Математика əдістемелік нұсқау



бет2/327
Дата23.01.2022
өлшемі1,84 Mb.
#113558
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   327
Байланысты:
docx1559971764
sabaq-kz attachment matem-546b5f6d8bfd8, Электромагниттік толқындар Бжб
Жұмыс дəптерлері (4 бөлім – оқу тоқсандарының əрқайсысына арналған) – оқушылардың əрқайсысына арналған жеке құрал. Дəптерлер сабақтар бойынша құрылған. Оларда тапсырманың оқулық бойынша орындалатынын немесе өзіндік жұмысқа арналғанын (сабақта өзіндік бақылауға жататын) көрсететін шартты белгі бар. Онымен бірге дəптерлерде оқушының жетістіктерін бағалау мен өзіндік бағалауға арналған белгілер жүйесі (жетістіктер немесе табыс баспалдағы) берілген. Алғаш рет дəптерде сабақ тапсырмаларының бірін сəтті орындау өлшемдері берілді. Əдетте бұл тапсырма сабақтың негізгі тақырыбын орындауға байланысты.

Дəптерлерде бақылау жұмыстары берілген жоқ. Мұғалім үшін үйреншікті бақылау жұмысын жүргізу жəне оны түзету схемасы енді өзгертілді. Тоқсан ішінде тапсырмаларды өлшемдік бағалау мұғалімге оқушыларға тақырыптық жəне тоқсандық жиынтық жұмыстарға дайындалуға мақсат қоюға үйретуге мүмкіндік береді.Егер бұрын бақылау жұмыстарынан кейін қателермен жұмыс істеуге зор көңіл бөлінген болса, жаңартылған бағдарламалардың тұжырымдамасына сəйкес қателердің алдын алу жұмысына басымдық беріледі. Бақылау сабақтарының алдындағы сабақтарда мұғалім бұрынғысынша тексеру нəтижелеріне талдау жүргізеді. Алайда сабақтағы күн сайынғы тапсырмалар жүйесінде жиынтық жұмысқа дайындалуға арнайы орын бөлінеді. Күн сайын дəптердегі тапсырмаларды жетістік өлшемдері бойынша тексере отырып, қателік жіберген оқушылар өз білімін түзетуге мүмкіндік алады (оқулықтағы, дəптердегі немесе мұғалім таңдаған ұқсас тапсырманы орындайды). Дəптерлерде оқушылардың жеке жоспар бойынша жұмыс істеуіне арналған артық тапсырмалардың болуы жіктеу мəселесін шешуге ықпал етеді.

Оқулыққа берілген əдістемелік нұсқауда күнтізбелік-тақырыптық (ұзақ мерзімді) жоспарлама жəне сабақ жоспарларына арналған дайындамалар бар.Əдістемелік нұсқау мұғалімге бірінші кезекте сабақтың мақсаттарын айқындауға көмектеседі. Біз берген конспектілерде мақсаттар бағдарламаға сəйкес жəне жіктеуді (барлығына, кейбіреулерге жəне көпшілікке арналған) сақтай отырып қойылған. Тоқсандар бойынша зерделеу кезектілігі бойынша лексикалық тақырыптардың ішінде ұсыныстар да сақталды. Лексикалық тақырыптар шеңберіндегі сабақтардың тақырыптары екінші сынып оқушысы жасының ерекшеліктеріне сəйкес іріктелді. Олар сөздік қорды байытуға, сөйлеу дағдыларын дамытуға, математикалық материалды оқушылардың өмірімен байланыстыруға, алынған білімді өмірде қолдану мүмкіндігін көрсетуге көмектеседі.

Əр сабақта оқушы топтарының əрқайсысына (барлығы, көпшілік, кейбірі) арналған жіктелген мақсаттарды айқындай отырып, біз іс-əрекет мақсаттарының таксономиясын пайдаландық. Нақты сабақтардың əрқайсысы үшін əртүрлі тізбектер болуы мүмкін: білу–түсіну– қолдану, түсіну–қолдану–талдау, қолдану–талдау–бағалау, қолдану–талдау–материалды шығармашылықпен өңдеу (басқа өнімді іс-əрекетті құру, орындау), қолдану–талдау–түсіндіру.

Сабақтардың əрқайсысында проблемаға кезігу, одан кейін ол арқылы жаңа білімді ашу қамтылған. Сондықтан сабақтар іс-əрекеттік технологияда құрылды деп айтуға болады. Оқушыларды математика сабағында білім алу білігіне үйрету мұғалімнің маңызды міндеті болып табылады. Сондықтан сабақ картасы (атап айтқанда іс-əрекет кезеңдерін сақтау), əр сабақтағы өзіндік жұмыс жəне бақылау сабақтары (өзін-өзі бағалауға, өз қателіктерін түзетуге үйрету) жəне басқа да маңызды іс-əрекеттік біліктер мұғалімнің назарынан тыс қалмауы тиіс.

Сабақ конспектісі 45 минуттық сабақ шеңберінде уақыт аралықтарына бөлінген. Уақыт аралықтары нақты сыныптың ерекшеліктеріне қарай өзгеруі мүмкін. Біз ұсынып отырған сабақ кезеңдері ұсыныс сипатына ие.

Сабақ конспектілеріне біз мынадай қосымша ақпарат енгіздік:

Жіктеу. Өйткені оны нақты сыныптың мұғалімі айқындайды;

Бағалауды қадағалау рəсімі (мұғалім күн сайын формативтік бағалауды жəне тақырыптар мен тоқсандардың, жартыжылдық пен жылдың қорытындысы бойынша жиынтық бағалауды жүргізеді);

Пəнаралық байланыстар (сабақтың лексикалық тақырыптары арқылы пəнаралық байланыстарды оңай қадағалауға болатынын атап өтпекпіз).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   327




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет