Математика пәнінен ашық сабақ кмм казнаковка орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі



Дата08.07.2017
өлшемі13,01 Kb.
#20807

МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН АШЫҚ САБАҚ

  • КММ КАЗНАКОВКА ОРТА МЕКТЕБІ
  • Бастауыш сынып мұғалімі
  • Баймуханбетова В.О.
  • Санды 10-ға, 100-ге,
  • 1000-ға көбейту және бөлу
  • Сабақтың мақсаты мен міндеттері
  • Сандарды 10-ға, 100-ге, 1000-ға көбейту мен бөлудің тәсілдерін үйрету, білім, білік, дағдыларын қалыптастыру. Ойлау, есте сақтау, есептеу қабілеттерін дамыту.
  • Оқушыларды тапқырлыққа, еңбекшілдікке, бірлікке тәрбиелеу.
  •                                                                       
  • Амандасу рәсімі:
  • Бүгін күн қандай тамаша,
  • Күн күліп тұр жараса.
  • Бізге келген қонақтарға
  • Сәлем бердік жарыса

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ

  • Армысың, ару күн!
  • Армысың, жақсы дос!
  • Бос өтпей әрбір күн
  • Білімге білім қос.
  • Топ ережесі: Бірін-бірі тыңдау
  • Бірлесіп шешу
  • Өзара көмек көрсету
  • Ойды ашық айту
  • Тыныштықты сақтау
  • Уақытты үнемдеу

ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ

  • Білім ордасы не?
  • Тәуліктің үштен бір бөлігі неше сағатқа тең?
  • Оңынан да , солынан да бірдей оқылатын, жазылатын сандар қайсы?
  • 9-дан 100-ге дейінгі сандарда қанша 9 саны кездеседі?
  • Ойлаған санға 119-ды қосқанда 800 шықты. Ойлаған санды тап.
  • 5 тоннаның екіден бір бөлігінде қанша килограмм бар?
  • 1000теңгенің 711 теңгесіне сауда жасасаң, қанша теңгең қалады?
  • 1килограмм алма 360 теңге тұрса, 3кг алма қанша тұрады?
  • Ұшақтың жылдамдығы 850км. Ол 3сағатта неше км ұшады?
  • ІІ Үй тапсырмасы
  • 116-бет № 8 тапсырманың орындалуы тексеріледі
  • 900: 3 *2 (900+100) :2 (8000-400) :4 (900-100) *2
  • 900: (3 *2 ) 900 + 100 :2 8000- 400:4 900 – 100 *2
  • 4. Қорытынды
  • Бекіту
  • 3. Жаңа сабақ
  • 5. Бағалау
  • 6.Үйге тапсырма
  • Артқа

А) ОҚУЛЫҚПЕН ЖҰМЫС 116-118 БЕТ

  • № 1 (а) Ауызша есептеу. Мысалдарды және нәтижелерді салыстыр:
  • 2*10 23*10 234*10 (І топ)
  • 2*100 23*100 234*100 (ІІтоп)
  • 2*1000 23*1000 234*1000 (ІІтоп)
  • Кез келген санды 10, 100, 1000 сандарына көбейту үшін не істеу керек?

(ә) Әр бағандағы мысалдарды және нәтижелерді салыстыр

  • 20:10 230:10 2340:10 (I топ)
  • 200:100 2300:100 23400:100 (II топ)
  • 2000:1000 23000:1000 234000:1000 (III топ)
  • Санды 10, 100, 1000 сандарына бөлу үшін не істеу керек?
  • №2 (а) Қандай сандарды 10-ға қалдықсыз бөлуге болады? 100-ге ше? 1000-ға ше? Мысалдар келтір.
  • (ә) 98 санын 10-ға қалдықсыз бөлуге бола ма? Неліктен?
  • б)987 санын 100-ге қалдықсыз бөлуге бола ма? Неліктен?

Дәптермен жұмыс: Күннің ретін және айды жазу.

  • Дәптермен жұмыс: Күннің ретін және айды жазу.
  • №3. Тақтамен жұмыс. Мына сандардың ішінен 10-ға қалдықсыз бөлінетіндерін – бірінші бағанға, ал 100-ге қалдықсыз бөлінетіндерін – екінші бағанға, 1000-ға қалдықсыз бөлінетіндерін – үшінші бағанға теріп жазыңдар: 3784, 3780. 3700, 3000, 4873, 4870, 4800. 4000.

№4. «Алтын көмбе» ойыны.

  • №4. «Алтын көмбе» ойыны.
  • 20
  • 30
  • 10
  • 10
  • 30
  • 20
  • С е р г і т у с ә т і

№5 Әрбір бөлінгіште бөліндінің мәнін білдіретін цифрлардың астын сыз:

  • 359:10 647:100 12894:1000
  • 72:10 4389:100 8536:1000
  • Мына сұрақтарға жауап бер:
  • Санды 10-ға бөлгенде бөлінгіштің қай цифры қалдықты көрсетеді? 100-ге бөлгенде ше? 1000-ға бөлгенде ше?

№6 Есепті шығар:

  • Бірдей бес орамда 360 м. шыт, ал бірдей үш орамда 108 м сәтен бар. Бір орамдағы шыт сәтеннен неше метр артық? Бір орамдағы сәтен шыттан неше есе кем?
  • Бірдей 5 орамда- 360 м шыт -? артық
  • Бірдей 3 орамда – 108 м сәтен -? есе кем

№9 Өрнек түрінде жаз және мәнін тап:

  • а) 860 және 160 сандарының айырмасын 8 есе арттыру;
  • ә) 90 және 5 сандарының көбейтіндісінен 370-ті азайту;
  • б) 1000-ның 2-ге бөліндісін 120-ға арттырып, қосындыны 2 есе кеміту;

ЛОГИКАЛЫҚ ТАПСЫРМА

  • 1-топтың тапсырмасы оқулықтың 118-бетінде
  • 2-топқа: Ануарда 20 кәмпит бар.Ол кәмпиттерді қарындасына 2-еуі артық тиетіндей етіп бөлгісі келді. Әнуар кәмпиттерді қалай бөлуі тиіс?
  • 3-топқа: Үш дос бала үстелде жатқан жаңғақтарды қалай бөлісуді ойластырды. Серік айтты: «Егер әрқайсымыз 8 жаңғақтан алсақ, екеуі артылып қалады, ал егер 9жаңғақтан алсақ, 1 жаңғақ жетпей қалады» Үстелде неше жаңғақ жатыр?

САБАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

  • Бүгінгі сабағымыздан не үйрендіңдер?
  • Қандай ой түйдіңдер?
  • Сабақ сендерге ұнады ма?
  • Кері байланыс. «Екі жұлдыз, бір тілек» (Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазып, тақтаға іледі)
  • Топтың атына және математикаға байланысты қандай мақал, өлең, нақыл сөздер білесіңдер? (постер құруға да болады)
  • Бағалау
  • Тыңдағандарыңызға
  • рақмет!

  • 48:10

  • 76:10

  • 438:10

  • 756:10

  • 4839:100

  • 7658:1000

Каталог: uploads -> doc -> 06d8
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
06d8 -> Сабақтың тақырыбы: С. Сейфуллин.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет