Математика сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту



бет2/2
Дата12.05.2022
өлшемі21,74 Kb.
#142917
1   2
Байланысты:
Ералиева Умида
Бекболатова Кадиша, лекция физ.прак.мол., IBOCAJPETQIF14122023232942, À?ïàðàòòû?-êîììóíèêàöèÿëû? òåõíîëîãèÿëàð åìòèõàííû? áà?äàðëàìàëû, À?ïàðàòòû?-êîììóíèêàöèÿëû? òåõíîëîãèÿëàð åìòèõàííû? áà?äàðëàìàëû 2
Кілт сөздер:сауаттылық, дамыту, PISA (Programme for International Student Assessment), TIMSS (Trends in Mathematics and Science Study), PIRLS

Функционалдық сауаттылықты дамыту білім – түсіну – қолдану – жүйелеу және жинақтау сияқты критерийлер бойынша оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа тәсілдерін талап етеді. Мұндай жүйе әлемдік тәжірибені жан-жақты зерттеу арқылы енгізіледі. Олар ұлттық және халықаралық бағалау жүйелері арқылы жүргізіледі. Ұлттық жүйе арқылы бағалау – жыл сайын өтетін оқу жетістіктерін ішкі бағалау мен Ұлттық бірыңғай тестілеу. Халықаралық бағалау жүйелері – PISA (Programme for International Student Assessment), TIMSS (Trends in Mathematics and Science Study) және PIRLS сияқты халықаралық зерттеулер [1].


Функционалдық сауаттылықты дамыту дәстүрлі мектеп моделінен рационалды модельге, әрі қарай феноменальді модельге «үш адым» ілгері аттау дегенді білдіреді. Осы мақсатқа қол жеткізу арқылы Қазақстан оқыту деңгейі мен сапасы жағынан жетекші елдер тобына қосылады деп күтіледі. Бұл жолда атқарылатын жұмыстар төмендегідей:
функционалдық сауаттылықтың мәні мен маңызын саралай түсу;
оқыту үдерісінде оқушылардың

  • басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті);

  • ақпараттық (өз бетінше ақпараттар көздері арқылы үнемі білімін көтеріп отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін ұштау);

  • коммуникативтік (үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын (шет) тіліндерінде ауызша, жазбаша қарымқатынас жасау);

  • әлеуметтік (қоғамда, өзі өмір сүріп жатқан ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті);

  • тұлғалық (өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға қажетті білім, білік, дағдыларды игеру, болашақ кәсібін өзі таңдауы, оның қиыншылығы мен күрделілігіне төзімді болу);

  • азаматтық (қазақ халқының салт-дәстүрін, тарихы мен мәдениетін, дін мен тілін терең меңгеріп, Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолындағы азаматтық парызын түсінуі);

  • технологиялық (әр азаматтың өз мамандығына қарай ақпараттық технологияларды, сандық технологияны, білім беру технологияларын сауатты пайдалануы)

құзыреттіліктерін дамыту әдістемесін басшылыққа алу ;
математикадан оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыратын басты ұстанымдарды анықтау;
оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыруға ұсынылған әдістемелік жүйелердің тиімділігін практикада дәйектеу[2].
Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзіреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр. Осыған орай алған білімдері негізінде әрекет етуге қабілеттілік пен даярлықты білдіретін қалыптасқан құзыреттіліктерді анықтауда халықаралық зерттеу тапсырмаларының маңызы зор. Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімделу мәселелері тұр, өйткені адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер қабылдау үшін жоғары кәсіптілік және интеллектуалдық әрекеттерді қажет ететін жағдайларда заман талабына сай өмір сүріп, қызмет етуде.
Қазіргі таңда білім алушылардың оқу жетістігі екі жағдайда бағаланады. Олардың бірі – сырттай бағалау болса, екіншісі – іштей бағалау. Нақтылай түссек, іштей бағалау – оқу пәні бойынша оқыту сапасын диагностикалау және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты өлшеміне сәйкес жүзеге асырылса, сырттай бағалау – әрбір деңгейді аяқтау бойынша білім алушының оқу жетістіктерінің нәтижелеріне сәйкес (ҰБТ, ОЖСБ), сондай-ақ халықаралық зерттеулерге TIMSS (Trends in Mathematics and Science Study), PISA (Programme for International Student Assessment) және PIRLS (Progress in International Reading Literacy Study) қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Осыған байланысты еліміздің білім алушыларының білім жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін Қазақстан PISA халықаралық зерттеуіне қатысып келеді [3].
PISA – халықаралық зерттеуі барлық білім беру ұйымдарындағы 15 жастағы оқушылардың математика, жаратылыстану және оқу сауаттылығынан (тіл мен әдебиет білім салаларынан) игерген білім жетістіктерін анықтауды, оқу барысында меңгерген білімдері мен біліктерін өмірлік жағдайларда қолдана білу дағдыларын бағалауды көздейді.
PISA халықаралық зерттеуінің негізгі міндеті – білім беру саласындағы әлемдік басымдықтарды сипаттайтын зерттеу құралдарының негізінде объективті өлшеулер арқылы алынған айқын нәтижелерді талдау болып табылады. Зерттеу мәртебесі әрбір кезеңдегі қатысушы елдер санының артуымен де дәлелденеді.
Біздің еліміздің PISA зерттеуінің 4 цикіліне (2009, 2012, 2015, 2018 жылдар) қатысудан тәжірибесі бар. Алынған нәтижелер бойынша білім беру бағдарламаларын жетілдіруге және оқытудың жаңа технологияларын енгізуге ықпал жасады.
Қазіргі таңда PISA жобасы әртүрлі опциларды, оның ішінде «қаржы сауаттылығы», «мәселені бірлесіп шешу», «жаһандық құзыреттілік» бағыттарын ұсынуда.Еліміз алғаш рет «PISA-2018» кезеңінде «математикалық сауаттылық», «жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы» және «оқу сауаттылығымен» қатар жаңа төртінші бағалау «жаһандық құзыреттілік» бағытына қатысты. Халықаралық зерттеуге қатысу әр ел үшін білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірудің негізгі себебі болып табылады.Яғни білім алушылардың халықаралық зерттеулерге қатысуы, білім алушының өзін-өзі дамытуды жоғары деңгейде іске асыруы мен қоғам өмірінде өз орынын табу, өздігінен іздену, талдау жасау, құрылымдау, ақпараттарды дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді [4].
PISA 15 жастағы білім алушылардың оқу жетістігін бағалайды. Нақты осы жастағы білім алушыларды іріктеудің себебі әлемнің көптеген елдерінде бұл жастағы балалардың мектепте міндетті білім алуы аяқталғандығымен түсіндіріледі. Жастар осы жаста өздерінің мамандықтарын таңдау мен болашақ білім алу траекториясын анықтай алады.
PISA жобасының басымдығы қатысушы елдер санының артуымен расталады. Мәселен, PISA-2000 жобасына – 32 ел қатысса, PISA-2018 жобасына қатысуға әлемнің 80-нен астам елі өтініш білдірген.
PISA жобасын үйлестіруші Экономикалық Ынтымақтастық Даму Ұйымы (бұдан әрі – ЭЫДҰ) болып табылады. PISA зерттеуі Консорциум арқылы алдыңғы қатарлы халықаралық ғылыми ұйымдардың қатысуымен іске асырылады. Олар:

  • АҚШ педагогикалық тестілеу қызметі (Tducational Testing Service, ETS);

  • WESTAT Америкалық ұйымы;

  • Pearson Education Британдық білім баспасы және бағалау қызметі;

  • cApStAn Linguistic Quality Control Белгиялық лингвистикалық орталық.

PISA халықаралық зерттеуі оқушылардың білім жетістіктерін бағалауды «математикалық сауаттылық», «жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы» және «оқу сауаттылығы» бойынша жүргізіледі.


Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Ермоленко В.А. Функциональная грамотность в современном контексте. М:: ИТОП РАО, 2002. - 119 с.
2.Крупник С.А. Функциональная грамотность в системе образования Беларуси / С.А. Крупник, В.В. Мацкевич Минск: Акад. последипл. образования, 2003. - 125 с.
3.Сластенина В.А. Педагогика Текст. / В.А. Сластенина, И.Ф. Исаев, А.И. Мищенко, Е.Н. Шиянов. -М.: Школа-Пресс, 2000. - 512 с.
4.PISA халықаралық зерттеуі.Әдістемелік құрал-Астана,ҰББСБО,2013

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет