Мазмұны бөлім. Полигонның құрылу барысы бөлім



бет1/2
Дата06.02.2022
өлшемі28,71 Kb.
#81212
түріРеферат
  1   2
Байланысты:
Семей полигоны

Реферат

Тақырыбы: Семей полигоны және оның зардаптары

Орындаған: Сағынғазы Ақбота


ТИКиЛП 19-14


Мазмұны
1 бөлім. Полигонның құрылу барысы

2 бөлім. Жарылыстар кезеңі

3 бөлім. Полигон қасіреті

1 – бөлім


Полигонның құрылу барысы
Радиоактивтік, атом және оның ядросының құрылымы сияқты аса ірі жаңалықтармен қатар, өткен жүзжылдықтың аяғында басталған жаратылыстану ғылымдағы жаңа кезең, табиғат туралы ескі көзқарасты түбірімен өзгертті.
Ол адамзатты дамудың жаңа сатысына көтерді, сонымен бірге оның табиғат және жалпы адамзат байлықтары алдындағы жауапкершілігін де көтерді.
Енді жаңа проблема – бізді қоршаған ортаның радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі тұрды: ядролық реакция энергиясының әсерінен тірі клеткалардың ыдырайтындығы сол кезің өзінде-ақ белгілі болған. Енді өмірдің өзін және ол тіршілік ететін ортаны қорғау секілді аса үлкен жауапкершілік пайда болды. Соған қарамастан атом энергиясын зерттеу және пайдалану тәрізді жаңа басталған процесс тоқталмас арнаға түсті.
Маршал Г.К.Жуков өзінің естеліктерінде былай деп жазады: «Қай күн екені дәл есімде жоқ, 1945 жылы Потсдам конференциясының барысында үкімет басшылары мәжілістерінің бірінен соң президент Г.Трумэн И.В.Сталинге АҚШ-та ғаламат күшті бомба бар деп хабарладым, бірақ атом бомбасы демеді.
Сол сәтте У.Черчилль қайтер дегендей, И.В.Сталиннің бетіне қадала қалды. Бірақ анау Г.Трумэннің сөздерінен ештеңе таппаған адамша, ішкі сезімін білдірген жоқ. Кейін Черчилль, көптеген басқа да ағылшын-американ қайраткерлері секілді, И.В.Сталин айтылған хабардың мәнін түсінбеген болуы керек деп тұжырымдады».
Іс жүзінде 1943 жылдың өзінде, неміс коммунист-физигі К.Фукстың АҚШ-та үлкен жұмыс жүргізіліп жатқандығы жөніндегі хабарламасынан кейін-ақ, ССРО үкіметі И.В.Курчатовқа бірінші атом ғылыми орталығы мен атом проблемасына байланысты барлық жұмысқа басшылық жаауды тапсырған болатын.
Мәселе тек кімнің алда, кімнің кейін келе жатқандығында еді. Ғылыми «милардың» Европадан Америкаға ауып кетуінің нәтижесінде, екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында АҚШ әлдеқайда алда келе жатты. Әлем тарихында бірінші ядролық қаруды сынауды Америка Құрама Штаттары 1946 жылдың 16 шілдесі күні Нью-Мексико штатында өткізді. Үш аптадан соң, 6 тамызда, жапонның Хиросима қаласына 20 мың тонна тротилға тең сұрапыл қиратқыш күші бар атом бомбасы тасталды. Прогрессивтік адамзат американ әскерлерінің қылығына жағаларын ұстатты.
Бірақ адамзат Хиросима қасіретінен кейін Семей қасіреті алыс екенін білген жоқ.
Ұлы Отан соғысы аяқталысымен, соғыта қираған халық шаруашылығын қалпына келтіруді күтпестен, еліміздің басшылығы өте қысқа мерзім ішінде атом проблемасын шешпек болды да,сол арқылы АҚШ-ты атом қаруына жекедаралықтан айырды.
Тиісті жобалау және өндірістік ұйымдар мен ведомстволарға орасан мүмкіндіктері бар американ ғалымдары бес жылдан астам уақыт ішінде атқарған істі бір жарым жылда аяқтауды міндетейтін үкімет қаулысы қабылданды.
1946 жылдың басында ССРО Министрлер Советінің жанынан тиісті Бас басқармалар құрылды, олардың міндеттеріне уран кендерін іздеп табу, өндіру, өңдеу, бөлінетін материалдардың технологиясы мен өндірісін, сондай-ақ атом бомбасының конструкциясын жасау жұмыстары кірді. Бұл Главкаларға басшылықты И.Сталиннің өзі жүзеге асырды.
Жоспарлы шаруашылық және сол кезеңдегі мемлекетті өркендетудің басты бағыттарында орасан зор материалдық және адам күші ресурстарын шоғырландыру, соғыс кезіндегі қиын жылдарда да, соғыстан кейінгі жылдарда да жаңа атом индустриясын жедел құруға мүмкіндік берді.
Атом индустриясын жасауда аса дарынды физиктер, конструкторлар және тамаша ұйымдастырушылар таңертеңнен түн жарымына дейін еңбек етті. Бұған, бір жағынан, Отанға деген сүйіспеншілік, шынайы патриотизм және, екінші жағынан өз ақылың мен дарыныңды көрсетуге деген табиғи ұмтылыс итермеледі. Нақ осындай мемлекеттік және жеке бас мүдделерінің үндестігінен, дәуір мен елге қарамастан жалпы адамдық байлықтар құралды.
1946 жылдың 25 желтоқсанында ССРО мен Европада тұңғыш рет И.В.Курчатов өз көмекшілерімен бірге бірінші реакторда уран бөлінуінің бағыттағыш тізбекті реакциясын жүзеге асырды.
1947 жылдың 21 тамызынды ССРО үкіметі өзінің арнайы қаулысымен атом ғылыми-зерттеу полигонын құру туралы шешім қабылдады, оған «№2 жаттығу полигоны» деген шартты ат берілді.
Полигон құруға басшылықты ССРО Қарулы Күштері Бас штабының арнайы бөлімі жүзеге асырды. Полигонның барлық қызметті бағыттап отыруды және тікелей басшылықты И.В.Курчатов қолға алды.
И.В.Курчатовқа және басқаларға полигон құрылысы үшін диаметрі шамамен 200 километрдей болатын жер таңдау тапсырылды. Келешек полигон темір жол мен жұмыс істеп тұрған аэродромнан 200 километрден алыс болмауға және автомобиль көлігіне қолайлы жерде орналасуы керек еді.
Көзімен көргендердің сөзіне қарағанда талай жерлер зерттелсе керек. Содан Семей қаласына жақын жердегі қазақ даласына тоқталыпты: шексіз жазықтық, ол кезде халық аз қоныстанған, орталықтан аулақ және сонымен бірге қасында суы мол Ертіс, теміржол мен автомобиль жолдары, аэропорт. Осындай және басқа да факторлар ядролық сынақ полигонын салуға ыңғайлы болып шықты.
Оны салуға арналған алаңның өзі диаметрі шамамен 30 километрдей келетін, оңтүстігінен, батысынан және солтүстігінен аласа таулар қоршаған жазықтық-сынақшылардың ойынша тамаша жер, сынақтар жүргізуге өте ыңғайлы жағдай жасау үшін табиғаттың өзі дайындап қойған сияқты.
Қырқыншы жылдардың аяғында Сарыарқаның төрінде халық үшін жұмбақ объектінің құрылысы басталды.
Бұл ежелден адамға денсаулық пен қуаныш сыйлап келген, дала шөбінің жұпар иісті ауасын жұтып, тап-таза бұлақ суы мен дертке ем қымызын ішіп, дала әуендерін тыңдап, денсаулығын түзеуге сонау Ресейден ата-бабаларымыздың достары ат басын тіреп жататын қазақ сахарасының тағдырындағы шұғыл бетбұрыс еді.
Сарыарқаны қазақтар ықылым заманнан бері қоныстанып келеді жазда жайлауға көшсе, қыста қыстауға көшеді. Мал шаруашылығы жылдар бойы асырап та, киіндіріп те келеді. Уақыт оза келе, колхоздар ұйымдастырылған кезде, дала келбеті өзгере бастады, жаңа селолар, жолдар, көп жерлерде электр қуаты мен байланыс желілері, осы заманның басқа да белгілері пайда болды. Енді міне кенет жұмбақ объектінің құрылысы қарқынды жүргізіле бастады.
Бұл кезде Орал қалаларының бірінде ғалымдардың үлкен тобы ядро зарядын зор қарқынмен жасап жатқан. 1946 жылдың маусымында-ақ Ю.Харитон бірінші атом бомбасының конструкциясын Министрлер советінің бекітуіне ұсынған болатын. Алайда Сталин қол қойған үкімет қаулыларында плутон нұсқасына 1948 жылдың басында және уран нұсқасына-1948 жылдың ортасынан кешіктірмей сынақ өткізу керек деп белгіленген атом бомбасын жасау мерзімдері асығыстық болып шықты. Бірақ бірінші сынаққа дайындық жұмыстарының қарқынды жүргізілгені сонша, 1949 жылдың 6 шілдесінде ол дайын болды.
Шілденің аяғында мемлекеттік комиссия полигон объектілерін құрылысшылардан қабылдап алды және аппаратуралық комплекстер мен барлық жұмыстардың сынаққа дайын тұрғанын анықтады.
Полигонның тұтастай алғанда дайын екендігі үкіметке баяндалды және сынақ өтуге «мақұл» деген рұқсат алынды.
Шілденің орта кезінде-ақ Семей қаласы, Жаңа Семей стансасы адресіне Оралдан арнайы құрастырылған теміржол эшэлондарымен барлық қажетті жабдықтар жеткізілген болатын, ал тамыздың басында самолеттермен ядролық зарядтың өз бөлшектері мен тетіктері жеткізілді.
Жабдықтармен және зарядтың өзімен қоса Оралдан Семейге бірінші атом бомбасын жасаушылардың үлкен тобы келді.
Полигонды салу және сынақтар өткізуге байланысты жұмыстардың бәрі аса қатаң және құпия жағдайда орындалды. Осы мақсат үшін әскери инженерлік бөлімшелердің мерзімдік қызметіндегі офицерлері мен солдаттары іссапармен келіп жатты. Әскери емес ерікті құрам болған жоқ. Әрбір жұмыс тобы тек өз жұмыстарын ғана білді және бір-бірлерімен мүлдем қатыстырылмады.
Полигоннан құрылыс бөлімшелері кеткеннен кейін, алаңдардың бәрі Мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі әскерінің күзетіне алынды. Әр топқа бөлінген жерлерде және өте шектеулі ортада болмаса, қызметшілердің жөмыс орнында сөйлесуге тыйым салынды. Автокөлік жүргізушілерімен қандайда бір қатынас жасауға тыйым салынды олардан ештеңе сұрамайсың, оларға ештеңе айтпайсың.
Полигондағы тәртіп қызметін 1953 жылы Беринмен қоса атылған генерал-лейтенант П.Я.Мешик басқарды.
ССРО-да бірінші атом бомбасын жасаушылардың бірі өз естеліктерінде бұл адам туралы былай жазады «Рас, онымен біздің пәлендей жұмысымыз болған жоқ, бірақ оның шамалы уақыт бір жерге барып келген өз шоферін қыспаққа алғанын көзіміз көрді. Ол әлгі шофердің тұмсығына пистолет тіреп: «Сен қайда жоғалып кеттің малғұн?» деп сұрады. Анау бірдеңе дей бергенде балағаттаған айқай естілді: «Өшір үніңді әйтпесе басыңнан атып салам...!»

2-бөлім



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет