Мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу



бет2/3
Дата18.10.2022
өлшемі20,09 Kb.
#153586
1   2   3
Байланысты:
патриот
1-сабақ.Абай атаның сөзін жақсы тыңдаймын. Өлең Ғылым таппай мақтанба , 37-сабақ
Мағынаны ашу 
«Ойлан. Жұптас. Бөліс» әдісі.

  1. Берілген ресурс бойынша жұмыс (берілген жұмыс түрлерін оқушылар белгілі уақыт ішінде өзара бөліп алып орындайды)

Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: Мен өз елімнің патриотымын. Отаным, елім – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз! Алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама берейік.
- Балалар «патриот» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

- «Патриот» қандай болу керекдепойлайсыздар?Ол қандай қасиеттерге ие болады?


(Сұраққа жауапты постерге түсіру. Бөлінетін уақыт – 5 мин.)
Мұғалім сөзі: (Оқушылардың жауабын толықтырады)
Патриотизм - [грек, patris - отан, атамекен] - өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүдделеріне бағындыратын, оған адал қызмет етіп, қорғауды мақсат тұтатын өз Отанына, Атамекеніне деген терең сүйіспеншілік сезімі. Н.Г.Чернышевский айтқандай: "Өз Отанына салқын адам бүкіл адамзатқа да опа бермейді".
Патриотизм – отбасына, туып-өскен ортасына, топырағы мен табиғатына, еліне деген құрметтен бастау алады. Өз ұлтын, жерін сүйіп, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын адам ғана шынайы патриот бола алады. Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға. 
Патриотизм – туған жерге Отанға, ата-баба жатқан жерге, «перзенттік» махаббат.
Патриот – Отанның мерейін үстем ету жолында, өз халқына деген сүйіспеншілігі жолында қолда барын, өмірін аямайтын адам.
Мирза Фатали Ахундов
« Өз Отанының патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ».

Патриотизм – қажет уақытта өзіне әрбір адамның «бұйрық» беріп, «сын сағатта істей алмаймын» дегенді жеңе білу.


Патриотизм - өзОтанынадегенмахаббат, адалдық.
Елбасы Қазақстан халқына жолдауында «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс» – деп атап өткен болатын. Ел Президентінің бұл сөзі жастарға серпіліс беріп және оларға үлкен сенім артатынының дәлелі. Елім, жерім, тілім деген әрбір қазақты патриот дейміз.
1-оқушы. Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –біздің туған еліміз, туған жеріміз, достарымыз, туған -туысқандарымыз. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан біздерді анамыздай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, өз еліміздің патриотымыз!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет