Мамандығы:Қазақ филологиясы Тексерген: Тымболова Алтынай Алматы 2022 жыл Жоспар Кіріспе



бет3/6
Дата14.02.2022
өлшемі85,09 Kb.
#131706
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ҚамызановаМұханбетияр МӨЖ
Қамызанова "менің қалам, Қазақстан тарихы (1) (1)
Төстік тарту. Көне ертегілердің Ер Төстік. Төстік атанатын себебі ұзын-ырғасы былай. Ерназардың сегіз ұлы қыстық азығын қамдау үшін аңға шығып кетеді. Сол кеткеннен мол кетеді. Күн артынан күн өтіп, ай артынан ай өтіп, жылдар өтеді – келмейді. Ерназар мен кемпірі үйде қалады. Ерназардың азығы таусылады, ашығып ішерге тамақ таппайды. Кемпірімен екеуінің отырып тұруының өзі мұң болады. Бір күні кемпірі таңсәріде тұрып, үйінің түндігін ашады. Тұруға мұршасы келмей жатқан Ерназар шаңыраққа қараса шаңырақтың күлдіреуішінде керулі тұрған кер биенің төстігі көзіне түседі. Ерназар куанып: - Кемір, сүйінші! Кер биенің төстігі майлы көрінеді бол, жылдам асып жіберші, - дейді. Сөйтіп бұлар төстікті қазанға салады. Төстікті асып жеп шалмен кемпір әлденеді. Ұзамай кемпір жүкті болады. Мезгілі жетіп босанады. Шекесі торсықтай бір ұл туды, оның атын төстік жеген соң біткен бала деп, Төстік қояды [1.12]. Сол себепті де күні бүгінге дейін қазақ халқы келін мен күйеу баланың сыбағасы ретінде төстік тартады. Оның себебін жоғарда атап өткендей келін кешікпей жүкті болсын деген ырыммен тартылған. Ұл тілеген кей ата-енелері атамалының ұлтабарын жегізген. Төстікті мұжіген кезде төстіктің ең басқы қайқы боп келетін ұшын «Сүріншегі» деп атаған. Сүріншекті ер балаға жегізбеген аты сүріншек болады деген сеніммен.
Төсітікті күйеу балаға тарту көптеген тәрбиелік мәнге ие. Төсі төстей қатты кеудесі шалқақ, кеудесін ешкімге бастырмас жігерлі болсын дегені. Күйеуі өсіп-өніп төсекте басы, төскейде малы қосылған үлкен құдандалы ел болсын деген ниетпен адам адамға қол берісіп төс қағыстырып амандасқанда ең жақын жері төс болса, сол себепті төстей жақын қайын жұртына баруырмал болсын деп төс тарқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет