Мамандығы:Қазақ филологиясы Тексерген: Тымболова Алтынай Алматы 2022 жыл Жоспар Кіріспе



бет4/6
Дата14.02.2022
өлшемі85,09 Kb.
#131706
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ҚамызановаМұханбетияр МӨЖ
Қамызанова "менің қалам, Қазақстан тарихы (1) (1)
Бас тарту немесе бас ұстату. Бас ұстату – қазақ даласымың әр аймақтарында әр қалай тартылады. Сыйлы қонақтарға немесе үлкендерге тартылған бас табақта бас келеді. Басқа бата істеген ақсақал бастан турап дастархандағы барлық кісілерге ұсынады. Құлақты балаларға береді. Осының мәні Дәуіт пайғамбардың қиссасында бар. Ал, таңдайын сөзге шешен күміс көмей, жез таңдай ақын болсын деп өнерлі жасқа ұсынады. Қойдың басын турағанда бастың тұмсығын әйел адамдарға ұсынған. Оның себебі қой малы қасиетті Меккеден шыққан, Меккені иіскеген деп, қойдай қоңыр мейірімді болсын деп ет асқан келінге немесе отанасына берген. Ер адамға бермейтін себебі ержігітің аты жауға шапқанда қиын-қыстау заманда аты пысқырауық болмас үшін ер балаға бастың тұмсығын жегізбеген. Жалпы тартылған еттің ең дәмдісі көз еті. Оны үлкендерің өздері жеп қоятыны да сол себепті.
Басты толық турап тастамай, дастархандағы ең сыйлы және үйлі-баранды адамға ұсынады. Осы жерде басты кей аймақтарда бастың тек өзін ғана бере салған. Ал, Көкше, Қызылжар аймақтарында басты жеке ұсыну жаман ырым болып саналады. Қойдың басына міндетті түрде сүбе, қабырғасын қосып ұсынады. Оның мәнісі бас деген үйдің басы, от иесі. (Қазақта мақал бар: екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды. Сол мақалды біз бертінге дейін тура мағынасында түсініп келдік. Екі бастық немесе екі мықтының басы бір жерге сыймайды деп келдік. Ал шын мәнісінде бұл мақалдың мәнісі мынау: Екі қошқар, неге екі азбан немесе неге екі ісек демеген. Жарайды екеуі де ата мал. Демек қошқар түсінікті. Енді сол екі қошқардың басы бір қазанға сыймаған. Екі қошқар түгілі қоралы қошқар сыятын қазан бар ғой. Бұл жерге қазан дегеніңіз бөлек мағына екені айқын ұғыныс болды. Әдетте үй ішімен толық амандасу үшін «отбасы, ошақ қасы аман ба» дейміз. Біздің ілкідегі бір ғасыр бұрыңғы сөйлесу мәнерінденгі «Отбасы ошақ қасы» дегеніміз – әйел. Енді қараңыз екі қошқар екі еркек, бір қазан бір әйел. Қазіргі демократиядағы моногемия десек те болады.) Енді бас деген үй иесі басы дегенді білдеретіндігі айқын ұғыныс. Ал сүбеқабырғаның мәнісі әйелдің, от иесі яғни ерадамның қабырғасынан жаралған деген әфсана бойынша сүбені отанасы деп білгендік. Бас – отағысы, сүбе отанасы. Осы қиуаны берік ұстанып басты жеке тартпаған. Қубасты ұрпақсыз адамға, асық жілікті асырап алған адамға тартады дегенде сөз бар. Сол себепті де әкесі бар бала бас ұстамайды деп үйлі-баранды үлкендерге ұсынған.
Қазақ әдебиетіндегі ұлттық тамақтарға қатысты эпикалық жырларда және жыраулар поэзиясында т.б әдебиеттегі асыл жауһарлардың тұстары көп. Соның ішінде халықтың қазынасына айналған би, шеншендердің жүріп өткен жолдарында қазақ ұлттық тағамына байланысты оны қалай қонаққа тартқан? Сонымен қатар ет тартудағы үлкенге құрмет, кішіге іздетті халқымыздың көреген әдет-ғұрыптарында байқалады. Асты тек қорек ретінде ғана емес оның әдебі мен тәрбиелік мәні де астарлы. Мысалы: Бірде Төле би жолшыбай Досай байдың ауылына түседі. Досай үйіне түспей, қоңыр төбел тіршілігі бар кедейлеу отбасы жылқышысы Алакөздің үйіне түседі. Акыры Алакөз жылқышы мың да бір келетін атақты Төле би түсіп жатқандықтан көршілерінен қой қарызға алып, соны сойып биді күтеді. Ет пісіп, кісілердің алдына табақ тартылады. Төле бидің алдына бас қойылыпты. Би «Биссімилла» бастың құйқасынан дәм ауыз тиіпті де:
- Алакөз інім, ұлың бар ма?
- Ұлым жоқ, Данагүл деген қызым бар.
- Сол Данагүлді бері шақыршы. Ошақ басында самауын қайнатып, шешесіне қолғабыс тигізіп жүрген жүрген Данагүл үйіне енеді. Төле би бастың құйқасын қасқалап кеседі де, бір құлағын тілін, таңдайын алып қызға береді де мынадай тілегін айтады:
- Шырғым, құлақ бергенім – екінің бірі, бас ие бол дегенім. Тіл мен таңдай бергенім – іштегі сырымды айтқызбай тауып отыратын тапқыр, сөзге шешен бол дегенім депті. Қыз «Әмин» деп бетін сыйпап шығып кетеді. Ас қайырылып, дастархан жиналады. Енді Төле би ізетті-инабатты көреген Данагүлді келін қылғысы келіп, Алакөзге құда түседі. Осы бір кішкентай эпизод қазақ халқының қанашама жыл жоғалтып алған қазақи жол жора, тәрбиелік мән мен сөз-ырымдарды қайтадан санамызға жанғыртады.
Жыраулар поэзиясының бірігей өкілі өжет ақын Маламбет Өтемісұлының «Ерлердің ісі біте ме» деген өлеңіндегі, «Алты малта болмай» деген тармақ бар. Малта кәдімгі құрттан жасалатын тағам. Жаугершілік заманда көшпенділер жолға ыңғайлы неше түрлі тағамның әдісін меңгерген. Мысалы, малтаны жас сәбидің басындай қошқыл-қошқыл құрттарды шағып кішкентай етіп, сосын оны суға немесе сорпаға қайнатып, оны оқтаумен түйді. Ол домалақ-домалақ кішкендай ауызға сиярлықтай көлемді тағамға айналады. Қазіргі ғарыш кемесімен аспанға ұшатын ұшқыштарда дәл осы малта секілді құрттан жасалатын тағамды азық етеді екен.

Қазақтың ұлы ақыны Қасым Аманжоловтың қаһарман батыр Бауыржан Момышұлына арналған өлеңінде: «Ағамыз атағына асқар тау тең,


Жау келсе жаубүйректей етер жәукем.
Емендей ерегісер сұрапылмен,
Басымен бұлтты жайпап біздің Баукең!» - деген жолдар бар. Осындағы «жаубүйрек» қазақтың ұлттық тағамдарының бірі әрі бірегейі. Бұл, әсіресе аңшылар мен саятшылар жасайтын және сүйсініп жейтін тамағы. Салбурында немесе жеке-жеке аңға шығып, қанжығасы қанданған мергендер мен құсбегілер бұйырған арқар, киік, таутеке тағы басқа тұяқты дала жануарларының майлы бүйрегі мен бауырын істікпен отқа қақтап, тұздап дала жуасын қосып жейді. «Ер азығы мен бөрі азығы жолда» дегендей бұл да ұлттық тағам түрі мен әдісін көрсететін тіршілік көрінісі [3. 56].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет