Мамандығы 6N 0203- тарих

Дәріс 2 Тақырыбы:Жаратылыстанудың әлеуметтік-гуманитарлық танымының объектісі мен пәнің ерекшелігі

бет4/6
Дата19.02.2017
өлшемі1,02 Mb.
#10660
1   2   3   4   5   6

Дәріс 2

Тақырыбы:Жаратылыстанудың әлеуметтік-гуманитарлық танымының объектісі мен пәнің ерекшелігі .

Мақсаты: Табиғатты танудағы объект пен пән ұғымдарының ерекшеліктерін ашып көрсету.

Жоспар

1 Әлеуметтік-гуманитарлық танымының объектісі мен пәні

2 Табиғатты танудың ерекшеліктері

Таным теориясы (гноселогия немесе эпистеминология) – айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында бейнеленуін, танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатынасын, қоғамдық тәжірбие негізінде іске асатын таным үрдісінің заңдылықтарын, оның негізгі түрлерін, әдістерін, жорамалар мен теорияларды құру және дамытудың жолдарын зерттейтін психология ғылымының саласы.

Білімнің қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негізгі мәселесі- рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттейтін ілім- “таным теориясы” деп аталады. Таным теориясының басқа ғылым теорияларынан түбірлі айырмашылықтары бар. Ол білімнің қалыптасуы мен негізделуінің жалпы ұстанымдары, оның ақиқаттың жалпы шарттарының, объективтік қатынастарының қалыптасуы.
Дүниені танудың түрлі формалары болады. Ғылыми теориялық тану дегеніміз- дүниені меңгерудің бір формасы, мұның негізінде логикалық ойлау мен қорытындылауға қабілеттілік жатады. Ғылыми тану толып жатқан жеке жақтардан заңдылық шығаруға сипат табуға бағытталған.
Студенттер бойында кездесетін таным қабілеттіліктері –білімді өз сапасында белсенді және нәтижелі түрде бейнеленуі. Мұндай бейнелеу әрекеті аса күрделі үрдіс. Ол студенттердің сыртқы даңқы әрекетерін қалыптастыру нәтижесінде жүзеге асады. Студенттердің танымдық белсенділігін арттыру, таным қабілеттілігінің оянуына түрткі болу- оқытудың негізгі мәселелерінің бірі. Студенттердің танымдық белсенділігі ал кезеңінде қабылдау, есте сақтау, қиялдау үрдістері мен зейіннің тұрақты күйін қажет етеді. Студентік өзіндік сезімдік танымы ( қалауы, ынтасы, әсерленуі) негізінде қабылданған білімі мен дағдысы, ертігі мен шеберлігі әлдеқайда нәтижелі әрі жемсті болады. Ақыл-ой әрекеттерінің кезеңмен қалыптасу теориясының идеясы мынадай:
Білім алу оқушылардың белгілі бір әрекеттер жүйесін орындауы нәтижесінде жүзеге асырылады. Ақыл-ой әрекетін табиғаттан даяр күйінде алмайды, ол ойлауды үйренеді, ойлау операцияларын игереді. Оқытушының міндеті-осы үрдісті басқара білу, тек ойлау іс-әрекетінің нәтижелерін ғана емес, оны қалыптасу барысында бақылап отыру.
Ақыл-ой әрекеті сезімдік қабылдау негізінде алған жүйлі білімі арқылы қалыптасады. Оқу барысында, әрекеттердің белгілі бір жүйесін орындау кезінде оқытушылардың басқаруымен сезімдік қабылдау қабілеттілігін жетілдіріп отыруға асырылады. Студенттердің психикалық даму ерекшеліктері оқу әрекеттерінде жетекші қызмет атқарады. Оқу үрдісі студенттердің танымды белсенділігі мен құштарлығының қабілеттілігін арттырудың сан алуан түрлер бар.
Оқу – тәрбиелеу үрдісі оқытушы мен оқып-үйренушінің әр түрлі іс-әрекеттердің барлығы оқып-үйренушінің білімнің мазмұнын меңгеру мақсатында орындалады. Дидактикада осы іс-әрекет түрлерінің сипатына, жинақтау тұтастығы мен орналасуны көп көңіл бөлінеді. Білім оқытушыдан студентке беріліп қана қоймайды, оның шығармашылығын дамытуға жұмылдырылады. Өйткені оқыту әдісі белгілі білімді игеру үрдісі мен тікелей байланысты. Оқыту әдісі – оқытушы қолындағы өзіндік педагогикалық құрал.
Педагогикалық үрдісте оқып – үйренуші мен оқытушының арасындағы өзара әрекеттесу жүріп, ол әрекеттесу әр түрлі әдістер арқылы іске асады. Әдістерді анықтаумен классификациялаудың көптеген жақтары бар.
Б.Краевский “Оқыту әдісін оқытушы мен оқып үйренушінің біріккен іс-әрекетінің моделі, белгілі білім мазмұнын оқып-үйренушілерге игеру үшін беретін нормативті жоспары” деп түйіндесе, И.Лернер “ Оқыту әдісі оқып үйренуші мен оқытушының сатылы әрекеттесу жүйесі, мазмұнын игеруді ұйымдастыруға бағытты” деп тұжырымдайды. Дидактик В.Оконьнің пікірінше “Оқыту әдісі – сыналған оқып – үйренушінің жеке өзгерістерінің іске асыру мақсатында қолданылатын оқып - үйренуші мен оқытушының біріккен қызметі”. Сондықтан біз оқыту әдісінің сипатына мақсаты, ұйымдасқан игерілген әдіс, оқыту субъектілерінің әрекеттеу белгілерін жатқызамыз. Әдістерге технологиялық жағынан жақындау әдістің өнімділігін тиімді арттыру мақсатында бағытталған, яғни мұнда оқып – үйренушінің танымдық мүмкіндігі, жеке адамның белсенді танымдық қабілеттігі ескерілмейді.
Педагогикалық әдебиеттерде көптеген авторлар “методос” терминінің тәсіл деп түсіндіріледі. Ал үлкен советтік энциклопидияда “Әдіс” дегеніміз тәсіл деп көрсетілген. М.Данилов пен В.Есимотовтың “Дидкатика” кітабында “Оқыту әдістері –оқытушінің оқып үйренушілерге көмектесу тәсілі осы тәсіл арқылы білімді дағдыны игеру, оқушылардың көз қарасын қалыптастыру арқылы таным күштерін дамытады” деп жазылған. Сонымен авторлар әдістері көрме және дидактикалық деп топтай келе, педагогикалық, дидакткалық әдістер психологиялық басымдық көрсететінін көз қарас деп тұжырымдайды.
Кез-келген құрылыс элементті сияқты оқыту әдіснің субъективті және объективті бөлімі бар. Объективті бөлімі әртүрлі педагогтар қолданылатын кез-келген әдістерде кездесетін нақты ережелер:
заңдар мен заңдылықтар, ұстанымдар және мақсатқа қажетті бөлімдерден мазмұнынан, іс -әрекет формаларынан тұрады. Субъективті бөлім оқып-үйренушілердің жеке педагогикалық ерекшеліктері мен байланыстағы нақты жағдайлары.
Оқыту әдісін әр түрлі жағынан қарастыруға болады. Оқыту әдісі оқу үрдісінде өтетін оқу формасын, оқып-үйренушілердің білім логикалық игеруі оқуға үйрену тәсілдері. Осы құбылыстардың ішіндегі маңыздысы, білім мазмұны әдістерімен тығыз байланыста болып, оқып-үйренушілердің ойлау іс-әрекеттері сипатын анықтайды.
Оқыту мақсатында қолданылатын білім түрлері: терминдер мен ұғымдар, дәйектер мен деректер, заңдар мен тероториялар, әдістемелік білім және білімді бағалау.
Білімнің атқаратын бірінші қызметі: шындық өмірдің негізі – отологиялық Адам өмірімен қарым – қатынаста бола отарып, адамдар арасындағы байланысты жалғайды. Екіншісі, іс-әрекет мақсатын орындау мақсатында бағыттаушы қызметін атқарады.
Заңдылықтарды, құбылыстардың бір жақты дамуын біле отырып, заттар туралы алғашқы ұғымды қалыптастырады, қоршаған ортамен, адамдар арасындағы байланысты жалғайды. Іс-әрекеттің тәжірбие және танымдық нормаларын сипаттай отырып, білім өз қызметін ережелер, нұсқаулар, алгоритмдер түрінде атқарады.
Іс -әрекет тәсілдерін тәжірбиеде іске асырудың ерекше маңызы бар. Сондықтан тәжірбиенің екінші әлеуметтік элементі ақыл-ой іс- әрекеті тәсілдері арқылы белгілі бір индивидтерде жүре пайда болады. Бұл әдістер әрі танымдық, әрі тәжірбиелік мәселелердің нәтижесі арқылы туындайды да алынған білімнің қажетті деңгейін көрсете алмайды. Себебі, оған жылдамдық, жеделдету, т.б. тән. Содан келіп және басқа тәжірбиенің қажеттігін тудырады.
Білім түрлері мазмұны мен атқаратын қызметі мен қатар игеруге қажетті іс-әрекетпен де сипатталады. “Игеру” деп әлеуметтік тәжірбиенің объективті мазмұнының жеке адамның өсімдік мазмұнына алмасуын айтамыз. Ал білім ұғымының анықтамасының жалпы ғылыми және педагогикалық ерекшеліктері мыналар: әлеуметтік, ғылыми және оқу танымдық. Әлеуметтік анықтама шығармашылығы бойынша сипатталады. Дайын білім дегеніміз: субъектіге хабарламаны жеткізіп, объектіні сипаттап, оқып-үйренушіге біелгілі байланыстарды көрсету. Осы жағдай іс-әрекет тәсілдеріне де қатысты. Оқып-үйренуші дайынды түсіне алады, себебі оқып-үйренушіге әр бір жүрген жүрісі белгілі. Білімді игеру арқылы жаңғырту тәсілі оқып-үйренуші өзі ойлап табуы қажет. Өмірде жеке адамның білімі екі сапамен анықталады. Біріншісі – қоғамның деңгейіне сайкес өмірді жинақтап көрсете алуы. Екіншісі – тәсілдер құралы – іс-әрекеті шығармашылықпен іске асыруы. Біріншіге қажетті дайын білімді игеру тәсілдері: танымдық объектіні немесе таңдамалы хабарламаны, алынған хабарламаны еске сақтау, жақын ассоциялық жүйеге енгізу. Білімнің бұл түрі оқып-үйренушіге белгілі базалық білім көзіне негізделеді. Білім мазмұнының екінші элементін игеру басқаша іске асады, яғни белгілі іс-әрекет тәсілдерінің тәжірбиесі арқылы. Білімді осы іс-әрекет тәсілдері арқылы жаңғырту оқу үрдісінде дағды мен шеберлікке айналады. Ал дағды мен шеберлік жаңғыртусыз басқа іс-әрекет түрлі тәсілдерімен жанаса алмайды.
Оқып-үйренушілердің білімнің, дағдыларының, шеберлігінің сапасы мәселелерін өңдеу педагогикалық әдебиетте кеңінен қаралып, қазіргі уақытта білім, дағды, шеберлік сапасы әдістер арқылы жүйеленіп, әр түрлі белгілеріне қарай сипатталып жүр. Білім сапасының жүйесі – сапалық сипаттамалардың әрекеттескен жиынтығы, жеке адамның дамуы мақсатына жоспарлаған, шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталған толық білім.

Дәріс 3

Тақырыбы: Әлеуметтік-гуманитарлық танымының субъектісі.

Мақсаты: Әлеуметтік-гуманитарлық танымының субъектісінің сипаты.

Жоспар

1 Әлеуметтік-гуманитарлық танымының субъектісінің ерекшелігі

2 Әлеуметтік-гуманитарлық танымының субъектісі

Қоғамдағы өзгерістерге сәйкес оқушыларға бүгінгі таңда тиянақты білім беру үшін олардың танымдық қабілетін басты мақсат болып отыр. Оқушылардың белсенділігін арттыру жолында олардың әр пәнге қызығуын, өздігінен даму дағдыларын қалыптастыру ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу-әр мектептің міндеті. Сол себепті білім мазмұнын оқыту әдістерін, түрлері мен құралдарын, әдістемелік жүйені жаңа сапалық негізінде қайта құру қажеттілігін естен шығармағанымыз абзал. Білім мазмұны ақпарат көзі ғана болып қоймай, оқушылрадың өздігінен білім алу құралына айналуы керек. Бұл мақсатқа жету жолында пән аралық байланыс, оқушылардың өзіндік танымдық белсенділігін дамытуға арналған дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақтың түрін, өзгертіп отырып нәтиже беретіні сөзсіз. Педагогикалық ахуалға байланысты оқытудың дара және ұжымдық түрлерін біріктіру, оқу құралдарын дұрыс пайдалана білудің де маңызы зор.

Соңғы кезде оқушылардың танымдық ізденімпаздық қабілеттерін арттыруға көп көңіл бөлініп отыр. Көптеген әдістемелік еңбектер бар. Бұл мәселелер төңірегінде әр түрлі көзқарастар бар. Мысалы, ғылым –педагог Л.Занков: “ Оқыту- оқушының жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуі қажет”, -десе, көрнекті психолог Л.Выготский: “Жақсы оқыту деп, баланың дамуынан ілгері жүретін, оны жетекке алатын оқытуды айтады” деп тұжырымдайды және оқу-баланың өзінің танымдық белсендігі екендігін анықтайды.
Ш.Уалиханов атындағы университеттің профессоры, педагогика ғылымы кандитаты Қожабаев Қайыржан өзінің “Матиматиканы оқыту әдтері” еңбегінде пәнге танымдық қызығуды дамытудың үш шарты бар деп көрсеткен: біріншісі –мазмұнның жаңартылуы, бұрын жария етілген фактілерді жаңаша сипаттау, хабарланып отырған материалға тарихи бағдар беру, ілімнің практикалық мәнін ашып көрсету және ғылымның соңғы жаңалықтарын, табыстарын жүйелі баяндау, екіншісі - өз бетінше жұмыс істеудің әр қилы түрлеріне негізделген, проблемалық тұрғыдан қолға алған материалды зерттеуге және оқушының шығармашылық, практикалық жұмыстарына бағытталған оқыту тәілдері, үшіншісі – оқушының қабілетін ұштау, мұғалімнің оқушыға көмек беруге дайын тұруы, олардың күш – мүмкіндіктеріне қолдау көрсету қабілеті, талап қоюшылығы мен адалдығы, балаларды көтермелей білу, сондай – ақ оқушылырдың өзара бәсекесіне көмек көрсете білу қасиеті.
Оқушылардың танымдық белсенділігін, ізденімпаздығын арттыру үшін оқу үрдісі оларды қанағаттандыратындай ұйымдастырылуы қажет. “Жүз рет естігенше, бір рет көрген артық”деп бекер айтылмаған. Соңғы кезде теледидардан беріліп жүрген “Не, қашан, қайда?”, “Брейн-ринг”, “Ғасыр көшбасшысы”, “Интелектуалдық казино”, “Жұлдызды сағат”, т.б. бағдарламаларды әр пән бойынша қолдану әдістемелері баспа сөз бетінен орын алып отыр. Осы озық тәжірбелерді әр мұғалім қолдана білсе, оқушыларды өз пәніне деген қызығуын тудырады және танымдық қабілеттерін дамытады.
Танымдық қабілет әркімге тән. Тек оны дамыта білу - әр ұстаздың міндеті. Сондықтан, дайын ақпараттық фактілерді, заңдар мен ережелерді беріп қоймай, оқушыларды өз бетінше іздендіретін, алған білімдерін тұжырымда алатын оқу материалдарын беру қажет. Сонымен бірге мұғалім мен оқушының арасында ұжымдық қарым-қатынас, бір-біріне деген сыйластық болған жағдайда ғана оқыту өз нәтижесін бере

Заңдылықтарды, құбылыстардың бір жақты дамуын біле отырып, заттар туралы алғашқы ұғымды қалыптастырады, қоршаған ортамен, адамдар арасындағы байланысты жалғайды. Іс-әрекеттің тәжірбие және танымдық нормаларын сипаттай отырып, білім өз қызметін ережелер, нұсқаулар, алгоритмдер түрінде атқарады.

Іс -әрекет тәсілдерін тәжірбиеде іске асырудың ерекше маңызы бар. Сондықтан тәжірбиенің екінші әлеуметтік элементі ақыл-ой іс- әрекеті тәсілдері арқылы белгілі бір индивидтерде жүре пайда болады. Бұл әдістер әрі танымдық, әрі тәжірбиелік мәселелердің нәтижесі арқылы туындайды да алынған білімнің қажетті деңгейін көрсете алмайды. Себебі, оған жылдамдық, жеделдету, т.б. тән. Содан келіп және басқа тәжірбиенің қажеттігін тудырады.
Білім түрлері мазмұны мен атқаратын қызметі мен қатар игеруге қажетті іс-әрекетпен де сипатталады. “Игеру” деп әлеуметтік тәжірбиенің объективті мазмұнының жеке адамның өсімдік мазмұнына алмасуын айтамыз. Ал білім ұғымының анықтамасының жалпы ғылыми және педагогикалық ерекшеліктері мыналар: әлеуметтік, ғылыми және оқу танымдық. Әлеуметтік анықтама шығармашылығы бойынша сипатталады. Дайын білім дегеніміз: субъектіге хабарламаны жеткізіп, объектіні сипаттап, оқып-үйренушіге біелгілі байланыстарды көрсету. Осы жағдай іс-әрекет тәсілдеріне де қатысты. Оқып-үйренуші дайынды түсіне алады, себебі оқып-үйренушіге әр бір жүрген жүрісі белгілі. Білімді игеру арқылы жаңғырту тәсілі оқып-үйренуші өзі ойлап табуы қажет. Өмірде жеке адамның білімі екі сапамен анықталады. Біріншісі – қоғамның деңгейіне сайкес өмірді жинақтап көрсете алуы. Екіншісі – тәсілдер құралы – іс-әрекеті шығармашылықпен іске асыруы.

Дәріс 4

Тақырыбы:Құңдылықтар табиғаты және олардыңәлеуметтік-гуманитарлық танымдағы рөлі .

Мақсаты:құңдылықтар түсінігінің мазмұның және оның гуманитарлық танымдағы өзгешілігін ашып көрсету.

Жоспар

1.Құңдылықтар түсінік реттінде.

2. Рухани мәдениет

3. Ғылым және қоғамдағы оның рөлі.

4. Мораль.

5. Дін.

6. Өнер.

7. Білім беру және өз бетімен білім алу. Рухани өмір – қоғмның өмір сүруі мен қызмет етуінің маңызды жағы болып табылады. Егер де, ол бай мазмұнға ие болатын болса, онда адамдардың өміріне қолайлы рухани жағдай, тиісті моральдық-психологиялық климат қалыптасады. Қоғамның рухани өмірінің мазмұнына оның нақты адамилық мәні айқындалады. Өйткені руханилық тек қана адамға тән және оны басқа тіршілік иелерінен ажырататын, табиғаттан жоғары қоятын қасиет.

Қоғамның рухани өмірі өте күрделі ұйымдасқан. Ол адам санасының әр түрлі көріністерімен, олардың ойлары мен сезімдерімен шектелмейді, бірақ, олардың санасы рухани өмірдің өзегі, тірегі деуге толық негіз бар. Қоғамның рухани өміріне келесі негізгі элементтерді жатқызуға болады:

а) тиісті рухани құндылықтарды өндіру мен тұтынуға бағытталған адамдардың рухани қажеттіліктері;

б) рухани құндылықтар;

в) рухани қызмет;

г) тұтас рухани өндіріс жүйесі;

д) рухани тұтыну;

е) рухани қатынастар.

Рухани қызмет рухани өмірдің негізін құрайды. Оны сананың қызметі ретінде қарастыруға болады, оның барысында адамдардың табиғи және әлеуметтік құбылыстар жөнінде бір ойлары мен сезімдері, ұғымдары мен түсініктері қалыптасады. Мұндай қызметтін нәтижесі ретінде адамдардың дүние туралы белгілі бір көзқарастарын, ғылыми идеялары мен теорияларын, моральдық, эстетикалық және діни ой-пікірлерді қарастыруға болады. Бұлардың бәрі тиісті моральдық принциптер мен мінез-құлық номаларында, халықтық және кәсіби өнер туындыларында, діни жол-жора, салт-дәтүрлерде және т.б. көрініс табады. Рухани қызметтің нәтижесінде тиісті рухани игіліктер немесе құндылықтар қалыптасады. Рухани құндылықтарға адамдардың кез келген көзқарастарын, ғылыми идеяларды, гипотезалар мен теорияларды, көркем туындыларын, моральдық және діни сананы, адамдардың рухани қарым-қатынасын дәне сананың негізінде қалыптасатын моральдық-психологиялық жағдайды жатқызамыз. Рухани құндылықтарды тарату, тұтынушыға дейін жеткізу рухани қызметтің ерекше бір түрі болып саналады. Бұл, олардың сауаттылығы мен рухани мәдениетін арттырудағы өте маңызды әрекет. Осыған байланысты қоғамдағы білім беру мен тәрбие мәселесі, ғылым және мәдениет мекемелерінің қызмет етуі дұрыс жолға қойылу керек. Сонда ғана адамдардың рухани дүниесі дұрыс қалыптасып, қоғамның рухани өмірі бай мазмұнға ие болады. Адамдарды рухани қызметпен айналысуға итермелейтін негізгі күш – рухани қажеттіліктер. Соңғылар, адамды рухани шығармашылықпен айналысуға, рухани қүндылықтарды жасау мен тұтынуға, рухани қарым-қатынасқа бағыттайды, соған жол ашады. Рухани құндылықтар мазмұны жағынан объективті болып табылады. Өйткені олар өмірдің өзінен туындайды және адамдардың қоршаған дүниені рухани тұрғыдан игерудегі объективтік қажеттілігін айқындайды. Сонымен бірге, рухани қажеттіліктер формасы жағынан субъективті болып келеді, өйткені, олар адамдардың ішкі дүниесінің, қоғамдық және жекедаралық санасы мен өзіндік санасының көріністері ретінде байқалады. Қоғамның рухани өмірінің келесі маңызды элементі – рухани тұтыну. Сөз рухани игіліктерді тұтыну туралы болмақ. Рухани игіліктерді тұтыну арқылы адамдар өздерінің рухани қажеттілктерін қанағаттандырады. Рухани тұтынудың нәрселері (өнер туындылары, моральдық, діни және т.б. құндылықтар) тиісті қажеттіліктерді туғызады. Сондықтан қоғамның рухани мәдениетінің нәрселері мен көріністерінің көп болуы адамның әр түрлі рухани қажеттіліктерінің қалыптасуының маңызыды алғышарты болып табылады. Рухани тұтыну процессі әр қилы жүзеге асады. Рухани тұтыну белгілі бір деңгейде стихиялы жүруі мүмкін, яғни бұл жағдайда оны ешкім де бағыттамайды және адам өз еркі бойынша рухани құндылықтарды тандайды. Басқа бір жағдайда рухани тұтыну мәдениеті жарнама, массалық мәдениет құралдары арқылы қалыптасуы мүмкін. Бірақ бұған қарамастан, мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі – адамдардың шынайы рухани құндылықтарды тұтыну мәдениетің қалыптастыру болып табылады. Бұл үшін қоғамның рухани мәдениетін үнемі дамытып, байытып және оны әр бір адамға қызықты, қолы жететіндей ету керек. Рухани құндылықтарды өндіру мен тұтыну рухани қатынастар негізінде жүзеге асады. Рухани қатынастар екі түрлі болуы мүмкін. Біріншіден адамның кез келген рухани құндылықтарға тікелей қатынасы (оларды қабылдау немесе қабылдамау), екіншіден, сол құндылықтар жөнінде адамдарды бір-бірімен рухани қатынастары (өндіру, тарату, тұтыну, қорғау). Рухани қатынас болмай кез келген рухани қызметте жүзеге аса алмайды. Осыдан келіп қоғамдағы келесі рухани қатынастарды атауға болады: танымдық, өнегелілік, эстетикалық, діни, ұстаз бен шәкірт, тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы рухани қатынас. Рухани қатынастар қоғамның рухани өмірін басынан аяғына дейін қамтиды. Жоғарыда айтылғандай, адамдардың қоғамдық санасы қоғамның рухани өмірінің басты өзегі болып табылады. Қоғамдық сана дегеніміз – қоғамдық болмысты бейнелейтін сезімдердің, көзқарастардың, идеялар мен теориялардың күрделі жүйесі. Қоғамдық сана қоғамда өмір сүретін жеке адамдар санасының жиынтығы емес, керісінше, күрделі және тұтас рухани жүйе болып табылады. Қоғамдық сана дегенімізде қоғамның белгілі бір тарихи даму сатысына тән көзқарастарды, идеяларды сезімдерді елестетеміз. Қоғамдық сана тарихи процестің рухани жағы бола тұрып бір-бірімен тығыз байланысты екі функция атқарады. Бірінші функциясы – қоғамдық болмысты бейнелеу; екіншісі – қоғамдық болмысқа керісінше белсенді ықпал тигізу. Қоғамдық сана қоғамдық болмысты үстірт бейнелемейді. Қоғамдық санада қоғамдық өмірдің тек қана сыртқы емес, сонымен бірге ішкі жақтары, олардың мәні мен мазмұны бейнеленеді. Қоғамдық сананың әлеуметтік табиғаты бар. Ол адамдардың қоғамдық практикасынан туындайды. Өздерінің бірлескен практикалық қызметі барысында адамдар оларды қоршаған дүние өз мақсаттарына пайдалану үшін ойластырады, таниды. Әр түрлі қоғамдық құбылыстар және олардың қоғамдық санадағы бейнесі – адамдардың практикалық қызметінің екі жағы.

Қоғамдық сананың  салыстырмалы дербестігі бар. Ең алдымен қоғамдық сана қоғамдық болмысты жай ғана бейнелеп қоймайды, керісінше, оны жан-жақты ойластырады, мәнің ашуға тырысады. Сол себепті қоғамдық сана қоғамдық болмыстың дамуынан сәл қалып қояды. Өйткені, қоғамдық процестерді терең тану үшін олар пісіп-жетіліп және өздерін жан-жақты көрсету керек. Бірақ, соған қарамастан қоғамдық сананың қоғамдық болмыстан асып, одан тез дамуы мүмкін. Қоғамдық сана өзінің тарихи дамуында адамдар ойының, ғылымның, өнерді және т.б. жетістіктеріне сүйенеді. Яғни, қоғамдық сананың дамуында сабақтастық бар, оның арқасында қоғамдық өмірдің барлық салаларында жинақталған адамдардың (ұрпақтардың) рухани мұрасы сақталып, дамиды. Мұның бәрі қоғамдық сананың дамуында өзіндік ішкі логикасы, принцпитері мен дәстүрлері бар екендігін көрсетеді. Бұның дәлелі ретінде ғылымның, өнердің, моральдың, діннің, философияның дамуын алып қарастыруға болады.  Қоғамдық сананың салыстырмалы дербестігін оның қоғамдық болмысқа белсенді ықпал тигізуінен де көруге болады. Әр түрлі идеялар, теориялық концепциялар, саяси  тұжырымдамалар, моральдық принциптер, өнер және дін бағыттары қоғамның дамуында прогрессивтік немесе регрессивтік рөл атқарады.

Қоғамдық сана аса күрделі құбылыс болып табылады. Қазіргі әлеуметтік философия қоғамдық сананың құрылымында келесі элементтерді ажыратады;

-  күнделікті және теориялық сана;

-  қоғамдық психология және идеология;

-  қоғамдық сана формалары.

Оларға қысқаша түсінік берейік.

Күнделікті және теориялық сана. Бұл екеуі қоғамдық сананың төменгі және жоғары деңгейі болып табылады. Оларды қоғамдық құбылыстарды, процестерді терең түсіндіруімен ерекшелейміз. Күнделікті сана барлық адамдарға тән. Ол адамдардың күнделікті практикалық қызметі процесінде олардың эмпирикалық тәжірибесі негізінде қалыптасады. Көп жағдайда бұл қоғамдық өмірді стихиялық тұрғыдан бейнелеу болып табылады. Мұнда қоғамдық құбылыстарды жүйелеу мен олардың терең мәнің ашу жоқ. Адамдардың кейбір қоғамдық құбылыстар ғылыми түсінігі болмаған жағдайында сол құбылыстар жөнінде күнделікті сана деңгейінде ой қозғауға мәжбүр болады. Мұндай жағдай адамдар тобы мен жеке адамның өмірінде жиі кездесіп тұрады, өйткені, біз бәрін ғылыми тұрғыдан ойластыра бермейміз.

Адамдардың білімділігі төмен болса, онда олар қоғамдық өмірдің құбылыстары жөнінде көп жағдайда күнделікті сана деңгейінде ойлады. Бірақ білімді адамның өзі де бәрін ғылыми жолмен тани алмайды. Сондықтан күнделікті сананың қызмет ету аясы өте кең.

Теориялық сана күнделікті санаға қарағанда қоғамдық өмірді танығанда қоғамдық құбылыстар мен процестердің мәнің ашуға, олардың объективті даму заңдылықтарын көрсетуге тырысады. Бұл қоғамның экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани өміріне қатысты. Осыған байланысты, ол қоғамдық сананың біршама жоғарғы деңгейі болып табылады. Теориялық сана қоғамдық өмірдің кез келген құбылысына байланысты белгілі бір ғылыми концепция болып саналады. Теориялық сананың субъектісі ретінде барлық адамдарды қарастыра бермейміз. Мұндайларға қоғам дамуының тиісті құбылыстары жөнінде ғылыми тұрыдан ойлай білетін адамдарды, яғни әр түрлі білім саласында қызмет ететін ғылымдарды, мамандарды, теоретиктерді жатқызамыз.Күнделікті және теориялық сана бір-бірімен өте күрделі байланыста болады. Әсіресе күнделікті сананың мазмұны өзгеріп, ол ғылыми көзқарастармен ойларға тола түсті. Бұл сәтте қазіргі күнделікті сананың шамамен бір немесе екі ғасыр болған санадан айырмашылығы жер мен көктей. Қоғамдық сананың екі деңгейі – күнделікті және теориялық – қоғамның дамуы мен адамдардың өмірі мен қызметінде өте маңызды рөл атқарады. Қоғамдық психология және идеология. Бұл екеуі қоғамдық сананың маңызды құрылымдық элементтері. Олар әр түрлі әлеуметтік топтар мен ұлттық-этникалық қауымдықтардың әлеуметтік шыңдықты қатынасын айқындайды. Мұндай қатынас адамдардың қажеттілігінен туындайды. Қоғамдық психологиядағы қоғамдық өмір құбылыстарына деген қатынас адамдардың тек қана қажеттіліктері мен мүдделері арқылы емес, сонымен бірге олардың әр түрлі сезімдері, ырымдары, дәстүрлері, ұмтылыстары, мақсаттары мен мұраттары арқылы көрініс табады. Қоғамдық психология адамдардың олардың қоғамдық болмысына, өмір жағдайларына эмоциялық және интеллектуалдық қатынастарының бірлігі деуге болады. Мұны әлеуметтік топтардың психикалық ерекшеліктерінің көрінісі ретінде қарастыруға болады. Бұған, мәселен, әлеуметтік-таптық және ұлттық мінез-құлқысында көрініс табады. Қоғамдық психология күнделікті сана сияқты бұқара қауым санасының көрінісі болып табылады. Бұл сәтте, ол массалық сана айналады. Қоғамдық немесе әлеуметтік психологияның бірнеше функцияларын атап көрсетуге болады. Солардың бірі  құндылықтық-бағдардау функциясы. Оның мәні  келесіде. Таптардың, ұлттар мен халықтардың әлеуметтік психологиясы олардың құрамына кіретін адамдардың құндылық бағыт-бағдарын, мінезін қалыптастырады. Келесі функциясы – мотивациялық функциясы. Бұл функциясы адамдар массасын, жеке әлеуметтік топтарды белгілі бір бағытта әрекет етуге итермелейді, яғни олардың қызметінің қозғаушы күші болып саналады. Сондықтан мемлекеттік саясатты топтар мен ұжымдардың қоғамдық психологиясын әр қашанда ескеру қажет. Өйткені, олардың қызметінің әлеуметтік-психологиялық мотивтері бұл  саясатты жүзеге асыруға мүмкіндік тұғызатын немесе оған кедергі жасайтын шешуші фактор.

Идеология адамдардың әлеуметтік қызметін мотивациялау механизмінде аса маңызды рөл атқарады. Идеологияда қоғамдық психологияда сияқты әр түрлі әлеуметтік топтардың, ең алдымен таптар мен ұлттық қауымдастықтардың объективтік қажеттіліктері мен мүдделері көрініс табады. Бірақ идеологияда мұндай қажеттіліктер мен мүдделер ең жоғарғы, яғни теориялық деңгейде ойластырады. Идеологияның өзі қоғамның әлеуметтік-саяси құрылысын, оның әлеуметтік құрылымын, әр түрлі әлеуметтік күштердің қажеттіліктері мен мүдделерін теориялық тұрғыдан бейнелейтін көзқарастар мен тұжырымдамалардың жүйесі болып табылады. Онда белгілі бір таптардың саяси партиялар мен қозғалыстардың қоғамның сол кездегі саяси жүйесіне, мемлекеттік құрылысына, жеке саяси институттарына қатынасы анық байқалып, айқындалуы мүмкін. Идеологияның теориялық концепция екендігін дәлелдейтін факт оның қоғамның даму процесін ғылыми негізде сипаттауында саяси, құқықтық және т.б. құбылыстардың мәнің олардың даму заңдылықтарын ашуында болып табылады. Бірақ былай әр қашанда бола бермейді. Әлеуметтік субъектілердің идеологиясы толық ғылыми мазмұнға ие болады, егер де олардың мүддесі қоғамның негізгі даму үрдісі мен қоғамдық прогрестін мүдделеріне сай келетін болса. Бұл сәтте олардың мүддесі көпшіліктің мүддесімен үйлеседі. Сондықтан олардың өз мүдделерін жасыруға ешбір қажеттілігі жоқ, керісінше қоғамның даму заңдылықтарын, оның субъективтік және объективтік шарттарының өзара байланысын түсінуге қажеттілік туындайды. Сонда идеологияның қозғаушы күші ретінде әлеуметтік қызығушылық болса, оның танымдық бағыт-бағдары ретінде ақиқатты қарастырамыз. Кез келген идеологияны ғылими деп есептемейміз. Белгілі бір таптың идеологиясында оның шынайы мүдделері жасырылып, кемітілуі мүмкін. Идеология қоғамда саналы түрде қалыптасады. Идеологтар ретінде теоретиктер, ойшылдар, саясаткерлер болып табылады. Сосың қалыптасқан идеологияны тиісті механизмдер арқылы (білім беру және тәрбиелеу жүйесі, бұқаралық ақпарат құралдары және т.б.) көпшіліктің санасына енгізіледі. Сондықтан идеологияның қалыптасуы мен қоғамда кең тарауы басынан аяғына дейін саналы және мақсатқа лайықты болады. Қоғамдағы көпшіліктің мүддесіне сай келетін идеологияның тарауын дұрыс деп білеміз. Бізге мәлім болғандай, кейде идеология шынайы мүдделерге қайшы келіп, көпшіліктің санасына күшпен енгізілуі мүмкін. Көптеген индивидтер мен адамдар тобы адасып, өздерінің қызметінде жалған идеологияны қолданады. Әрине және объективтік жағдайларының ықпалымен, әсіресе қоғамдық психологияның ықпалымен қалыптасады. Сонымен бір идеология қоғамдық психология маңызды ықпал тигізеді. Қоғамдық сана формалары. Әлеуметтік философия қоғамдық сананың келесі формаларын атап көрсетеді: саяси, құқықтық, моральдық, эстетикалық, діни, ғылыми және филоософиялық сана. Әр бір жеке сана қоғамдық өмірдің тиісті жақтарын бейнелейді.

Қоғамдық сананың формалары – болмыстың адам санасында бейнеленуі. Қоғамдық сананың формалары адамның практикалық іс-әрекеттерінен байқалады. Қоғамдық сананың тарихи қалыптасқан формалары қоғамның рухани мәдениетінің құрамды билігі болып табылады. Қоғам дамуының алғашқы сатыларында қоғамдық сана жеке формаларға бөлінбеді. Өнер, мораль және дін адамдардың еңбекпен айналысу нәтижесінің белгілі сатысында, таптық қоғам қалыптасқанға дейін болды. Таптық қоғамдағы қоғамдық сананың формалары саясат, хұқ, философия, мораль, өнер, дін болмысын бейнелей отырып, оған белсенді ықпал етеді. Қоғамдық сананың формаларының әрқайсысының өз объектісі мен бейнелеу тәсілі болуына қарамастан, болмыс пен адам санасына өзіндік әсерін тигізеді, идеялық саяси күресте ерекше рөл атқаруымен сипатталады. Қоғамдық сананың саяси және праволық формалары қоғамның экономикалық қатынасын саяси және құқылық тілде, ал өнер – көркемдік образдарымен, мораль – адамдардың мінез-құлқының белгілі принциптері мен ережелері түрінде бейнелейді. Қоғамдық сананың формалары қоғамның экономикалық базисімен байланыс жасау сипатына қарай әрқилы болады. Бұлар қоғамның өндірістік қатынастарын тура, тікелей бейнелей отырып, олардың төтелей ықпал жасауымен қалыптасады. Философия мен өнер қоғамның экономикалық негізін жаңаша, бірқатар аралық формалар арқылы ең алдымен саяси идеологияның көріністері арқылы бейнелейді. Қоғамдық сананың формалары тарихи өзгерістерге түсіп, нақтылы дәуірде осы формалардың бірі қоғамның рухани өмірінде үстем болып, қолғандарын өзіне бағынышты етеді.

Ру – қаны бір, туыстық байланыстармен топтасқан алғашқы қауым – алғашқы қауымның экономикалық қатынасының барысында қалыптасқан адамдар бірлестігінің түрі. Соңғы зерттеулердің мәліметтеріне қарағанда, рулық бірлестік барлық халықтарға тән емес. Алғашқында Р. аталық және аналық формада (Патриархат, Матриархат) дара бірлестік ретінде емес, әртүрлі қауымда өмір сүрген туыс-тумалардың тобына ұқсады. Р. қауымдардың кіндігі іспеттес, олардың мүшелерін тұтас бір топқа шоғырландырды, үйлену – отбасылық қатынастарды реттеу, бірлесе тәрбиелеу мен балаларды асырау арқылы еңбек пен әлеум. қатынасқа жарамды ұрпақтардың кобеюін қамтамасыз етті. Рулық, қатынастар әдетте қауым мүшелерінің әлеум. байланысының түріне жатты, табыну әрекеттерінде, өндірісте, бөлісуде және т.б. анықтаушы роль атқарды, қауымның салт-дәстүрін басқаруда (қауымның рулық кіндігінің мүшелерінен ру басы мен көсемдерді сайлауда, оларды алмастыруда және т.б.)рулық ерекшелікті сақтады. Р. мен рулық қауымның арақатынасынан рулық құрылысты анықтайтын әлеум. құрылым қалыптасты, мұнда жерге қоғамдық меншік үстемдік етті, мүліктей және әлеум. бөлісу болмады, қоғамдық істерге қатысу ересектерінің хұқықы мен борышы болып табылды.

Алғашқы қауымдық құрылыстың дамуына байланысты біртіндеп Р-дың саны көбейді, олар фратрияға (бауырластық топтарға) бірікті, фратериядан – тайпалар, ал тайпалардан – тайпалар одағы құрылды. Өндіргіш күштердің прогресі, қауымдар мен отбасылар арасындағы товарлы-ақша қатынастарының дамуы рудың ыдырауына әкеліп соқты. Оның ролі таптық қоғам өмірінде кеміді.

Дәріс 5

Тақырыбы:Өмір қоғам және мәдениетті зерттейтін ғылымдардың категориясы ретінде

Мақсаты : «Өмір»түсінігінің мазмұндық сипаттын ашып көрсету

Жоспар

1 Өмір түсінігі

2 Өмір түсінігінің мазмұндық сипаты

Қоғамдық сана аса күрделі құбылыс болып табылады. Қазіргі әлеуметтік философия қоғамдық сананың құрылымында келесі элементтерді ажыратады;

-  күнделікті және теориялық сана;

-  қоғамдық психология және идеология;

-  қоғамдық сана формалары.

Оларға қысқаша түсінік берейік.

Күнделікті және теориялық сана. Бұл екеуі қоғамдық сананың төменгі және жоғары деңгейі болып табылады. Оларды қоғамдық құбылыстарды, процестерді терең түсіндіруімен ерекшелейміз. Күнделікті сана барлық адамдарға тән. Ол адамдардың күнделікті практикалық қызметі процесінде олардың эмпирикалық тәжірибесі негізінде қалыптасады. Көп жағдайда бұл қоғамдық өмірді стихиялық тұрғыдан бейнелеу болып табылады. Мұнда қоғамдық құбылыстарды жүйелеу мен олардың терең мәнің ашу жоқ. Адамдардың кейбір қоғамдық құбылыстар ғылыми түсінігі болмаған жағдайында сол құбылыстар жөнінде күнделікті сана деңгейінде ой қозғауға мәжбүр болады. Мұндай жағдай адамдар тобы мен жеке адамның өмірінде жиі кездесіп тұрады, өйткені, біз бәрін ғылыми тұрғыдан ойластыра бермейміз.

Адамдардың білімділігі төмен болса, онда олар қоғамдық өмірдің құбылыстары жөнінде көп жағдайда күнделікті сана деңгейінде ойлады. Бірақ білімді адамның өзі де бәрін ғылыми жолмен тани алмайды. Сондықтан күнделікті сананың қызмет ету аясы өте кең.

Теориялық сана күнделікті санаға қарағанда қоғамдық өмірді танығанда қоғамдық құбылыстар мен процестердің мәнің ашуға, олардың объективті даму заңдылықтарын көрсетуге тырысады. Бұл қоғамның экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани өміріне қатысты. Осыған байланысты, ол қоғамдық сананың біршама жоғарғы деңгейі болып табылады. Теориялық сана қоғамдық өмірдің кез келген құбылысына байланысты белгілі бір ғылыми концепция болып саналады. Теориялық сананың субъектісі ретінде барлық адамдарды қарастыра бермейміз. Мұндайларға қоғам дамуының тиісті құбылыстары жөнінде ғылыми тұрыдан ойлай білетін адамдарды, яғни әр түрлі білім саласында қызмет ететін ғылымдарды, мамандарды, теоретиктерді жатқызамыз.Күнделікті және теориялық сана бір-бірімен өте күрделі байланыста болады. Әсіресе күнделікті сананың мазмұны өзгеріп, ол ғылыми көзқарастармен ойларға тола түсті. Бұл сәтте қазіргі күнделікті сананың шамамен бір немесе екі ғасыр болған санадан айырмашылығы жер мен көктей. Қоғамдық сананың екі деңгейі – күнделікті және теориялық – қоғамның дамуы мен адамдардың өмірі мен қызметінде өте маңызды рөл атқарады. Қоғамдық психология және идеология. Бұл екеуі қоғамдық сананың маңызды құрылымдық элементтері. Олар әр түрлі әлеуметтік топтар мен ұлттық-этникалық қауымдықтардың әлеуметтік шыңдықты қатынасын айқындайды. Мұндай қатынас адамдардың қажеттілігінен туындайды. Қоғамдық психологиядағы қоғамдық өмір құбылыстарына деген қатынас адамдардың тек қана қажеттіліктері мен мүдделері арқылы емес, сонымен бірге олардың әр түрлі сезімдері, ырымдары, дәстүрлері, ұмтылыстары, мақсаттары мен мұраттары арқылы көрініс табады. Қоғамдық психология адамдардың олардың қоғамдық болмысына, өмір жағдайларына эмоциялық және интеллектуалдық қатынастарының бірлігі деуге болады. Мұны әлеуметтік топтардың психикалық ерекшеліктерінің көрінісі ретінде қарастыруға болады. Бұған, мәселен, әлеуметтік-таптық және ұлттық мінез-құлқысында көрініс табады. Қоғамдық психология күнделікті сана сияқты бұқара қауым санасының көрінісі болып табылады. Бұл сәтте, ол массалық сана айналады. Қоғамдық немесе әлеуметтік психологияның бірнеше функцияларын атап көрсетуге болады. Солардың бірі  құндылықтық-бағдардау функциясы. Оның мәні  келесіде. Таптардың, ұлттар мен халықтардың әлеуметтік психологиясы олардың құрамына кіретін адамдардың құндылық бағыт-бағдарын, мінезін қалыптастырады. Келесі функциясы – мотивациялық функциясы. Бұл функциясы адамдар массасын, жеке әлеуметтік топтарды белгілі бір бағытта әрекет етуге итермелейді, яғни олардың қызметінің қозғаушы күші болып саналады. Сондықтан мемлекеттік саясатты топтар мен ұжымдардың қоғамдық психологиясын әр қашанда ескеру қажет. Өйткені, олардың қызметінің әлеуметтік-психологиялық мотивтері бұл  саясатты жүзеге асыруға мүмкіндік тұғызатын немесе оған кедергі жасайтын шешуші фактор.

Идеология адамдардың әлеуметтік қызметін мотивациялау механизмінде аса маңызды рөл атқарады. Идеологияда қоғамдық психологияда сияқты әр түрлі әлеуметтік топтардың, ең алдымен таптар мен ұлттық қауымдастықтардың объективтік қажеттіліктері мен мүдделері көрініс табады. Бірақ идеологияда мұндай қажеттіліктер мен мүдделер ең жоғарғы, яғни теориялық деңгейде ойластырады. Идеологияның өзі қоғамның әлеуметтік-саяси құрылысын, оның әлеуметтік құрылымын, әр түрлі әлеуметтік күштердің қажеттіліктері мен мүдделерін теориялық тұрғыдан бейнелейтін көзқарастар мен тұжырымдамалардың жүйесі болып табылады. Онда белгілі бір таптардың саяси партиялар мен қозғалыстардың қоғамның сол кездегі саяси жүйесіне, мемлекеттік құрылысына, жеке саяси институттарына қатынасы анық байқалып, айқындалуы мүмкін. Идеологияның теориялық концепция екендігін дәлелдейтін факт оның қоғамның даму процесін ғылыми негізде сипаттауында саяси, құқықтық және т.б. құбылыстардың мәнің олардың даму заңдылықтарын ашуында болып табылады. Бірақ былай әр қашанда бола бермейді. Әлеуметтік субъектілердің идеологиясы толық ғылыми мазмұнға ие болады, егер де олардың мүддесі қоғамның негізгі даму үрдісі мен қоғамдық прогрестін мүдделеріне сай келетін болса. Бұл сәтте олардың мүддесі көпшіліктің мүддесімен үйлеседі. Сондықтан олардың өз мүдделерін жасыруға ешбір қажеттілігі жоқ, керісінше қоғамның даму заңдылықтарын, оның субъективтік және объективтік шарттарының өзара байланысын түсінуге қажеттілік туындайды. Сонда идеологияның қозғаушы күші ретінде әлеуметтік қызығушылық болса, оның танымдық бағыт-бағдары ретінде ақиқатты қарастырамыз. Кез келген идеологияны ғылими деп есептемейміз. Белгілі бір таптың идеологиясында оның шынайы мүдделері жасырылып, кемітілуі мүмкін. Идеология қоғамда саналы түрде қалыптасады. Идеологтар ретінде теоретиктер, ойшылдар, саясаткерлер болып табылады. Сосың қалыптасқан идеологияны тиісті механизмдер арқылы (білім беру және тәрбиелеу жүйесі, бұқаралық ақпарат құралдары және т.б.) көпшіліктің санасына енгізіледі. Сондықтан идеологияның қалыптасуы мен қоғамда кең тарауы басынан аяғына дейін саналы және мақсатқа лайықты болады. Қоғамдағы көпшіліктің мүддесіне сай келетін идеологияның тарауын дұрыс деп білеміз. Бізге мәлім болғандай, кейде идеология шынайы мүдделерге қайшы келіп, көпшіліктің санасына күшпен енгізілуі мүмкін. Көптеген индивидтер мен адамдар тобы адасып, өздерінің қызметінде жалған идеологияны қолданады. Әрине және объективтік жағдайларының ықпалымен, әсіресе қоғамдық психологияның ықпалымен қалыптасады. Сонымен бір идеология қоғамдық психология маңызды ықпал тигізеді. Қоғамдық сана формалары. Әлеуметтік философия қоғамдық сананың келесі формаларын атап көрсетеді: саяси, құқықтық, моральдық, эстетикалық, діни, ғылыми және филоософиялық сана. Әр бір жеке сана қоғамдық өмірдің тиісті жақтарын бейнелейді.

Қоғамдық сананың формалары – болмыстың адам санасында бейнеленуі. Қоғамдық сананың формалары адамның практикалық іс-әрекеттерінен байқалады. Қоғамдық сананың тарихи қалыптасқан формалары қоғамның рухани мәдениетінің құрамды билігі болып табылады. Қоғам дамуының алғашқы сатыларында қоғамдық сана жеке формаларға бөлінбеді. Өнер, мораль және дін адамдардың еңбекпен айналысу нәтижесінің белгілі сатысында, таптық қоғам қалыптасқанға дейін болды. Таптық қоғамдағы қоғамдық сананың формалары саясат, хұқ, философия, мораль, өнер, дін болмысын бейнелей отырып, оған белсенді ықпал етеді. Қоғамдық сананың формаларының әрқайсысының өз объектісі мен бейнелеу тәсілі болуына қарамастан, болмыс пен адам санасына өзіндік әсерін тигізеді, идеялық саяси күресте ерекше рөл атқаруымен сипатталады. Қоғамдық сананың саяси және праволық формалары қоғамның экономикалық қатынасын саяси және құқылық тілде, ал өнер – көркемдік образдарымен, мораль – адамдардың мінез-құлқының белгілі принциптері мен ережелері түрінде бейнелейді. Қоғамдық сананың формалары қоғамның экономикалық базисімен байланыс жасау сипатына қарай әрқилы болады. Бұлар қоғамның өндірістік қатынастарын тура, тікелей бейнелей отырып, олардың төтелей ықпал жасауымен қалыптасады. Философия мен өнер қоғамның экономикалық негізін жаңаша, бірқатар аралық формалар арқылы ең алдымен саяси идеологияның көріністері арқылы бейнелейді. Қоғамдық сананың формалары тарихи өзгерістерге түсіп, нақтылы дәуірде осы формалардың бірі қоғамның рухани өмірінде үстем болып, қолғандарын өзіне бағынышты етеді.

Дәріс 6

Тақырыбы:Әлеуметтік және гуманитарлық танымдағы уақыт, кеңістік

Мақсаты: Әлеуметтік танымдағы уақыт, кеңістік ерекшеліктерің ашып көрсету

Жоспар

1 Уақыт, кеңістік болмыстың формасы ретінде

2 Әлеуметтік танымдағы уақыт пен кеңістік ерекшеліктері

Болмыс – тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым. Әр заманда өмір сүрген ойшылдар бұл ұғымды көбінесе жүйелі философиялық толғаныстардың бастапқы негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді. Болмыс туралы философиялық мәселені түсіну үшін ең алдымен оның адамзаттың шынайы өмірінде қандай түбегейлі орын алатынын ұғыну қажет.

Болмыстың негізгі түрлері:

  1. Заттар (денелер), процестер болмысы:

А) бірінші табиғат;

Б) екінші табиғат.

  1. Адам болмысы:

А) заттар дүниесіндегі адам болмысы;

Б) адамның өзіндік болмысы.

  1. Рухани болмыс:

А) жеке адамның рухани болмысы;

Б) қоғамның рухани болмысы.

  1. Әлеуметтік болмыс:

А) қоғамдағы және тарих процесіндегі жекеленген адам болмысы;

Б) қоғам болмысы.

Тарихи тұрғыдан келгенде адам қызметінің, өмір тіршілігінің негізі – табиғат заттары мен табиғи процестер. Бірінші табиғат ол адамзатқа дейін пайда болған, адамдардың санасынан тысқары және тәуелсіз өмір сүреді. Ол теңіздер, мұхит, ормандар, ауа, жер, т.б. Кейін адам Жер табиғатына қуатты да кең әрекет етуші болып табылады.бұрын табиғатта өмір сүрмеген, адамдар өндірген заттардың, процестердің, жай-күйлердің тұтас дүниесі пайда болды. К. Маркс оны «Екінші табиғат» деп атады. «Екінші табиғатқа» жататындар: үйлер, материалдық заттар, адам ойлап шығарған өсімдіктер және тірі организмдер (табиғатта кездеспейтін). Ол жасанды табиғат. Қазіргі заманда «екінші табиғат», өзі «бірінші табиғаттың» туындысы болса да, басымды болды.

Адам болмысы екіге бөлінеді: - Адам тікелей жанды, нақты кісі ретінде өмір сүреді. Оның үстіне адамның өмір сүруінің табиғи алғышарты - оның денесінің өмір сүруі. Яғни адам, ең алдымен, «сүйек пен еттен жаралған пенде». Сонда адам денесі – табиғат бөлшегі. Денесінің болуы адамды шектеулі, өткінші жан иесі етеді. Ерте заманнан адамдар өз өмірлерінің ұзақтығының ұлғаю мұмкіндіктерін іздестірген. Ағылшын биологтарының айтуынша, барлық жағдайлар жасалса, адам денесі бір мың жыл өмір сүре алады. Өмір ұлғаю үшін не керек? Біріншіден, адам денесінің тіршілігін қамтамасыз ету қажет. Екіншіден, адамның ең алғашқы құқығы өз өмірін сақтаумен, адамзаттың аман-есендігімен байланысты. Үшіншіден, жаңа организм ретінде адамдар тұқым қуалаушылық заңдарына бағынады, мұны жойып жіберуге немесе жоққа шығаруға олар дәрменсіз. Төртіншіден, философия адамның денесі және оның ынтызарлығы, қуаныш – реніші, психикалық жай – күйі, ойы, мінез – құлқы, ерік жігері, іс – әрекеті, бір сөзбен айтқанда, арасындағы байланысты үнемі іздестіреді.

Рухани болмыс сана мен санасыздық прроцестерін қамтиды. Рухани болмысты шартты түрде екі үлкен топқа: жеке кісілердің өмірлік қызмет – тіршілігінен бөліп алуға келмейтін (дербестенген руханилық) және кісіден тысқары өмір сүретін, басқаша айтқанда, объективтендірілген (дербестенген емес) руханилыққа бөлуге болады.

Бірінші жағдайда адам сананың көмегімен сыртқы дүние туралы ойлайды, оның бейнесін туғызады (санасыздық процестер, тіл мен сана, тіл мен ойдың байланысы). Екінші жағдайға жататындар – кітаптар, сызбалар, жобалар, ескерткіштер, идеялар, ойлар, музыка, т.б.

Әлеуметтік болмыс та екіге бөлінеді: тарих процесінде жекеленген адам болмысына және қоғам болмысына. Жеке адам тек қана қоғамда өмір сүре алады. Ол бір ұлтқа, тапқа кіреді, бір мемлекетте тұрады, тарихи процестерге қатысады. Қоғамдық болмыс жағдайлары мен мүдделері арасындағы қайшылықтар туады. Қоғам неғұрлым жоғары дамыған сайын ондағы алуан саладағы прогресті жоғарылату қарқыны бұқараның, таптардың, жеке адамдардың жоғары саналылығына, әлеуметтік белсенділігіне, яғни субъективтік факторларға тікелей байланыстығын байқаймыз.

Дәріс 7

Тақырыбы: Қоғам және мәдениет туралы ғылымдардағы коммуникация

Мақсаты: Қоғам және мәдениет туралы ғылымдардың сипаттау

Жоспар

1 «Коммуникация» түсінігі

2 Қоғам және мәдениет туралы ғылымдардағы коммуникация табиғаты

Дәріс 8

Тақырыбы:Әлеуметтік және гуманитарлық танымдағысаналық және ақиқаттық мәселесі

Мақсаты : Әлеуметтік және гуманитарлық танымдағысаналық және ақиқаттық мәселесінің ерекшелігі

Жоспар

1 Рационализм және ақиқат ерекшеліктері

2 Әлеуметтік және гуманитарлық танымдағы саналық және ақиқаттық мәселесі

Идеология адамдардың әлеуметтік қызметін мотивациялау механизмінде аса маңызды рөл атқарады. Идеологияда қоғамдық психологияда сияқты әр түрлі әлеуметтік топтардың, ең алдымен таптар мен ұлттық қауымдастықтардың объективтік қажеттіліктері мен мүдделері көрініс табады. Бірақ идеологияда мұндай қажеттіліктер мен мүдделер ең жоғарғы, яғни теориялық деңгейде ойластырады. Идеологияның өзі қоғамның әлеуметтік-саяси құрылысын, оның әлеуметтік құрылымын, әр түрлі әлеуметтік күштердің қажеттіліктері мен мүдделерін теориялық тұрғыдан бейнелейтін көзқарастар мен тұжырымдамалардың жүйесі болып табылады. Онда белгілі бір таптардың саяси партиялар мен қозғалыстардың қоғамның сол кездегі саяси жүйесіне, мемлекеттік құрылысына, жеке саяси институттарына қатынасы анық байқалып, айқындалуы мүмкін. Идеологияның теориялық концепция екендігін дәлелдейтін факт оның қоғамның даму процесін ғылыми негізде сипаттауында саяси, құқықтық және т.б. құбылыстардың мәнің олардың даму заңдылықтарын ашуында болып табылады. Бірақ былай әр қашанда бола бермейді. Әлеуметтік субъектілердің идеологиясы толық ғылыми мазмұнға ие болады, егер де олардың мүддесі қоғамның негізгі даму үрдісі мен қоғамдық прогрестін мүдделеріне сай келетін болса. Бұл сәтте олардың мүддесі көпшіліктің мүддесімен үйлеседі. Сондықтан олардың өз мүдделерін жасыруға ешбір қажеттілігі жоқ, керісінше қоғамның даму заңдылықтарын, оның субъективтік және объективтік шарттарының өзара байланысын түсінуге қажеттілік туындайды. Сонда идеологияның қозғаушы күші ретінде әлеуметтік қызығушылық болса, оның танымдық бағыт-бағдары ретінде ақиқатты қарастырамыз. Кез келген идеологияны ғылими деп есептемейміз. Белгілі бір таптың идеологиясында оның шынайы мүдделері жасырылып, кемітілуі мүмкін. Идеология қоғамда саналы түрде қалыптасады. Идеологтар ретінде теоретиктер, ойшылдар, саясаткерлер болып табылады. Сосың қалыптасқан идеологияны тиісті механизмдер арқылы (білім беру және тәрбиелеу жүйесі, бұқаралық ақпарат құралдары және т.б.) көпшіліктің санасына енгізіледі. Сондықтан идеологияның қалыптасуы мен қоғамда кең тарауы басынан аяғына дейін саналы және мақсатқа лайықты болады. Қоғамдағы көпшіліктің мүддесіне сай келетін идеологияның тарауын дұрыс деп білеміз. Бізге мәлім болғандай, кейде идеология шынайы мүдделерге қайшы келіп, көпшіліктің санасына күшпен енгізілуі мүмкін. Көптеген индивидтер мен адамдар тобы адасып, өздерінің қызметінде жалған идеологияны қолданады. Әрине және объективтік жағдайларының ықпалымен, әсіресе қоғамдық психологияның ықпалымен қалыптасады. Сонымен бір идеология қоғамдық психология маңызды ықпал тигізеді. Қоғамдық сана формалары. Әлеуметтік философия қоғамдық сананың келесі формаларын атап көрсетеді: саяси, құқықтық, моральдық, эстетикалық, діни, ғылыми және филоософиялық сана. Әр бір жеке сана қоғамдық өмірдің тиісті жақтарын бейнелейді.

Қоғамдық сананың формалары – болмыстың адам санасында бейнеленуі. Қоғамдық сананың формалары адамның практикалық іс-әрекеттерінен байқалады. Қоғамдық сананың тарихи қалыптасқан формалары қоғамның рухани мәдениетінің құрамды билігі болып табылады. Қоғам дамуының алғашқы сатыларында қоғамдық сана жеке формаларға бөлінбеді. Өнер, мораль және дін адамдардың еңбекпен айналысу нәтижесінің белгілі сатысында, таптық қоғам қалыптасқанға дейін болды. Таптық қоғамдағы қоғамдық сананың формалары саясат, хұқ, философия, мораль, өнер, дін болмысын бейнелей отырып, оған белсенді ықпал етеді. Қоғамдық сананың формаларының әрқайсысының өз объектісі мен бейнелеу тәсілі болуына қарамастан, болмыс пен адам санасына өзіндік әсерін тигізеді, идеялық саяси күресте ерекше рөл атқаруымен сипатталады. Қоғамдық сананың саяси және праволық формалары қоғамның экономикалық қатынасын саяси және құқылық тілде, ал өнер – көркемдік образдарымен, мораль – адамдардың мінез-құлқының белгілі принциптері мен ережелері түрінде бейнелейді. Қоғамдық сананың формалары қоғамның экономикалық базисімен байланыс жасау сипатына қарай әрқилы болады. Бұлар қоғамның өндірістік қатынастарын тура, тікелей бейнелей отырып, олардың төтелей ықпал жасауымен қалыптасады. Философия мен өнер қоғамның экономикалық негізін жаңаша, бірқатар аралық формалар арқылы ең алдымен саяси идеологияның көріністері арқылы бейнелейді. Қоғамдық сананың формалары тарихи өзгерістерге түсіп, нақтылы дәуірде осы формалардың бірі қоғамның рухани өмірінде үстем болып, қолғандарын өзіне бағынышты етеді.
7 Практикалық (семинар) сабақтарының жоспарлары
Семинар сабағы № 1

Тақырыбы:Әлеуметтік таным

Жоспар:

1 Әлеуметтік таным және оның ерекшеліктері

2 Ғылым философиясы пәнінің қызметтері. Ғылым философиясы пәнінің қалыптасу тарихы.

Семинар сабағы № 2

Тақырыбы: Ғылым тарихы,оның мәртебесі және мәселелері.

Жоспар:

1.Қоғам әлеуметтік танымның объектісі ретінде

2.Қазіргі қоғамдағы ғылымның рөлі.
Семинар сабағы № 3

Тақырыбы:Қоғамдық қатынастар әлеуметтік танымның пәні ретінді

Жоспар:

1 Әлеуметтік танымның ерекшелігі

2 Антикалық қоғамның ғылымы

Семинар сабағы № 4

Тақырыбы:Әлеуметтік танымның ерекшелігі

Жоспар:

1 К. Поппер әлеуметтік таным жөнінде

2 Дильтей әлеуметтік таным жөнінде

Семинар сабағы № 5

Тақырыбы: Марксизм әлеуметтік танымның ерекшелігі жөнінде

Жоспар:

1 Табиғат және таным

2 Қоғам және таным
Семинар сабағы № 6

Тақырыбы: Қазіргі ғылымның пайда болу мәселелері.

Жоспар:

1 Қазіргі ғылым,оның ерекшеліктері

2 ҒТРжәне оның салдары

Семинар сабағы № 7

Тақырыбы:Ғылымның болмысы

Жоспар:

1Ғылым және тұрмыстық сана

2 Ғылым жәнемораль. Ғылым және дін

Семинар сабағы № 8

Тақырыбы: Ғылыми білімнің құрылымы

Жоспар:

1 Ғылыми білімнің құрылымы

2 Т. Кун ғылым туралы. Лакотос, Поппер ғылымның генезисі жөнінде.

Семинар сабағы № 9

Тақырыбы: Ғылыми революциялар және ғылыми рациональдық.

Жоспар:

1Ғылыми революция түсінігі,түрлері.

2 Ғылыми рациональдық ғылыми білімнң қалыптасуының тәсілі ретінде.
Семинар сабағы № 10

Тақырыбы:Қазіргі ғылым әлеуметтік таным жөнінде

Жоспар:

1Қазіргі ғылымның даму ерекшеліктері

2 Ғылыми білімнің рөлі мен құрылымын түсінудің қазіргі тұжырымдамалары.

8 Пәнді оқудың әдістемелік нұсқаулары

Реферат және баяндамалар тақырыптары

Реферат (лат. – Баяндау, хабарлау) – 1) әдебиеттер мен басқа да деректермен қарастырылған, белгілі бір тақырыпқа жазылған баяндама;

2) ғылыми жұмыстың, кітаптың мазмұны;

Рефератты жазудағы негізгі мақсат студенттердің әдебиеттермен және деректермен өз бетінше жұмыс жасауына дағдыландыру, талдау жасауға үйрету, әр түрлі тарихи процестерге өзінің пікірін білдіре білуге үйрету.

Баяндама – көлемі жағынан рефератқа қарағанда шағындау, анықталған тақырыпқа жазылған хабарлама. Баяндаманы жазуда бір немесе екі дерек көзін пайдалануға болады.

Рефератты жазудағы мақсаттар қойылады.

Рефератты жазуға әдістемелік нұсқау
Тақырыпты таңдау берілген тақырыптар бойынша студенттің өз қалауымен жүзеге асырылады. Тақырыптар философия кафедрасы арқылы қаралып, бекітіледі. Зерттеушінің бір ережесі тақырыпты ала отырып, оны шығармашылықпен, тың пікірлермен ашу, оқылып отырған мәселеге байланысты өз көзқарасын білдіру.

Әдебиеттер алуды студент өз бетінше жүзеге асырады. Каталогпен жұмыс жасау қабілеті артады. Реферат жазу барысында келесі дерек көздерін пайдалану абзал: тарихи құжаттар, отандық және шетелдік тарих ғылымының классиктерінің жұмыстары, баспасөз беттеріндегі материалдар және т.б. Сөздіктер, анықтамалықтар және энциклопедиялар қолданылады. Бұл жұмыстың соңғы кезеңінде қолданылған әдебиеттер тізімін алфавит бойынша жазу, талап етілген көркемдеумен аяқталады. Реферат жазуда кемінде бес әдебиет пайдаланылады.

Содан кейін рефераттың болжаулы жоспары талқыланады. Жоспарға міндетті түрде келесі бөлімдер енуі керек.

Кіріспеде рефераттың өзектілігі талқыланады. Автордың тақырыпты таңдап алудағы себебі, қарастырылатын мәселеге жалпы қысқаша шолу, ғылымдағы орнына анықтама беріліп, мақсаты мен міндеті қойылады.

Негізгі бөлімде екі-үш сұрақ қаралады, мәселені осы сұрақтар арқылы ашу керек. Сондай-ақ, қолданған дерек көздеріне талдау жасайды, тақырыптың ғылымдағы сипатына өз пікірін білдіру, сонымен бірге автор әрбір бөлінген бөлімге өз қорытындысын жасайды.Шығармашылық жұмыс үшінші жақтың негізінде баяндалады.

Қорытынды автордың тәжірибелік нұсқаулары мен өзіндік көзқарас қорытындысымен аяқталады.

Рефератты көркемдеудің талаптары:

Көлемі-компьютерде терілгенде 15 бет, ал қолмен жазылса 20 бет, А4 бетте жазылуы керек. Беттер нөмірленуі қажет.

Рефераттың құрылымы:

  • Сыртқы беттен

  • Мазмұннан

  • Кіріспеден

  • Жұмыстың негізгі мәтінінен

  • Қорытындыдан

  • Библиографиялық тізімнен

  • Қосымшалардан (егер бар болса)

Рефераттың негізгі мәтіні параграфтарға бөлінеді, олар араб сандарымен нөмірленіп, өз атауы болуы керек. Мәтіндегі сілтеме келесі үлгіде болуы қажет: [3, 12 б.].
Баяндаманы жазуға нұсқаулар

Баяндама жазу барысы да рефератты жазудағы кейбір мәселелерге жақын болып келеді. Жекелеген көркемдеулер міндетті емес, бірақ баяндама құрылымы келесі компоненттерге ие болуы қажет: кіріспе, негізгі мәтін, қорытынды, библиографиялық тізім. 2-3 дерек көзі қолданылса, жетерлік.

Баяндама жазу компьютермен терілсе-5 беттік, ал қолмен-7-8 бет көлемінде болады. Дерек көзі: рефератта жазғандай...Әдістемелік нұсқаулар//Жас ерекшелік психологиясы бойынша практикум.-СПб.,2005.231-234 бб.

Баяндама және реферат тақырыптары

  1. Ғылым түсінігі

  2. Ғылым дамуындағы қарама- қайшылықтар.

  3. Қазіргі заманғы әлемнің ғылыми жаратылыстық бейнесі.

  4. Ғылым эволюциялық механизм ретінде.

  5. Ғылым дамуының болашағы.

  6. Жаратылыстанудың этикалық мәселері.

  7. Жаратылыстанудың экологиялық маңызы.

  8. Табиғат сияқты ғылымның да біртұтастығын қалай түсінесіз?

  9. Жаратылыстанудың болашағы.

  10. Жаратылыстанудың адамзат мәдениеті үшін маңызы.

  11. Кибернетиканың негізгі жетістіктері мен мәселелері.

  12. Аристотельдің ғылыми – философиялық жүйесі.

  13. Араб елдерінің ғұламалары мен олардың жаратылыстануға қосқан үлесі.

  14. Архимедтің заңдары.

  15. Микроәлем: қазіргі заманғы физиканың концепциялары.

  16. Электромагниттік концепцияның дамуы.

  17. Кеңістік пен уақыт - әлемнің қазіргі кездегі ғылыми бейнесінде.

  18. Галлилейдің тағдыры мен қазіргі заманғы ғылымның негізі.

  19. Ньютонның классикалық механикасы.

  20. Архимедтің заңдары.

  21. Квантты механиканың негізгі концепциялары.

  1. .Қазіргі заманғы жаратылыстану тұжырымдамасы жаратылыстану және гуманитарлық білімдердің негізі ретінде.

  1. Антикалық кезеңдегі жаратылыстану

  1. Ортағасыр жаратылыстануы

  1. Жаңа дәуір жаратылыстануы

  1. Жаратылыстанудың XIX ғ. соңы мен XX ғ. бас кезіндегі даму кезеңдері

  1. Физика тұжырымдамалары

  1. Физика ғылымындағы ұлы ашылулар мен заңдар.

  1. Астрономия тұжырымдамалары

  1. Астрономияның негізгі объектелері мен оларды зерттеу әдістері.

  1. Химия тұжырымдамалары

  1. Химияның ғылым ретінде даму кезеңдері

  1. Биология тұжырымдамалары

  1. Жратылыстанудағы адам мәселесі.

  1. Синергетика тұжырымдамалары

  1. :Ғылым түсініктер жүйесі ретінде

11Білім алушының оқу жетістіктерінің бағалау мен бақылау бойынша материалдар (жазбаша бақылау тапсырмалары, тесттік тапсырмалар, шептік бақылауға арналған сұрақтар, емтихан сұрақтары)

Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6

©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет