Марат Қабанбаев (1948 – 2000)


Биыл құрылыс отрядына барып ем... Табыс тәуір болды. Қырық алтыншы



бет6/13
Дата04.11.2023
өлшемі51,12 Kb.
#189432
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Бауыр
Chapter 3, Blue, Brown And Pink Modern Minimalist Thesis Presentation, Слайд № 1. Неделя 2., English File 4th edition Elementary TG, “Орта білім беру ұйымдарындағы әдістемелік жұмыс мазмұны мен құрылысы» кестесін жасау, Қарт теугеушінің әңгімесі, ЭЕМм программасын тіркеу туралы өтінішхат-1, Lecture 1. Introduction and history, Жүнісбеков
Биыл құрылыс отрядына барып ем... Табыс тәуір болды. Қырық алтыншы... Дәл шығар. − «Киіп өлшеп көрсеңші»,- деуге таңдайына жабысқан тұтқыр тілі күрмеуге келмеді.
Қали костюмге көз қиығын немқұрайды тастады да, миығынан күлімсіреді. Сол мезет үстіңгі ернінің сол жақ құйрығы дір етіп шапши қалды. Манаптың қолқасы суырылып кеткендей болды. Жан дүниесі әлем-тапырық. Жасаурай қалған жанарын Қалидан аударып, күн сәулесіне шағылысқан терезелері жапырақтардың арасынан жылт-жылт сығалап тұрған оқу корпусына бағыттады. Аумай тартпағыр, тура көкесі! Әкесі күлмей ғұмыр кешті, қиратқанда күлімсірейтін, сонда ернінің сол жақ құйрығы өстіп жоғары шапшып қалушы еді.
− Киім жағы бар... Жыл сайын жаңалап тұрады. Қырық сегіз болмаса, қырық алты маған тар.
Жайбарақат үн құлағына жеткенде желіп келе жатып, жарқабақ шетіне ойқастап шыға келген аттай желкесі тартып, иегі көтеріле беріп, кегжиді, де қалды. «Айдан-айға хабар-ошарсыз... ізсіз кеткен, жылдан-жылға құйрығын ұстатпаған... әрең табылған інісі... осы Қали ма?» дегенді сағызша созып, бөліп-бөліп ойлады.
Сыдыртып самал соғып еді, жасыл жапырақтардан екі-үш сары ала теңге саудырап түсті де, біреуі қалбалақтап кеп, Қалиға тар костюмнің өңіріне сырғи қонды. Жалқы жапырақтан көзін алмай:
Мұрнағы жылы... көкемнің басына тас жинап, қорған көтердім. Саман кірпішін өз қолыммен құйдым. Көрші ауданнан екі атадан қосылатын туыстар табылған, олар да аянбады,- деді. Сәл бөгеліп, сөзін жалғады. − Бүгінде елдің жағдайы жақсы. Тамақ тоқ, көйлек көк.
Жоқ-жітік жылда елден кеткен бала: «Жетім ағатайым тағы да жүдеп-жадап келіп қалды ма?» - деп ойламасын деген сыңайда ұзын есеппен айтты мұны. Алыстан орағытып: «Жетім болсақ та, құйрық-жалсыз емеспіз; қала берді ел, жер бар, есіңді жи, қамықпа!» -дегенге сайған сиқы.
Қали еңсесін салып, бері бұрылды. Өңінде таңданыс па, қобалжу ма, қалай айтса да өзгеріс ізі сайрап жатыр. Кішкене көзі жылтырай қалыпты. Тізе бүккелі алғаш рет Манаптың аузына қарады. Ағасы да іштей Қалиға қарай итініп, жылжи түсті.
Бозбала:
− Тас жинау... О немене? - дегенде жылжып кеткен жерінде омайып отырды да қалды. Алақаны костюм матасын уыстап мыжғылай берді. Не деп кетті мына бала? Басы мыңғы-дыңғы. Іле: «Қасыңда інің отыр, көзіңді ашып қара, інің!» - деп, түрткілеген есек дәме көңіл тағы жібіді. Кіндік кесіп, кір жуған жерден алыста өскен саяқ бала өз халқының әдет-ғұрып, салт-санасын білмесе, жазықты ма? Өлсе - Манаптың әкесі өлді. Ал бұл күнге дейін Қали әке-шешем жоқ, иесіз, сұраусыз жетіммін деп келді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет