Мақсаты: Оқушыларды қазақтың қос ғарышкерімен таныстыру, өмірбаянына шолу жасау, мәлімет беру. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, патриоттық сезімін, әрі ұшқыш, ғарышкер болуына оқушылар қиялын тәрбиелеу, табандылыққа



бет2/3
Дата06.09.2022
өлшемі40,5 Kb.
#148853
түріӨмірбаяны
1   2   3
Байланысты:
Тәрбие сағаты Ғарыш әлемінде
1518420269, КЕЛІСІМ ШАРТ согласие
1. Әр топқа тапсырма беру.
І топ – Сурет салу
ІІ топ – Сөзжұмбақ шешу «Ғарыш»
ІІІ топ – Кластер құрау
ІV топ – Венн диаграммасы (Әубәкір, Мұсабаев)
2. Көркем сөз оқу.
Ермек Өтетілеуов «Тоқтар тұңғыш ғарышкер»
1 – оқушы: Арман қуып жасынан,
Көктен көзін алмаған.
Ұшқыш болды жас ұлан,
Аспанда еркін самғаған.
2 – оқушы: Бабасындай асуға,
Салған құрақ – бұғалақ.
Самолеттер санауға,
Артқан онда құмарлық.
3 – оқушы: Сынақшы ұшқыш жұмысы,
Қауіпті де Отан деп.
Ерлікке асып сонда ісі,
Батыр қыран атанды.
4 – оқушы: Тағы да ғажап тым,
Тоқтар тартты алысқа.
Туған ұлы қазақтың,
Тұңғыш ұшты ғарышқа.
Тұманбай Молдағалиев: «Ғарыш қыраны» өлеңі.
5 – оқушы: Биікке құмар жан едік,
Биіктен ғана нұр күткен.
Қуанып көкте бір нүкте,
6 – оқушы: Бір нүкте емес, бір жүрек.
Барады ғарыш жолымен,
Қарайды ана елжіреп,
Қалқалап күнді қолымен.

7 – оқушы: Қарайды көкке бар әлем,


Қызықтап жолын сұңқардың.
Жақсы еді шіркін не деген,
Қыран боп көкке шырқар күн.
8 – оқушы: Келешек ұшып жүр көкте,
Жарқырап жанды жас ұлан.
Қарайды әлем құдіретке,
Ғажап қолмен жасалған.
9 – оқушы: Болашақ маған жақын кел,
Жақсылық сырын түсіндір.
Ғарышқа ұшқан батырмен,
Жүрегім бірге ұшып жүр.
10 – оқушы: Бақыт үшін бар адам,
Өнердің таңы атыпты.
Тек ұшу үшін жаралған,
Адамдар қандай бақытты.
11 – оқушы: Ұмтылып тың табысқа,
Аспан болып тұрағы.
Байқоңырдан ғарышқа,
Ұшты қазақ ұланы.
12 – оқушы: Әлемді жалт қаратқан,
Оны абырой санаңыз.
Қазақтан ұшқан ғарышкер,
Талғат деген ағамыз.
3. «Ғарышерлер» ойыны.
Бес орындық қойып, 6 оқушы шығып, орындықты ұшқыш қимылын жасап айналады. Музыка тоқталғанда орындыққа отырып, үлгермеген оқушы ойыннан шығады. Сөйтіп ойын жалғаса береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет