Мазмұны Кіріспе Жаңақорған ауданының табиғи-климаттық жағдайы 5



бет15/16
Дата01.06.2020
өлшемі0,79 Mb.
#71931
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Практика отчет Аида

Бастапқы мәліметтер:



  1. Суармалы учаскенің орналасуы: Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Нағи Ілиясов атындағы шаруашылығы

  2. Ауыспалы егіс түрі: жем-шөп

  3. Ауыспалы егіс: 6 танапты

Ауыспалы егістегі дақылдар:

- екінші жылғы жоңышқа

- дәндік жүгері


  1. Ыза суының деңгейі: 2,1 м

  2. Топырақ түрі: ауыр саздақты

  3. Жақын орналасқан метеостанса: Қызылорда

  4. Учаскенің жоспары. Масштаб: 1:10000

  5. Суару көзі: Шіркейлі каналы (солжаға магистральді каналы)


Дәндік жүгері, екінші жылғы жоңышқа және судан шөбінің суару тәртіптерін А.Н.Костяковтың графо-аналитикалық әдісімен есептеу
Дәндік жүгері дақылының суару тәртібі академик А.Н.Костяков ұсынған графо-аналитикалық әдісімен есептеледі. Бұл әдіс топырақ қабатындағы ылғал балансын онкүндік мерзімдерде анықтауына негізделген. Дақылдың суды тұтынуы А.Н.Костяковтың формуласымен анықталады:

Е = К ∙ У, м3/га, (1)
мұнда: Е - дақылдың суды тұтынуы, м3/га;

К - дақылдың суды тұтыну коэффициенті, м3/ц;

У - өсімдіктің межелі өнімі, ц/га.

Бір дақылдың, сорттың суды тұтыну коэффициентінің мөлшері әртүрлі аралықта өзгеруі мүмкін, ол агротехника деңгейіне байланысты: агротехника деңгейі неғұрлым жоғары болса, солғұрлым ылғал үнемді жұмсалып, суды тұтыну коэффицентінің мәні төмен болады. Агротехникалық жұмыстар деңгейі төмен болған жағдайда суды тұтыну коэффициентінің мәндері жоғары шегіне жетеді

Біздің есебімізде Қызылорда облысында дәндік жүгерінің межелі өнімі У=60 ц/га, суды тұтыну коэффициентінің мәнін 6.1-кестеден К=53,0 м3/ц деп қабылдаймыз. А.Н.Костяковтың (6.1) формуласы бойынша дәндік жүгерінің суды тұтынуы Е=3200 м3/га.

Дәндік жүгерінің суару мөлшерін анықтау үшін алдымен топырақтың белсенді қабатындағы ылғал қорының ең жоғарғы және төменгі мәнін төмендегі формулалар арқылы анықтаймыз (6.2-кесте):



Wmax = 100 · γ · H · βmax , Wmin = 100 · γ · H · βo , м3/га (2)

мұнда: γ – топырақтың көлемдік массасы - 1,4 т/м3;



Нтопырақтың белсенді қабаты, м;

βmax – суарғаннан кейінгі топырақтағы ылғалдылық – 26,0 %;

β0 – суарар алдыңдағы топырақтағы ылғалдылық - β0=0.7·βmax .

Топырақтың белсенді қабатындағы дақылды егу алдындағы ылғал қоры төмендегі формуламен анықталады:



Wбас.= 0,9Wmax , м3/га (3)

мұнда: Wmax - топырақтың белсенді қабатындағы ылғал қорының ең жоғарғы

Дәндік жүгерінің онкүндіктер бойынша суды тұтыну мөлшері, м3/га.

Су шығыны

Мамыр

Маусым

Шілде

Тамыз

1

2

3

1

2

3

1

2

3

1

2

Әр онкүндіктегі пайызы (Е)

%,

м3/га



5,0

160


6,0

192


6,5

208


9,2

295


9,3

297


10,5

336


11,5

368


12,5

400


13,5

432


8,5

272


7,5

240


Өсімдіктің өсіп-өнуінің басынан соңына дейін %,

м3/га



5,0

160


11,0

352


17,5

560


26,7

855


36,0

1152


46,5

1488


58,0

1856


70,5

2256


84,0

2688


92,5

2960


100,0

3200


Топырақтың белсенді қабатындағы ылғал қорының жоғарғы (Wmax) және төменгі (Wmin) мәндері бойынша график тұрғызылады (6.2-сурет).

6.2-сурет. Дәндік жүгерінің суару мөлшерін және мерзімін

А.Н.Костяковтың графо-аналитикалық әдісі бойынша есептеу:

Wmax - топырақтың белсенді қабатындағы ылғал қорының ең жоғарғы мәні;

Wmin - топырақтың белсенді қабатындағы ылғал қорының ең төменгі мәні;

Wн.- топырақтың белсенді қабатындағы нақты бар ылғал мөлшері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет