Математикалық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмалар 1-нұсқа Картадан үй тұрғызу



бет26/28
Дата05.12.2022
өлшемі5,56 Mb.
#161295
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
Математика пәні, PISA тапсырмалары
Педагогика Нұрайым шт11, Педагогика Нұрайым шт11
БОЙДЫҢ ҰЗЫНДЫҒЫНЫҢ ӨСУІ: 3 СҰРАҚҚА ЖАУАПТЫҢ БАҒАЛАУЫ
Жауап толық қабылданады
Ең бастысы жауапта қыздардың бойларының ұзындықтарының графиктегі «өзгеруін» атап көрсетілуі. Бұл нақты көрсетілуі немесе тұспалдануы мүмкін . Код 11 және код 12
Жауапта графиктің қисаюын анық атап көрсетілгендігін кодтайды. жауапта графиктің қисаюын айқын атап көрсетілгендігін кодтайды, ал код13 жауапта 12 жасқа дейінгі және 12 жастан кейінгі қыздардың бойларының ұзындықтарының өсуінің нақты мәндерін салыстыруын кодтайды.
Код11: 12 жастан кейінгі қиысықтың қисаюының кемуін математикалық тілде емес, күнделікті тілмен айтылатын жауапты кодтайды.
• Ол тура жоғары өспейді, түзуленеді.
• Қисық түзеледі.
• Ол 12 жастан кейін біршама жазық.
• Қыздардың сызығы түзеледі, ал ұлдардың сызығы одан әрі жоғарыланады.
• Ол түзеледі, ал ұлдардың графигі жоғарнылануын жалғастырады.
Код12: Математикалық тілді қолданып, 12 жастан кейінгі қисық одан әрі кемитіндігіне сілтеме жасайды.
• Көлбеудің кемуін байқайсыз.
• 12 және одан кейінгіжаста графиктің өзгеруінің жылдамдығы кемиді.
• [Оқушы 12 жасқа дейінгі және одан кейінгіжас қисығының ОХ осіне көлбеу бұрышының мәнін есептейді.]
Жалпы, жауаптарда «градиент», «көлбеу», «қисық», немесе «өзгеру жылдамдығы» деген сөздерді математикалық тілде дұрыс қолданған.
Код13: Бойларының өзгеруінің нақты мәндеріне салыстыру жүргізіледі.
• өзгеру 10 жастан 12-жасқа дейін шамамен 15 см, ал 12 жастан 20 жасқа дейін 17 см-ге тең.
• 10 жастан 12 жасқа дейін бой орташа есеппен жылына 7,5 см-ге артады, ал 12-ден 20 жасқа дейін шамамен жылына 2 см.
Жауап қабылданбайды.
Код01: Оқушы қыздардың бойлары ұлдардыкінен аласа екендігін жазды, бірақ қыздардың бойларының графиктегі қисығы туралы немесе 12 жасқа дейін және одан кейінгі қыздардың бойларының өзгеру жылдамдығын салыстыруды атап көрсетпеді.
• Қыздардың сызығы ұлдардың сызығынан төмендейді
Егер оқушы қыздардың бойларының өсуінің графигі аса тік емес деп жазса,
СОНЫМЕН БІРГЕ, бұл график ұлдардың бойларының өсу графигінен төмен орналасқан деп жазса, онда бұл жауапқа «толық қабылданатын жауап» деген код беріледі » (код11, 12 немесе 13).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет