Математика, физика және информатика институты


«Саралап- деңгейлеп оқыту»



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата26.10.2022
өлшемі1,97 Mb.
#155012
1   2   3   4   5
Байланысты:
Сафар Т ФОИТ
Тест магнитизм, кмж ответы, Тест Магнетизм 11мат
«Саралап-
деңгейлеп оқыту» 
технологиясы.
Тиімді де орынды пайдаланған оқыту технологиясының бірі, деңгейлеп- саралап оқыту – сапалық 
білім негізі бола алады. Деңгейлеп-саралап оқыту оқушыларды өздігінен ізденіп, өз бетінше білім 
алуға дағдыландырады, сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деп жіктерге бөлуді жояды. 
Саралаудың негізгі ұстанымы оқыту мазмұнын тарылту емес, ол мұғалім тарапынан оқушыларға 
таразыланған көмек болуы тиіс. Негізінен тәжірибеде саралап оқытудың екі түрі кеңінен 
қарастырылады: деңгейлік және бағдарлық.


«Кинометафора» әдісі
Деңгейлік-саралау
– оқушылардың бір сыныпта, бір бағдарлама және бір оқулықпен оқу материалын 
түрлі деңгейде меңгеруі. Бұл технология, біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға 
мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлау, елестету мен еске сақтау қабілеттерін, ынтасын, 
белсенділігін, білім сапасын дамытуға көмектеседі. Деңгейлік саралау технологиясы оқушының да 
мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған. Балалардың даму деңгейінің 
біріңғай болмауына және қабілеттеріндегі айырмашылықтар мен басқа да себептерге байланысты оқу 
үздіктері мен үлгермеушілердің пайда болатыны белгілі. Осыған орай, деңгейлеп саралап оқыту 
технологиясы әр оқушының қабілетіне, мүмкіндігіне, деңгейіне қарай оқытуды көздейді. Сабақ 
барысында міндетті 3 деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасалады. Тапсырмаларға төмендегідей 
талаптар қойылады.
Оқушылық 
деңгей:
Алгоритмдік
деңгей:
Эвристикалық 
шығармашылық 
деңгей:


Оқушылық деңгей:

жаттап алуға лайықталған болу керек;

алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауға мүмкіндік 
берілуі;

тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек.
Яғни, мұндай талаптар жаңа тақырыпты игеру соңында шығарған есептерге ұқсас тапсырмалар құру 
арқылы орындалады және олар оқушының өзі шығарған ереже анықтамаларын бекітуге арналады. 
Мұндай тапсырмалар құрастырған кезде олардың танымдылығы мен қызықтылық жақтарына ерекше 
көңіл аударған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет