Мақсаты: Білімділік: Әнгіменің мазмұнын меңгерту. Әнгімедегі негізгі ойды идеяны ұғындыру



Дата27.12.2016
өлшемі35,37 Kb.
19 Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-гимназиясы Бастауыш сынып мұғалімі: Рахова Багит Амандыққызы Санаты: IІ Пәні: Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: М. Әлімбаев. Әнші Әміре Мақсаты: Білімділік: Әнгіменің мазмұнын меңгерту. Әнгімедегі негізгі ойды идеяны ұғындыру. Әміре Қашаубаевтың өмірі мен өнер жолы туралы таныстыру. Құрманбек Жандарбеков туралы мағлұмат беру.

Дамытушылығы: Балалардың танымдық қабілетін, шығармашылық қабілетін, ой- өрісін, есте сақтауын дамыта отырып шығармадағы көркем сөздерді өз сөздік қорларына қолданып жүйелі баяндай білуге үйрету. Ізденімпаздыққа баулу

Тәрбиелігі: Көркем шығармадан эмоциялық әсер ала білуге, өнер адамдарын құрметтей білуге, өнерді сүюге тәрбиелеу.

Типі: жаңа сабақты меңгерту Әдісі: СТО, сұрақ – жауап, ой қорыту, ізденушілік, теңеу, топтық.

Көрнекілігі: Әміре Қашаубаев, Құрманбек Жандарбеков, Құрманғазы Сағырбаев, Дина Нүрпейісова суреттері, видео материалдар, интернет қоры, анықтамалықтар.

Пән аралық байланыс: Музыка, қазақ тілі, дүниетану сабақтары.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылар зейінін сабаққа аудару Психологиялық дайындық . «Сәттілік» баспалдағы

Бүгінгі сабаққа жақсы көңіл-күйде боламын, /оң қолды көтеру/ Бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз. /сол қолды көтеру/ Бүгінгі сабаққа жақсы нәтижеге қол жеткіземіз, /екі қолды көтеру/ Бір-бірімізбен доспыз және әрқашан біргеміз. / иықтарын түйістіріп, құшақтасады/ Топқа бөлу. Түстерге байланысты топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Сахналау әдісі. 2. Қарша борату /сұрақ-жауап/ Дина айтқан әңгіменің мазмұнын сұрау Сұрау әдісі: А) мазмұндық әдіс Ә) сұрақ-жауап әдісі

Иә, балалар біз күй атасы Құрманғазыны, оның шәкірті күйші Динаны бұрын ән сабағынан білетін болсақ, бүгін әдебиет пәнінен бұрынғыдан да жетік білдік.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Тақырыбы мен мақсатын хабарлау ІҮ. Жаңа сабақ: М.Әлімбаев. Әнші Әміре а) Кіріспе әнгіме — Балалар, Құрманғазы атамыз бен Дина апамыз қазақ даласына осындай құнды күйлерін тастап кеткен болса, бүгінгі сабағымызда қазақ ән өнерінің дүлдүл әншісі – қазақтың атын шетелдерге паш еткен, ғажап дауысты Әміре Қашаубаевпен танысамыз.

Оқулықпен жұмыс. Автор өмірі мен шығармашылығы. Мұзафар Әлімбаев - (29 қазан, 1923 жыл, Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Маралды атырабы - 2007 жыл) — Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінде соғыс сұрапылын бастан кешіп келген қаламгер шоғырының бірі. Әнші-күйшілердің, ақын-жыраулардың думан құрған өнер төрінде, солардың тәтті сазын, татымды сөзін қаршадайынан құлағына құйып өскен. Мұзағаң 5 жасында әріпті әліп деп біліп, кітап оқи бастаған. 6 сыныпта ауыл кітапханасының бір қыста 150-ден аса кітабын тауысып, «Бауырсақтан» бастап», «Батырлар жырын» ортаға ала, Александр Сергеевич Пушкиннің 4 томдығын тауысады. 4 слайд. Әміре Қашаубаев өмірі. Әміре Қашаубайұлы Қашаубаев – 1888жылы Дегелең тауының алабы, Абыралы ауданы, Шығыс Қазақстан облысы. 1934 жыл дүниеден озды.

5 слайд. Париж. Әміре Қашаубаев туралы видео ролик көрсетіледі.

6 слайд. Мәтінмен жұмыс: Мәтінді үш бөлікке бөліп 3 оқушы оқып, 3 оқушы мазмұнын айтады. Әр бөлікке ат қою. І топ: Риддер қаласы. Халық арасына концерт қою. ІІ топ: Клуб есігіндегі қара құлып ІІІ топ: Әнші Әміренің дауысы

Құрманбек Жандарбеков туралы не білеміз? Құрманбек Жандарбеков /видео ролик/ Жандарбеков Құрманбек (07.01.1905, Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы — 09.,7.1973, Алматыда жерленген) — әнші, актер, режиссер, педагог, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі.

7слайд. Дәптермен жұмыс. Аспанды қақ жарғандай бір сәтте қаптап, ағылып Тасыған қар суындай топырлайды, бір-біріне жол бермейді Сеңдей соғылысады күшті, қатты.

8слайд. Суретпен жұмыс. –Осы суретте мәтіндегі қандай оқиға бейнеленген? - Әңгімеңде жоғарыдағы сызбаның сол бөлігінде берілген сөздерді пайдалан.

9 слайд.Топтық жұмыс 1 топ. Халықты таң қалдырған әнші Әміре 2 топ. Сурет бойынша әңгіме құрастыру 3 топ: Менің сүйікті әншім Топтық жұмыстарды талдау.

Ү. Сабақты қорыту. Ыстық орындық стратегиясы арқылы сабақты қорытындылау. 1. Лениногорск қаласы жайлы не айтылған? Бұл қай жыл еді? 2. Әртістер келгенде қандай жағдайға кезікті? Не болды? 3. Қиындықтан қалай және кім шығарды?



ҮІ. Үйге тапсырма. Оқу, мазмұндау. Әнші Әміре туралы мәлімет жинастыру. Бағалау
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет