Математикалық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмалар 1-нұсқа Картадан үй тұрғызу



бет28/28
Дата05.12.2022
өлшемі5,56 Mb.
#161295
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
Математика пәні, PISA тапсырмалары
Педагогика Нұрайым шт11, Педагогика Нұрайым шт11
17 ТАПСЫРМАЛАР ТОПТАМАСЫ .


ТҮРЛІ ТҮСТІ КӘМПИТТЕР


Тапсырма: Роберттің анасы кәмпиттің қорабына қарамай , қораптан бір кәмпитті алуға рұқсат берді. Қораптағы түрлі түсті кәмпиттердің саны диаграммада көрсетілген.



Роберттің қызыл кәмпитті алу ықтималдығы қандай?


А. 10% B.20% C.25% D.50%


Шешуі: Берілген қораптағы кәмпиттер санын табайық, диаграммадағы 6+5+3+3+2+4+2+5=30 кәмпит және олардың ішіндегі 6-уы қызыл. Қызыл кәмпиттің алу ықтималдығы қызыл кәмпиттің саны жалпы кәмпиттерінің санының қатынасына тең.

Дұрыс жауабы: В


18 ТАПСЫРМАЛАР ТОПТАМАСЫ .


ПИЦЦАНЫҢ БАҒАСЫ

Пиццерияда қалыңдықтары бірдей, бірақ өлшемдері әр түрлі екі дөңгелек пицца сатылады. Кішісінің диаметрі 30см және 30 теңге тұрады. Үлкенінің диаметрі 40см және 40 теңге тұрады. Осы екі пиццаның қайсысын сатып алу тиімді?




Есептің шешімі:
Екі пиццаның қалыңдығы бірдей болғандықтан, олардың ауданын табамыз. Оларды жай дөңгелек деп қарастырамыз.
Дөңгелектің ауданы формуласымен есептеледі. (мұндағы, - тұрақты және r – дөңгелектің радиусы, яғни диаметрдің жартысы). Бұдан екі пиццаның ауданы


Диаметрі 40см болатын пиццаны сатып алған тиімді.
19 ТАПСЫРМАЛАР ТОПТАМАСЫ .


Жүріс

Суретте жүріп келе жатқан адамның іздері көрсетілген. Адымның ұзындығы Р-оң аяқтың өкшесінен сол аяқтың өкшесіне дейінгі арақашықтық. Ер адамның жүріс-тұрысы мына формуламен анықталады n/P=140, мұндағы n-1 минуттағы қадам саны, Р-метрмен өлшенген адымның ұзындығы.
1 Сұрақ: Осы формуланы қолдана отырып, Нұржанның минутына 70қадам жасаған адымының ұзындығын тап.
Шешімі: Осы формула бойынша n/P=140<=>P=n/140.
Шарт бойынша Нұржан минутына 70 адым жасайды, яғни n=70, оның адымының ұзындығы (метрмен) P=70/140=0.5 тең.
Жауабы: 0,5м
2 Сұрақ: Ержан өзінің қадамдары арақашықтығы 0,8м екенін біледі. Жоғарыда берілген формула бойынша Ержанның жылдамдығын м/минутта, одан кейін км/сағатына есептеу керек.
Шешімі: Берілген формула бойынша n/P=140 , n=140P
Шарт бойынша P=0.80м2. 1 минутта n=140*0.7=112, яғни 112 қадам жасайды. Ендеше 1 минутта Ержан 112*0,80=89.6 м жүреді.
Ержанның жылдамдығын табамыз

Жауабы: 89,6м/мин; 5,376км/сағ

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет