Мазмұны Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің үндеуі 2


«Қазақстанға баланы шетелдіктердің асырап алуы керек пе?»



бет11/19
Дата25.12.2016
өлшемі6,52 Mb.
#5253
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19

«Қазақстанға баланы шетелдіктердің асырап алуы керек пе?»

қоғамдық тыңдау
Шетелдіктердің бала асырап алу мәселелерімен айналысаты халықаралық ұйымдардың өкілдері сарапшы ретінде сөз сөйледі: Ирен Стефас – адвокат, бала асырап алу мәселесі жөніндегі сарапшы (АҚШ), Уильям Блаккуир – Бала асырап алу жөніндегі Халықаралық комитеттің Бала асырап алу жөніндегі Ұлттық Кеңесінің төрағасы және «Bethany» христиан қызметінің президенті, Марина Мэйхью – Халықаралық бала асырап алу жөніндегі достастықтың президенті, Ли ален – Бала асырап алу жөніндегі Ұлттық Кеңестің ынтымақтастық және саясат бөлімінің директоры (АҚШ).

Шетелдіктердің бала асырап алу мәселерін қарау құзыретіне жататын мемлекеттік органдар өкілдерінің көпшілігі нәрестені отбасына орналастыру мүмкіндіктерінің бірі ретінде шетелдіктердің бала асырап алуы туралы пікірді қолдады. Олардың қатарында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары, Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің өкілдері бар, осы органдардың шетелдіктердің бала асырап алуын қолдап отырған ұстанымындағы негізгі аргументі Баланың құқықтары туралы конвенцияда жария етілген баланы отбасына құқығын іске асыру мүмкіндігі болып табылады.

Шетелдіктердің бала асырап алуын қатысушылардың ішінде қолдамағандар да болды. Олар: ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары А.А.Айталы және Р.М.Шаекин, Қостанай облыстық сотының судьялары, бірқатар үкіметтік емес сектордың, атап айтқанда «Көпбалалы аналардың Ақмола одағы» АҚ, Астана қаласындағы «Қазақ соқырлар қоғамы» АҚ филиалының қалалық басқармасының; Астана қаласындағы мүгедектердің ерікті қоғамдары қауымдастығының өкілдері. Осы ұстанымды жақтаушылардың негізгі аргументі жетім баланы отбасында рухани дамуының қажеттігі және тек Қазақстанда ғана асырап алуға беру мүмкіндігі болып табылады.

Қоғамдық тыңдаулардың қорытындысы бойынша Парламентке, Үкіметке және Қазақстан Республикасының басқа да уәкілетті мемлекеттік органдарына ұсынымдар қабылданды. Аталған ұсынымдар бұқаралық ақпарат құралдарының басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарық көрді.

ҚР Жоғарғы Соты шетелдіктердің бала асырап алуы туралы істі сотта қарау тәжірибесін қорытты. Қорытындының нәтижелері уәкілетті органдардың заңнамалық актілердің талаптарын сақтай бермейтінін көрсетті.

2005 жылы республиканың аудандық соттарына Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуы туралы шетел азаматтарынан 748 өтініш келіп түскен. Оның ішінде шешім шығарылған 714 өтініш қаралған, атап айтқанда 713 өтініш қанағатандырылған, 1-еуіне бас тартылған. Сотта осындай істер көп қаралған облыстар: Қарағанды облысы – 141, Қостанай – 79, Алматы қаласы – 77, Шығыс Қазақстан – 73, Алматы – 61, Батыс Қазақстан облыстары – 57, Астана қаласы – 47.

2006 жылы республиканың аудандық соттарына Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуы туралы шетел азаматтарынан 710 өтініш келіп түскен. Оның ішінде шешім шығарылған 685 өтініш қаралып, қанағаттандырылған.

Ұлттық заңнаманың нормаларын қолдану кезінде бұзушылықтарға жол берілген. Мәселен, ұсынылған құжаттар тиісті түрде тексерілместен, көптеген бұзушылықтарымен бірге ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті арқылы қорғаншылық және қаморшылық органдарына жіберілген. Бірқатар іс материалдарында асырап алушылардың қабылдап алынған баланы отбасында күтіп-бағу және тәрбиелеу міндеттерін орындауға кедергі келтіруі мүмкін ауруларының жоқтығы туралы дәрігердің хатын білдіретін шетмемлекеттік медициналық қорытындылары кездеседі. Мұндай құжаттар, ҚР Жоғарғы сотының пікірінше, халықаралық бала асырап алуға үміткер бала асырап алушының денсаулық жағдайын растай алмайды. ҚР Жоғарғы Соты бала асырап алушылардың денсаулығы туралы мәліметтердің шынайы болуы мақсатында олардың медициналық куәландырылуын табылған жағдайда Баланы асырап алуға болмайтын аурулардың тізбесіне сәйкес белгілеп жүргізу керектігін, оны республиканың аумағында қамқоршылыққа (қорғаншылыққа), патронатқа қабылдауды ұсынады.

Бұдан басқа, бала асырап алушылардың соттылығының болуы туралы анықтамада тексеру тек бір округтің немесе штаттың есебі бойынша жүргізілгендігі көрсетілген. Олардың кейбірінде осы тексерулердің басқа штатардың кримналдық есептер бойынша соттылығының жоқтығына кепілдік бермейтіні көрсетіледі.

ҚР Жоғарғы Сотының тапсырмасы бойынша облыстық соттар заңдылықты бұзу фактілерін анықтау және оларға жол бермеу мақсатында сот тәжірибесін жинақтап отырады. 2006 жылғы 25 желтоқсанда «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының «Соттардың бала асырап алу туралы iстердi қарау кезiнде неке және отбасы туралы заңнаманы қолдануының кейбiр мәселелерi туралы» 2000 жылғы 22 желтоқсандағы


№ 17 қаулысына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы қабылданды.

Сонымен бірге сот билігі міндеттеріндегі ерекшеліктердің бірі ретінде дауларды шешу болып табылатының ескере отырып, ҚР Жоғарғы Соты халықаралық бала асырап алу мәселелерін шешуді уәкілетті органның шешімдеріне, әрекеттеріне (немесе әрекетсіздіктеріне) сотта шағым жасау мүмкіндігін көздей отырып, осы уәкілетті органға (қамқоршылық және қорғаншылық органдарына, Білім министрлігінің Комитетіне) берген дұрыс деп пайымдайды. Осылайша, ҚР Жоғарғы Сотының пікірінше, мемлекеттік халықаралық бала асырап алу жөніндегі уәкілетті органының жауапкершілігі де арта түседі.

Халықаралық бала асырап алу мәселелерін талқылау ЮНИСЕФ және «Халықаралық Әлеуметтік Қызмет» ҮЕҰ (бұдан әрі – ХӘҚ) өкілдері мен мемлекеттік органдардың, соның ішінде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің кездесуі аясында (22-24.10.07) жалғасты.

Аталған халықаралық үкіметтік емес ұйым ЮНИСЕФ-тің тапсырысы бойынша есеп жасау үшін Ресей, Молдова, Украина, Қазақстан және Қырғызстан сияқты елдерден бала асырап алу жөнінде ақпарат жинаумен айналысады. Осы есепке халықаралық бала асырап алудың ағымдағы ахуалы, процестің даму беталыстары туралы деректер, кездесетін проблемалар мен олардың шешудің мүмкін жолдары туралы ақпарат қамтылады.

Осы ұйымның сарапшылары халықаралық бала асырап алу саласындағы әлемдік беталыстарға қысқаша сипаттама беріп өтті.

ХӘҚ-тің зерттеулеріне сәйкес шетелдік бала асырап алуға қатысатын елдер - Канада, Дания, Франция, Италия, Нидерланды, Норвегия, Испания, Швеция мен АҚШ. 2006 жылғы статистикаға сәйкес осы тізімнің бастап тұрғандар: АҚШ – 20 679 бала, Испания – 4 472, Франция – 3 977, Италия – 3 188 және Канада – 1 535. Аталған елдерде балардың асырап алудың ең көп саны 2004 жылы – 41 510 бала болған, ал 2006 жылы 36 442 бала асырап алынған.

Әлеуетті шетелдік бала асырап алушылар жаңа туған сәбилер мен 2 жасқа дейінгі балаларды асырап алғысы келеді.

ХӘҚ сарапшылары атап өткендей, халықаралық бала асырап саласында бала асырап алу жөніндегі агенттіктердің қызметінің заңдылығына, асырап алынған балалардың құқықтарының іске асырылуын бақылауға, сондай-ақ олардың мүмкіндігінше қорғауға қатысты көптеген елдерде бірқатар проблемалар баршылық.

Көптеген елдер 1993 жылы Гаагада қабылданған Шетелдік бала асырап алу саласында балаларды қорғау және ынтымақтастық туралы халықаралық конвенцияның қатысушылары болды. Осы құжатты ратификацияламаған елдердің ішінде Ресей, Украина, Қазақстан, Эфиопия бар.

Соңғы жылдары Қазақстанда Гаага конвенциясын ратификациялау мүмкіндігі талқылануда. Қазіргі кезде ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің жанынан осы халықаралық құжатты ратификациялау туралы заң жобасын талқылау жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Бұдан басқа, 2007 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне ҚР Әділет министрлігі әзірлеген және халықаралық бала асырап алу мәселелерін реттейтін нормалар қамтылған «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің жобасы енгізіледі.



Баланың қорғалуға құқығы Баланың құқықтары туралы конвенцияға сәйкес баланың мүддесін маңызды түрде қамтамасыз ету болып табылады. Практика көрсеткендей, ең тиімдісі балаларға бағдарланған қорғау жүйесі, яғни ювеналды әділет жүйесі болып табылатынын көрсетті.

БҰҰ Баланың құқықтары жөніндегі комитет өзінің Қорытынды ескертуерінде Қазақстанға Баланың құқықтары туралы конвенцияның нормаларына, БҰҰ-ның кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін атқару саласындағы стандарттарға (Пекин ережелері), Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстылықтың жолын кесуге арналған БҰҰ-ның басқару қағидаттарына (Эр-Рияд басқару қағидаттары), Бас бостандығынан айырылған кәмелетке толмаған балаларды қорғауға қатысты БҰҰ ережесіне (Гаван ережелері), Қылмыстық сот төрелігі жүйесінде балалардың мүддесіндегі іс-әрекеттерге қатысты басқару қағидаттарына (Вена басқару қағидаттары), сондай-ақ БҰҰ Комитеті жалпы тәртіппен қабылдаған Кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін атқару шеңберінде баланың құқықтары туралы № 10 ескертуде (CRC/C/GC/10) қамтылған ұсынымдарға сәйкес балаларды қорғау жүйесінің жедел шараларын қабылдауды бірнеше мәрте ұсынды. Бұдан басқа, БҰҰ Баланың құқықтары жөніндегі комитеттің Қорытынды ескертулерінде бүкіл ел бойынша соттарды қосқанда, ювеналды жүйенің баламалы жүйесін құру қажеттігі туралы ұсыным қамтылған.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 23 тамыздағы Жарлығымен Астана және Алматы қалаларында екі ювеналды сот құрылды. Осы факт баланың құқықтарын қамтамасыз ету тұрғысында оң жағынан қарастырылуда. Алайда құрылған ювеналды соттар басқа өңірдің заңымен тартысқа түскен барлық балаларды қамтымайды.

Қылмыстық-атқару жүйесі мен ішкі істер мекемелеріндегі балалардың құқықтарының сақталу миониторингісі шеңберінде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасы ЕЦ-166/23 тергеу изоляторын және Алматы облысы мен Астана қаласындағы Ішкі істер департаментінің Кәмелетке толмағандарды уақытшы оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарын аралады. ЕЦ-166/23 Тергеу изоляторын толықтыру лимиті – 515 адам, аралаған сәтте 337 адам болған, оның 14-і кәмелетке толмаған балалар.

Мекемені аралау барысында Уәкіл ондағы әйелдер мен кәмелетке толмағандардың ұсталу жағдайына ерекше мән берді.

Түрмедегілермен қарым-қатынас жасаудың ең төменгі стандарттық ережелерінің 8-тармағына сәйкес сотталғандар мен тергеуде жүргендердің әр түрлі санаттары олардың жасы, жынысы, алдыңғы сотталуы, оларды қамаудың заңдық себептері мен оларға ұйғарылған қарым-қатынас ескеріліп, бөлек ұсталады.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кәмелетке толмаған адамдар мен әйелдер жатқан камераларды аралады, олармен әңгімелесіп, тергеуде жатқандардың ұсталу жағдайларын сұрастырды.

Уәкілдің сұрақтарына қамаудағылар түрмедегі жағдайдың қанағаттандыратынын, тамақ пен медициналық қызмет көрсетудің сапасына шағымдары жоқтығын айтып, жауап берді. Кәмелетке толмағандар мекемеде болған кезеңде олармен педагогтар мектеп бағдарламасы бойынша сабақ өткізеді.

БҰҰ Баланың құқықтары жөніндегі комитет аталған Қорытынды ескертулерінде бас бостандығынан айыруды тек амалсыз болғанда ғана пайдалануды және оны пайдалануға мәжбүр еткенле, баланың ең жақсы мүдделерін ескеріп, оны қолдану туралы мәселені үнемі қайта қарастырып отыруды ұсынады. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл КТУОБО-ға ұқсас жабық мекемелерге балаларды орналастырудың заңдылығы туралы мәселені бірнеше мәрте көтерді, алайда қазіргі кезге дейін осы мәселе өзінің оң шешімін таппады.



Талдықорған қаласындағы КТУОБО-ны аралау қорытындысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл құқық бұзушылық жасаған балаларды жоғалған, тастанды және үйсіз-күйсіз жүрген балалардан бөлек ұстау мәселерін құқықтық тұрғыда шешу, сондай-ақ КТУОБО-ны азаматтық органдарға беру қажеттігіне ҚР Үкіметінің назарын аударды.



Каталог: publish -> docs -> files
publish -> Постановление Правления 2012 жылғы 24 тамыз №261 Алматы қ. г. Алматы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерін лауазымға
publish -> Дәуренбек МӘжитов, Ұлттық банктің қолма-қол ақшамен жұмыс жасау департаменті директоры: Қажет болса, теңгедегі орысша жазуды алып тастау қолымызда тұр
publish -> ЖАҢА Әлемдегі жаңА Қазақстан елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
publish -> Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының
files -> Бюллетень зарегистриро-ванв Министерстве культуры, информации и спорта Рес-публики Казахстан
publish -> Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
publish -> Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының 2010 жылғы 30 желтоқсандағы №001. 01-39. 144 бұйрығымен бекітілген


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет