Мазмұны кіріспе Инвестиция есебі


Қаржылық инвестициялар есебі



бет5/11
Дата02.01.2022
өлшемі180,07 Kb.
#107963
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
курсовой...
курсовой..., курсовой..., Әртүрлі қоймаларға ТМҚ орналастыру туралы құжаттарды рәсімдеу, курсовой..., 3 қмж
2 Қаржылық инвестициялар есебі

2.1 Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция есебі
1100 «Қысқа мерзімді қаржылық активтер»

1110 – Қысқа мерзімді амортизация құн бойынша бағаланатын қысқа мерзімді қаржылық активтер

1120 – Қысқа мерзімді басқа жиынтық табыс арқылы әділ құнмен бағаланған қаржылық активтер

1130 – Қысқа мерзімді пайда немесе залал арқылы әділ құнмен бағаланған қысқа мерзімді қаржылық активтер

1140 – Туынды қаржы құралдар

1150 – Алуға арналған қысқа мерзімді сыйақылар

1160 – Өзге қысқа мерзімді қаржылық активтер

1170 – Қысқа мерзімді қаржылық активтердің құнсыздануынын болатын залалға арналған бағалау резервтері

Қаржылық инвестициялардың шоттары бойынша талдамалы есеп инвестициялардың түрлері және осы инвестициялар салынған объектілер бойынша жүреді.

Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар бухгалтерлік баланста: не ағымдағы құнымен, не сатып алу құнымен немесе ағымдағы құнының ең төменгі бағасымен есептелінеді. Егер де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы құнымен есептелінсе, онда тұрақты түрде кезеңдік өзгерістерін ескеріп отыруға тура келеді. Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция өссе, онда ол табыс болып танылады, ал керісінше өзгерсе, онда шығыс болып танылады.

Қысқа мерзімді санатқа бір жылдан аспайтын мерзімге инвестициялар кіреді. Бұдан шығатын қорытынды, оның мерзімі аяқталғаннан кейін шығындар дебиторлық қарызға айналады. Мұнда бағалы қағаздарды сатып алу, өтеу мерзімі 12 айға дейінгі пайызбен несиелер беру, пайда әкелетін салымдар мен басқа да қайтарылатын инвестициялар ескеріледі.

Қаржылық инвестициялар сатып алу кезінде ол оның сатып алынған бағасымен бағаланады, ал сатып алынған бағаға алумен байланысты тікелей шығыстар, яғни брокерлік марапаттауы, банктің көрсеткен қызметі үшін төленетін пайыздары, қор биржасының үстеме төлемдері кіреді.

Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға, облигацияларға және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттеріне салынған салымдар болып табылады.

Егер де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы немесе сатып алу құнының ең төменгі бағасымен алынса, онда оның баланстық құны келесі негізде анықтайды:



Бұл кезде сатып алынған бағасы ағымдағы (нарықтық) бағадан жоғары болса, онда олардың айырмашылығы шығыс ретінде танылады, ал керісінше жағдайда – табыс ретінде танылады.
1 Кесте - Баланс құнын анықтаудың тәсілдеріне мысал.


Инвестициялардың түрлері

Сатып алу

құны


Сатып алынған кезеңіндегі

ағымдағы (нарықтық) құны



Ауытқулары (+,-)

Акция

«Арман» компаниясы


620,0

640,0

+20,0


«Самат» компаниясы

630,0

620,0

-10,0

«Мақсат» компаниясы

600,0

600,0

-

Акция жиыны

1850,0

1860,0

+10,0



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет