысының қағидатын, басқарудың автоматтандарылған жүйелерінде ЭЕМ рөлі мен басқару теориясын,

- мәтіндік және графикалық редактордың жұмыс қағидаттарын;



Іскерліктер: -мәтіндік және графикалық редакторларды пайдалануды,

курстық және дипломдық жобаларды орындағанда, өндірісте жобалау жұмысын жүргізгенде бағдарламалық құралдарды пайдалануды.



БҚ 4

КҚ 3.12.8



ЖКП.11

Автокөлік географиясы:

Өндіру кезінде көліктің орны. Автокөлік ерекшелігі. Орналастыру факторы. Аймақты орналастыру. Экономикалық мінездемелері. Қазіргі таңдағы мәселелер.



Білімдер:өндіру кезінде көліктің орны. Автокөлік ерекшелігі; автокөлік географиясы, экономикалық ерекшеліктері.

  • Іскерліктер: ақпаратты табу және қолдану, кәсіби жұмыс барысында қолдануды, картта оқуды, анықтаманы қолдануды, арақашықтықты есептеу.

КҚ 3.12.2

ЖКП.12

Кедендік – администраторлық іс қағаздар:

Кедендік құқық пәні. Кедендік құқық көзі. Кедендік брокер. Өнімді және көлік құралдарын декларациялау. Өнімді және құралдарынның қозғалысы. Кедендік тексеріс. Кедендік төлеу. Ақшаны бақылау.



Білімдер:халыққаралық кедең конвенциясын негізін, ретін кедендік телеудің түрлері мен ерекшеліктері,құжат толтырудың ретін, товар құның, рұқсат етілген және етілмеген өнімдерді кіргізу және шығару.

  • Іскерліктер: құжаттармен ескертулерді қолдану.

КҚ 3.12.5

КҚ 3.12.6



АП 00

Арнайы пәндер

Каталог: images -> ebiblateka -> 1kaz
1kaz -> Үлгілік оқу жоспары
1kaz -> Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім
1kaz -> Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім
1kaz -> Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім Білім коды мен бейіні
1kaz -> Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім Білім коды және бейіні
1kaz -> Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім Білім коды және бейіні
1kaz -> Үлгілік оқу жоспары
1kaz -> Үлгілік оқу жоспары
1kaz -> Үлгілік оқу жоспары
1kaz -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет