«Математика – ғылымдар патшасы» (7а, 7ә сыныптары арасында өткен сыныптан тыс жұмыстың сценарийі) Мақсаты



Дата31.01.2018
өлшемі64,27 Kb.
#36366
«Математика – ғылымдар патшасы»

(7а, 7ә сыныптары арасында өткен сыныптан тыс жұмыстың сценарийі)



Мақсаты:

  • Оқушылардың ойлау қабілеті мен математикалық қабілеттерін арттыру;

  • Математика пәні бойынша білімдерін тереңдету;

  • Пәнге деген қызығушылығын арттыру;

Ойынға 2 топ қатысады, әр топта 5оқушыдан.

Әр топтың ұраны, эмблемасы, сәлемдемесі болуы керек.

Құрал –жабдықтар: Презентация, математиктердің нақыл сөздер жазылған плакаттар

1-оқушы.

Мінеки залда тыныштық

Естілмейді дыбыс түк

Мұны бізде қоштаймыз.

Кешікендерді тоспаймыз.

Ғылымдардың ғылымы

Математика ғылымы жайында

Бәйгемізді бастаймыз.



2-оқушы.

Жас достары,

Математика ғылымы

Құрметтеуге лайық.

Дүниедегі құбылыстың мәнінде

Табиғаттың , қозғалыстың бәрінде

Мүмкін емес есептеусіз түсіну

Есебіңіз дүние кілті әлі де



3-оқушы.

Математика ғылымы – ермек емес балалық.

Математика ғылымы көрегендік даналық

Космос кезген ракеталар дәл бүгін

Ешкімге тансық емес жаңалық.

1-Жүргізуші.

Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен аяулы шәкірттері!



  • Ғылымдардың патшасы атанғансың,

Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың

«Ақыл ойды тәртіпке» келтіретін,

Нағыз пән математика атанғансың!


  • Әр мектептің өзіне ғана тән қайталанбас ерекшелігі бар. Біздің мектептің өмірі математика – физика пәндері аясында әр түрлі зерттеу есептері, қызықты эксперимент тәжірибелерге толы. Демек, үлкенді-кішілі жеңістер бізбен бірге үнемі болмақ.

  • Құрметті көрермендер! Сіздерді әділ-қазы алқасымен таныстырып кетуге рухсат етіңіздер:

2-Жүргізуші.

  • Біздің «Математика – ғылымдар патшасы» атты сайысымыз төрт кезеңнен тұрады.

  • Бірінші кезең «Бәйге». Бұл кезең шарты бойынша әр командаға 10 сұрақтан беріледі. Әрбір жауап 1 баллмен бағаланады.

  • Екінші кезең «Ғажайып үштік» кезеңінде командалар әр тараудан құны, қиындығына байланысты тапсырмаларды таңдайды, ойлануға 1 минут уақыт беріледі.

  • Үшінші кезең «Сөз таразысы». Математикалық жұмбақтарға жауап беріп, шешуін қазақша, ағылшынша, орысша айтады. Егер толық жауап берсе10 балл , ал бір команда жауабын тауып, ағылшынша, орысша баламасын басқа команда тапса екі командағада 2 баллдан беріледі.

1-Жүргізуші.

Сәлеметсіздер ме, осы залға жиналғандар!

Бүгін, біз мұнда математика ғылымының қыр – сырымен танысу үшін.

Викториналар шешу үшін.

Көңілді дем алып, күліп , ойнау үшін жиналдық.

2-жүргізуші.

Сайыс бізге сын болсын,

Білмегенге мін болсын.

Командаларды қолпаштап,

Қол соғыңдар кім болсын.

Ал, енді сөз кезегін, өздерін таныстыру үшін команда мүшелеріне береміз.



1-жүргізуші. Кезекті өздерін таныстыру үшін топ мүшелеріне берейік.

Сөз кезегі 7 а сынып оқушыларына беріледі. 7 а сыныбын қошеметтейік.



2-жүргізуші. Ортаға 7 ә сынып оқушыларын шақырамыз. 7 а сыныбын қошеметтейік.

1-жүргізуші.Сайыскерлерге рахмет. Енді асыға күткен сәтке жеттік.

2-жүргізуші. Біз сайысымыздың алғашқы кезеңін бастаймыз. «Бәйге» кезеңінің шартын еске түсірейік, әр командаға 10 сұрақтан беріледі. Әрбір жауап 1 баллмен бағаланады.

I-топ

    1. Ғылымдар патшасы (Математика)

    2. Санның жүзден бір бөлігі (пайыз)

    3. Құрамында әрпі бар теңдік (теңдеу)

    4. Ойлау мен есептеу арқылы орындалатын жаттығу (есеп)

    5. 0-ден үлкен сандар (оң сандар)

    6. Айырмашылығы тек таңбаларында ғана болатын сандар ()

    7. Дәлелдеусіз қабылданатын математикалық сөйлем (Аксиома)

    8. 14 қандай сан? (жай сан)

    9. Қарама-қарсы сандардың қосындысы (0-ге тең)

    10. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек (бұрыс бөлшек)

II-топ

1.Екі қатынастың теңдігі (пропорция)

2. Ең кіші жай сан (екі)

3. Несие алғаны үшін төленетін ақы (процент)

4. Ең кіші екі таңбалы сан (10)

5. Барлық қабырғалары тең үшбұрыш (тең қабырғалы)

6. Дәлелдеу арқылы қабылданатын тұжырым (теорема)

7. Екі жағы шектелген түзу (кесінді)

8. Ең кіші натурал сан (1)

9. «Математика – ғылымдар патшасы» - кімнің сөзі? (Гаусс)

10. Құрамында әрпі бар өрнек (әріпті өрнек)


  • 1-жүргізуші.Екінші кезең «Ғажайып үштік» кезеңінде командалар әр тараудан құны, қиындығына байланысты тапсырмаларды таңдайды, ойлануға 1 минут уақыт беріледі.

Сандар сырына саяхат

10. Жеті қазынаны ата

(ер жігіт, ілім-білім, жүйрік ат, тазы, бүркіт, мылтық, сұлу әйел)



20. Бес парызды ата.

( қажыға бару, намаз оқу, ораза ұстау, қайыр, садақа, зекет)



30. Қытайлардың үрейін ұшыратын сан

(төрт саны өйткені - «өлім» деген мағынаны береді екен)



40. Қосылу, толықтыру символы (екі саны)

50. Әлемнің көп халқы қандай санды бақытсыз сан деп есептейді? (он үш санын)

Ол кім?

10. Математика королі (К.Гаусс)

20. Математикалық теңдеулер туралы ғылыми еңбек жазған қазақ ғалымы (Жәутіков)

30. «Математик болу үшін ақынжанды болу керек» - кімнің сөзі? (Ковалевская)

40. Жиын теориясының негізін салушы кім? (Кантор)

50. Махаббат формуласын ойлап тапқан Британдағы Варвик университетінің математигі кім? (Питер Бэйкус)

Логикалық есептер

10. 1 т тас ауырма, 1 т мақта ауырма? (бірдей)

20. Үш түйеқұс ұшып келеді, аңшы олардың біреуін атып алды. Олардың қаншасы қалды? (түйеқұс ұшпайды)

30. Жыл он екі айдың ішінде 31, 30 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі? (барлық айда)

40. Төрт ағайындының бір қарындасы бар болса, жанқяда неше бала бар? (бес)

50. Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар? (он санында)

2-жүргізуші: Үшінші кезең «Сөз таразысы». Математикалық жұмбақтарға жауап беріп, шешуін қазақша, ағылшынша, орысша айтады. Егер толық жауап берсе 5 балл , ал бір команда жауабын тауып, ағылшынша, орысша баламасын басқа команда тапса екі командағада 2 баллдан беріледі.

1-жүргізуші:

Қабат – қабат қаттама,

Ақылың болса аттама. (Кітап – книга - book)

Өзі сөйлеу білмейді,

Салған ізі сөйлейді. (қалам – ручка - pen)

Алды – артымыз шексіз де

Жете алмайсың біздерге

Сәуле менен кесінді

Шыққан тегін білсін де? (Түзу – прямая – straigt line )

Жоқ өзінде бас та, қас та,

Ұзындығы жазылып тұр бойында. (Сызғыш – линейка - ruler )

Нәрселерді санағанда,

Керек бізге ол ауадай.

Айтыңдаршы, бұл қандай сан?



Жан-жағыңа қарамай. (Натурал сан – натуральные числа – real numbers )

2-жүргізуші. Ендеше, сөз кезегін қазылар алқасына берсек.

1-жүргізуші: Осымен, «Математика – ғылымдар патшасы» атты 7-сыныптар арасындағы сайысымызды аяқтаймыз. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет. Қош, сау болыңыздар
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет