Мазмұны: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім


ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы ақын-жыраулар



бет3/17
Дата07.02.2022
өлшемі174,5 Kb.
#96037
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
000745ca-e5a1c15c
философия 5, макроэкономика 5, макроэкономика 9, 7 класс 39 сабак литература, osh sor geometrija emn 10-klass kaz
ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы ақын-жыраулар: Асанқайғы (ХҮ ғасыр), Қазтуған жырау (ХҮ ғасыр), Доспамбет жырау (1490-1523 жылдар), Шалкиіз жырау (1465-1560), Жиембет жырау (ХҮІІ ғасыр), Марқасқа жырау (ХҮІІ ғасыр), Ақтамбет жырау (1675-1768 жылдар).
Ұлы ғұламалар еңбектерінің қайсысы болсын имандылық, инабаттылық, адамдық қасиет қалыптастыру мақсатын көздеген.
Аса көрнекті ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсарин «Мұсылмандық тұтқасы» кітабында діннің аяттарындағы адамгершілік, имандылық, қайырымдылық, мейірімділік қағидаларын түсіндіреді.
Ұлы педагог: “Адамның не нәрсеге болса да берік сенімі жүректен терең орын алмаса, ол әсерлік, тәрбиелік нәтиже бермейді” деген тұжырым жасайды.
Иман” араб тілінде - сенім деген ұғымды білдіреді. Имандылық Алланың ақ екендігіне, ал Мұхаммед пайғамбарымыз ұсынған парыздарды мүлтіксіз орындауға, яғни адамгершіліктің биік мақсаттарын сөзсіз атқаруға үндейді.
Халық адамгершілігі жоғары кісіні «иманды» деп құрметтейді, адамгершілік қалыпты бұзған адамды «имансыз» деп жек көреді. Адамгершілігі, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі, иман жүзділігі жарқын,биязы, парасатты болады. Ондай адамды халық «Иманжүзді кісі» деп бағалайды. Ұрпақтарымызды имандылыққа баулу үшін олардың ар-ұятын оятып, намысын қорғап, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілділік, көпшілдік, қамқорлық, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді олардың бойына сіңіру - әрбір отбасының, балалар бақшасы мен мектептің ұлттық парызы. Баланы үлкендерді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, яғни иманды болуға, адамгершілікке, әдептілікке баулу - адамгершілік тәрбиесінің тарихи жемісі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Сындарлы он жыл» еңбегінде «Бүгінгі күнгі жекелеген елдердегі діни сана-сезімнің өсуі кездейсоқ құбылыс емес. Дін ұлттық және мәдени бірліктілікті сақтаудың негізіне айналып отыр», - дейді (5).
Сөйтіп, ислам дінінің қоғам дамуы барысындағы рөліне тоқталатын болсақ тарихтағы кейбір оқиғалардың алдың - алуына, халықтың басына түскен және білуіне себепші болды. Ислам діні имандылыққа жетелейді, имандылық деген ұғымда үлкен мән, мағына бар. Имандылыққа – адамның ар-ұжданы, тазалығы адамгершілігі, әдептілігі жатады.
Ислам – тек біржақты уағыз емес, жан-жақты ғылым саласының көзін ашатын басты арна.
Абай айтқан «толық адам» болу үшін не істеу керек деген сауалға да нақты шарттар қойылған. Ол кемелдік кілті қалай іске асады? Себебі «өзіндік ақыл-ес, сана-сезім, түйсігімен дараланатын адам баласының бұл өмірге келуіндегі ең әуелгі міндет әлем жаратылысындағы осындай сырды түсініп, өзін қадірлі етіп жаратқан Жаратушысын танып, Оның құдіреттілігі мен ұлылығының алдында бас иіп, өзінің әлжуаздығы мен дәрменсіздігін сезініп, құлшылық ету». Аллаһ тағала осы жолды көрсетіп адамның үлгілі өмір сүре алатынын іске асырып кеткен Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) әрине «күллі әлемге тек рахым етіп қана жіберілді». Оның нұрлы жолы - адамзат үшін өнеге. [3]
Ислам дінінің негізін қалаушы ұлы пайғамбар Мұхаммет жаңаша күнтізбекпен алғанда 569 жылы, сәуір айында, Меккеде дүниеге келген. Ол әрі батыр, әрі атақты Құрейіш тайпасынан шыққан. Бұл тайпаның негізгі екі бұтағы бар, яғни үлкен-үлкен, ағайынды екі рудан тұрған. Біріншісі – Хашим, екіншісі – Әбді-шамис. Мұхамметтің арғы атасы Хашим Меккенің ұлы жарылқаушысы болыпты.
Аллаһ тағала бізді өзінің сән-салтанатты, таңғажайып сарайын тамашаласын деп бұл әлемге құтты қонақ қылды. Өмір сүруімізге барлық оңтайлы жағдай жасап, жерді жайлы бесіктей тербетті. Жер шарынан мыңдаған есе үлкен күнді жарық пен жылудың көзі етіп, жан-жануар мен өсімдіктерді құлдарының қызметіне бағындырып берді. Егер адам баласы бір жұтым суды немесе бір дәнді қолдан жасар болса, ол үшін жүздеген фабрика мен зауыттарды салуы керек, бірі оттегін, енді бірі сутегін, бірі жылу мен жарықты шығарса, бірі топырақты өңдеп, осылайша бір жұтым су яки бір ғана дән бізге өлшеусіз шығын арқылы келген болар еді. Оның үстіне мұрың бір де біреуін адам баласы табиғи жаратылғандай етіп жрсай алмайды. Жомарт Жаратушымыз осының бәрін біздің игілігімізге ақысыз берген болса, енді мұның бәрін кездейсоқтық деу ақылға қонымды ма? Ғаламдағы сансыз құбылыстарды зерттеп, терең танып білген ғалымдар тым жіңішке жолмен жігі жатқызылған жүйеге таңғала отырып, ұлы Жаратушының хас шеберлігіне бас иіп мойынсына білді.
Батыстық зерттеуші Джон Клин галактика жайлы зерттеулерін жүргізу барысында оның орасан кеңдігіне таңданады. Бірқатар ізденістің нәтижесінде ғалым ең кішкентай бөлшек болып табылатын атомның алып күн жүйесіне өте ұқсас екендігіне қатысты төмендегідей тұжырымдар айтқан.
«Атомдар да аспандағы жұлдыздар сияқты бір ядро айналасында жүйелі схемаға сай айналады. Айналатын – электрондар. «Атом» деп айдар таққан ең кішкентай бөлшектен, «галактика» деген ең алып жаратылысқа дейінгі біздің айналамыздағы барлық нәрсе белгілі бір жоба бойынша өз осьтерінен айналады. Бұл көріністің кездейсоқ болуы мүмкін бе? Кеңістіктегі қозғалыстар барысында сан мыңдаған денелердің кенеттен өз осьтерін осындай жүйелі түрде айнала бастауын кездейсоқтыққа тели ааламыз ба? Өз басым бұған сене алмаймын. Өйткені, бұл жерде белгілі бір тәртіп пен жүйе бар. Галактиканың ұшан-теңіз кеңдігі маған Ұлы Құдіреттің бар екенін дәлелдейді. Ендеше мұның барлығын уысында ұстап, басқарып, белгілі бір жүйемен жүргізуші «Ұлы күш» міндетті түрде бар».
Ғалым Айферн Уильям: «Шебер Жаратушының бар екеніне сенемін. Өйткені, Оның қасиетті болмысы ғана көз алдымыздағы түпсіз әлемнің жалғыз қисынды түсіндірушісі бола алады», - десе Уайн Эйлет: «Әлемнің жаратылысы жайындағы теориялар оның жаратылуын түсіндіруге шамасы келмейді. Мұндай сұрақ адамдарды кездейсоқтыққа апарып тірейді. Алайда, Аллаһ тағаланың бар екендігін дәлелдейтін сансыз пікірлер кездейсоқтық тұжырымынан әлдеқайда қисынды. Өйткені, әлемдегі теңдессіз тәртіп пен жүйе – Шебер құрушысының бар екендігіне дәлел. Ой-санадан мақұрым кездейсоқтықтың нәтижесі емес», - дейді. [8]
Аты әлемге Әйгілі физик Ньютонның басынан кешкен мына бір жайтты да осы тұста айта кеткен жөн.
Ғалым Күн жүйесіне ұқсас бір бөлмелік аппарат жасаған. Бұл аппараттың ерекшілігі сол – тетігін басқанда бөлмедегі күллі планета атаулы есепті жылдамдықпен өз осьі мен Күнді айнала бастайды.
Бірде Аллаһ тағала туралы түсінігі жоқ жақын досы үйіне келіп, таңданысын жасыра алмай:
- Неткен керемет! Бұл аппаратты жасаған кім? – деп сұрайды. Ньютон сыр алдырмай:
- Өздігінен пайда болған да, Әйтпесе ешкім де жасаған жоқ, - деп жауап береді.
Әсте сен менің не дегенімді түсінбеген боларсың, - деп досы сұрағын қайта қояды. Сонда оған титімдей ой салмақ болған Ньютон:
- Әрине, түсіндім. Дегенмен, бұл аппарат өз-өзінен кенеттен пайда болды. Сөйтті де эволюция (сатылай даму) жолымен осындай дәрежеге жетті, - деп жауап береді әлі де сыр алдырмаған қалпы.
- Мұндай сандыраққа сенетін мені кім деп ойлап тұрсың? – деп, әлгі ашуға мінеді. Сонда дәл осы сәтті күтіп тұрған Ньютон досының иығына қолын салып:
- Көз алдыңдағы бұл аппарат – заңдылықтары өзіңе де теңдессіз күн жүйесінің қарапайым ғана макеті.
Сен енді көз алдымыздағы бұл макеттің де әйтеуір бір жасаушысы болуы қажет екенін талассыз қабылдап тұрсың. Ендеше, бұдан сан есе үлкен ғажайып күн жүйесінің де бір екенін қалайша түсінбейсің? – деп, досына үлкен ғибрат ұқтырумен қатар, көкірегіне иман ұшқынын да ұялатқан екен.
Аллаһ тағала әлемді өз болмысын көрсететін бір айна іспетті жаратқан. Өйткені, күллі жаратылыс, барша тіршілік – Оның бар екендігіне дәлел. Әлем кездейсоқ үлкен бір жарылыстың нәтижесінде пайда болып, ақыл-естен мақұрым аспан денелері өздігінен бір жерге түйісіп, ақылдаса келе осындай жүйені құрды деу шындыққа мүлдем жанаспайды. Кездейсоқ болған нәрселерден темірдей тәртіп пен таңғажайып жүйені көру әсте мүмкін емес.
Ғаламззаттағы тау, тас, жер, топырақ, күн, ай, жан-жануар, өсімдік, жәндік атаулының барлығының да тек адамзат игілігі үшін жаратылғандығы - оның аса бір ардақты жаратылыс екендігінің дәлелі. Ендеше, өзіндік ақыл-ес, сана-сезім, түйсігімен дараланатын адам баласының бұл өмірге келуіндегі ең әуелгі міндеті - әлем жаратылысындағы осынау терең сырды түсініп, өзін қадірлі етіп жаратқан Жаратушысын тану. Оның құдіреттілігі мен ұлылығының алдында бас иіп, өзінің әлжуаздығы мен дәрменсіздігін сезініп, құлшылық ету.
Пайғамбарымыздың ұлылығына тек мұсылмандар ғана емес, ар-ожданы таза батыстық ғалымдар да бас иіп, ерекше қасиеттерін еріксіз мойындаған. Бисмарк сияқты даңқты қолбасшы: «Ей Мұхаммед! Сенің ғасырыңда тумағаныма қатты өкінемін... Адамзат Сен сияқты ерекше тұлғаны бір – ақ рет көрді, бұдан кейін көре алмайды. Сенің алдыңда құрметпен бас иемін», - дейді. Сондай көптеген тұлғалардың тізімін жалғастыра беруге болады. Шын мәнінде хазірет Мұхаммедтің өмірімен танысып, Оның адамзат тарихындағы жүрек пен санада жүзеге асырған теңдессіз істерін ақыл елегіне салып, зерделеп көрген адам, Оның Хақ тағала тарапынан адамзатты қараңғылық түнегінен шығару үшін арнайы жіберілген пайғамбар екенін мойындар еді...
Уақыт өткен сайын тарихта өмір сүрген мемлекет басшылары мен қоғам қайраткерлері естеліктердің өзін жалмап жұтатын обыр уақыттың тегеурініне төтеп бере алмай, ақ жал толқындардың астында қалып жатса, хазірет Мұхаммедке (с.а.с.) деген сүйіспеншілік күн сайын жаңарып, жаңғыра түсуде.
Қазірдің өзінде пайғамбардың Нұрлы қаласы – Мәдинаға барған жан оның тамаша рухани атмосферасына бөленеді. Ғашықтықтың шарабын ішкендей ол жерден кеткісі келмейді. Қасиетті қажылық сапарына барып-келіп жатқан жандардың бәрінен осыны естисіз. Ол – жалған дүниемен қош айтысса да үмбетінің жүрегінде әлі тірі. Оның қабірінң басына барған адам бейне бір пайғамбарды көзі тірісінде барып көргендей сезінеді. Қабірінің басына барып сәлемін жолдап, еріксіз көз жасын төгеді. Ардақты пайғамбардың сүйіспеншілікке бөленбеуі расында да мүмкін емес, өйткені, Аллаһ тағаланың өзі оған «Хабибуллаһ» (Аллаһтың сүйіктісі) демеп пе еді?!
Пайғамбарымыздың басты ерекшелігінің бірі – халыққа тек құрғақ үгіт-насихат айтып қана қоймай, оны өзінің нұрлы өмірі арқылы өрнектеп көрсете білуі. Сондықтан да жомарттық, әділдік, шынайылық, шыншылдық, сенімділік, мейірімділік, тақуалық, сабырлық қасиеттерінің ең биік шыңында қашан да ардақты Пайғамбарымыз (с.а.с.) тұрады.
Пайғамбарымыздың бөле - жара айта кетер бір қасиеті – адам баласындағы бір-біріне қарама-қайшы мінездерді өз бойында ерекше үйлесімділікпен жинақтай білуі еді. Асылында мінез тепе-теңдігін әркез сақтау – жеңіл емес. Мысалы, бір адам аса жомарт бола тұра оның сол жомарттығы дарақылыққа, ысырапқа апаруы бек мүмкін немесе аса үнемшіл, ұқыпты боламын деп жүріп сараңдыққа бой алдыруы да ықтимал. Батыр, қаһарман болуы мүмкін, бірақ бұл қасиеттің де өз арнасынан шығып, алды-артын аңдамайтын, жақсы-жаман деп талғамайтын бірбеткей қатігездікке ұласуы да ғажап емес. Ал Пайғамбарымыз (с.а.с.) болса, ешбір жақсы қасиетті екінші бір қайшылық тудыратын қасиетпен шатастырмаған және өз арнасынан асырмаған. Аллаһ елшісі (с.а.с.) ержүрек, батыр және мұнысымен қоса мейірбан, рақымды һәм кішіпейіл. Алайда, тым кішіпейіл, мейірімді болса да ешқашан қорқақтық пен қорлануға бас имеген. Өте салмақты, байсалдылығымен қоса жанындағы адамдарға шаттық сыйлай алатын, күлкісі күміс шашқан, жүзі жарқын нұрлы. Күллі ғаламға ұстаздық етіп, ауқымды мәселелерді қозғаған Пайғамбарымыз кішкентай бүлдіршіндермен құмда отырып ойыншық ойнайтындай қарапайым. Яғни, Аллаһ елшісі (с.а.с.) әркез таразының екі басын тең ұстап, тепе-теңдікті сақтай білген.
Жан-жақты жетілген, кемел адамның бойынан табылуға тиіс көркем мінездерді өз жүйесімен бір-бірімен шатастырмастан үмбетіне іс жүзінде көрсете білген адам-пайғамбар болмағанда кім болмақ?
Тарихта болған ұлы тұлғалардың өміріне зер салсақ, олардың жалғыз ғана қасиеттерімен дараланып көзге түскенін көреміз. Айталық, кейбіреуі Атымтайдай жомарт, бірақ дәл сондай дәрежеде кешірімді, кішіпейіл емес. Кейбіреуі кешірімді, кішіпейіл, бірақ ашуын ақылға жеңдіре алмайтын сабырсыз. Ержүрек батыр, бірақ, мейірбан емес. Ал, Пайғамбарымыз болса – асыл қасиеттердің бәрін бойына жинақтай білген әрі әрбір қасиетті өз биігінде қолдана білген теңдессіз жан.
«Иә, Пайғамбарымыз күллі адамзатты тәнті еткен осы ұлы қасиеттер мен көркем мінез-құлықты қайдан үйреніп, қайдан алды? Оны (с.а.с.) тәрбиелеп өсірген кім? Әке-шешесі дейән десек, Пайғамбарымыз әкесінен анасының құрсағында алты айлық кезінде, шешесінен алты жасында айырылып, тұл жетім қалды. Демек, Аллаһ елшісінің тәлім-тәрбиені әке-шешесінен алуы мүмкін емес. Ал, өскен ортасы, өмір сүрген қоғамынан дейін десек, ол қоғамның тарихта «надандық, қараңғылық» дәуірі деп қара таңбамен қараланғаны бәрімізге мәлім. Мұндай қараңғы қоғам өзінде жоқ қасиеттерді басқаға қалай бермек? Олай болса, Пайғамбарымызға бұл көркем де әсем қасиеттерді беріп, тәрбиелеп жетілдірген Әлемдердің Раббысы – Аллаһ екендігі айдан анық ». Адам баласына қыстың күні мұз бетінде бәйшешек сыйлаған Раббымыз «надандық дәуірде Пайғамбарымыздай нұрлы тұлғаны жетілдіріп, ғаламға рақым сыйлады.
Пайғамбарымыздың пайғамбарлық келгенге дейінгі өміріне көз жүгіртер болсақ, ол қырық жасына дейін ел ішінде ең сенімді тұлға ретінде танылған. Мекке халқы оны «Мухаммадун Амин», яғни «Сенімді Мұхаммед» деп атаған. Кез келген адам сапарға шығатын болса, қолындағы ең құнды заттарын еш күмәнданбастан Пайғамбарымызға аманаттап тапсыратын болған. Пайғамбарымыз өмірінде ешбір аманатқа қиянат жасамаған. Өйткені оның дініде аманатқа қиянат ету, уәдеде тұрмау және жалған сөйлеу – екіжүзділіктің нақ белгісі. Тіпті Пайғамбарымыз Меккеден Мадинаға көшуге мәжбүр болған кезде де қолындағы Мекке халқының аманатын иелеріне тапсыру үшін Әлиді орнына қалдырған.
Міне, ол осылайша өзіне қарсы шығып, тіпті өлтіруді жоспарлап, елінен, жерінен кетуге мәжбүр еткен пенделердің де аманаттарына қиянат етпеген. Не деген сенімділік, не деген туралық десеңізші!
Мекке халқы оның қырық жасына дейін бір рет болсын жалған сөйлегеніне куә болмаған. Жалғандық оның (с.а.с.) үш ұйықтаса да түсіне кірмеген.
Адамның дүниеге келуі, өсуі - өнуі басқа жандыларға қарағанда ерекше. Жануарлардың төлдері қысқа уақыттың ішінде жетіліп, өзінің төл қызметін атқаруға бірден кірісіп кетеді. Ал, адамның ес біліп, етек жабуына, одан есейіп ақыл тоқтатуына бірнеше жылдар керек.
1.2. Ислам діні отбасыға, әсіресе, оның ең негізгі екі тірегі – ата-анаға ерекше мән берген.
Ұлы Жаратушымыздың ата-анаға жақсылық жасау бұйрығы – тек адам баласына ғана тән бұйрық. Басқа жануарлар мен жәндіктердің табиғатында кішкентайлардың үлкендерді қорғап, пана болуы кездеспейді. Құран мен хадистерде ата-анаға жақсылық жасауға ерекше көңіл бөлген.
Ислам діні әйел затына ана болу сипаты арқылы ең жоғарғы әрі қымбатты дәрежені берген. Әртүрлі тарихи кезеңдерде қорлық пен кемсітушілікке душар болып, тіпті, соңғы ғасырларға дейін Еуропадағы христиандардың арасында «әйел деген адам ба, әлде шайтан ба?» деген қызу пікірталас болған кезде ислам әйел затын бұл қорлаудан азат ету былай тұрсын, ең жоғары дәрежеге шығарып «жаннат аралардың табанының астында» деп жаннаттағы ең жоғары мәртебені аналардың аяғының астына жайып салды. Нағыз ана өмір бойы тәнімен қоса жанын баласына пида етеді. Баланың мойнында әкеге қарағанда шешенің ақысы көбірек. Өйткені, ол баласын жатырында тоғыз ай көтеріп, қаншама қиындақ көреді. Анаға құрмет жайлы айтылған мына хадис көпшілікке мәлім. Пайғамбарымызға бір кісі келіп: «О, Аллаһтың елшісі! Кімге жақсылық жасайын?», - деп сұрағанда, Ол: «Анаңа», деді. Ол кісі қайта сұрағанда тағы да: «анаңа», үшінші рет сұрағанда да: «анаңа», - деп жауап бергеннен кейін төртінші, әкеңе, содан кейін жақындығына қарай басқа жандарыңа», - деп жауап берген.
Адам құқына ерекше көңіл бөлген ислам ата-анаға құрмет көрсетуді мойнымызға борыш етіп жазған. Ата-анаға құрмет – тек ар-ождан мәселесі ғана емес, басқа да парыздар сияқты ғибадат.
Ата-ана балаларына жеткілікті дәрежеде көңіл бөліп, қарай алмаған болса да балалары оларға жақсы қарауға міндетті. Өйткені, кісі қартайған сайын бала сияқты қорғансыз болып қалады. Сәбиінің балаң шақтағы нелер қырсық әрекеттеріне кешіріммен қарап, мейірімділік танытып, енді өздері балаларына мұқтаж болған кезде оларға жақсы қарау – адамдықтың асыл борышы. Бұл міндет «әке-шешемді құрметтеймін» деген құрғақ сөзбен бітпейді. Олардың қажеттіліктерін өтеп, қарасып, рухани әрі материалдық бар мүмкіндіктерді жасаумен ғана жүзеге асады.
Орайы келген тұста мына бір әңгімеге де назар аударайық.
Бір жас жігіт үйленгелі бері үйінде бірге тұрып келе жатқан әкесі үшін әйелімен ылғи да қырықпышақ болып сөзге келіп қалатын болған. Арадағы ұрыс-керіске әйелінің қайын атасына тыжырына қарап, үйге артық адам керек емес деп жақтырмай қарайтын шайпау мінезі себеп болатын. Кейде сондай бір ұрыстардың адам айтса нанғысыз бас бермей кететін кездері де жиі орын алатын. Ондайда жанжалды ушықтырып, жан алқымнан алатын әйелі үйді басына көтере: «Не бұл үйден мен кетем, не әкең кетсін!» деп долылыққа басатын.
Әйелімен ажырасуға дәті бармайды. Үйде бірге тұрып жатқан әкесі үшін лап ете қап, өршіп ала жөнелетін ұрыс-керістер болмаса, былайғы өмірі тып-тыныштұғын. Осы әйелге кезінде қолы әрең жеткен еді, үйдегілерді қалай әрең көндіріп еді десейші?! Әйеліне өлердей ғашық болғаны соншалық, әлі қатты жақсы көреді. Енді міне, шақшадай басы шарадай болып, не істерін білмей дал болып отырған оның есіне бұл тығырықтан алып шығар бір ғана жол түсті. Ол – кезінде аң аулауға керек болар деп тұрғызған таудағы күркесымақ ағаш үйге әкесін апарып орналастырсам деген ой еді. Аптасына бір рет соғып, тамағын апарып беріп, керектісін жеткізіп тұрса, күнде құлақ етін жемей үйде әйелі де тыныш табар деген үміт еді.
Әкесіне керекті бар заттарды дайындағаннан кейін төсеккке таңылған әкесін көтеріп әкеп жеңіл көлікке отырғызды. Баласы да барам деп етегіне жармаса кеткендіктен оны да машинаға отырғызып, жолға бірге ала шықты.
Қақаған қыс айы. Даладағы үскірік аяз бет қаратар емес. Қарсы алдарынан құйындатып борай соққан қардан жолды әрең-әрең көріп келе жатты. Қасында отырған кішкене баласы әкесінен қайда бара жатқандықтарын мазалап, қанша сұраса да еш жауап ала алмады. Ал өзін қайда апара жатқанын ұққан көкірегі ояу қарт іштей егіле жылап, көзінен сорғалай аққан жасын жеңімен сүрткен күйі немересі мен баласына білдірмеуге тырысты.
Бірнеше сағат жол жүріп таудағы үйге де келіп жетті. Бұл жерге ат басын бұрмағалы да біраз уақыт болыпты. Үйсымақ ағаш күркенің әбден тозғаны соншалық, төбесінен су ағып, еденге тастаған тақтайлардың кейбірі шіри бастапты. Күркенің бір бұрышын тазалап болғаннан кейін машинадағы төсекті әкеліп, сол бұрышқа жайлап орналастырды. Артынша басқа да заттарды өз орнына реттестіріп қойғаннан кейін ең соңынан әкесін түсіріп әкеп, әлгі төсекке жатқызды. Ал, үй деп әкелген күркесі үйден гөрі далаға көбірек ұқсайды.Едені сыз, суық күркеде әкесі төсекке басы тимей жатып-ақ тісі – тісіне тимей сақылдап, жаурай бастады. Денесі қалшылдап, тоңа бастаған әкесіне қарап тұрып «Ертең жылырақ көрпе-жастықтар әкеліп беремін» деп ойлады. Бірақ, өзегін өртеген қалың ой мен еңсесін зіл ғып басқан мұңнан біртүрлі арыла алмады.Ол осылайша өзін күнәлі сезініп тұрғанда, әкесінің ішкі жан дүниесінде аласапыран дауыл тұрып, көңілі астаң-кестең күйде еді. Қаншама жыл бұрынаузына тосып, аялап баққан баласы қартайып, әл-ауқатынын айырылып, мынадай қауқарсыз күйге түскен шағында қадір-құрмет көрсетудің орнына өзін тірідей көміп, қыстың көзі қырауда ессіз далаға тастап кетіп бара жатқан жоқ па?! Бұл не, ит-құсқа жем болсын дегені ме, әлде аязда аштан қатып өлсін дегені ме?! Бұдан өткен бақытсыздық, бұдан асқан масқаралық болар ма?! Осындай қорқынышты әрі сұрықсыз ойлар жетегінде іштей қатты мүжілген қарт онысын сыртқа сездірмеуге тырысты. Болған жайттан ешнәрсе ұқпаған тек қарттың немересі ғана. Кіп-кішкентай бала жүрегі, әйтеуір, атасынан айырылып бара жатқанды ғана сезіп, көңілін қорқыныш биледі.
Қайтатын уақыт та таяды. Қоштасарда әкесінің төсегіне еңкейіп, оны құшақтаған бойда өксігін баса алмай көп жылады. «Мені кешірші» дегендей бетінен, көзінен, қолдарынан қимай-қимай көп сүйді. Екеуі де көз жастарына ие бола алмай, әкелі-балалы құшақтасқан күйі күңірене іштей егілді. «Осыған мәжбүр болдым, әке, қайтейін» дегендей ұлы артқа қайта-қайта көз тастап, кішкене баласының қолынан дедектете жетектеген күйі күркеден алыстай берді.
Көлікке келіп отырды. Қайтар жолға бет алғаннан-ақ қасына ерте келген кішкене баласы «Атамды суық жерге неге тастап кеттің?» деп ал кеп жылады. Баласына не деп жауап берерін білмеген әке байғұстың басы қатып, сасаты. «Шешең осылай болуын қалады» деп айта алмады. Баласы бір уақытта жұлып алғандай «Сен қартайғанда мен де сені осында әкелем бе?» дегенде, төбесінен біреу мұздай су құйып жібергендей қалш-қалш еткен күйі тұрды да қалды. Бірден көлігін артқа қайта бұрды. Күркеге жете бере «Әке, мені кеш?!» деп әке құшағына қарай далақтап жүгіріп, тамағына тығылған ащы өксікке ие бола алмады. Мойнынан тас қып құшақтады. Кемсеңдеген әке мен кешірім тілеген ұлдың құшақтары көпке дейін айырылмады. Өз қателігін енді ұққан баласы «Жаза бастым, жаңылдым, әке мені кеш» деп аяғына бас ұрып кешірім сұрағанда, әкесі оған еш күтпеген жауап қайтарды:
- Сенің қайтып келетініңді білгенмін, балам. Сен мені тауға әкеп тастап кететіндей мен өз әкемді қартайған шағында тауға апарып тастаған жоқпын ғой. Мені тауға алуын алып келсең де, дәтің шыдап тастап кетпейтініңді, қайта оралатыныңды білгенмін, балам, - деген еді қарт сонда...
«Ата-анаң жынды болса байлап бақ» деп бұны дәстүрге айналдырып, ислам шуағынан нәр алған біздің халқымыздың тарихында әке-шешесін қарттар үйіне, далаға тастау деген жаман әдет бұрын-соңды болмаған. Бұл да исламның әке-шешеге берген маңызын көрсетсе керек. Өкінішке орай, дініміз бен салт-дәстүрімізді ұмытуға шақ қалған қазіргі таңда «Пәленбай қарттар үйі, түгенбай жетімдер үйі бар, оларға мынаны жасап жатырмыз, қамқорлық етіп жатырмыз» деп мәз болудамыз. Бұл – біздің мақтанышымыз емес құлдырауымыздың белгісі.[66]
Мектебімізде 2013-2014 оқу жылында 17 наурызда мектеп психологы Г.Мырзахметованың ұйымдастыруымен 8-9 сыныптар аралығында «Имандылық- қастерлі қасиет» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет