Марапаттау



бет2/2
Дата27.05.2017
өлшемі0,72 Mb.
#17049
1   2
Сурет 1. «Makhambet» автоматталған ақпараттық жүйе

Жаңа және алдын ала бағдарламаларды жетілдіру, интернет – ресурстар бойынша жұмыстар жүргізіледі.

1. Бағдарламалық кешенге енгізілген электронды оқу кестесі жетілдірілді:



  • Бағдарламаға оқытушылар бойынша оқу кестесін басу және қару мүмкіндіктері бар қосымшалар дайындалды.

  • Бағдарламаға мамандықтар және оқытушылар бойынша Excel-ге мәліметтерді көшіру мүмкіндіктері бар қосымшалар дайындалды. Бұл кредиттік оқыту жүйесінің талаптарына жауап береді.

  • Оқытушылар және топтар бойынша оқу кестесін БҚМУ сайтына орналастыру бағдарламасы дайындалды.

2. ПОӘК электронды нұсқасын орналастыру үшін және БҚМУ ішкі сайтында оны көшіру және басып алудан қорғау үшін бағдарламалардың қабықшасы дайындады.


3. М.Өтемісов атындағы БҚМУ сайтының контенті және дазайнын жаңарту бойынша келесідей жұмыстар орындалды:

  • Барлық бөлімше құрылымдары және факультеттер бойынша барлық ақпараттар жаңартылды;

  • БҚМУ сайтын танымал қылу мақсатында күндізгі бөлімде оқитын студенттер арасында on-line режимінде «MISS on-line WKSU» атты байқау өткізілді.

  • Ғылым - «БҚМУ Конференциясы» атты жаңа категория орналастырылды;

  • «Видеотека», «Бейне жаңалықтар» рубрикасы жұмыс жасауда;

  • Күн сайын жаңалықтар мен хабарландырулар, ай сайын «Өркен» газеті, тоқсан сайын «БҚМУ Хабаршысы» орналастырылуда.

4. Сайттар өңделді:



  • М.Өтемісов атынды БҚМУ кітапханасының электронды қоры- http://library.wksu.kz/. Сайтта келесілер ұсыныды::

  • Кітапхана туралы ақпарат;

  • Жаңалықтар;

  • Виртуалды көрмелер;

  • Электронды қорлар.



  • ECTS (Европа жүйесі бойынша кредиттерді қайта санау) - http://ects.wksu.kz/ (Жоғары Департамент және ҚР БҒМ жоғары оқу орнына кейін білім беру №03-3/1771 10.10.2011ж.
    аралығындағы 11.10.2011ж. аралығында 26.11.2011ж. «Европа жүйесі бойынша кредиттерді қайта санау» веб-сайтын бойынша жұмыс өткізілді, онда білім беру бағдарламаларының каталогі, элективті пәндердің каталогі, ECTS бойынша кредитті қайта тапсыру тәртібі және ақпараттық пакеттер орналастырылды. Атқарылған жұмыс жөнінде есеп БҚМУ кеңесінде 28.11.2011г. Г.К. Жүсіпқалиева баяндама жасады).

  • Сараман - Мансап – Маркетинг - http://tylek.wksu.kz/. Сайтта келесілер көрсетілген:

  • Сараман бөлімі туралы ақпарат;

  • Түлектер және жұмыс берушілермен жұмыс;

  • Бос орындар мен сараманды өту мәліметтері жөнінде ақпарат.

5. Электронды журналдың 2.0 жаңа нұсқасы дайындалды, онда төмендегідей мүмкіндіктер мен жетілдірулер қосымшамен толықтырылды:

  • Көрсетілген құқықтарға сәйкес балдардың енгізілуін түзету;

  • Логикалық амалдарды жүргізу және өзгерістерді шегіндіру арқылы артықшылықтарға бейімделу мүмкіндігі бар оқу үлгерімі журналындағы заманауи балл редакторы;

  • "Demo-Кіру" жұмыс режимі жүзеге асырылды;

  • Барлық оқу апталары белсендірілді;

  • Ескертудің жаңа блогы;

  • PHP+Ajax, jQuery и Html 5 қазіргі технологияларды қолдану мынандай мүмкіндіктерді жасайды:

  • Түзету үрдісін жеделдету;

  • Қауіпсіздікті арттыру, сервердегі жүктемені төмендету және интернет-трафик тұтынушылардың минималдығын жеделдету;

  • Жаңа интерактивті кешендердің жүйесін жасау үшін перспективасын көрсету.

Қазіргі уақытта дайындау барысында мынандай қысқа енгізулер бар:

- интерактивті элементтері бар интерфейс ұғымының жаңа элегантты дизайны бар;

- МҚ «Сабақ кестесі» үшін web-интерфейс оқытушылар мен студенттер үшін құрылған;

- тұтынушылар арасындағы ақпараттармен айырбастауға мүмкіндік беретін кері байланыстар модулі;

- жеке кабинет функционалы кеңейтілді.
6. Университеттегі бағдарламалық өнімдер мен интернет ресурстарын біріктіру үшін АББТО қызметкерлерімен «Makhambet» ақпараттық жүйенің автоматтандырылуы өңделі.

Бейне және графикалық өнімдерді өңдеу, дайындау және енгізу
Оқу теледидары және графикалық жобалау зертханасы өз жұмысын 2007 жылы бастады.

Зертхана бүгінде университеттің алдыңғы қатарлы құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Зертхана қызметкерлерімен университетте өткізілетін әрқилы шаралардың (әдістемелік апталықтар, ғылыми шаралар, кездесулер және т.б.) сурет және бейне түсірілімдері іске асырылады. Аталған өнімдер университеттің сурет және бейне қорын толықтырады:



  • профессор Т.З.Рысбековтің ғылыми-педагогикалық қызметіне 45 жыл толуына орай «Сүйікті іске арналған жылдар» атты деректі-көркем фильм дайындалды;

  • «М.Өтемісов атындағы БҚМУ ғылыми мектептерінің қалыптасу тарихы» деректі фильм;

  • БҚМУ факультеттір мен колледжінің кәсіби бағдар бағытындағы бейнероликтері;

  • ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған құттықтау бейнетоптамалары;

  • Университеттің 80 жылдығы мен ф.-м.ғ.д. А.Д.Таймановтың 95 жылдығына арналған «Академик АН Каз ССР А.Д.Тайманов» атты деректі фильм.

БҚМУ өміріндегі маңызды оқиғалар университеттің веб-сайты мен youtube.com бейнепорталында орналастырылып, әкімшілік ғимараттағы телевизиялық желі арқылы көрсетілетін жаңалықтар топтамасында көрініс табады. Бүгінге дейін бейнежаңалықтардың 19 шығарылымы орналастырылды.

Оқу жылы бойы зертхана қызметкерлерімен базалық және тілдік пәндер бойынша бейнедәрістердің түсірілімі жүзеге асырылды. Бұл қашықтан оқыту жүйесі бойынша білім алатын студенттер үшін оқытылатын пәндер бойынша толық оқу материалын меңгеруге мүмкіндік береді.

Бейнедәрістер youtube.com бейнепорталында және университеттің интранет сайтында орналастырылады. Зертханада оқу және деректі фильмдерді өңдеу жүзеге асырылады. Бұл, өз кезегінде, қызметкерлер жұмысының жан-жақты дамуына және университет бейне қорының толығуына жол ашады.

Зертхана қызметкерлерімен интернет ресурстардың дизайны, панорамалық турлар өңделеді, университеттің оқу ғимараттары мен электронды оқу басылымдарын рәсімдеуде қолданылатын әрқилы полиграфиялық өнімдер дайындалады: ақпараттық стенділер, хабарландырулар мен құттықтаулар, дискілерге мұқабалар, фотосуреттер, тақтайшалар және т.б.

Университетте 167 электронды оқулықтар мен оқу басылымдары және 130-дан астам оқу бейнеөнімдері өңделді.


Инновациялық білім беру бағдарламаларының дамуы
Ақпараттық және білім беру технологияларын оқу үрдісінде қолдану, білім беру қызметінің жаңғыртуына әкеледі және жоо ақпараттық білім беру ортасының қалыптасуына мүмкіндігін тигізеді.
Осындай ортаның қалыптасуы жоо ПОҚ Инновациялық білім беру бағдарламаларын дамыту бөлімімен байланыста болуы үлкен рөл атқарады.
Инновациялық білім беру бағдарламаларын дамыту бөлімі (ИБББДБ) мынандай жұмыстардың орындалуына жауапты:

  • кәсіби және әлеуметтік бііктілік талаптарына сәйкес білім беру бағдарламаларын бағалау;

  • университеттегі оқу әдістемелік қызметі және оның бөлімшелері бойынша талдау мәліметтерін ұсыну;

  • оқытылатын пәндердің жаңа жетістіктегі теорияларымен әдістемелеріне сәйкес БҚМУ кредиттік технологиялық оқыту жүйесін әдістемемен қамтамасыз ету;

  • университеттің құрылымына және ПОҚ әдістемелік көмек көрсету;

  • оқытудың әдістемелерімен (семинарлар, тренингтер, мастер – класстар) және инновациялық форумдарды енгізу;

  • педагогикалық тәжірибелерді оқыту және тарату;

  • екі дипломдық білім беру бағдарламаларын дайындау;

  • әдістемелік материалдардың (бейне-лекция, мастер-класстар, ашық сабақтар, тұсау кесерлер) бейне қорларын қалыптастыру;

  • университеттегі мамандықтарды аккредитацияға дайындау;

  • нарықтың негізгі талаптарына сәйкес білім беру бағдарламаларының мазмұнын және элективті пәндердің каталогін жетілдіру.

ИБББД бөлімінің негізгі қызметі 2011-2020 жылға арналған Қазақстан Республикасының білім беруді мемлекеттік дамыту бағдарламалармен анықталып, М.Өтемісов атындағы батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарына сәйкес және халықаралық білім беруді сапасына және шетелдегі аккредитация талаптарына сәйкес, бөлімнің жұмыс жоспарымен жүзеге асады.



2010-2011, 2011-2012 оқу жылдарына арналған оқу үрдісін ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз етуге бағытталған инновациялар енгізіліп, төмендегіде оқыту семинарлары өткізілді:




Семинар атауы

Өткізу мерзімі

Қатысушылар саны

Ұйымдастырушылар



Оқу-әдістемелік кешеннің мазмұнына талап

12.01.2011

103

Инновациялық білім беру бағдарламаларын дамыту бөлімі



Кредиттік оқыту технологиялары барысында қойылатын бағаның саясаты

19.01.2011

101

Инновациялық білім беру бағдарламаларын дамыту бөлімі



Дайындалған тесттік тапсырмалар бойынша әдістемелік нұсқау

26.01.2011

102

Инновациялық білім беру бағдарламаларын дамыту бөлімі



Кредиттік технологиялар бойынша оқыту үрдісінің ұйымдастыру ережесі

15.06.2011

92

Инновациялық білім беру бағдарламаларын дамыту бөлімі



Қатысушылардың академиялық мобилділігі

22.06.2011

92

Инновациялық білім беру бағдарламаларын дамыту бөлімі



Оқу үрдісінде инновациялық технологияларды енгізу

29.06.2011

94

Инновациялық білім беру бағдарламаларын дамыту бөлімі



Оқу үрдісінде инновациялық технологияларды енгізу

01.12.2011

39

Инновациялық білім беру бағдарламаларын дамыту бөлімі



Инновациялық технологияларды дайындау

01.12.2011

39

Инновациялық білім беру бағдарламаларын дамыту бөлімі



Электронды оқулықтар

02.12.2011

39

Инновациялық білім беру бағдарламаларын дамыту бөлімі



Білікті білім беру технологиялары.

02.12.2011

39

Инновациялық білім беру бағдарламаларын дамыту бөлімі



«М.Өтемісов атындағы БҚМУ Болон үрдісінің орындалу параметрі» оn-line семинар

12.12.2011

180

ОӘЖ жөніндегі проректор Ғ.Қ Жүсіпқалиева., Ақпараттық және білім беру технологиялар орталығы, Инновациялық білім беру бағдарламаларын дамыту бөлімі

Бөлімде «Оқытудың иннговациялық технологияларын енгізу» атты семинар ұйымдастырылып өткізілді.Наурыз айының 1БҚМУ оқытушылардың инновациялық жобалар байқауының жеңілпаздарының ашық тұсау кесері өткізілді. Ашық тұсау кесер қорытындысы бойынша сараптама комиссиясы мынандай үздік жұмыстарды төмендегідей атаулармен атап өтті:




  • Оқу өнімнің түпнұсқасы - Аменов А. Ж.

  • Жаңа ақпараттық қор - Ихласова Ж.М., Беккалиев Б. У.

  • Электронды оқу-әдістемелік кешен - Файзуллина Э. Е.

  • Мультимедиялық кешен - Опря О.В.

  • Оқу тренажері - Абугалиева Г. С.

  • Арнайыландарылған сайт - Мусагалиева Г. Б.

  • Үрдіс моделі - Алеуова З. Ж., Кульжумиева А.А.

  • Жаңа білім беру бағдарламалары – Тукешева Н. М.

Өткізілген байқаудың нәтижесі негізінде «Педагогикалық тәжірибе алмастыру мектебі» атты материалдар жиынтығы жарияланды.


Тәжірибе алмастыру тарату мақсатында видеоға жазылған тұсаукесерлер, ашық сабақтар, мастер-класстардың факультеттер бойынша әдістемелік апта тәжірибесін өткізу жалғастырылуда. Сонымен, университеттегі ПОҚ-тың білім беру бағдарламаларының қоры бойынша халықаралық аккредитациялық мамандықтарын дайындау үшін бейне-дәрістер ұйымдастырылуда.
ИБББД бөлімі оқытылатын пәндердің оқу-әдістемелік кешендермен, элективті пәндердің жұмыс бағдарламаларымен қамтамасыз етуге, ОӘКП қорын жаңартуға және ЖЖ оқытылатын пәндердің теориялары мен әдістемелерінің жағңа жетістіктеріне сәйкес қойылатын баға саясатына жауапты.
Қазіргі уақытта барлық факультеттерде элективті пәндердің каталогін жетілдіру үшін ОЖЖ және ЭПК бойынша комитет құрылды. Элективті пәндердің каталогін құру бойынша негізгілері мыналар болуы тиіс:

  • жұмыс берушілермен сауалнама өткізу;

  • жоғары курс студенттеріне сауалнама жүргізу;

  • мекемелермен кәсіпорындардағы кафедра филиалдарының жұмыс нәтижесі;

  • түлектер Ассоциациясының жұмыс нәтижесі.

«Оқытушы студент көзқарасымен» атты сауалнама бағдарламасы меңгерілді, нәтижесінде студенттерге сауалнама жүргізіледі.


Университеттегі ПОҚ көмегімен оқу-әдістемелік әдебиеттерінің басылым жоспары дайындалып, арнайы әдебиеттермен (оқулықтар, оқу құралдары, ұсыныстар) қамтамасыз ету талдауы өткізілді. 2011 жылға 77 оқу құралдары жоспарланып, шығарылды және 2012 жылы – 70.
2012 жылы «Жазғы семестр каталогі» публикациясы дайындалуда. Жазғы семестр оқыту кезінде Болон үрдісінің аясында студенттердің академиялық мобилділігінің өсімі болжанады. Осы мақсатта факультеттер бойынша пәндердің каталогі дайындалды, яғни бакалавриаттар, қашықтан оқыту және жұмыс берушілер курсы жатады.

Университеттегі ақпараттық-білім беру ортасы біздің жоғары оқу орнымыздағы оқу үрдісін ҚР президентінің мәліметтер жарғысына және оның кезекті Қазақстан халқының жолдануына сәйкес ақпараттық және білім беру технологияларына сәйкес енгізу арқылы БҚМУ барлық ұжымының еңбегін арттыруға мүмкіндік береді.

АББТО директоры Габдуллаев Д.Г.

ҚАУЛЫ ЖОБАСЫ:




  1. Бейнедәрістер базасын толықтыру бағытындағы жұмыстарды белсенділендіу мақсатында ПОҚ-қа арналған оқу жүктемесі уақыты көлемінде қосымша сағаттар бөлу. Жауаптылар: АСД, факультет декандары, кафедра меңгерушілері. Орындалу мерзімі: 01.09.12 ж.




  1. Университеттің корпоративтік желісі бойынша оқу ғимараттарында бейнеөнімдерді онлайн көрсету және медиаконтентіні қалыптастыруға арналған медиасерверді құру. Жауаптылар: АББТО директоры, ІТ бөлімінің жетекшісі, ОТГЖЗ меңгерушісі. Орындалу мерзімі: 01.09.12 ж.




  1. Шығарылатын электронды оқу басылымдарының сапасын арттыру мақсатында ЭОБ жоспарын ОӘК арқылы бекіту. Жауаптылар: ОӘК төрағасы, АББТО директоры, БҚЕӨ бөлімінің жетекшісі. Орындалу мерзімі: 01.09.12 ж.




  1. ПОҚ арасында «Білім берудің инновациялық технологияларын енгізу» инновациялық жобалар конкурсын өткізу үшін барлық кафедралардың ПОҚ белсенді қатысуға тарту. Жауаптылар: кафедра меңгерушілері, ИББД бөлімі. Орындалу мерзімі: 01.12.12 ж.

Белгіленген қаулының орындалуына жауапты:


оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры Ғ.Қ.Жүсіпқалиева
Жаратылыстану-математикалық факультеті бойынша бірлескен білім бағдарламаларын енгізу және ПОҚ мен студенттердің академиялық ұтқырлығы туралы

Жаратылыстану-математикалық факультетінде бірлескен білім бағдарламаларын енгізу және ПОҚ мен студенттердің арасында академиялық ұтқырлықты дамыту мақсатында жұмыстар жүргізіліп келеді. Соның ішінде атап кететін:



Жақын және алыс шетел мемлекеттерінен шақырылған профессорларды қабылдау

  1. 2011 жылдың қазан, ақпан айларында г.ғ.д., профессор А.А Чибилев (Ресей, институт степи) «География» кафедрасында кафедраның студенттері мен магистранттарына арнап дәріс оқыды.

2. 2011 жылдың 8-қарашасында Пермь қаласынан келген профессорлар: Блинов Сергей Михайлович — геология факультетінің деканы, Калинин Николай Александрович – метеорология кафедрасының профессоры, Пьянков Сергей Васильевич - ГИС орталығының директоры, профессоры жаратылыстану бөлімі студенттері мен магистранттырына арнап геоинформатикалық пәндер бойынша дәріс оқып, сертифакаттар берді.

3. 2011жылдың 21-желтоқсанында және 19-21 сәуір аралығында Е. Коган (РФ Приволжский федеральды округы) «Разработка модульных технологии» тақырыбында университет оқытушыларына арнап дәріс оқып, сертификаттар берді

2. 2012 жылдың мамыр айында Владимир Гертрудович Онипченко ( М Ломоносов атындагы ММУ, б.ғ.д, профессор) Биология және экология мамандықтарының магистранттары мен студенттеріне дәріс оқиды.

3 Новосибирск университетінен С.Л. Соболев атындағы РҒА СБ институтының ф-м.ғ.д. Я.В.Базайкин, И.А.Тайманов сияқты белгілі ғалымдарымен бірлесіп, «Тайманов оқулары-2012» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы 20-21 сәуір күндері ұйымдастырылып отыр. Маулешова Г.С. осы оқу орнында магистратурада оқып жатыр.

4. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Алжанова Б.С. РХДУ-де негізінде тағылымдамадан 01.11.11-дан бастап өтіп жатыр.

Муратова Ж. РХДУ магистратурасына қолданбалы математика мамандығы бойынша оқып жатыр.



Жақын және алыс шетел мемлекеттеріне шығу

1) 2011 жылдың 1-11 қараша аралығында 6М011300 Биология мамандығы 1 курс магистранттары ( Махметова Айша, Аманбаев Қаныбек, Кокенова Жанаргуль, Хамзина Айгерим), 6М011200 Химия мамандығының 1 курс магистранттары (Капанова Гульмира, Базарова Данагуль, Нурмукашева Аэлита, Аймашева Венера, Рахова Ақбөбек, Султанова Жумабике ) 6М011000 Физика мамандығының 1 курс магистранттары ( ) РФ, Москва қаласы, РУДН біліктілік деңгейін көтеру оқу курстарына қатысып, сертификат алды.

2) 2011 оқу жылының бірінші семестрінде семестрлік академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 3 курс студенттері Мурзабеков Айбар, Ашығалиева Аягүл, Ахмет Индира, Бикетова Айнура, Жармаханбетова Жадыра, Искакова Акмарал РФ Калмақ мемлекеттік Университетінде оқып келді

3) РФ Калмақ мемлекеттік Университетінде 01206 топ Биология, 01307 топ География, 01306 топ Экология, 04202 топ Математика, 04204 топ Физика мамандықтарының студенттері 10 күндік оқу курстарынан оқып, сертификаттарын алып келді.

5) 2012 жылы ф.м.ғ.к А.А Кульжумиева «Дифференциальдық теңдеулер» атты тақырыпта Қалмақ мемлекеттік университетінде дәріс оқып келді.

6) 2012 жылының 24-наурызы мен 1-сәуір аралығында Қалмақ мемлекеттік университетінде география кафедрасының оқытушысы Э.Ж Имашев «Новая парадигма пространственного развития ЗКО», «Концепция пространственная развития регионов: цель, задачи,идеология», «Геоэкологическая роль и значение ЗКО», «Территориальная структура трансформации и модернизации пространтвенного развития ЗКО», «Пространтвенная развития индустрии» атты тақырыптарда 1 кредит көлемінде дәрістер оқып келді.

7) 2012 жылы сәуір айының І жартысында ф.м.ғ.к А.А Кульжумиева, магистранттар Искалиева А., Кабулова А. Польшаға барып, бірлескен бағдарламалар бойынша жұмыстанрып, жекелеген модульдерді оқып келді.

Факультет деканы: А.Б Медешова



Мәдениет және өнер факультетінде бірлескен білім бағдарламаларын енгізу және ПОҚ мен студенттердің академиялық ұтқырлығы туралы
Бұл салада 2011-2012 оқу жылында факультетте белгілі жұмыстар өткізілді. Соның ішінде атап кететін:

Жақын және алыс шетел мемлекеттерінен шақырылған профессорларды қабылдау

1. 2011 жылдың қазанның 11-күні М.Өтемісов атындағы БҚМУ актзалында Мәдениет және өнер факультетінің студенттері мен оқытушылары үшін Казань мемлекеттік консерваториясының шығармашылық ұжымымен кездесу және концерт өтті. ПОҚ мен студенттер оркестр дирижеры, РФ жоғары мектебіне еңбегі сіңген қызметкері, Татарстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор, Казан мемлекеттік консерваториясының оқу ісі жөніндегі проректоры Халитов Ринат Арифулловичпен сұхбаттасып, өз шеберліктерін шыңдады.


2. 2012 жылдың наурыз-сәуір айларында Самара мемлекеттік мәдениет және өнер академиясының тәрбие ісі және шығармашылық жұмыстар жөніндегі проректоры, өнертану кандидаты, доцент Дятлов Дмитрий Алексеевич (РФ, Самара мемлекеттік мәдениет және өнер академиясы) «Музыкалық білім» кафедрасында дәріс оқыды.

Сонымен бірге, Дятлов Дмитрий Алексеевич шеберлік кластарын өткізді. Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония залында концерт берді.



Жақын және алыс шетел мемлекеттеріне шығу

1. 2011 оқу жылының 9 сәуір-15 тамыз аралығында магистранттар (Ерболатова Камила, Бекеева Галия.) РФ, Москва қаласы, РУДН біліктілік деңгейін көтеру оқу курстарына қатысып, сертификат алды.



  1. 2012ж. қараша айында «Дизайн» мамандығының 5 студенті (Буян, Новицкая, Инютина, Грищенко, Водолажская) Орынбор мемлекеттік университетінде сараманнан өтіп келді(сараман жет. п.ғ.к., доцент Ворожейкина О.И.).

3. 2012 жылдың 1-10 аралығында Музыкалық білім мамандығының 10 студенті - В.Румянцева, Ж.Шналиев, А.Цыганов, Н. Бекмухамбетова, А. Изкулова Е.Кузнецова, Л.Бондарева- Румянцева, Н. Курумбаев, Н. Беркимбаев, А. Сулейменова академиялық ұтқырлық программасымен РФ, Самара мемлекеттік мәдениет және өнер академиясында оқып келді.

Музыкалық педагогика, Музыкалық психология және Орындаушылық теориясы пәндері бойынша білім алып, қосымша сертификат алып келді.

3) П.ғ.к., доцент Ворожейкина Ольга Игоревна 23.01.12 - 15.02.12 академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Бельгияда болды.

Брюссель қаласында Орыс иконографиясы бойынша дәріс оқыды.
4) М.Әуезов атындағы ОҚМУ 2 студенті (Қожасейітова Ақмарал, Зиуатдинова Жұлдыз) 11308 топ студенттері ретінде «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығы бойынша осы 2-семестр бойынша оқып білім алып жатыр. «Оң қол» атты қойылымын сахналап, өз алған біліктіліктерін көрсете алды.

5) М.Өтемісов атындағы БҚМУ 11308 топ студенттері Гиниетуллина Гүлназ бен Темірғалиева Баянсұлу М.Әуезов атындағы ОҚМУ осы семестр бойы білім алуда.

Оқу мерзімі – 2012 жылдың 6 ақпанынан бастап – 28 маусымға дейін.

6) Қосдипломдық бағдарламамен «Дизайн» мамандығының 5 курс студенті Алексеенко Майя Германияның Берлин Техникалық Университетінде білім алып, 2011ж жазда бітірген болса, биыл 4-ші курстың студенті Зотова Алена Германияның Майнц қаласындағы Й.Гутенберг атындағы унивверситетіне оқуға кетті.

Оқу мерзімі – 2012 жылдың 2 сәуірінен бастап – 28 қыркүйекке дейін.
7) 2011 жылдың 17-29 қазан аралығында «Көркем қолданбалы өнер және кәсіптік білім» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к. доцент И.У.Утегенов Абай атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетінде дәріс оқып келді.

8) Ақпан айының 7-8 күндері Нағымова М.М. БҚМУ мен Самара мемлекеттік мәдениет және өнер академиясы арасында жасалған екі жақты келісім-шарт ережелеріне сай Самарада болып, Музыка институтының (консерватория) 3-курс студенттеріне «Шет ел музыка тарихы» пәні бойынша дәріс оқып келді.

МжӨ факультетінің деканы: М.М.Нағымова

17.04.12.




Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет