Мазмұны кіріспе Инвестиция есебі


«Қазақтелеком» АҚ-ның инвестициялары



бет2/11
Дата02.01.2022
өлшемі180,07 Kb.
#107963
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
курсовой...
курсовой..., курсовой..., Әртүрлі қоймаларға ТМҚ орналастыру туралы құжаттарды рәсімдеу, курсовой..., 3 қмж
3. «Қазақтелеком» АҚ-ның инвестициялары

3.1 «Қазақтелеком» АҚ-ның жалпы сипаттамасы.............................................................14

3.2 «Қазақтелеком» АҚ-ның инвестицияларын талдау....................................................14
Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қосымша

Кіріспе
Қазақстан Республикасы егемендігін алып, тәуелсіз болғанына 29 жыл болды. Бұл жылдары елімізде әлеуметтік-экономикалық мәні аса жоғары қыруар игі өзгерістерге қол жеткізілді. «Осы жылдар ішінде тындырған ісіміздің басты түйіні, - деп көрсетті тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа жолдауында, - Қазақстанның дербес мемлекет болып қалыптасуында жатыр. Біздің әлі де есею мен кемелдену кезегінен өтуіміз керек, Қазақстандағы азаматтық қоғамның босағасын бекіте беруіміз керек».

Бұдан туындайтын талаптар мен міндеттерді абыроймен орындап шығудың басым бағыты экономиканы дамыту, осының негізінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыру, халықтың әл-ауқатын түбегейлі жақсарту.

Нарықтық экономикаға өткеннен кейін басым бағыттардың бірі – шағын, орта және ірі бизнесті дамыту болды. Осыған байланысты түрлі бағытта инвестициялар тартыла бастады. Инвестицияны, алуан түрлі күрделі қаржыны белгілі бір жобаларға ұйымдастырылған түрде жұмсау үшін шешім қабылдау өте қиын.

Қазақстан тұңғыш Президенті Н.Ə.Назарбаев «Қазақстан–2050» Стратегиясында инвестициялар мен бəсекеге қабілеттіліктен қайтарым, табыстылық қағидаттарына негізделген жалпы экономикалық прагматизмді экономикалық саясаттың жаңа курсы деп анықтады. Жаңа курсқа сəйкес экономикалық əлеуетті арттыру мақсатында Қазақстанда қолайлы инвестициялық ахуал жасалуы керек. Осыған байланысты озық экономиканы, жаңа экономикалық тұтқаны жəне елдің даму тұрақтылығын қалыптастыру үшін инвестициялық даму жобаларын пайдалану қажеттіліктерін анықтау керек. Мемлекеттің басты мақсаты болып, елдегі қолайлы инвестициялық ахуалды одан əрі қолжеткізу жəне экономикаға тікелей шетелдік инвестицияларды тарту болып табылады.

Дәл осы инвестициялар және олардың қозғалысы жайлы мәселелерді қарастыру мақсатында өзімнің курстың жұмысымның тақырыбын «Қаржылық инвестициялардың есебі » деп алдым. Инвестиция (латынша «іnvestіre» – «киіндіру») – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен материалдық емес сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет