Материалдық-техникалық базаның жағдайы: Оқу үрдісінде ақпараттық және кітапханалық қамтамасыз ету



бет1/18
Дата06.02.2022
өлшемі262,31 Kb.
#81002
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Даму жоспары



Материалдық-техникалық базаның жағдайы:
Оқу үрдісінде ақпараттық және кітапханалық қамтамасыз ету

Мектеп кітапханасы оқу-тәрбие үрдісінде оқушылар мен педагогикалық ұжымның интеллектуалды деңгейін арттыруға үлес қосады. Оқу-тәрбие үрдісінде және үздіксіз оқу барысында оқушыларға ақпарат алуға, мұғалімдердің қажеттіліктеріне сәйкес ақпараттармен қамтамасыз етуге көмектеседі.


№22 гимназия мектебінде оқу –тәрбие үрдісінде 36 компьютер бар: компьютер класы 10+1, мультимедиалық кабинет 16+1, физика, химия, биология, бастауыш сынып, география, ағылшын тілі, қазақ тілі, кітапхана. Интербелсенді тақтасы (7 интербелсенді тақта) бар ИВТ, мультимедиялық кабинетте, география, ағылшын тілі, бастауыш сынып, қазақ тілі, математика кабинеттерде тек қана сабақтар ғана емес, сабақтан тыс іс-шаралар, тәрбие сынып сағаттары өтеді, ашық сабақтар, электронды оқулықтармен сабақтар өткізіліп тұрады. Жалпы мектепте әр компьютерге 23 оқушыдан келеді. Мектепте орташа жылдамдығы 1-3 мбит/с ADSL ғаламтор желісіне ИВТ, кітапхана, әдістемелік кабинет, бастауыш сынып, бухгалтерия, қабылдау бөлмесі, директор кабинеті, мультимедиялық кабинетінде қосылған. Пәндерді оқытудағы 281 пәндік электронды оқулықтар, компьютерлік сауаттылыққа 7-11 сыныптарға арналған « sim каз» , «sim рус» 5 диск мұға лімдердің электронды көрнекі құралдары қолданылады.
Мектеп кітапханасының кітап қоры – 18385 , оқулықтар қоры – 11476, оныңішінде қазақ тілінде16925, орыс тілінде 1460, оның ішінде балалар әдебиетінің қазақ тілінде 1321, орыс тілінде 332 ,көркем әдебиет – 6084
Кітапханада оқырмандар саны 708, оқырмандардың келіп-кетуі - 12881, кітаптың берілуі – 25089. 3 жыл ішінде 4655,9 мың тенгеге кітап қоры толықтырылды.
2009 - 2010 оқу жылына 355 көркем әдебиеттер келіп,кітап қоры толықтырылды, 2010- 2011 оқу жылында 473 көркем әдебиеттермен, 2011 -2012 оқу жылында 1145 көркем әдебиеттер алынып, кітап қоры толықтырылды. Мектеп кітапханасының мерзімдік басылымдарға жазылуы жылдан – жылға көбейіп келеді.2009- 2010 оқу жылымен салыстырғанда 40% өсті. Кітапханада оқырмандар саны көбейіп келеді. Жетім, аз қаржылы отбасы балалары , оқушылар оқулықпен толық қамтылған. Оқушыларды әдебиетпен қамтамасыз ету жыл сайын оқушыларға оқулықты ақысыз қайтарып беру бойынша жүзеге асады.
Кітаппен қамтамасыз ету 1 оқушыға 28 дана. Бұл көрсеткіш міндетті оқу әдебиетінің қоры 1 оқушыға деген басылымдар саны лицензиялық талаптарға сәйкес.
. Кітапхана ауданы 43,8 кв.м, барлық кітап қоры 18385 бір оқушыға 28 кітаптан келеді. Соңғы 3 жылда 5 интербелсенді тақта-6395,5 мың тенге, технология кабинеті 1500,0 мың тенге, асхана жабдықтары 550,0 мың тенге және асхана жиһазы 100,0 мың тенге, 2 компьютер – 297,4 мың тенге, 1 оқу автоматы 75,0 мың тенге, 407,0 тенгеге желдеткіш пен нан пісіретін шкаф , 228,0 мың тенгеге 1 оқушы жиһазы алынды. 2009 жылы «Жол картасы» бойынша 2710065 теңгеге орталық жылу жүйесін, ыстық су құбырларын күрделі жөндеуден өткізілді. Бюджеттен 150 мың теңге бөлініп, мектептің жалпы жөндеу жұмысына жұмсалды. 2009 жылы 650 мың теңгеге асхана жабдықталды. АӘД кабинетіне 2008-2009 оқу жылында 50 мың теңге бөлініп, кабинетке көрнекілік стенд жасалып ілінген. 2010-2011 оқу жылында 75000 теңге бөлініп осы кабинетке автоматттаралынды. Жаңа жобамен жабдықталған технология кабинеті іске қосылды. 1500000 теңгеге жабдықталды. Мәжіліс залына демеушілер 200 мың теңге ақша бөліп, 114 орындық күрделі жөндеуден өткізіліп қапталды.
Мектепте физика, биология, химия кабинеттерінің зертханалары бар. Кабинеттерде компьютер, видеопроектор, жаңа заманға лайықты құралдармен жабдықталған. «PASCO» құралы арқылы зертханалық жұмыстар жүргізіліп отырылады. Химия кабинетнің мұғалім үстеліне су тартылған, физика кабинетінде әр оқушының үстелінде электр құралдарын қосатын нүктелермен жабдықталған. 2009 жылы бұл пәндерге виртуалды зертханалар мен құралдар алынды. Кабинеттерде қауіпсіздік ережелері туралы стендтер, әр оқушының қауіпсіздік ережелерімен танысқандығы туралы тіркеу журналы жүргізілген. Мектептің 1 қабатында 16+1 компьютері, интербелсенді тақтасы бар мультимедиялық кабинет орналасқан. Кабинет интернет жүйесіне қосылған. Жалпы тамақпен 1-11 сынып арасында 545 ( 99 %) оқушы, 1-4 сынып аралығында 100 % қамтылған. Тегін тамақпен жаппай оқу қоры есебінен 40 оқушы қамтылған. Жыл сайын мұғалімдер тегін медициналық тексерістен өтеді.
Мектеп тіршілігіне қажетті қондырғылар жүйесі (жылу, электроэнергия мен қамтамасыз ету, су құбырының) жағдайы қанағаттанарлық.

Білім берудің сапасын көтерудің басты жағдайлары білім беру ұйымдарында қазіргі талаптарға сай материалдық-техникалық базаның болуы және олардың жаңашыл оқу құралдарымен жабдықталуы, сонымен қатар, жаңа нұсқадағы оқыту кабинеттері болуы қажет.


Білім сапасының артуы ең алдымен мектептің жаңа талаптарға сай материалдық-техникалық базасы маңызды шарттың бірі болып табылады.Мектеп ғимараты типтік, үш қабатты, мектеп санитарлық нормалар мен техника қауіпсіздігіннің нормалары талаптарына толықтай сәйкес келеді. Мектептегі барлық кабинеттер мен бөлмелердің жалпы ауданы 1072,5кв.м. Оқу кабинеттерінің саны-18, оның ішінде математика, география, орыс тілі, ағылшын тілі, тнформатика, мульмедиялық кабинет, биология, химия, физика, қазақ тілі-2, тарих,АӘД, еңбек-2, бастауыш сынып-4 аттестациядан өтіп құжаттандырылған. Мектепте 1 спорт алаңы, 1 спортзалы, 84 орындық асхана, 100 орындық мәжіліс залы, 1 шеберхана( метелл өндеу, ағаш өндеу), 3 компьютер класы, 2 мультимедиялық класс, 3 интерактивті тақта, биология кабинеті, химия, физика, медицинадан қызмет көрсету кабинеті, кітапхана, алғашқы әскери дайындық кабинеті бар. Мектепте медициналық кабинет және процедуралық кабинет бар,20090жылы 6000 теңгеге дәрілік өнімдер алынды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет