Мақсаттар Пайдаланылатын етістіктер


\ Мақсат пен бағалау арасындағы байланыс



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі71 Kb.
#87961
1   2
Байланысты:
БЛУМ СУРАКТАР (1)
5 сыныпқа арналған тест тапсырмалары, Математика пәнінен тест тапсырмалары, Математика пәнінен тест тапсырмалары, БЛУМ СУРАКТАР (1), 02 Мұғалімге арналған нұсқаулық
\


Мақсат пен бағалау арасындағы байланыс

Мақсаттар

Нақты мақсаттардың эталондық көрсеткіштері

Ұпай

Білу:

Оқыған материалды есте сақтап, қайталап айтып беру

2




1.Пайдаланылған сөздіктер мен түсініктерді білу

0,5

2.Нақты фактілерді (мәліметтер мен деректер) білу

0,5

3.Негізгі ұстанымдар мен ережелерді білу

1,0

Түсіну:

Берілген материалды өз сөзімен басқаша жеткізе алу

4




1.Ұстаным, ереже, фактілерді түсіну

0,5

2.Мәтінді басқа формада жеткізе алу

1,0

3.Нәтиженің келешегін болжамдай алу

2,5

Пайдалану:

Материалды жаңа жағдайда пайдалану

6


1.Әдіс-тәсілдерді орнымен қолдану

1,0

2.Нақты жағдайда заңдылықты орнымен пайдалану

2,0

3.Ұстаным, ережелерді жаңа жағдайда қолдана алу

3,0

Талдау:

Материалды негізгі компоненттерге жіктей білу

8


1.Жасырын болжамды айқындау

2,0

2.Өрбу логикасында жіберілген кемшіліктерді көре білу

2,5

3.Фактілер мен салдар арасындағы айырмашылықты ажырату

3,5

Жинақтау:

Алған біліміне сүйене отырып, ойды жинақтап, түйін түю

10


1.Болжам жасау

2,5

2.Эксперимент жоспарын құру

3,0

3.Проблеманы шешу жобасын (проект) жасау

4,5

Бағалау:

Оқыған материалдың құндылығын бағалау

12




1.Материалдың қажеттілігін айқындай білу

6,0

2.Жасалған қорытынды жарамдылығын бағалай білу

6,0

Б.Блум таксономиясы бойынша тапсырма сипаттары


Білу


Қай жылы болды? Қайда болды? Қалай болды? Формуласын жазыңыз. Атап көрсетіңіз.

1-2 ұпай

Түсіну

Сөйлемді аяқтаңыз. Не білдіңіз? Неліктен? Сөйлемді өзгертіңіз. Өзара байланысын түсіндіріңіз. Өз сөзіңізбен айтыңыз.

3-4 ұпай

Қолдану

Бірнеше тәсілмен шешіңіз. Құбылыстың негізін түсіндіріңіз. Жорамалды тексеріңіз. Қорытынды жасаңыз.

5-6 ұпай

Талдау

Құрылымы қандай? Топтастырыңыз. Салдары не? Салыстырыңыз. Бөліктерге бөліңіз. Себебін талдаңыз.

7-8 ұпай

Топтау

Өз шешеміңізді көрсетіңіз. Алгоритм ұсыныңыз. Баламасын табыңыз. Бөліктерден құраңыз. Жүйелеңіз. Зерттеңіз.

9-10 ұпай

Білімді бағалау

Қосынды ойды бағалаңыз. Жетістіктерін атаңыз. Өлшемдерін көрсетіңіз. Сәйкестігі қандай? Қаншалықты дұрыс? Өз ойыңыз?

11-12 ұпай



Б.Блум таксономиясы бойынша тапсырма түрлері
1.Білу
1.Зат есімге анықтама беріңіз.
2.Әрекет мәні әңгіменің қай жерінде айқындалады?
3.Тіршілік иелерін қандай екі категорияға жіктеуге болады?
4.(9-177)/21+8 өрнегінің мәнін табыңыз.
5.ҚР парламентінің негізгі палаталарын атаңыз.
2.Түсіну
1.Иллюстрациядағы эпизодтан кейін роман кейіпкеріне не болғанын әңгімелеңіз.
2.ХХ ғ.ғ басы, ортасы, аяғында Германияда болған оқиғалар туралы үш сурет салыңыз.
3.Параграф мазмұнын өз сөзіңізбен қысқаша айтып беріңіз.
4.Президент міндеттерін сипаттайтын 2-3 беттік шығарма жазыңыз.
5.Неліктен географиялық карталарда таңбалар қолданылады?
3.Қолдану
1.Берілген сөздің әрбірін қолданып сөйлем құрастырыңыз.
2.Картадағы белгілерді пайдаланып, қаладағы үш ескерткішке бару маршрутын жаса.
3.Өздерiңiз оқитын сыныптың ауданын табыңыздар.
4.Әңгіменің толық оқып болған соң, оның немен аяқталатынын табыңыз.
5.Игерілген ылғалдылықты анықтау тәсілін қолданатын үш жағдайды көрсетіңіз.
4.Талдау
1.Бұл оқиғалардың қайсысы шын мәнінде болған, қайсыларын автор ойдан шығарған?
2.Азамат соғысы мен ауған соғысынан кейiнгi жағдайлардың ұқсастығы.
3.Бұл коллекциядағы минералдарды үш белгі бойынша бөліңіз.
4.Талқыланған мақаладан үш дерек пен үш пiкiр табыңыз.
5.Жәндiктердi сипаттамасы бойынша тұқымдасқа жататынын анықтаңыз.
5.Жинақтау (синтез)
1.15 географиялық элемент арқылы қиялдағы елдi картаға түсiрiңiз.
2.И.Тургеневтiң ”Му-му” әңгiмесiн иттiң тұрғысынан жазыңыз.
3.Эксперимент нәтижелерiн ескере отырып, себептерiне болжам жасаңыз.
4.Болған оқиға туралы мәлiметтердi фельетон түрiнде жазыңыз.
5.Мектеп ауласын көгалдандырудың әр түрлi жолдарын көрсетiңiз.
6.Салыстырмалы бағалау
1.Қала әкiмiне кандидаттардың бәрi жоғары бiлiмдi болуы тиiс пе?
2.Поэманың екi басты кейiпкерiн салыстырыңыз.
3.Қазiргi заманда оқушыларға ауызша есептеу дағдылары керек пе?
4.Әдiлетсiздiктi түзеу үшiн күш қолдану қажет пе? Пiкiрiңiздi дәлелдеңiз.
5.Зерттелгендердiң iшiнен қай орта сiз үшiн өмiр сүруге қолайлы? Нелiктен?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет