Материалдық-техникалық базаның жағдайы: Оқу үрдісінде ақпараттық және кітапханалық қамтамасыз ету


Гимназия-мектебінің тәрбие жұмысының талдауы



бет9/18
Дата06.02.2022
өлшемі262,31 Kb.
#81002
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
Байланысты:
Даму жоспары

2.6. Гимназия-мектебінің тәрбие жұмысының талдауы
Қазақстан Республикасының ХХI ғасырға лайықты модернизациялау моделіне ыңғайланған мектебінің тәрбие жұмысының тұжырымдамасы мемлекеттік стандарт деңгейінен туындайды. Қазақстан Республикасының постиндустриялды кеңістігінде адамгершілікті, ізгілікті және рухы биік жастар мен жасөспірімдерді сабақтың өтілімі (білім мазмұны) мен тәрбие жұмыстарының мазмұны арқылы дамыту бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі болып отыр.
Аталған модель әлемдік- мәдени дүниетанымның ұлттық тәрбиенің ауқымында жасалуына ыңғайлайды, әлеуметтік- экономикалық міндеттерді шешуге бағыттайды; ізгілікті деңгейдегі адамгершілік пішінін сомдайды; Қазақстан Республикасын мекендеп отырған ұлттар мен ұлыстардың өзара татулық одағын орнықтырады.
Тәрбие жұмысының тақырыбы мектептің тақырыбына сәйкестендіріліп оқушылармен, ата- анамен, сынып жетекшілермен істелінетін жұмыс жүйесі құрылған. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінеді. Әр оқушының жеке басының психологиялық, физиологиялық ерекшеліктерін жетілдіру жолында мынандай жұмыстар атқарылды

  • профилактикалық;

  • оқушының бос уақытын ұйымдастыру;

  • ата- анамен жұмыс;

  • құқылық білім беру, әлеуметтік- психологиялық жұмыс.

Осы жүйеленген жұмыстар сынып жетекшілер жұмысы, оқушының жеке тәрбиелік деңгейін зерттеу диаграммасы, қарым- қатынас арқылы, құқық қорғаушы органдармен байланыс арқылы, психологиялық бақылау зерттеуі арқылы, мектепішілік әр буында жиындар өткізу арқылы жүзеге асырылды.
Сынып жетекшілер бірлестігінің бастауыш және жоғарғы буындар бойынша жетекшісі тағайындалып, жұмыс жоспары түзілген.
Бірлестікте ашық тәрбие сабақтары талданып, озық тәжірибелі сынып жетекшілерінің тәжірибесі қала, облыс көлеміне таратылды. Сынып жетекшілері қалалық тамыз конференциясында баяндама оқып, облыстық курс бойынша тәжірибелік бөлімінде өз шеберліктерін көпшілікпен бөлісіп, іс- шараның материалдарын курсқа қатысушыларға тарту етті. Озық тәжірибелі сынып жетекшілер: Салықова Г.А, Акишева Ж.Е, Абдрахманова З.Ж, Бүркітбаева Б.С, Байдаулетова А.З, Бостекова А.А, Жұмалі Р.А, Ағыбаева Е.Ш, Урумбаева Қ.Т.
Ұстаздар ұжымының ата- аналармен жүргізетін жұмыс түрлері төмендегідей:

  • ата- аналарды оқу- тәрбие жұмысына қатыстыру;

  • ата- аналардың білімін көтеру( ата-анлар университеті, тақырыптық кеңестер, сыныптағы іс- шаралар).

  • Мектептегі басқару жұмысына («Қамқор» тобы, мектептің ата- аналар комитеті, сыныптың ата- аналар комитеті).

Ата- аналар мен мектеп баланың оқуы мен тәрбиесінде бірігіп жұмыс атқаруда.Ата- аналардың бала тәрбиесіне көбірек көңіл бөліп, белсенділіктерін арттыру үшін арнайы дәрігерлермен, құқық қорғау органдарымен, әскери комиссариат қызметкерлерімен кездесу өткізіліп тұрады. «Отбасы, мектеп, қоғам- болашақтың игілігі үшін» атты қалалық фестивальға белсене қатысқаны үшін мектептің ата- аналар комитеті марапатталды.
Мектеп оқушылары қалалық іс- шараларға қатысып, белсенділік танытып тұрады. «ЖИТС-ке қарсы күрес» атты газет сайсына қатысты, «Шылым шегуге - қарсымыз,салауатты өмір салтын- қолдаймыз! » атты сайыста II орын иеленсе, «Дұрыс және уақытымен тамақтан!» байқауында «Көңілді тапқыштар клубы» I орын иеленді, қалалық спартакиадада волейболдан мектеп командасы I I орын, тоғыз құмалақтан I орын алды.
Өзін - өзі басқару. «Балдаурен» республикасының «Мирас» аймағы оқушылардың өзін- өзі басқару орталығының жұмысын 6 министрлік топпен жеке - жеке салаға бөлініп, әр оқушының ыңғайына шығармашылық қабілетіне орай денсаулық және спорт, қоршаған ортаны қорғау,мәдениет, әлеуметтік мәселе, шаруашылық және кәсіптік бағдар, құқық және заң мәселелері жөніндегі министрліктер құрылды.
Жіктемеге берілген министрліктерге үйлестіруші жетекшілер тағайындалған.
«Мирас» аймағының арнайы сайланған әкімі, аймақтың ұраны, төс белгісі, әнұраны, туы бар және арнайы шағын кабинет бөлінген. «Балдаурен» балалар мен жасөспірімдер ұйымының 10 жылдығына орай «Мирас» аймағы балалар мен жасөспірімдер қозғалысының дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марататталды. Мектебіміздегі үйірмелердің ізгілікті тәлім беру процесіне көмегін тигізуі алдын- ала көзделген 653 оқушының үйірмеге 65%, факультативке 66%, арнаулы курстарға 12,7%, дамыту сабақтарына 41,1%, мектептен тыс мекемелерге 53,2% оқушы қамтылған. Оқушылардың қызығушылығы бойынша 3 клуб, 1 орталық, 17 пәндік үйірме, 24 факультатив, 20 үйірме оқушылардың ізгілікті тәлім алуына шығармашылық мүмкіндігінің оянуына жұмыс жасайды.
«Қолөнер» техникалық үйірме мүшелері қалалық сүңгуір қайықтар байқауында 1 орын, автомоделдеу байқауында I орын иеленіп, облысқа жолдама алды. «Болашақ» би ансамблі қалалық жастар Дельфийлік ойындарынан I-II орын, «Жастолқын» хор ұжымы бас жүлде мен 1 орынды, «Домбыра- дастан» ансамблі I-II орынды, «Ең үздік суретші» номинациясы бойынша I орынды иеленді. 5-9 сынып оқушыларының арасында өткізілген «Ұлттық киім» бойынша жарнамада « Көрермен көзайымы» номинациясын жеңіп алды. «Адам. Қоғам. Құқық» атты байқауда III орын, мектеп омбудсмені Амангелдинов Аян «Омбудсмен мінбесінде» байқауында III орын иеленді. Жол қозғалысы жас инспекторларының қалалық сайысында 1, 2, 3 жүлделі орындар алып, Республикалық сайысқа қатысып, топ мүшелері дипломмен естелік төсбелгімен марапатталды.
Патриоттық тәрбие бойынша мектепте «Жасұлан» үйірмесі жұмыс істейді, үйірме жетекшісі Искаков Жақсылық Бүркітбайұлы оқушыларға үлкен талап қоюының арқасында қалалық, облыстық «Ту ұстаушылар» байқауында 1 орында, саптық қадаммен жүру, патриоттық әндер байқауы,
17 қазан- Гимназистер күні, Торайғыров оқулары, Торайғыров атындағы шәкірт ақы тағайындау салтанаты мектебіміздің дәстүрлі мерекесіне айналған. Ж.Б.Искаковтың тәжірибесі қала көлеміне таратылып, шәкірттерімен іс- шара барысындағы суреттері 2012 жылғы №1 Республикалық әскери-патриоттық педагогикалық- әдістемелік журналдың бетінде жарық көрді.
Тәрбиенің дидактикалық бір тұтас жүйесін бүгінгі талап- мүддеге ыңғайлап құру мақсатында алдымен оқушылардың қабылдау әдістері (перцептив), ұғымдары макро ұғымға түйістендіру амалы зерттеліп, деңгейліктерінің сапалық мәні айқындалды. Жұмыстың бұл түріне Н.П.Капустиннің әдісі бойынша қоғамға, адамға, өзіне, еңбек бағыттарына сүйене бағаланды.
Жіктемедегі берілген талаптармен зерттелгенде оқушылардың менменшіл сипатынан адамды сүю, қоғам мүддесін бірінші қою, еңбекке ұмтылыс басым екені аңғарылды.
Оқушылардың тәрбие деңгейінің көрсеткіші




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет