Мақсаты: «Конструктивтік білім беру әдістері»



бет3/3
Дата09.10.2019
өлшемі498,6 Kb.
#49464
1   2   3
Байланысты:
Контент Констурк
Комп.мод. тест, Комп.мод. тест, Контент Констурк, stud.kz-9761, Экология Оқулық Алматы Адам және оны қоршап тұрған орта, Физикалық химия Оқулық Алматы Физикалық химия, Сізді сергітетін кеңестер, Омаров-начало, Диссертация Бергенбек Қазына, Диссертация Бергенбек Қазына, Дюсенбаева Т, 1-курс.Расп бак 2019-2020 2-сем., тест Квуант, тест Квуант

Орта қалыптастыру:

  • білім алушы оқып үйренуде өз әрекеттерінің жемісті екендігін сезінетін жағдайлар жасау;

  • үйренушілер арасында ашық, еркін, шығармашылық қарым-қатыынас орнату;

  • үйренушілерге білімді дайын күйінде бермей, оны ізденуге бағыт-бағдар сілтеу.

Әрекет арқыылы үйрету және үйрену:

  • үйренушілерге білімнің  өзіндік әрекеттер арқылы ғана тиімді түрде меңгерілетінін дәлелдеу;

  • үйренушілерді белсенді әрекеттерге баулып, олардың білім игеру әрекеттерін игеру.

Өмірмен байланыстыру:

  • үйрету және үйренуді практикалық әрекеттерге негіздеу, пән мен тақырыпты  күнделікті өмірде туындайтын проблемаларды шешу үшін қарастыру.

Өзінділік пен дербестікке баулу:

  • үйренушілердің дайын жауабын ой-толғаныс арқылы өзіндік пікір құрастыруға, проблема шешуде өзіндік тұрғыдан жауап табуға ынталандыру;

  • сыни тұрғыдан ойлауларына жағдай жасау.

Осының нәтижесінде үйренеді:

  • терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту;

  • өз әрекеттері мен идеяларыын талдау және оларға баға беру;

  • ақпаратты өздігінен түсініп, оны сараптап, дұрыс таңдай білу;

  • пікірталасқа қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу;

  • шешім қабілдау және қиын мәселелерді шешу;

  • басқалармен тиімді қарым-қатынас құрып, өзара бірлесе жұмыс атқару;

Александер (2004) оқытудағы әңгімелесу  - қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі  алға жылжиды деп тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар (сонымен қатар олардың мұғалімдері де) келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе  «пікір алмасу» барысында  тең құқылы серіктестер болып табылады. Мерсердің айтуынша, ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жеткізу аясындағы табысты талқылауларда әңгімелесудіңзерттеушілік түрі басымдылыққа ие болады.

Білім беру үрдісінде  оқушыларға  білім беруде  тиімді  әдістерді  пайдалану арқылы  оқушының  білімге деген  ынтасын дамытып, ойын еркін жеткізе білу қабілетінің белсенділігін қалыптастыруға негіз  болады деуге болады. Сондай-ақ мұғалімдер осы  бағытта жұмыстар атқарса оқушы мен мұғалім арасында өзара серіктестік пайда болады. Сонымен қатар еркін тілде сөйлеп өзінің сыни көзқарасын білдіріп, басқаларға  жеткізе  алатын, бәсекеге қабілетті  тұлғаға  айналады.

Диалогтік оқыту – мұғалімнің жан-жақты жұмысын талап етеді.

Білім беру барысында диалогтік оқытуды дамыту үшін мұғалімнің тәжірибесінде не қажет? Әрине, оқытудың әдіс-тәсілдерінің сынып жағдайында дұрыс таңдалуы нәтижеге жетудің бастамасы болып табылады. Бұл мұғалімнен біліктілік пен шеберлікті қажет етеді.

Кембридж әзірлеген Бағдарламаның басым бөлігі сындарлы оқыту теориясына басым назар бөледі. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделген.

 


 

 

 



Оқу үрдісі  барысында келесі жайларды ескерген жөн

 


оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ету

 


әр оқушы өз деңгейінде жұмыс жасап, кейбір болжамдар бойынша ойларын білдіре алуларына жағдай жасау

 


көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістеуіне мүмкіндік беру

 


оқушылардың бастапқы білімдерін жаңа біліммен өзара байланыстыруға мүмкіндік тудыратын жағдай жасау

 


Сондай-ақ диалогтік оқыту барысында  оқушылардың өз ойларын айтуға мүмкіндік туғызу, оқытуда мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы диалог жүргізу дағдысы қай денгейде екенін үнемі назарда ұстау маңызды болып табылады.

Диалогтік   оқыту арқылы сыни тұрғыдан  ойлауды дамытудың  негізгі ерекшелігі -  ұстаздар мен оқушыларға өз еріктерімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс істеуге жағдай жасайды. Қазіргі оқытудың талаптарына  сай мұғалім де, оқушы да жаңаша көзқарасты, терең ойлы болуды керек етеді. Сондықтан қазіргі заман талабына сай жас ұрпақтың көкірегі ояу, ізденімпаз, отаншыл, шығармашылық жұмыспен айналыса алатын дәрежеге жеткізуіміз керек деп ойлаймын. Оқушыларға  жаңа тақырыптарды қызықты, түсінікті етіп түсіндіру үшін керекті тәсілдердің бірі ретінде диалогтік оқыту  арқылы сыни тұрғыдан ойлауға үйрету деп ойлаймын. Осы жаңа әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, жаңа сабақтың аясында қосымша қызықты деректерді ұсынуға, қиын тақырыптарды әр түрлі жұмыс түрлері арқылы жеткізуге, жаңа идеяларды әсерлі етіп көрсетуге  болады. Бағдарламаның жеті модулін білім беру үрдісіне енгізе отырып мұғалім мен оқушылар арасындағы белсенді қарым-қатынасты қалыптастырып, келешек өмірге жол ашамыз.

Диалогтік оқыту және сыни тұрғыдан ойлауға үйрету негізінде әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, өткізілген сабақтардың нәтижесі бойынша оқушылардың сөйлеу қабілеті, сұраққа жауап беру қабілеті, мәтінді сипаттау қабілеті, сұрақ қоя білуі, таныс материалды меңгеру қабілеті біршама жақсы нәтижелерге көтеріледі деуге болады.

Бұрынғы оқушылар тек қана тыңдаушы болса, қазіргі оқушы - өздігінен білім іздейтін қалай оқу керектігін түсінетін жеке тұлға екендігіне ерекше мән бергеніміз жөн. Тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа тәсілдерін қолдануымыз керек деп ойлаймын. Бұл заман талабы. Көштен қалуға болмайтындығын бәріміз де түсінеміз.

Алдағы уақытта да білім беру үрдісінде осы бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыратын болсақ:


  • барлық оқушылар сабаққа белсенді қатысады;

  • барлық оқушылар  өздерін  еркін  сезінеді;

  • олар бір нәрсені қате айтамыз деген қорқыныштан арылады;

  • жауапты бірлесіп іздейді, жолдастық көмек, бір- біріне деген жауапкершілік   сезімі   пайда болады;   

  • сабақ оқушы үшін, мүғалім үшін де пайдалы болады;

  • ең бастысы олар бір- біріне қатты әсер етеді, бір-бірінен үйренеді және  бірін-бірі  үйретеді.

Білім беруде жақсы істер жалғасын тапса оқушы қалай оқу керектігін түсініп, өзін-өзі реттеп, достық қарым-қатынас пен жақсы көңіл-күйде болары анық. Мен үшін ең тиімді сабақ ол - нәтижелі сабақ. Ал, сабақтың нәтижесі оқушылардың іс-әрекетінен көрінеді.
5-дәріс.Талантты және дарынды балаларды оқыту.

 

  «Еңсесін енді көтеріп келе жатқан


біздің еліміз үшін дарынды ұрпақтың орны
мүлде бөлек», - Н.Ә.Назарбаев.

      ХХІ ғасыр – бәсеке ғасыры, бұл бәсеке енжарлықты, керітартпалықты көтермейді. Сондықтан да еліміздің білім берудегі ұлттық жүйесі өте қарқынды өзгерістер сатысында тұр. Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат – ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан  тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқушылардың белсенділігін арттыру, ізденімпаздыққа үйрету және білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу керек.

         Баланың белгілі бір іс -әрекетке белсенділігі жас кезінен байқалады. «Дарындылық» термині «дарын» сөзінен шыққан, адамның ерекше қолайлы ішкі алғы шарты дегенді білдіреді. Дарындылық білім беру, тәрбиелеу жұмысының әсерінен ғана емес, балалардың өз қүштерін жүзеге асыру кезінде ғана дамиды.

 

          Мұғалім ретінде оқу мен тәрбие саласындағы аса маңызды міндет – талабы таудай дарынды жеке тұлғаны іздеп тауып, оны жетілдіріп шығару. Ал мақсаты – тәрбие мен білім халықтық бола отырып, ұлттық дәстүрді ұстаушы, дені сау, адамгершілігі мол, қабілеті дамыған, жан-жақты, саяси сауатты, өресі биік азаматтарды тәрбиелеу.



 

Дарынды балаларды оқытуда зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі олардың табиғи қызығушылығының жоғарлығымен, қоршаған ортасына деген құштарлығының басымдылығымен түсіндіріледі.

 

Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің мақсаты



 

1.Баланың шығармашылық қабілетін және өз  бетінше шығармашылық ізденісін дамыту.

2.Пәнге терең қызығушылығын арттыру.

3.Оқушының әсерлілік сезімін қалыптастыру.

4.Оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму деңгейін, танымдық белсенділігін арттыра оқыту.

5.Жалпы білім – білік дағдыларын дамыта оқыту.

6.Білімнің бағасын арттыру.

 

Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстың міндеті



 

1.Оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру.

2. Шығармашылық қабілеттерін дамыту, жан-жақты дамуына жеке адамдық ерекше көңіл бөлу.

3. Оқушыны қоршаған ортаны аялауға, ғылыми зерттеу дағдыларын қалыптастыруға тәрбиелеу.

 

 

Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс жоспары



 

1.     Дарынды баланы іздеп табу және іріктеу.

2.    


www.jospar.kz

Барлық пәннен күнделікті сабақ жоспарлар

орта және қысқа мерзімді сабақ жоспарлар


Тереңдетілген бағдарлама бойынша оқыту.

3.     Дарынды балалармен жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізу.

4.     Проблемалық оқыту әдістерін пайдалана отырып оқыту. Ізденіс жұмыстарын (реферат, баяндама, сөзжұмбақ, ребус, шығарма, өлең шығару т.б), өз бетінше ізденіп оқуды ұйымдастыру, дамыту.

5.     Мектепішілік және аудандық, пәндік олимпиадаларға, конкурс- сайыстарға қатыстыру.

6.     Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана отырып оқыту.

 

Оқу – тәрбие жұмысында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың түрлері



1.     Оқушыларды мұражайға апару

2.     Өнер қайраткерлерімен, ақын – жазушылармен кездесу өткізу.

3.     Түрлі тақырыптарда әңгіме, пікірталас, кездесу өткізіп, алған әсерлері бойынша шығарма жазу, ауызша және жазбаша түрде өз ойын еркін жеткізе білу.

4.     Ақпараттық құралдар жаңалықтармен таныс болу.

5.     Ғылым мен техниканың озық үлгілерін пайдалану.

6.     Күрделі тапсырмаларды орындау.

 

Осындай жұмыстардың үнемі жүргізілуі оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашуға, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Біреуі сурет салуға әуестенсе, екіншісі спортты, үшіншісі ән – күйді т.б. өнер салаларын таңдайды.  Мұндай жағдайда тәртібі нашар балалардың да жақсы қасиеттерін танып, оларды сынып ұжымымен байланыстыру да ұстаздың біліктілігінде.



         Баланың шығармашылық дарындылығының нәтижесінде мына ситапттамаларды атап айтуға болады:

-         зерттеу кезінде білімге ерекше құштарлық танытатын жоғары қажеттілік;

-         ақыл – ойдың жоғарғы қажеттілігі;

-         тек кешегі мен бүгінгі ғана емес, болашақ абстрактылы идеялар мен теорияларға қызығушылық;

-         белгілі бір іс — әрекетке, кәсіпке аса қызығушылық таныту, бір іспен шұғылдану;

-         өз бетімен белгілі бір мақсатқа жетуге табандылық көрсете білу;

-         тапсырмаларды өз бетімен ойлай және шеше білуге ұмтылу.

Дарындылыққа барар жолдың басты міндеті:

-         оқушының жеке ерекшелігімен қабілетін зерттеп- зерделеу;

-         шығармашылық ғылыми ізденіске өзіндік зердесінің дамуын назарда ұстау;

-         оқушының өз бетінше әрекет етуіне мүмкіндік беру.

Осы міндеттерді жүзеге асырудағы оқу – тәрбие үрдісін ғылыми зерттеу негізінде жүргізіп, оқушылардың дарындылығын дамытатын арнайы жоспармен жұмыс атқару керек. Осындай қабілетті, дарынды оқушыларды таба біліп, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін арттырып, ата –ана, мектеп, оқушы, ұстаз байланысын жоғары ұстап, шығармашылықпен жұмыс істеп оқушының білімге ынтасын арттыру керек.

         Табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйын одан әрі дамытып, ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыра білейік!


Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында білім беруді инновацияландыруға сай икемдеу үшін білім беру жүйесін ақпараттындыру, жаңа талапқа сай дамыту талабы қойылып отыр. Осы талапқа сай бүгінгі таңда білім беруде жеке тұлғаны дамыту, дана және дара ойлай алатын дарынды баланы оқыту мен тәрбиелеу жолдарын айқындау қажеттігі айқын.


Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өнуі, әлемде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты. Сондықтан да, мемлекет басшысы болашақта қазақ елінің көсегесін көгертіп, ғылымын көркейтер деген үмітпен жас дарындарға үлкен назар аударуда, қолдау көрсетуде. Осы орайда қандай да болмасын білім беру мекемесі оқушыларға мемлекеттік білім стандартына сай білім берумен шектеліп қалмай, оларды ғылыми ізденіс жұмыстарға тартып, шығармашылық, дарындылық қабілеттерін дамыту бағытында жұмыс жүргізуі тиіс.
Қазіргі білім берудің мақсаты білім, білік, дағдымен қаруландыру ғана емес, солардың негізінде дербес өзгермелі қоғамда лайықты өмір сүріп, жұмыс жасай алуына, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке ақпаратты өзі іздеп тауып, ұтымды пайдалана алатын, жан-жақты дамыған, білімді, өз ісін және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етіп отыр.
Мектеп – білім берудегі бар мүмкіншілікті қамтамасыз ететін білім ошағы. Өз ұлтын, тілін сүйіп, қастерлейтін адам ғана, сонау әлімсақтан мирас болып келе жатқан ата-ананы, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық, мейірбандық, инабаттылық көрсету сияқты ізгі қасиеттердің иесі бола алады. Қазақ жастары осындай ұлтжандылығымен, өздеріне тән ұлттық болмысымен және рухани тазалығымен ерекшеленуі тиіс. Ар-намысын жоғары ұстаған ел ғана басқа ел алдында әрдайым абыройлы, сыйлы болмақ. Міне осы тұрғыда мектеп мұғалімдерінің алдындағы басты назар аударатын міндеттердің бірі білімді де тәрбиелі тұлға тәрбиелеуге бар күштерін жұмылдыру. 
Бүгінгі білім берудегі тәжірибе оқушылардың әртүрлілігін көрсетіп отыр. Білім берушінің алдындағы басты назар аударатын негізгі міндеттердің бірі – дарынды балаларды анықтап, оларға адамгершілік қасиеттерді дарыту, шығармашылыққа үйрете отырып, терең біліммен қаруландыру. Интеллектілері шығармашылыққа жақын сараптай алатын, байланысын сезе алатын өте жақсы дамыған оқушылар өз қатарларынан өзгешелініп тұрады. Олар өздерін қызықтыратын сұраққа үнемі жауап іздеп, білімқұмарлықтарымен және өзіндік ізденімпаздықтарымен көзге түседі. Дарынды балалар мектепке баруға құлшынады, сабаққа барған кезде осындай дарынды балалармен қиын жағдайға ата-аналарда, оқытушылар да тап болады. Осындай білімқұмар балаларға сынып іші жалықтырып жібереді. Мұғалімдер сынып ішіндегі барлық баламен жұмыс жасауы үшін тырысып бағады, себебі бір сыныпта дарынды баламен қатар, қабылдауы төмен балаларда отырады. Оқу бағдарламасын барлығына дерлік ұғындыру, барлығымен жұмыс жасау мұғалімге қойылатын басты талап. Ендеше, осындай жағдайлар дарынды баланы жалықтырып алмау үшін арнайы жұмыс жасау қажеттігін көрсетіп отыр.
Бүгінгі таңда дарынды бала сөзі жиі қолданылып жүр. Дарындылық — адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Қазіргі таңда барлық оқушы дарынды оқушы. Бұл қасиетті байқап, оның бар екеніне көзжеткізіп, бойындағы дарынын одан әрі өрбітуге, ұштауға, арман асуларын жұлдыздай жарқырап, тау бұлағындай мөлдіреп, халқының, ата-анасының мақтанышы болуға мүмкіндік жасау мұғалімге артылатын жүк.
Дарындылық – баланың алғырлығы, зерделігі, қабілетімен дамып отыратын үздіксіз процесс болғандықтан, айрықша табиғи қабілеті мен нақты пәндерден ерекше дарындылығы бар балалардың интеллетуалдық қабілетін дамыту, шығармашылық тұлғаларды қалыптастыру. Дарындылықты қалыптастыру мен дамытуда мұғалімнің алар орны ерекше. Осы орайда білім алушының қабілетін айқындай отырып, дарындылығын анықтау - баланың дамуын бағдарын талдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы тұрғыда алдымен дарындылық ұғымын анықтап алсақ. «"Дарындылық"» ұғымы "сый" ("дар") деген сөзден шыққан, дамудың алғышартын білдіреді. Бұл ұғымға педагогикалық энциклопедияда төменгідей анықтама беріледі. "Дарындылық - белгілі бір іс-әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғарғы деңгейі".
Балалар дарындылығын зерттеумен және ерекше балаларды оқыту және тәрбиелеудің психологиялық - педагогикалық жақтарын қарастыру қырлары әр қилы болуы тиіс. Қазіргі күнде ерекше қабілетті балаларды іріктеп, олардың әрі қарай дамуы үшін жағдайлар жасауы керек екендігі анық. Себебі, баланың қабілеттері мен таланттарын толық ашу өзіне ғана емес, мемлекетке де қажет болып табылады. Жаңа технологияларды практикаға енгізу және игертудегі сапалы қадамның сандарынан қоғамның стандартты емес ойлау қабілетіне ие, өндірістік және әлеуметтік өмірге, жаңа мазмұн енгізетін, болашаққа қатысты жаңа міндеттерді қойып, оларды шеше алатын мамандарға деген қажеттілік өсті.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы және адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Осы мәселе негізінде дарындылықты анықтап алу негізге алынуы шарт.
«Бұлақ көрсең көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін дарынын ашу - мұғалім міндеті, бала бойындағы ерекшелікті, қабілетті танып, соған бағыттап дарынды баланың болашағының ірге тасы дұрыс қалануына мүмкіндік жасауымыз қажет. Дарынды баламен жұмыс жасаудағы бағыт оқу бағдарламасын тереңдетіп, оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Дарындылықты анықтауда бірнеше жақта қарастырылды. Олар: интеллектуалдық дарындылық, шығармашылық дарындылық, әртістік дарындылық, музыкалық дарындылық, техникалык дарындылық және спорттық дарындылық. Баланың жанына жақын дарындылықты дәл тауып, соны жандандыруға жұмыс жасалынғанда дарынды баламен жұмыс өз нәтижесін табады.
Дарындылық - жеке тұлғаның өте күрделі, көп аспектілі қыры. Дарындыларды шығармашылық жолға бағыттап, оны іске асыра білу және ғылыми - білім кеңістігінде қалыптасқан жеке тұлға үшін мына талаптар мен міндеттерді оқытушы ескеруі керек.
Міндеттері:
- оқу процесін тиімді ұйымдастыру;
- өзін-өзі бақылау мен өз білімін жетілдіру;
- жеке тапсырмалар беру арқылы оқыту;
- жеке тұлғаның қасиеттерін, қабілетін анықтау.
Осы міндеттерді орындау үшін және оқушылардың дарындылығын анықтауға қойылатын талаптар:
1.Шығармашылық:
-ойлау;
-қабілет.
2.Мотивация (жеке-мотивациялы ерекшелік). 
• күрделі тапсырмаларды шешуге ұмтылыс;
• пәнге қызықтыру.
3.Оқушылардың әлеуметтік үйренуі:
• сөйлесуде;
• тәртібінде. 
Келесі кезең - бағалаушылық болып табылады. Бұл кезеңнің негізгі міндеті диагностикалық кестеде ізденіс кезеңінде алынған ақпараттарды нақтылау мен бекітуге бағытталған. Осы кезең барысында педагогикалық іс-әрекет бір реттік зерттеумен арнайы бағдарлама бойынша сабаққа ауысады. Бала туралы алынған ақпаратты негізділігі мен дәлелділігіне қарай осы кезең барысында жүйелі түрде кең танымал психодиагностикалық әдістемелерді қолдана отырып, балаларды жеке және ұжымдық зерттеу жүргізіледі. Бұл жұмыстың жүйелілігі, ұзақ мерзімділігі бала туралы алынған ақпараттардың дәлелділігінің қосымша кепілі қызметінде атқарады.
1. Дарынды оқушыны қалай оқыту керек? Бұл мәселені шешу үшін әуелі дарындылық ерекшеліктері анықталады. Сол ерекшеліктерді дамытуға бағытталған оқыту технологиясы белгіленеді.
2. Қандай оқушы дарынды, ерекшелігі неде? Бұл сұраққа жауап беру барысында арнайы оқыту технологиясының мазмұны анықталып, құрылымдық жүйесі жасалды.
Дамыта оқыту деп мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері оқушының өнімді ойлауының даму заңдылықтарына сәйкес берілген оқытуды айтамыз. Өнімді ойлаудың жүйесі – танымдық іс-әрекеттен логикалық іс-әрекетке келтіру, одан шығармашылыққа бағыттау. Ол үш негізгі аспектіні қамтығаны дұрыс. 
1. Танымдық - оқу материалдарын игеруі, қызығуы, танымдық белсенділігі.
2. Логикалық - оқу материалдары бойынша логикалық ойлау процесі арқылы құрылымындағы тапсырмаларды орындау.
3. Шығармашылық - шығармашылық әдіс-тәсілдері игеруі, шығармашылыққа қадам жасау, түрлендіру, ой туындатуы, қорытынды жасау, ғылыми-ізденіс жүргізу.
Оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін тағы бір қажеттілік - баланы психологиялық дайындықтан өткізу. Психологиялық дайындық, яғни педагогтің псикологиялық әсері шығармашылық кезеңде баланың шабытын оятып, құлшындырып, еліктіріп отырады. Шығармашылық шеберлік үшін оқушыға ұстаздың берер психологиялық әсері мынадай болмақ керек деп ойлаймыз:
- "сенің қолыңнаи бәрі келеді", "сен қабілеттісің", "жаз", "үйрен' деп, баланың еркін билеп, сенім білдіру;
- оқушының кішкентай жегістігі болса да, жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеу, оқушылар басылымында өлең, әңгімелерінің жарық көруіне көмектесу;
- шығармашылық сәтте оқушыға құптаушылық көзқарас білдіру, сезім күйін бақылау, қамқорлық таныту;
Шығармашылық ойлап - табудың әр түрлі тәсілдерін үйрене отырып, дарынды балалар пәндерді оқу барысында өздерінің «шығармашылық қабілеттерін» қолданып, К.Урбан айтқандай, нақты ғылыми зерттеулер мен дивергенттік ойға тікелей әсер етудің шексіз мүмкіндіктерін көрсетеді.
Бала бойындағы дарындылық, ғылымилық қабілетін ашу, жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу, айқындау – ең басты мәселе. Ал оқытудың түпкілікті нәтижесі – өз ойын дәлелдей алатын, жан – жақты білімді, білімін жүзеге асыра алатын, қалыптасқан өзіндік азаматтық көзқарасы бар іскер, ақылды, адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру. 
Оқушының дарындылығын анықтап, дамыту мақсатында әр пән мұғалімінің алдында төмендегідей мақсаттар мен міндеттер болуы орынды:
1. Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру;
2.Жан-жақты ақпараттандыру;
3.Коммуникативті бейімдеу;
4. Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету;
Осы мақсаттар мен міндеттерді орындауда мектеп ұстаздары мынандай жұмыс түрлерін қолданады:
1. Икемді және ұтқыр оқу жоспарын құрады;
2. Жеке пәндерді оқытуда тәуелсіз қозғалыс жасайды;
3. Дарынды оқушының өзінің жұмысын өзі жоспарлап, шешім қабылдауына ықпал етеді;
4. Дарынды оқушының қызығушылығына байланысты оқу жоспарын құрады;
Осындай жұмыс түрлерін ұйымдастыруда ұстаздар мынандай мәселелерге баса назар аударады:
1. Пән сабақтарында шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу, орындау, талдау жұмыстарын жүйелі жүргізуге;
2. Дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыруға;
3. Сабақтан тыс мезгілде жүргізілетін жұмыстарға - пәндік олимпиада, ғылыми конференцияға, интеллектуалдық турнирлер мен шығармашылық байқауларға дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспарлы жүргізуге;
ХХІ- ғасырда әлемдік білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі басымдықтарының бірі – мектеп білімін жаңарту. Ол оқушылардың неғұрлым өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған.
Оқушылардың ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыруы мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек. Сондықтан да ғылыми жоба технологиясының тиімділігі күннен күнге артуда. Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу. Егер оқушы ғылыми жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса - ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Әр түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әр түрлі адамдармен тіл табыса отырып, әр ортада дұрыс бағыт – бағдар бере алады.
Сонымен, оқушының ғылыми жұмысының тиімділігі – көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып,оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде. 
Пәндік олимпиадалардың негізгі мақсаттары мен міндеттері педагогтардың ғылыми-әдістемелік деңгейлерін анықтау, кәсіби және ақпараттық құзыреттілік деңгейлерін арттыру мен қатар, дарынды оқушының өзін қызықтыратын пәнде шығармашылық белсенділігін ынталандыру және қызығушылығын дамыту, ғылыми білімді насихаттау болып табылады. 
Қазіргі кезде жақсы дамып келе жатқан дебаттардың, пікір – сайыс яғни интеллектуалды ойындардың мақсаты - Қазақстандық қоғамдағы өзекті мәселелерді ғылыми тұрғыдан зерттеп, ашық пікірталас алаңында талқыға салу арқылы оқушылардың шығармашылық және қоғамдық белсенділігін арттыру; жастардың ғылымға қызығушылығын туғызып, мемлекетшілдік сананы дамыту болып табылады.
Оқушының дарындылығын анықтауда: 
1. Дарынды бала туралы педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік ақпараттар, мәліметтер жинақтау.
2. Бақылау
3. Анкета
4. Психодиагностика
5. Социометрия
6. Әңгімелесу
7. Интервью сынды жұмыс түрлері жүргілуі тиіс. 
Аталмыш жұмыстар жүйелілікке негізделіп, дарынды оқушымен жұмыс түрлері іске асу барысында оқушының өзін өзі бақылауы негізінде төмендегідей өзгешелікті байқауға болады:
1. Интеллектуалды эмоциялық бірлікті сақтай біледі;
2. Шешім қабылдайды;
3. Сенімділік туындайды;
4. Өзгелермен салыстырады;
5. Өзін-өзі бақылайды;
6. Жауапкершілік туындайды;
7. Мінез-құлқы өзгеріледі;
8. Ғылыми тұрғыда ізденеді;
9. Материалдарын жинақтайды. 
Дарынды баламен жасалынатын жұмыс барысында төмендегідей бағыт-бағдарды жоспарлаған орынды:
1.Оқушымен жасалынатын жұмыстың икемді және ұтқыр формасы құрылуы тиіс;
2.Жеке пәндерді оқытуда бағдарламадан тыс материалдар негізі қамтылып, тәуелсіз құрылымы жасалуы қажет;
3.Дарынды оқушының ғылыми жұмысының жоспары өзі қалауындай етіп жасағаны орынды, өзіндік шешім қабылдауына ықпал ету қажет;
4.Дарынды оқушының қызығушылығына байланысты мұғалімнің өзіндік оқу жоспарын құру;
5.Оқушыға ЖОО-на ғылыми жетекшілік жасайтын ұстаз бен тығыз байланыс жасауына ықпал ету;
6.Дистанциялық оқуды ұйымдастыру.
Дарынды баланың жасаған жұмысына қолдау көрсету де оның болашағына ерекше әсер береді. Оның өзінің білімділігіне деген сенімділігі арта түседі. Қолдау көрсету дегеніміз өзі баланың жұмысын таныстыру, тарату ұғымдарымен астасып жатады. Ол:
1. Тәжірибелерін газет, журнал беттеріне беру;
2. Байқауларға қатысу;
3. Іс-шаралар ұйымдастыру;
4. Мектептермен тәжірибе алмасу.
5. Бақылау күнделігін жазып отыру;
6. Психологиялық материалдар жинақтау;
7. Кітапша құрастыру.
8.”Реферат”;
9.”Портфолио”
Дарынды баламен жұмыс негізінде біріншіден: өзін-өзі тануға, өзін-өзі тәрбиелеуге, жаңашыл, төзімі берік, үнемі өзін дамытуға, ізденетін, экспериментшіл, принципке берік, ешкімді қайталамайтын, энтузиазист, бойына дарындылықты қалыптастыра білетін тұлғаны күтеміз. Екіншіден: дарынды балалар келешектегі кәсіби мамандық таңдауда өздері шешім қабылдайды. Және олар мектептегі жасалынған жұмыс негізінде болашақ мамандықтарын қателеспей таңдай алады және болашақта жақсы маман иелері болып шығады. Үшіншіден: дарынды баламен жұмыс барысында мектеппен ғана шектелмей, жоғары оқу орындарымен байланыс жасалынады; төртіншіден өз беттерімен дарындылық орталығын құруға мүмкіндік жасалынады; 
Мұғалімнің бағыт-бағдарына байланысты талаптар:
• Дарынды оқушымен жұмысқа тұрақты қызығуы, нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай ізденуі;
• Дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыс орнатуы;
• Дарынды оқушымен жұмыс кезінде жоғары нәтижелерге ұмтылуы;
Ғылыми жоба тақырыптарын таңдау ережесі
1. Тақырып оқушыларға қызықты, оларды тартатындай болу керек. 
2. Тақырып орындалатын, шешімі зерттеуге қатысушыларға пайдасы тиетіндей болу керек. 
3. Оқушылардың қызығушылығын ескере отырып, жетекші өзі жақсы білетін тақырып аясын таңдау керек. 
4. Тақырып шынайы болу керек, онда жаңа дүниелер, күтпеген жаңалық, ерекшелік элементтері болу керек.
5. Тақырып жұмыс ұзақ жылдарға созылмай, тез орындалатындай болу керек.
6. Тақырыпты бәрі түсінетіндей болу керек, әрине тақырып оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес келу керек.
7. Тілегі мен мүмкіндігінің ұштасуы.
Ең бастысы табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйын одан әрі дамытып, ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыру үшін аянбай еңбек етіп, педагогтың өз бойындағы да қабілетті аша түсу, көш соңында қалып қоймай, қоғам алдындағы міндетіңді азаматтық тұрғыдан ойдағыдай орындау.
6-дәріс. Оқушылардың жасерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

Оқу үдерісі жас ерекшеліктері тұрғысынан
«Зерде теориясы» (ЗТ) – бұл басқаларды зерделі делдал ретінде түсінудің ерекше когнитивті қабілеті, бұл олардың көзқарасын сенім мен тілек сияқты теориялық тұжырымдама терминдерін түсіндіру үшін қажет. Зерде теориясы деп іс-әрекеттерге әкелетін ақыл-ой күйінің кең спектрін (сенім, тілек, ниет, елестету, эмоциялар және т.б.) түсінеміз. Қысқаша айтқанда, зерде теориясы – өз санаңның және басқа адамдар санасының мазмұнына ой жүгірте білу деген сөз.
«Жалған ұстаным»
ЗТ тұжырымдамасы даму психологиясынан шығады. Балалар ниетті және басқа да маңызды саналы операцияларды (көз тігу бағыты, назар аудару, талаптану) түсіну қабілеттерін ерте көрсетеді. Соған қарамастан, 80-жылдардың басында Г.Виммер мен Дж.Пернер 3–4 жасқа жеткенге дейін ЗТ толыққанды дамымайтынын көрсетті. Зерттеулер 3 жастан 5 жасқа дейінгі балалардың жалған көзқарасты басқа біреуге таңуын қадағалау және тексеру үшін бірнеше эксперимент жүргізді. Эксперименттердің бірінде балалар кейіпкер Максидің шоколадын жәшікке тастап кеткен кезде оның анасы шоколадтың кішкене бөлігін ас дайындауға алады да, тәттіні басқа жерге қойып кеткені туралы сценаны бақылайды. Макси қайтып келгенде эксперимент жасаушы: «Макси шоколадты қай жерден іздейді?» деген сұрақ қояды. 1983 жылғы алғашқы нәтижелер, 5 жастан үлкен балаларда Максиге жалған түсінік беру проблемалары кездеспейтінін, бұл жасы кішірек балаларда кездесетінін көрсетеді (олар Макси шоколадты анасы қойған жерден іздейді деп ойлайды). Жалған ұстанымның алдына қойылған міндет балалар дамуындағы кезеңдер арасындағы нақты бөлінуді айқындайды. Ол кезеңдер ақыл мен шындықты «айқын» көрсету және ақыл мен шындықты «айқын емес» көрсету. Бұл олардың шынымен болған жайт пен адамдар көзқарасына негізделген пікірді оңай айыра алатынын білдіреді.

Жалған ұстаным міндетінің нәтижелері үш жаста күрт өзгерістер болатынын көрсетеді. Бұл көптеген психологтар мен философтарды (Leslie, 1987; Fodor, 1992) үш жасқа қарай белсендірек болатын туа біткен модуль ретінде, ЗТ үшін жауапты терең танымдық құрылымды сипаттауға әкелді. Бұл танымдық құрылым психикалық ақаулар болғанда жұмыс істеуі немесе едәуір нашарлауы мүмкін. Мұндай көзқарас аутизм сияқты елеулі психиатриялық патологиялардың эксперименттік зерттеулерінің нәтижелері бойынша алынған дәлелдерге сәйкес келеді (Baron-Cohen, 1995; Frith et al., 1994). Аутизммен ауыратын балалар зияткерлік және сөйлеу қабілеттерін тестілеуге арналған басқа танымдық тапсырмаларға қарағанда, жалған ұстаным міндеттерін орындау кезінде төмен көрсеткіш байқатады.


Шығармашылық оқушылардың жас ерекшеліктері тұрғысынан

Шығармашылық үдеріске, өнімге немесе жеке тұлғаға қатысты қарастырылады (Barron, 2002) және ол арқылы бірегей, жоғары сапалы және дана нәтижелер шығатын тұлғааралық әрі тұлғаішілік үдеріс деп сипатталады. Бастауыш мектеп жасындағы балалармен жұмыс істеу барысында шығармашылық әлеуетінің негізі ретінде қаралатын өзіндік идеяларды дамытуға немесе өндіруге, яғни үдеріске көңіл аудару қажет. Мұндай үдерісті түсіну үшін конвергентті және дивергентті ойлау арасындағы Гилфордтың (1956) айырмашылықты шектеу түсініктерімен танысқан пайдалы. Конвергентті ойлауға байланысты проблемалардың көбіне бір дұрыс шешімі болады, ал дивергентті ойлауға қатысты проблемалар, проблеманы шешетін субъектілердің кейбіреулері жаңа, жоғары сапалы жұмыстарға негізделген, сондықтан креативті шешімдерге бастау болады.

Балалардың креативтілігін дұрыс түсіну үшін, шығармашылық, зияткерлік қабілеттер мен дарын арасындағы айырмашылықты түсіну қажет. «Дарынды» деген термин әдетте жоғары зияткерлік қабілеттермен пара-пар тәрізді. Бірақ Валлах (1970) зияткерлік қабілет пен шығармашылық бір-біріне тәуелсіз және шығармашылығы жоғары балада жоғары зияткерлік қабілеттер болуы да, болмауы да мүмкін деп есептеген. Балалар креативтілігінің көптеген өлшемдері мағынаны жылдам ұғуға шоғырланған. Мағынаны жылдам түсінуге арналған есептер балалардан миға шабуылдағыдай белгілі бір түрткі ойларға сәйкес көбірек жауаптар туындатуды талап етеді. Негізінен, мазмұнын жылдам түсіну шығармашылық үдерістің аса маңызды сипаттамасы деп саналады. Балалардың жауаптары қарапайым, дағдылы сипатта, сондай-ақ бірегей, қайталанбас мазмұнда болуы мүмкін, бұл ретте соңғысының шығармашылық әлеуеті бар деп саналады. Осылайша, біз балалардан «олардың ойынша «қызыл» болатын барлық заттар» туралы айтуды сұрадық, балалар тек вагон, алма, күртелерді ғана емес, сонымен қатар қызылша ауруын және суық қолдарды да санағанын көрдік.
Мұғалімдер үшін маңызы
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу туралы ең маңызды ақпарат оқудың танымдық теориясымен анықталуы мүмкін. Маргарет Дональдсон сияқты көптеген психологтар мен педагогтер Пиаженің дамыту мен оқудағы «кезеңдік тәсіліне» күмән тудырды, өйткені 1950-ші жылдары Пиаже идеясы әлі кеңінен таралмаған болатын. Неврология саласындағы соңғы зерттеулер көрсеткендей, балалар да ересектер сияқты сондай неврологиялық құрылымдарға ие болатыны дәлелденген (Goswami and Bryant, 2010). Госвами мен Брайант ересектер мен балалардың ойлауы арасындағы айырмашылықтар олардағы нейрофизиологиялық өзгерістер тұрғысынан емес, олардың тәжірибесінен болатын алшақтықта екенін түсіндіруге болады деп есептейді. Осы арқылы проблеманы шешу үшін әзірше оқушылар оқуға «дайын» болғанша күте тұру керек деген қалыптасқан пікірге деген сенімді шайқалтты.

Заманауи ойлау біздің оқушылардың оқу тәжірибесін болжаулы даму кезеңдері аясында шектемеуіміз керек деп санайды. Оның орнына біз барлық жастағы оқушыларды бай эксперименталдық және әлеуметтік ортамен қамтамасыз етуге тиістіміз. Оқушылар мұғалімдермен және басқа оқушылармен өзара әрекеттестікте жиі болатын орта олардың ЖАДА-сына сәйкес оқуды қолдауға мүмкіндік береді. Оқудың танымдық теориясы балаларды – оқу үдерісінің белсенді қатысушылары, сонымен қатар оқу мен дамытуға арналған іс-шаралардың негізгі бөлігіне кішкентай балалар бастама жасауға тиісті деп санайды. Осы теорияны ұстанатын мектептер сыныпта ерте жастан тиісті жеке орта мен оқу бағдарламаларын құрады. Мұғалімдер мен ересектер балалармен еркін сөйлеседі, ал оқу бағдарламасына балалардың тәжірибесін енгізу арқылы оқу сабақтарына маңыз беріледі.

Выготский танымдық қабілетті дамытудағы әлеуметтік өзара әрекеттестіктің маңызын бәрінен бірінші етіп қояды. Зерттеуші Хоу мен Мерсер (2010) бірлескен іс-шаралар ақыл-ой дамуы мен оқуды, сондай-ақ қарым-қатынас жасау дағдыларын арттыратынын көрсетті. Пиаженің танымдық өзгерістер балалар ересектердің емес, өздерінің құрбы-құдастарының идеяларымен және көзқарастарымен қарсы келіп қалған жағдайда орын алады деген болжамы бұл құбылыстың бірнеше түсініктемесін ұсынады. Аралас жастағы топтар оқушыларға анағұрлым дамыған және кемірек дамыған құрдастарымен өзара әрекет жасау үшін кең мүмкіндік береді, бұл олардың танымдық және әлеуметтік дағдыларын дамытуға көмектеседі. Хоу мен Мерсер сыныптағы қарым-қатынас сипаты мен онда болып жатқан әлеуметтік үдерістер жетістіктерге себепші болады: мұғалім сыныптағы жалғыз білім көзі ретінде емес, көмектесуші адам ретінде барлық оқушылардың дамуын қолдайды.

АҚШ-та жүргізілген әртүрлі жастағы сыныптарды оқыту саласындағы зерттеулер мұғалімдерге жас ерекшеліктеріне қарай оқыту мен оқу проблемаларын шешудің жекелеген тәсілдерін ұсынады. Авторлардың пікірі бойынша, бұл мұғалім үшін оқушылар жеке тұлға болып табылатын сыныптарда және мұғалімнің кәсіби ойы оқу бағдарламасына емес, оқушыларды оқыту үдерісіне бағытталған сыныптарда табысты шешімін табуға тиіс. Бұл жағдайда мұғалім әрбір оқушыны оқу континуумы деп санайды және бұл кезде бар уақытын белгілі жастағы балалар үшін қандай бағдарламаның қолайлы екендігіне жұмсамай, осы континуум бойынша қозғалу кезінде оларды қолдауға тырысады. Аралас жастағы оқуды зерттеу әртүрлі жастағы оқушылардың сұраныстарын қанағаттандыруда үдерістік тәсілдің қолайлы екендігін көрсетеді. Бұл олардың даму деңгейіне сәйкес барлық балалар бірге қатыса алатын ашық тапсырма, тәжірибе мен жобаны қамтамасыз ететін мұғалімдерді қамтиды. Әртүрлі жастағы табысты сыныптарда мұғалім оқыту жөніндегі фасилитатордың рөлін атқарады және «білім беруші» субъекті ретінде әрекет етпейді, қайта оқу үдерісін бағыттайды, толықтырады және қолдайды. Әрбір оқушының білім алуына көмек көрсету үшін олар оқушылардың жеке сұраныстарын, дамуы мен мүдделерін білуге тиіс. Яғни оқыту үшін бағалау әртүрлі жастағыларды табысты оқытудың маңызды құралы болып табылады.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқуға арналған зерттеулердің негізгі ерекшеліктері олардың оқу сабақтарын балалар үшін қызықты, тартымды және маңызды етуге бағытталуы болып табылады. Мұғалім оқушылардың не білетінін және қандай жаңа ақпарат қосу керектігін анықтаған жағдайда төменгі жастағы балалардың назарын аударуға болатынын атап өткен жөн.

Метасананы оқыту жолдарының бірі – ойлау тілін анық етіп жасау, оны сабақ жоспарына және сыныпта талқылауға қосу болып табылады. Міндет – лексиканы қалыптастыру, оны біз «Бүгін біз… туралы ойлаймыз», «Бұл сабақ… туралы», «Не туралы ойладық?» деген сауалдарды ойбағдар ретінде ұсына отырып, біздің сабақ беруіміздің сипатын аша түсіп, балаларымыздың өзіндік ойлауы мен түсінігінің кемелденуіне пайдалы болса дейміз. Пайдаланылған терминдерді түсіндіру қажеттігімен бірге балаларға сол терминдерге өз сөздерімен анықтама беру міндетін де жүктеу керек.

Бастауыш мектеп жасындағы балалар үшін креативтілік идеяларды жинақтау үдерісінде шоғырланады. Ересектердің көптеген идеяларды бағалай алмауының өзі балаларға көп идеялар өндіруге және өзін-өзі бағалаудың келесі кезеңіне ауысуына сеп болады. Идеяларды өндіру сапасы мәселесінің маңыздылығы балаларда өзін-өзі бағалау қабілеті дамыған сайын өрістей береді. Бұл жаста өзін-өзі бағалауға ерекше назар аудару қажет, сол үшін балалар өздерінің болжамдарын өндіру мен зерделеу, сондай-ақ осындай бағалау негізінде өз идеяларын қайта қарау мүмкіндіктерін зерттейді.
7-дәріс. Оқытуды басқару және көшбасшылық

Заманауи түсінік

Англия мектептерінде жүргізілген Ұлттық көшбасшылық колледжінің зерттеулері (2004) тиімділігі жоғары және үнемі жетілдіріліп отыратын мектептерде оқушыны оқыту мен оқуының сапасын арттыруға бағытталған көшбасшылық қолданылатындығымен ерекшеленетінін көрсетті. Оқушыларының білім алуына басты назар аударуды басымдық ететін көшбасшы мұғалімдер өзінің әріптестері мен басқа қызметкерлерге үлгі бола алады. Элмор (2006) жауапкершілік саясаты мықты мектеп жүйесінде көшбасшылық – тәжірибені жетілдіру құралы болып табылады деп есептейді. Ал оқуға бағытталған көшбасшылық дәл осындай болып табылады.

Оқуға бағытталған көшбасшылық жоғары сапалы білім берілуіне қол жеткізу мақсатында оқу үдерісіне және оқушылардың, сондай-ақ мұғалімдердің, қызметкерлердің нәтижелеріне бағдарланған. Көшбасшы-мұғалімдер оқыту мен оқу үдерісін бақылау, нәтижелерді пайдалану, мұғалімдердің мықты жақтарын анықтап, олардың қажеттіліктерін білу, оқушылар топтары мен мектептің құрылымдық бөлімшелері үшін басымдықтарды белгілеу арқыты сыныптардың және бүкіл мектептің ішінде не болып жатқанын біліп отырады. Бқндай көшбасшылық барлық деңгейлерде қажет, себебі мектептегі көшбасшылық идеясын іске асыру маңызды екенін естен шығармай, оқуға бағытталған көшбасшылықты тарату және дамытуға басымдық беру қажет.

МакБет және басқалардың (2004) зерттеуі көшбасшылықтың табысты болуының алты факторын қарастырады:



Жай бөлініс: персоналдың олар үшін белгіленген рөлдер/лауазымдық нұсқаулар шегінде жұмыс істеуінен күтілетін нәтижені меңзейді. Жай бөлініс үдерісінің барлық қызметкерлер үшін жоғары дәрежелі қауіпсіздікті қамтамасыз етуде артықшылығы мол. Маңайдағылар өздерінің қайда екенін біледі. Жай бөлініс батыл, түбегейлі өзгеріс енгізу үшін қажетті талап болуы мүмкін.

Прагматикалық бөлініс: Бұл тәсіл болып жатқан оқиғаларға сәйкес әрекет етуді білдіреді және де мектепке сырттан жасалатын, күн сайын күшейіп жатқан қысымға байланысты өзгеріп тұратын жұмыс жүктемесін қамтиды.

Стратегиялық бөлініс: Мектепті жетілдіруге бағытталған нақты мақсатқа бағыттылушылық – стратегиялық бөліністің өзіндік ерекшелігі болып табылады. Бұл бөліністі біз, мысалы, мұқият ойластырылған кадрлық тағайындаулардан көре аламыз, ол жағдайда олар жеке дара шеберлігі тұрғысынан емес, негізінен олардың мектептегі көшбасшылықты дамытуға қосқан үлесі тұрғысынан қарастырылады.

Кезеңдік бөлініс: Бұл тәсіл прагматикалық жағдаяттық сипатпен қоса, басым бөлігінде кәсіби дамуға бағдарланған стратегиялық сипатқа да ие. Себебі өздеріне көшбасшылық тән екендігін көрсете алған мұғалімдерге жауапкершілік те көп жүктеледі. Мұғалімдер өздерінің көшбасшылыққа қабілетті екендігін қаншалықты дәлелдей алса, оларға жүктелетін жауапкершіліктің мөлшері де соншалықты арта бермек.

Бастамашылық бөлініс: Бұндай бөлініс кезінде көшбасшылық мұғалімдерге бөлініп берілмейді, керісінше ол мұғалімдерді өзі қамтиды, яғни оны тағайындамайды, ал мұғалімдер өздері қабылдайды, сондықтан оны жоспарланған тәсілден гөрі, ерікті деп санауға толық негіз бар. Көшбасшылық қабілеттері бар мұғалімдер өз еріктерімен белгілі бір үдерісті жүргізу жауапкершілігін өз мойындарына алып, өздері ықпал ететін аймақ ауқымын кеңейтеді, кейде бұл үдеріс басшылықтың қатысуынсыз да болып жатады.

Бөлініс мәдениеті: Бұл жағдайда «кім» дегеннен гөрі, «не» дегенде баса назар аударылады. Көшбасшылық нақты қызмет саласында және жекелеген адамдардың бастамасы бойынша жүргізіледі. Мұғалімдер әріптестерімен бірлесе отырып, бастама білдіреді, оларда ешқандай басшы, жетекші деген болмайды. Бұл адам рухының, қайратының көрінісі, мектептің орныққан дәстүрлері, оның жалпы мәдениетінің көрсеткіші десе де болады. Көшбасшылықты бөлудің бұл түрі өзара қарым-қатынастардың төрт түріне байланысты.

Құрметтеу (басқаның пікірін тыңдау және бағалау).

Жеке қарым-қатынас (кәсіби өзара қарым-қатынасты қолдайтын орнықты жеке қарым-қатынас).

Құзыреттілік (басқалармен өзара қарым-қатынас барысында күтілетін нәтижеге қол жеткізе білу).

Адалдық (сенімді және шынайы өзара қарым-қатынас).

Осы Бағдарламада негізінен «көшбасшылықты тарату мәдениетіне» артықшылық беріледі. Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жұмысы (МКДЖ) жетекшіліктің бұл түрінің кең тарағаны болып табылады. Ол жауапты қызметі бар немесе жоқ мұғалімдер:

• іс-тәжірибені жетілдіруге бастама жасау және ол үшін өзіне жауапкершілік алу;

• оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгерістер енгізу үшін әріптестерімен стратегиялық шешімдер таңдау;

• бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинау және қолдану;

• кәсіби білімді құруға және таратуға атсалысу үшін көшбасшылықты нығайтудың ерекше тәсілі болып табылады.

Дамыту жұмыстарын зерттеумен шатастыруға болмайды. МКДЖ бағдарламасы «мұғалім – зерттеуші» түсінігіне емес, «мұғалім – оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіру жұмысының көшбасшысы» түсінігіне негізделе құрылған. Біз «академиялық империализм» деп аталатын мақсаттан – мектептерде оқыту мен оқуды жақсарту мақсатынан алшақтамауымызды қадағалап отыруымыз керек (Elliot, 1991). Дамыту бойынша жұмыс белгілі бір құбылыстардың пайда болу себептерін анықтау немесе тәжірибені талқылаудан тұрмайды. Шын мәнісінде ол мұғалім, ата-ана, оқушылар, жалпы мектеп өз тәжірибелерін жетілдіру үшін қатысатын үдерісті басқару мен басшылық етуден тұрады.
Ұжымдық іс-әрекет

Бір қарағанда мұғалімнің көшбасшылыққа оның «дауысын» күшейту мен жеке басының жетекшілік мүмкіндіктерін жеке де, ұжымда да кеңейту арқылы жететіндігі оғаш болып көрінуі мүмкін. Ұстаздардың жетекші топтарындағы және желілік қоғамдастық шеңберінде өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін мұғалімдер бірлесе жұмыс істеулері қажет. Мұндай бірлескен жұмыс өз мектептерінде тәжірибені таратуға ғана емес, сонымен бірге басқа мұғалімдерді иландыра алатын кәсіби білімнің негізін құрастыруға көмектеседі. Білімнің бұл негіздері – зерттеулерге негізделген білім емес, бұл басқаларға дем беретін және ары қарай іс-әрекет жасау үшін оларды қажетті бағытпен қамтамасыз ететін инновацияға негізделген жанды диалогтік үдеріс.

Жоғарыда айтылғанның барлығы: адамдар тек білім арқылы ізгілікті бола алады; білім беру – адамдардың зерделеп үйренуіне қажет көмектердің жиынтығы; жалпы алғанда, тек мұғалімдер ғана педагогикалық тәжірибені жақсарту жөніндегі шараларды қабылдай алады деген дәлелдерге келіп саяды. Қалған қоғамдық институттар (саясаткерлер, зерттеушілер, мемлекеттік емес ұйымдар және халықаралық органдар, яғни Бүкіләлемдік банк және ОЭСЗ) қолдау мен жаңа идеяларды ұсына алады. Бұл, әрине, оптимистік көзқарас, бірақ оптимизмге ынталандыру – мұғалім көшбасшылығының міндетті қыры болып табылады.
Мұғалімдер үшін маңызы

Мұғалім үшін оқыту мен оқудағы көшбасшылықтың бірнеше мәні бар:



  • мұғалім өзіннің оқыту және оқу үдерістерін түсінуін нақтылау;

  • оқыту және оқу үдерістерін әріптестерімен талқылауға мүмкіндік беру;

  • ересектерді де, балаларды да оқыту үшін барынша қолайлы жағдай жасау арқылы оқудың жоғары мәдениетті деңгейін орнату;

  • оқудың қажетті ауқымын стандартты жетілдірумен шектелетін шекарадан тыс кеңейту;

  • оқушылардың оқу үдерісіне тартылуы;

  • әріптестерді кәсіби дамыту үшін барлық оқушылардың мүмкіндіктерін бөлуге болатындығына сенімді болу;

  • оқыту мен оқу үдерістеріне әлеуметті, ата-аналар мен тиісті мүдделі адамдарды тарту.


Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жұмысы (МКДЖ)
Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жұмысы жоғарыда аталған барлық іс-әрекеттерді қамтуы мүмкін. Дамыту бойынша жүргізілетін жұмыс басқаларды серіктестікке тартып, рефлексия мен өзін-өзі бағалауға қатыстыратын тапсырмаларды қамтиды. Мұндай іс-шаралар жиі өткізіліп тұрады, мысалы: әріптестер арасындағы пікірталастар, желіде орналастырылған есеп беруді оқу, оқушылардың өздерінің іс-тәжірибелері туралы пікірлерін жинау, әріптестерімен іс-тәжірибе алмасу мақсатында басқа сыныптардың сабақтарына қатысу. Дәл осы жағдайда зерттеу үдерісті аяқтау үшін емес, диалог үшін ізденістің негізгі стратегиясы болып табылады. Бұл үдерістер ауқымы мен көлемі бойынша азғантай ғана болуы мүмкін, бірақ олар педагогикалық пікірталас қалыпты жағдай деп саналатын ортада мәдениеттің қалыптасуы мен жаңаруына үлес қоса алады.

Мұғалiмдер дамыту жұмыстарын жүргізу барысында рефлексияны, жоспар құруды, кеңес беруді біртіндеп жүзеге асыру әдісі арқылы қолдау таба алады. Алғашқы қадам – әрбір ұстаз үшін маңызды шешімдерді талап ететін құндылықтар мен мәселелерді анықтау. Келесі қадам – өзгерістер бағдарламасы жөнінде әріптестерінің кеңестері. Осы әрекет басымдықтарын ұғыну мен келiсу бойынша атқарылған жұмыстардан соң мектептегі мәжiлiсте қаралып, мақұлдануы мүмкін. Мақұлданған соң мұғалім өзінің мәселесі бойынша нақты жоспар құра бастайды. Бұл жоспар жүзеге асатындай және оның құрамына кіретін әрбір әлеуетті қатысушы оны талқылай алатындай болу керек. Егер бұл келісу мен кеңесу үдерісі тиімді болса, онда дамыту жұмысы да жоспар бойынша жүзеге асырылады. Дегенмен мұндай жұмыс мектеп әкімшілігі тарапынан ұйымдастырылып, қолдау көрсетілгені маңызды. Мектеп әкімшілігінің мектеп құрылымы мен дамытудың басымдықтарын қайта қарастыруы қажет, себебі олардың кеңесі мен жетекшілігі өте маңызды.

Бұл үдеріс жалпы түрде төмендегідей кезеңдерде айқындалады.

1-кезең. Құндылықтарды анықтау.

2-кезең. Кәсіби міндеттерді анықтау.

3-кезең. Дамыту бағдарламасын құруға арналған келісім мен кеңестер.

4-кезең. Атқарылатын жұмыстардың жоспарын құру.

5-кезең. Атқарылатын жұмыстардың жоспарын құруға арналған келісім мен кеңестер.

6-кезең. Зерттеуге негiзделген көшбасшылықты дамыту бойынша жұмыс.

7-кезең. Кәсiби бiлiмдердiң дамуына жәрдемдесуге ықпал ететін желілік қоғамдастықтағы жұмыс.

Көшбасшылықты дамыту бойынша жұмыс мектепте жаңа білімді қалыптастырады, дегенмен мектептен тыс жерде алынған жаңа білімдерді беру де мұғалімнің өз мектебіне орасан зор пайдасын тигізеді.

Тәжірибенің өзгеруі, білімдердің жинақталуы

Мұғалiмнің өз бастамасына негізделген кәсіби даму үдерісінің нәтижесі, ең бірінші кезекте, жоба аяқталған соң емес, оның барысында сезiлуі керек. Сапалы даму жұмысына: жаңа технологияларды сынақтан өткізу, бағалау, талқылау және шолу жатады. Олардың барлығының өзгертушілік әсерi болады. Нәтижелері әрдайым практикалық бағытта болады, олар: тәжірибедегі өзгерiстер немесе жақсартулар; оқыту мен оқудың жақсартылған әдiстерi. Олар сонымен бiрге кәсіби өсуде маңызды бола алады, бұл осы Бағдарламаның басында келтірілген оқытудың көп деңгейлі моделінде бейнеленген сыртқы және ішкі өсу.

Көптеген мұғалімдер өз тәжірибесін жетілдіру жұмысы жақсы бастама деп санайды, егер жоба басынан нәтижелі болып, әріптестерін қызықтыра алса, онда бұл өзгерістер мектепте кеңінен қолдау тауып отырады.

Басқаша айтқанда, мектеп басқаша жұмыс істеуге үйренеді. Сол себепті әріптестерді қызықтырып, оларды бірлесе жұмыс істеуге шақыру қажет.

Білім жинақтаудың сыртқы ауқымы оқыту мен оқу туралы идеяларды жай ғана тарату емес, сонымен бірге ол осы идеяларды өңдеу және оларды ары қарай дамыту болып табылады. Дәл осы жерде желілік қоғамдастық маңызды рөл атқарады. Осы бағытта желілік қоғамдастық арқылы біз идеяларымызбен бөлісе және оны ары қарай дамыта аламыз. Сонымен бірге біз бұдан келесі жаңа идеяларды тауып, олармен жұмыс істей аламыз. Бұл білімді және сыни тұрғыдағы жұмысты жинақтау үдерісі әрдайым үздіксіз жүріп жатады. HertsCam-да (Хертс Кэм) бұл Network Events желілік қоғамдастығының семинарлары мен «Мұғалімнің көшбасшылығы» және «Дауыс» журналдарындағы жарияланымдар арқылы өтеді. Бұндай жарияланымдар web-сайттарға сілтемелер арқылы мектеп және облыс аймақтарында мұғалімдердің білімдерін жинақтау мүмкіндіктерін кеңейте алады.
9-дәріс.Бағалауүдерісінің мақсаты. Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау.

Жақсы мұғалім – кәсіби деңгейі жоғары, интелектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға


Кез-келген дәстүрлі сабақтардағы бағалау – оқушы өтілген тақырыпты өзі түсінгені бойынша айтып береді немесе демонстрациялайды. Ал 21- ғасыр мектебіндегі бағалау мақсаты кең көлемді және әртүрлі болып келеді, нәтижесінде оқу сапасы артады.
— оқушы қажеттілігін бағалау
— оқушылардың жеке және бірлесіп жұмыс жасауын марапаттау
— оқу барысын бақылау
— қаншалықты түсінгенін тексеру және тақырып мазмұнын қаншалықты мағыналы түсінгеніне қарай марапаттау (тек теориялық түрде ғана түсінгені жеткіліксіз)
— түсінгенін демонстрациялау (түсінгенін практикада қолдана білу)
-Оқушылардың оқу жетістігінің нәтижесін көру, білім деңгейін анықтай алу, пәнге деген ынтасын, күш-жігерін қалыптастыру,өзіне деген сенімділігін арттыру.
Бағалау әдістері:
— оқу тапсырмалары арқылы бағалау (пікірталастар, күнделіктер, оқытуды дамыту үшін қолданылатын барлық материалдар);
— топта, жұпта, сыныпта талқылау;
— өзін-өзі және бірін-бірі бағалау;
— оқушы портфолиосы (оқушы жинаған бағалар, марапаттар, жетістіктер т.б.)

Сабақ қызық болғанда ғана оқушыға барлығы түсінікті болады. Демек, сабақ оқушы үшін қызық болуы тиіс. И.Герберттің айтуы бойынша «қызығушылық» оқу уәжінің синонимі екенін есте сақтау керек. барлық оқытуды тізбектесек: «қалаймын- орындаймын- қызығушылықпен орындаймын-жекелеп-әрқайсымызға маңызды» (И. С. Якиманская), осы құрылымның ортасында және қызығушылық тұрғанын байқаймыз. Осы түсінікті оқушыларда қалыптастыру үшін, оқушының белсенділігін арттыруымыз, өз бетінше жұмыс жасауын қамтамасыз етуіміз керек; қосымша мәліметтерді сабақта да, үйде де жігерлене іздеу; проблемалық жағдаят туғызу; оқыту әдісінің әртүрлілігі; сабақ үстіндегі атмосфералық ортаны қалыптастыруымыз керек.


Қазіргі кезде елімізде сабақтың сапасын арттыру негізгі мәселеге айналды. Сабақтың сапасын арттыру мақсатында мен физика сабағында бағалаудың келесі түрлерін тиімді деп алып, оқу жылы барысында 7-сыныпқа қолдандым: бірін -бірі бағалау; өзін -өзі бағалау; топтардың бірін- бірі бағалауы; стикерлер арқылы бағалау; бағалау критерийлерін оқушылармен бірге құру және сол критерийлер арқылы топбасшысы топ мүшелерінің балдарын кестеге қойып отырады және оны бағаға айналдырады; тестер; Срақтар (жіңішке, жуан); сауасақтар арқылы бағалау.
Осы оқу жылындағы таңдап алған тақырыбым: «Диалогтік оқыту арқылы физика сабағында оқушылардың белсенділігін арттыру» болғандықтан, сабақ жоспарларым көбіне осы тақырыпқа негізделіп құрылған еді. Сол себепті жұптық жұмыста тек қана жұптық жұмыс орындамай, бірін -бірі бағалауды қолдандым. Бірін- бірі бағалауда келесі шарттар орындалуы керек еді: 1) менің көршім тақырыпты меңгеруде маған жақсы көмектесті (үйреніп жатқан тақырып бойынша ортақ сұрақтарға көмектесті, мысалдар келтіріп, формулалардың физикалық мағынасын толық түсіндір
е білді, есептер шешуде формулаларды тиімді пайдаланды)-3балл; 2) менің көршім ортақ сұрақтардың бір бөлігіне жауап берді, есептер шешуде аздаған түсініктеме де бере алды;-2балл: 3) менің көршім тақырып мазмұнын шешуде аздап 0ана көмектесе алды-1; балл; 4) менің көршім маған көмектесе алмады-0 балл деген балдарды қойып көршісін немесе серігін бағалап отырады. 0 балл-«2», 1 балл-«3», 2 балл-«4», 3 балл-«5» Өзін — өзі бағалауда оқушы әрбір дұрыс орындаған тапсырмасын 1-балдан қойып отырады; бұрыс орындалған тапсырмаға – 0 балдан қояды. Бұл тәсілді көбіне мен үй тапсырмасын қорытуда (физикалық диктанттарда) қолдандым. Топтардың бірін-бірі бағалауында топтар бір -бірінің орындаған топтық жобаларын қаншалықты мазмұны мен мағынасының ашылуына байланысты стикерлермен баға қояды және қысқа тұсініктеме береді. Бағалау критерийлері бойынша бағалауында көбінесе толық сабақ тапсырмаларына байланысты мұғалім мен оқушылар бірге бағалау критерийлерін жасап шығады және әр тапсырмаға 1-балдан қойып отырады, әрбір тапсырмадан кейін топбасшы қай оқушы қаншалықты өз үлесін қосты және қ
анша балл алғанын жариялап отырады. Сонда әр оқушы сабақтағы әр тапсырманы орындаудағы белсенділік дәрежесін біліп отырады және одан әрі не істеу керектігін ойланады екен.
Бағаны жинақтау жүйесін мынадай кесте түрінде құрдым:
№ Ушының аты жөні Үй тапсырмасын тексеру Мәтінмен өз бетінше танысу Жұптық жұмыс Эксперимен
талдық тәжірибе Сабақты қорыту Рефлексия Жалпы балл Баға
Физикалық диктант Кластермен жұмыс жаттығулар шешу Мен бүгін не үйрендім!
1 Молдабек 1 1 1 1 1 1 1 7 5
2 Бақдәулет 1 1 1 1 1 1 1 7 5
3 Нұрдәулет 1 1 1 1 1 1 1 7 5
4 Ұлдана 1 0 1 1 0 0 1 4 3
5 Әсем 1 1 1 0 1 0 1 5 4
6 Ақерке 0 1 1 0 1 0 1 4 3
7 Жансая 0 1 1 0 1 0 1 4 3
8 Айбаршын 0 0 1 1 1 0 1 4 3

Сабақтың рефлексия кезеңінде: «Мен бүгін не үйрендім!», ББҮ-кестесін толтырғыздым; сабақты қорытындылау кезеңінде смайликтер арқылы, білім ағашына бүгінгі сабақ туралы ой пікірлерін жазып жабыстырады, бұл кері байланыс еді. Сабақ соңында осы смайликтердің кейбірінде: «бүгінгі сабақ кешегіден де қызық болды, рахмет!», «маған бүгін мынандай тапсырма немесе сұраққа жауап беру қиын болды!», «маған бүгін сабақтың мына жері ұнамады!» деген сияқты өз ойларын еркін жазатын еді. Смайликтердегі үсыныстарды оқып болғаннан кейін келесі сабақ құрылысына өзгертулер енгізген кездерім де болды.


Нәтиже: Жыл бойы қолданған формативті бағалаудан мынадай нәтиже көре алдым: шынайы бағалай алды, бір – біріне деген сыйластық пен сенімділік орнады, өздерін еркін сезінетін болды, қателіктерін көре білді және оны өз уақытында түзетудің жолдарын іздеп өз бетінше жоюды үйренді. Осының нәтижесінде оқушылардың белсенділігі мен шығармашылығы артты, алған білімдерін өмірде еркін қолдана алатын болды.

11-дәріс. Оқытуда сыни тұрғысынан ойлауды қолдану.

Сыни тұрғыдан ойлау ой жүгірту, пайымдау жасау немесе проблеманы шешу үдерісі жүрген барлық жағдайларда, яғни неге сенуге болады, не істеу керек және бұны ойластырылған әрі рефлексивтік тәсілмен қалай істеуге болатындығын анықтау қажет болған жағдайлардың барлығында орын алады.

Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Сыни тұрғыдан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және ой жүгірту нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы да мүмкін. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді,ол ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге бейілділік пен басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларының негізгі тізбесіне қадағалау, интерпретация, талдау, қорытынды жасау, бағалау, түсіндіру, метатану кіреді.

Сарапшылардың пікірінше, сыни тұрғыдан ойлау проблемаларымен белсенді айналысатын адамдар мен топтар:



  • қадағалау жолымен алынған деректерге;

  • мәнмәтінге;

  • барабар шешім қабылдауға арналған тиісті критерийлерге;

  • ой-пікір, пайымды қалыптастыру үшін қолданылатын әдістерге;

  • алдағы проблемалар мен мәселелерді түсіну үшін қолданылатын теориялық құрылғыларға лайықты көңіл бөледі.


Негізгі деңгейде сыни тұрғыдан ойлау үдерісі:

• релеванттық ақпараттар жинауды;

• дәлелдерді сыни тұрғыдан талдау мен бағалауды;

• кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар;

• ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды қамтиды.
Блум таксономиясы

1956 жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитеті әзірлеген Блум таксономиясы сыни тұрғыдан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады (6-сурет). Бұл жұмыстың мақсаты үш бағыт бойынша: танымдық, эмоционалдық және психомоторлық жағынан оқушыларды оқыту мақсаттарының тізімін жасау болатын. Блум таксономиясының мақсаты – оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру мақсатында өздерінің күші мен назарын барлық үш салаға бірдей шоғырландыру үшін педагогтерді ынталандыру. Алайда, оқушыларды оқыту мақсаттары топтарының ішінен тек танымдық саладағы жіктеме ғана кеңінен танылып, қолданылады.



6-сурет. Блум таксономиясы


Танымдық саладағы дағдылар белгілі тақырыптағы білім, түсінік пен сыни ойлау тұрғысынан қаралады. Дәстүрлі білім беру осы саладағы, әсіресе – төмен тәртіптегі мақсаттың дағдыларын алға тартуға ұмтылады. Блум таксономиясы, жоғарыдағы суретте көрсетілгендей, ең төменгі үдерістерден жоғарыға қарай кезең-кезеңмен қозғалуды көздейтін алты кезеңді қамтиды.
Мұғалімдер үшін сыни тұрғыдан ойлаудың маңызы

Сыни тұрғыдан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады. Сондықтан оқушыларға бақылау, талдау, қорытынды жасау және интерпретациялау дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасау керек.

Жұмысты талдаудың соңғы кезеңдерінде оқушыларға мұғалімдермен талқылауға қатыса отырып, өздерінің бастапқы қорытындыларын талдау және қайта қарау арқылы өзінің оқу үдерісін, соның ішінде бағалау, түсіндіру және метатаным үдерістерін барынша түсінуге көмек көрсеткен дұрыс.



6. Қосымша оқу материалдары

Оқыту мен оқу үдерісінде Lesson study қолдану.

Lesson Study сыныпты зерттеу нысандарының бірі болып табылады, бұл 1870-ші жылдары Жапонияда тәжірибені жақсарту мен жетілдіру мақсатында пайда болған. Lesson Study тәсілі Макота Йошида Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбританияда жаңа тәсілдің таныстырылымын жасағаннан кейін, Жапониядан тыс жерлерде 2007 жылдан бері танымал бола бастады. Аталған елдердің зерттеушілері жапондық ғалымдардың халықаралық зерттеу аясында көрсетілген академиялық жоғары жетістіктеріне ықылас танытты. Йошида бұл жетістік Lesson Study-дің жапон мектептерінде кеңінен қолданылуынан болып отыр дегенді алға тартады, сондықтан қазіргі кезде Шығыс Азияның бірқатар елдерінде мұғалімдердің педагогикалық білімдері мен тәжірибесін дамытуға арналған тиімді құрал ретінде белсенді енгізіліп жатыр. Рефлексия Lesson Study нысанының бірі болып табылады деп айтуға болады. Соған қарамастан, Lesson Study-ді енгізу жөніндегі қызметті кәсіби деп атау үшін белгілі қағидаттар мен практикалық амал-шаралар сақталуы керек. Нақты айтқанда, Lesson Study мұғалімдерді оқыту мен тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсіл болып табылады, және де іс-әрекеттегі зерттеу сияқты бірқатар циклдерді қамтиды. Lesson Study-де ең бастысы «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу» үдерісі болып табылады, бұл үдеріс барысында ынтымақтастықтағы мұғалімдер оқу сапасын арттыру үшін белгілі бір тәсілді қалай дамытуға болатындығын анықтау мақсатында оқушылардың оқу үдерісін зерделейді. Lesson Study-дің түйінді сипаты креативтілік және ғылыми дәлдік болып табылады. Креативтілік оқытудың жаңа тәсілдерін әзірлеу мақсатында бірлесе жұмыс істейтін мұғалімдер бастамасымен жасалады, ал ғылыми дәлдік жаңа тәсілдің тиімділігін көрсететін оқушының оқуы туралы деректер жинауды көздейді.

Атап айтқанда, Lesson Study тәжірибені жақсартудың демократиялық жолы болып табылады. Топтар әдетте кемінде үш мұғалімнен тұрады, бұл тәжірибесі мен білімдері бір-біріне жайлы әсер ететін фактор болып есептеледі. Топ мұғалімдері көп жағдайда бір мектепте жұмыс істейді, бірақ практиканы жақсарту мақсатында бірлесе жұмыс істеу үшін басқа мектептердің мұғалімдері де тартылуы мүмкін. Кейде топты кәсіби ұйымдастыру үшін белгіленген тәсілдерді немесе оқу бағдарламаларының аспектілерін пайдалану бойынша жұмыс тәжірибесі бар, тиісті дайындықтан өткен мұғалімдер шақырылуы мүмкін. Сонымен бірге барлық топ мүшелері толық көлемде және бірдей дәрежеде үдеріске тартылады. Тек бір мұғалім ғана сабақ беретіндігіне қарамастан, топ өзіне ол үшін жауапкершілік алады және кез келген оқыту мен сабақты бағалау жеке мұғалімге ғана емес, тұтас барлық топтың жұмысына қатысты беріледі. Lesson Study-дің тағы бір демократиялық ерекшелігі, мұғалімнің жинақтаған білімімен ауқымды педагог қауыммен бөлісуі болып табылады. Жапонияда мұғалімдердің тәжірибесін қолдауға және зерттеулердің жеке топтамаларын дайындауға көмегін тигізу үшін Lesson Study нәтижелері жүйелі түрде жарияланып тұрады. Lesson Study топтары сондай-ақ әріптестерімен бірлесіп жаңа тәсілді оқыту мен оқу бағдарламаларының аспектілерін модельдейді және жүргізілген зерттеулер туралы талқылауларды ұйымдастырады. Жапонияда Lesson Study бүкіл мектептің қызметін үйлесімді етуге ықпал ету үшін оқушылардың құндылықтар жүйесі, атрибуттары және жеке қасиеттері тұрғысынан бағаланады.

Үдеріс

Lesson Study тәсілі бастапқы кезеңде оны бірлесіп егжей-тегжейлі жоспарлауды көздейді. Содан соң топтың бір мүшесі зерттеу сабағын өткізеді, ал қалған мүшелері – қадағалайды. Оқушылардың оқу үдерісіне қатысты барлық нәтижелерді бүкіл топ мүшелері зерттеу сабағы аяқталғаннан кейін бірден жүйелейді және талдайды, содан кейін Lesson Study-дің анағұрлым тиімділігін қамтамасыз ету үшін оқу үдерісінде алынған нәтижелерді есепке ала отырып, бірлесе жұмыс қайта жоспарланады.

Уақыт өткен сайын Lesson Study үдерісінде қалыптасып, бекітілген бірқатар қадамдар бар:



  • Lesson Study тобы оның жұмысының нәтижелілігін қамтамасыз ететін ережелер жүйесін келіседі, үдеріс барысында барлық мүшелер бір-бірімен сыйластық қарым-қатынаста болады.

  • Топ зерттеудің сұрақ түрінде ресімделген түйінді идеяларын келіседі және нені, кімді оқытуды анықтайды, мәселен, «Олардың оқуын жақсарту үшін Х-ті Ү-тің мүмкіндіктерін анағұрлым тиімді пайдалануға қалай үйрете аламыз».

  • Топ мүшелері зерттеудің түйінді идеяларына қатысты жауап табу үшін әдебиеттерді зерделейді және жоспарлау кезінде оларды пайдалану үшін нәтижелерін қорытады.

  • Топ зерттеу сабағының ортасында қандай сыныптың және қандай үш «зерттелетін оқушының» болатынын шешеді және оқу үлгерімі жоғары, орта және төменгі деңгейдегі сынып топтарын ұсынады.

  • Топ зерттеу сабағын «зерттелетін оқушылардың» меңгеруіне ерекше назар аудара отырып, оны жоспарлайды.

  • Бір мұғалім зерттеу сабағын жүргізеді, осы уақытта басқалары – «зерттелетін үш оқушыға» ерекше көңіл бөлу арқылы қадағалайды және ескертпелерді жазып отырады.

  • Мұғалімдер осы зерттеу сабағы туралы олардың пікірін түсіну үшін бірнеше оқушылармен сұхбат жүргізеді.

  • Топ зерттеу сабағы аяқталсымен бірден талқылау жүргізеді. Талқылау белгіленген құрылым бойынша жүреді:

  • жоспарлау үдерісінде жасалған алдын ала болжамдармен салыстыра отырып, «зерттелетін оқушылардың» оқуын қадағалау және болған айырмашылықтардың себебін анықтау;

  • тұтас сыныпты оқыту;

  • зерттеу сабағының барысы және оқыту үдерісі;

  • белгіленген және зерделенгендердің негізінде және соларға сәйкес келесі зерттеу сабағының мақсатын қою.

  • келесі Lesson Study-ді топпен бірлесе жоспарлау.

Lesson Study циклінен кейін (әдетте үш немесе одан көп) топ оқу тәсілдері мен оқу бағдарламаларындағы қабылданатын және көпшілікке таратылатын өзгерістерді келіседі.

Оқыту мен оқудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияны (АКТ) пайдалану мақсаттары. АКТ-ның педагогикалық стратегиясы.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (бұдан әрі - АКТ) дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. Мысал үшін Ұлыбританияда мұғалім мамандығын таңдап алған бүгінгі жастардың, өздерінің болашақ оқушылары сияқты, жеткілікті дәрежеде сандық сауаты бар, себебі олар өмір жағдайларының барлық аспектілерінде жаңа технологияның бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сандық технологиялармен үнемі өзара әрекеттесетін ұрпақ өкіліне жатады. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Сондықтан оқыту барысында осы технологияларды ойланып қолдануды қажет етеді. Осы тарауда ұсынылған ақпараттар мұғалімдерге оқыту барысында ғылыми жетістіктерді пайдалану, оқытуды жетілдіру мақсатында жаңа сандық технологияларды қолдану бойынша көмек көрсетуге арналған.



Мишра мен Келер (2006) егер де жаңа технологиялар оқыту мен оқуды жетілдіру үдерісін қайта құрушы болса, онда яғни, оқу сабақтарын жоспарлау үдерісінде пәндік білім мен әдістемелерін және оқыту технологияларының өзара ықпалын көздеуге тиіс деп есептейді. Бұдан басқа Мишра мен Келер мұғалім білімнің барлық үш саласын байланыстыруға қабілетті, олар шеберліктің жеткілікті жоғары дәрежесіне ие және кәсіби тәжірибелері мол деп бағалайды. Бұдан әрі зерттеушілер оқыту мен оқуда АКТ пайдалануда көп тәжірибені игеріп алады, өйткені зертханада жұмыс істейтін тәжірибелі ғалым немесе технологиялар жөніндегі сарапшы, компьютер ғалым сияқты білімі шектеулі тәжірибелі оқытушылар да жаңа технологияны қалай пайдалана алатын болады.
7. Пән мазмұны бойынша қосымша тапсырмалар мен талқылау сұрақтары

7.1 Чат-сабақта талқыланатын сұрақтар тізімі

  1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

  2. Оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық негіздері

  3. Мұғалім ұстанымы

  4. Табысты оқыту мен құзырлы мұғалім

  5. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

  6. Метатану дағдылары.

  7. Табыс критерийлері

  8. Ынтымақтастық пен өзара іс-әрекеттегі жұмыс

  9. Бірлескен оқудың мәні

  10. Топтық жұмыс жүргізу мақсаттары

  11. Топта жұмыс істеу ережелері

  12. Диалогты оқытудың маңызы

  13. Сыныптағы диалогтың маңызы

  14. Зерттеушілік әңгіме. Сұрақ қою

  15. Оқушыларды тыңдау және оларға жауап беру

  16. Талантты және дарынды балаларды оқыту

  17. Оқушылардың дарыны мен таланттарын ашу

  18. Жоғары қабілетті балалардың сипаттамалары

  19. Оқушы сипаттамасы. Экстернат

  20. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу

7.2. Форумда талқыланатын сұрақтар мен орындалатын тапсырмалардың, реферат тақырыптарының тізімі

  1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

  2. Оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық негіздері

  3. Мұғалім ұстанымы

  4. Табысты оқыту мен құзырлы мұғалім

  5. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

  6. Метатану дағдылары.

  7. Табыс критерийлері

  8. Ынтымақтастық пен өзара іс-әрекеттегі жұмыс

  9. Бірлескен оқудың мәні

  10. Топтық жұмыс жүргізу мақсаттары

  11. Топта жұмыс істеу ережелері

  12. Диалогты оқытудың маңызы

  13. Сыныптағы диалогтың маңызы

  14. Зерттеушілік әңгіме. Сұрақ қою

  15. Оқушыларды тыңдау және оларға жауап беру

  16. Талантты және дарынды балаларды оқыту

  17. Оқушылардың дарыны мен таланттарын ашу

  18. Жоғары қабілетті балалардың сипаттамалары

  19. Оқушы сипаттамасы. Экстернат

  20. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу

8. Білімді бағалау сұрақтары

8.1 Чат-сабақты өтеу үшін берілетін тестілеу сұрақтарының тізімі

8.2 І-аралық бақылау сұрақтарының тізімі (толықтыру қажет болғанда)

  1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

  2. Оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық негіздері

  3. Мұғалім ұстанымы

  4. Табысты оқыту мен құзырлы мұғалім

  5. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

  6. Метатану дағдылары.

  7. Табыс критерийлері

  8. Ынтымақтастық пен өзара іс-әрекеттегі жұмыс

  9. Бірлескен оқудың мәні

  10. Топтық жұмыс жүргізу мақсаттары

  11. Топта жұмыс істеу ережелері

  12. Диалогты оқытудың маңызы

  13. Сыныптағы диалогтың маңызы

  14. Зерттеушілік әңгіме. Сұрақ қою

  15. Оқушыларды тыңдау және оларға жауап беру

  16. Талантты және дарынды балаларды оқыту

  17. Оқушылардың дарыны мен таланттарын ашу

  18. Жоғары қабілетті балалардың сипаттамалары

  19. Оқушы сипаттамасы. Экстернат

  20. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу

  21. Танымдық даму және жас ерекшеліктері

  22. Оқу.Зейін.Жады.Сөйлеу.Ойлау.Пайым.Шығармашылық

  23. Оқытуды басқару және көшбасшылық

  24. Мұғалім жүргізетін дамыту жұмысы

8.3 ІІ-аралық бақылау сұрақтарының тізімі (толықтыру қажет болғанда)

  1. Жоспарлау. Тізбектелген сабақтар топтамасын орта мерзімдік жоспарлау

  2. Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жосарлау арасындағы өзара байланыс

  3. Тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау

  4. Іс-әрекеттегі зерттеу айналымы, түрлері

  5. Іс-әрекеттегі зерттеу кезеңдері

  6. Бағалау үдерісінің мақсаты

  7. Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау

  8. Оқытуда сын тұрғысынан ойлауды пайдалану

  9. Сын тұрғысынан ойлау туралы жалпы түсінік

  10. Диалог арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту

  11. Рефлексиялық оқыту

  12. Оқудағы кедергілерді анықтау

  13. Оқудағы кедергілерді, соның ішінде жас ерекшеліктері проблемаларын жеңу мақсатындағы педагогикалық тәсілдерді таңдау және нақтылау

  14. Оқушылардың қабілеттері және оқуға жағымды көзқарастары

  15. Оқыту мен оқу үдерісіндегі Lesson Study

  16. Lesson Study өткізу және жоспарлау

  17. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияны (АКТ) пайдалану мақсаттары

  18. АКТ-ның педагогикалық стратегиясы

  19. Интерактивті және инклюзивті сыныпты қалыптастыру әдістері

  20. Интерактивтілік қамтамасыз ету әдістері мен тәсілдерін анықтау

  21. Әңгімелесу даңдыларын жетілдіру арқылы инклюзивтілікке қол жеткізу

8.4 Емтихан сұрақтарының тізімі (толықтыру қажет болғанда)

  1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

  2. Оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық негіздері

  3. Мұғалім ұстанымы.

  4. Табысты оқыту мен құзырлы мұғалім

  5. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

  6. Метатану дағдылары

  7. Табыс критерийлері

  8. Ынтымақтастық пен өзара іс-әрекеттегі жұмыс

  9. Бірлескен оқудың мәні

  10. Топтық жұмыс жүргізу мақсаттары

  11. Топта жұмыс істеу ережелері

  12. Диалогты оқытудың маңызы

  13. Сыныптағы диалогтың маңызы

  14. Зерттеушілік әңгіме. Сұрақ қою

  15. Оқушыларды тыңдау және оларға жауап беру

  16. Талантты және дарынды балаларды оқыту

  17. Оқушылардың дарыны мен таланттарын ашу

  18. Жоғары қабілетті балалардың сипаттамалары

  19. Оқушы сипаттамасы. Экстернат

  20. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу

  21. Танымдық даму және жас ерекшеліктері

  22. Оқу.Зейін.Жады.Сөйлеу.Ойлау.Пайым.Шығармашылық

  23. Оқытуды басқару және көшбасшылық

  24. Мұғалім жүргізетін дамыту жұмысы

  25. Жоспарлау. Тізбектелген сабақтар топтамасын орта мерзімдік жоспарлау

  26. Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жосарлау арасындағы өзара байланыс

  27. Тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау

  28. Іс-әрекеттегі зерттеу айналымы, түрлері.

  29. Іс-әрекеттегі зерттеу кезеңдері

  30. Бағалау үдерісінің мақсаты

  31. Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау

  32. Оқытуда сын тұрғысынан ойлауды пайдалану


9. Қажетті ақпараттар көзі

9.1 Негізгі оқу әдебиеттерінің тізімі

1.ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру деңгейлі бағдарламасының негізінде әзірленген педагог кадрларды даярлайтын ЖОО бітіруші курс студенттеріне қосымша білім беру бағдарламасы «Студентке арналған нұсқаулық» «НЗМ» ДББҰ, 2015

2. ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру деңгейлі бағдарламасының негізінде әзірленген педагог кадрларды даярлайтын ЖОО бітіруші курс студенттеріне қосымша білім беру бағдарламасы «Тренерге арналған нұсқаулық» «НЗМ» ДББҰ, 2015

3. ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру деңгейлі бағдарламасының негізінде әзірленген педагог кадрларды даярлайтын ЖОО бітіруші курс студенттеріне қосымша білім беру бағдарламасы «Үлестірме материалдар» 1апта «НЗМ» ДББҰ, 20154.Халыкова К.З. Информатиканы оқыту әдістемесі. Алматы. Білім, 2000.

4.ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру деңгейлі бағдарламасының негізінде әзірленген педагог кадрларды даярлайтын ЖОО бітіруші курс студенттеріне қосымша білім беру бағдарламасы «Үлестірме материалдар» 2 апта «НЗМ» ДББҰ, 2015

5.ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру деңгейлі бағдарламасының негізінде әзірленген педагог кадрларды даярлайтын ЖОО бітіруші курс студенттеріне қосымша білім беру бағдарламасы «Үлестірме материалдар» 3 апта «НЗМ» ДББҰ, 2015

6.ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру деңгейлі бағдарламасының негізінде әзірленген педагог кадрларды даярлайтын ЖОО бітіруші курс студенттеріне қосымша білім беру бағдарламасы «Үлестірме материалдар» 4 апта «НЗМ» ДББҰ, 2015

7. Білім беру платформасы. www.cpm.kz



9.2 Қосымша оқу әдебиеттерінің тізімі

1. Интернет ресурстардан ақпарат көздерінің сілтемелерін көрсетуге болады.



9.3 Нормативтік құжаттардың тізімі (қажет болғанда)

9.4 Желілік ақпараттық ресурстарға сілтеме (қажет болғанда

9.5 Интернетттегі браузерлер мен іздеу жүйелерінің тізімі (қажет болғанда)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет