Мазмұны кіріспе Инвестиция есебі



бет3/11
Дата02.01.2022
өлшемі180,07 Kb.
#107963
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
курсовой...
курсовой..., курсовой..., Әртүрлі қоймаларға ТМҚ орналастыру туралы құжаттарды рәсімдеу, курсовой..., 3 қмж
1 Инвестиция есебі

1.1 Инвестиция түсінігі және жіктелуі
Инвестициялар - деп өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субьектісіне мүліктей, заттай, сондай ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.Инвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз.

Кәсіпкерлік табысты, капитал өсімін немесе процентін алу (шаруашылық жүргізуші субъектілерінің құнын арттыру және осыған орай оны меншіктеушілердің әл-ауқатын көтеру) мақсатында әр түрлі экономика саласына капитал жұмсау жолымен іс-жүзіне асырылатын жиынтық шығындарды инвестиция деп ұғамыз.

Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан (құрылған) құн немесе таза табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар) оны өзінің табысының (тартылған) қаражаттарының есебінен жұмылдырады. Негізгі капиталды жаңартуға арналған инвестиция көзі болып кәсіпорынның меншігінде қалған табысы саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны жіктеудің көптеген критерийлерін алдын ала айқындайды.

Инвестициялық қызметтің мақсаты – түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады.

Инвестиция мыналарға бөлінеді:


  • Үлестік – жай және артықшылықты акциялар;

  • Борышқорлық – облигациялар, қазыналық вексель, депозиттік сертификаттар және тағы басқа.

Инвестиция көздері:

А) жаңадан жасалған құн (таза табыстың жиналған бөлігі);

Ә) амортизацияның қорлануы (накапливаемая амортизация);

Б) кредиттік ресурстар.

Инвестицияны мына топтарға жіктеуге болады:

1 Жұмсау мерзімі бойынша:



  • Қысқа мерзімді – бір жылға дейін иемдену мерзімі (бұл еркін ақшалай қаражатты уақытша орналастыру мақсатында оңай өткізілетін бағалы қағаздардағы компанияның инвестициясы);

  • Ұзақ мерзімді – бір жылдан көп иемдену мерзімі;

  • Мерзімсіз инвестициялар.

Ұзақ мерзімді және мерзімсіз инвестициялар – бұл қосымша пайда алу мақсатында немесе құнды қағаздарды сатып алынатын компанияға ықпал етуге ие болу мақсатында немесе бұл салада өз операцияларын жүргізетін ұйыммен салыстырғанда қаражаттың мұндай жұмсалымы әлдеқайда пайдалы болғандықтан қаражатты орналастыру.

2 Тағайындалуы бойынша:



  • Қаржылық – құнды қағаздарға жұмсау;

  • Нақты (мүліктік жұмсау) – субъектінің негізгі капиталына жұмсау және материалдық-өндірістік қордың өсуіне жұмсау.

3 Шығу тегі бойынша – бірінші, екінші.

4 Болу формасы бойынша – құжаттық, құжатсыз.

5 Ұлттық тегі бойынша – отандық, шетелдік.

6 Қолдану түрі бойынша – инвестициялық (капиталдық), инвестициялық емес.

7 Иемдену қатары бойынша – жеке, жалпы.

8 Шығарылым формасы бойынша – эмиссиондық, эмиссиондық емес.

9 Меншік формасы бойынша – мемлекеттік, корпоративтік.

10 Айналыс сипаты бойынша – нарықтық, нарықтық емес.

11 Тәуекелдік деңгейі бойынша – аз тәуекелдікпен, мүмкін үлкен тәуекелдікпен.

Тәуекелдік түрлерін мынаған бөлуге болады:



  • капиталды тәуекелдік – бұл барлық жұмсалымға арналған жалпы тәуекелдік, инвестор өзінің инвестициясын ысырапсыз қайтара алмайтын, толық босатып ала алмайтын тәуекелдік;

  • уақытша тәуекелдік – міндетті түрде ысырапқа ұшырататын қолайсыз уақыттағы инвестицияны сату және сатып алуға байланысты тәуекелдік;

  • заңдық өзгерістер тәуекелділігі – шығын мен ысырапқа ұрландыруы мүмкін тәуекелдік;

  • өтімділік тәуекелділігі (риск ликвидности) – инвестицияны өткізу барысындағы болуы мүмкін ысырапқа ұрындыратын тәуекелдік;

  • кредиттік және іскерлік тәуекелдік – борыштық құнды қағаздар шығарушы (эмитет) негізгі қарыз сомасын немесе сол бойынша сыйақы төлеуге жағдайын болдырмайтын тәуекелдік;

  • проценттік тәуекелдік – нарықтағы проценттік мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты инвесторға ысырап әкелуі мүмкін тәуекелдік;

  • валюталық тәуекелдік – шетелдік валютадағы инвестициямен байланысты тәуекелдік.

12 Қолма-қол табыс бойынша – табыстық, табыссыз.

13 Қаражатты жұмсау формасы бойынша:



  • борыштық – құнды қағаздардағы немесе міндеттердегі инвестиция;

  • иелі үлестік (владельческие долевые) – нарықты субъектінің капиталындағы үлестер немесе уақытша шектеулермен байланысы жоқ (еншілес және тәуелді компаниялардағы инвестиция) мүліктегі үлес;

  • жеке жобалар (кенішті игеру – разработка месторождения).

14 Экономикалық мәні (құқық түрі) бойынша – мүліктік, міндеттік.

15 Халықаралық және отандық стандарт бойынша бухгалтерлік есепте инвестиция мыналарға бөлінеді:

а) қаржылық «Қаржылық инвестиция есебі» және оған әдістемелік ұсыныс);

ә) еншілес, тәуелді және бірігіп бақылау арқылы шаруашылық субъектісіндегі инвестициялар «Шоғырландырмалы (консолидированная) қаржылық есеп және еншілес серіктестігіндегі инвестиция есебі» және оған әдістемелік ұсыныс; «Тәуелді шаруашылық серіктестігіндегі инвестиция есебі» және оған әдістемелік ұсыныс; «Біріккен қызметтегі қатысу үлесінің қаржылық есепте көрініс табуы» және оған әдістемелік ұсыныс).

Бұған қоса, инвестиция мыналарға бөлінеді:

- тікелей – басқа субектілердің жарғылық капиталындағы инвестициялар;

- портфельдік – субъект иелігіндегі құнды қағаздар жиынтығы;

- венчурлік (тәуекелшіл) – жаңадан пайда болған субъектілердегі (мұнай және газ компаниялары, ғылыми-техникалық жобалар) және тез өтелімді инвестициялық салым ақшалар).

Қоржындық (портфельдік) инвестициялаудың объектілері ретінде әртүрлі бағалы қағаздар: акциялар, облигациялар, бағалы қағаздардың шартты түрлері әрекет етеді. Қоржынның бір бөлігі ақша түрінде ұсынылуы мүмкін. Қоржындағы қағаздардың көлемі әртүрлі болады. Қоржындық инвестициялау өзінің құрамына тәуелді, ол табыс немесе залал әкелуі мүмкін және тап сондай тәуекелділіктің де сол және басқа да деңгейіне ие. Қоржынға енетін бағалы қағаздардың тізбесін де, көлемін де инвестор өзгерте алады.

Қоржынды құрастыру кезінде инвестор келесі факторларды есепке алуы тиіс: тәуекелділікті, табыс дәрежесін, орындалу мерзімін, бағалы қағаздар типін. Инвестор инвестициялық мақсатына тәуелді белгілі бір типтерді қалыптастырады. Келесі типтерін бөліп көрсету қабылданған: бірінші тип - өсім қоржыны, екінші тип – табыс қоржыны.

Қоржынның бірінші типінің мақсаты өсімді көбіне дивиденттер мен проценттер алу есебінен емес, бағалы қағаздардың бағамдық (курстық) өсімінің есебінен алу болып табылады. Бұл негізгі салымның басым бөлігін акция құрайды.

Қоржындардың екінші типі дивиденттер мен проценттер есебінен табыс алу болып табылады. Қоржынның бұл типі тәуекел кезінде алдын ала жоспарланған табыстың деңгейін қамтамасыз етеді және онда тәуекелділіктің деңгейі нөлге тең болады. Қоржындардың аталған типін инвестициялау объектілері ретінде сенімділігі жоғары бағалы қағаздар алынады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет